Жүрек-қантамыр жүйесінің жас физиологиялық ерекшеліктері

Дәрісбаян жоспары: 1.Әр түрлі жас кезеңіндегі балалардың жүрек-қантамыр жүйесінің физиологиялық ерекшеліктері. 2.Балаларды жүрек іс-әрекетінің бұзылуы, оның себептері және алдын алу шаралары.

1.Әр түрлі жас кезеңіндегі балалардың жүрек-қантамыр жүйесінің физиологиялық ерекшеліктері. Құрсақ ішінде дамудың бесінші айының соңына қарай көкірек клеткасының алдымен сирек, ал кейінірек едәуір жиі – минутына 30-40-қа дейін әлсіз тыныс алу қозғалыстарын жасамайтыны байқала бастайды. Ұрықты қанағақ суы қоршап жататыны мәлім. Басқаша айтқанда, ол ауа ортасында емес, сулы ортада дамиды. Сондықтан ұрықтың тыныс алу қозғалыстары кезінде қағанақ суының шамалы мөлшері бірде өкпеге енеді,  бірде одан шығады. Мұндай қозғалыстың маңызы мынада: ол біріншіден, туғаннан кейінгі алғашқы минутынан бастап өкпенің тыныс алу қызметін атқаруына аса қажетті, ерекше алдын ала жаттығу болып табылады: екіншіден, ол жүрекке қанның келуін жеңілдетеді: тыныс алу кезінде көкірек қуысында теріс қысым түзіледі, бұл қысымның әсерімен құлақшалармен оларға келетін  ірі веналардың жұқа қабырғалары керіліп, оған қан көп құйылады. Нәрестенің кіндігін кескен соң организмге оттегінің енуімен оның көмір қышқылынан арылуы тоқталады. Аз уақыт ішінде  қандағы көмір қышқылының мөлшері күрт артып, оттегінің мөлшері кемиді. көмір қышқылы мөлшерінің артық болуы тыныс алу орталығының қозғыштығын арттырады; оттегінің жетіспеушілігі тыныс алу бұлшық еттерінің рефлекторлық жолмен жиырылуына жағдай жасайды. Осының нәтижесінде нәресте тұңғыш рет тыныс алады: өкпеге ауа енеді де, өкпе көпіршіктерінің  бір  бөлігін толтыра отырып, оны кереді. Өкпенің керілуі кезеген нерв рецепторларын тітіркендіре отырып, тыныс алу бұлшық еттерінің  рефекторлы жолмен босаңсуына, ал тыныс шығару бұлшық еттерінің  жиырылуына себепші болады. Өкеннің тыныс алу осылайша басталады. Оның айқын белгісі – тыныс шығару кезінде дыбыс сіңірлерінің тербеулі нәтижесіне пайда болатын, нәрестенің шыр еткен тұңғыш дауысы..

Ересек адамның сыртқы қабырға аралық бұлшық еттері қиғаш жағдайдан горизонтальға жуық жағдайға келтіре отырып, қабырғаларды көтереді. Бұл жағдайда көкірек клеткасының көлемі артады. Нәресте қабырғаларының  орналасуы максимум тыныс алу жайына сәйкес келеді. Қабырғалардың жоғары не төмен бағытталған кез-келген қозғалысы көкірек клеткасының көлемін  тек қана кішірейткен ғана болар елі. Өмірдің алғашқы айларында дененің жоғарғы жартысының қан тамырлары ерекше кең болады, демек оларға қан да көп барады. Аяқтың шапшаң өсуі мен жүре бастауға байланысты екінші жылдың басталуына қарай дененің төменгі жартысындағы тамырлдардың диаметрі артады.Қанның көп мөлшерде келуін қажет ететін 2-3 жастағы балалардың едәуір ширақтығы қан тамырлары қуысының ені мен олардың қабырғасы қалыңдығын  артуына себепші болады.

Атап айтқанда, артериялар қабырғасындағы бірыңғай салалы бұлшық ет талшықтарының мөлшері артады. Қан тамырларының системасында болатын өзгерістер жекелеген мүшелерінің өсуіне, дамуына және қызметіне байланысты болады. Тамырлар ұзарып және жуандап өсіп қана қоймастан, сондай-ақ жаңадан ұсақ қан тамырларда пайда болады. Осыған байланысты кейбір тамырлардың  қуысы бітеліп, олардың қабырғасы өзгеріске ұшырайды. Сөйтіп тамырлар жүйесі қайта бөлініп таралады. Әсіресе капиллярлар мен өте ұсақ артерия  онай бұзылып жаңалармен алмасып отырады. Өмірдің бірінші жылының соңына қарай дененің жедел өсуімен қан тамырлар системасының артуына байланысты систологиялық қысым 80-85 мм Нg дейін артады. Бұдан кейінгі жылдары ол өте баяу өзгеріп 10-12 жаста 90-100 мм Hg-ге жетеді.

Жүрек аурулары, әр түрлі аурулардың асқынуынан немесе жүрек және қантамыр жүйесі қызметі бұзылуы мен зақымдануынан пайда болатын аурулар. Жүрек ауруларының жиі кездесетін түрлері: ревматизм, гипертония, жүрек ақауы, жүрек демікпесі, жүрек және қан тамыр неврозы, миокард инфарктысы, гипотония, т.б. Жүрек ақауы – жүрек қарыншалары мен жүрекшелерінің арасындағы қан өтетін саңылау тарылып, жүрек қызметінің бұзылуы. Мұның туа және жүре пайда болатын түрлері бар. Туа пайда болған жүрек ақауы көбіне ұрықтың дамуы кезінде, жүректің қалыпты жетілмеуінен болады. Жүре пайда болатын жүрек ақауы, негізінен, баспа, мерез, т.б. аурулардың асқынуынан болады. Бұл жағдайда жүректің ішкі қабаты қабынып, қақпақшалар беріштеніп, кішірейіп, жүрекше арасындағы саңылауды толық жаба алмайды. Сондықтан қарынша жиырылғанда қан жүрекшеге қайта құйылып, оны кернеп әлсіретеді. Қан айналысы бұзылып, жүрек қызметі нашарлайды. Адам алғашқы кезде ауруын сезбейді. Ауру асқынған кезде науқас ентігеді, жүрегі қағып, шаншып, қан айналысы төмендейді, қол-аяғы ісінеді. Жүрек және қан тамыр неврозы – жүрек және қантамыр жүйесі қызметінің бұзылуы мен зақымдануы. Бұлар үш топқа бөлінеді. Бірінші тобы – жалпы невроз (неврастения, истерия, т.б.). Бұл кезде жүректің соғуы бұзылады. Клиникалық белгісі: адамның беті қызарады, сұрланады, басы ауырады. Екінші тобы – гипертония, гипотония аурулары. Бұл аурулар мидың жүрек пен қан тамырының жұмысын реттейтін жүйке орталығы қызметінің бұзылуынан, сондай-ақ, ми қыртысының ауруға шалдығуынан пайда болады. Үшінші тобына вегетативтік жүйке жүйесін зақымдап, кейін ми қыртысына таралатын жүйке аурулары жатады. Ауру көбіне адамның жеке органдарында дамып, кейін жұлын және симпатикалық жүйке жүйесінің басты бөлімдеріне таралады.

Басқа да ұқсас мәліметтер

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *