Жылу реттеудегі терінің рөлі

Жылу реттеу дегеніміз — дене температурасының тұрақты сақталуы. Ағзадан тері арқылы негізінен 80%, ал өкпе мен зәр арқылы 20% жылу бөлінеді. Сондықтан тері жылу реттеудегі маңызды мүшенің бірі болып табылады. Терідегі жылу реттеу тер бездері, терідегі ұсақ қан тамырлары — капиллярлар, теріасты май жасушалары арқылы жүзеге асады.

Жоғары температура кезінде ағза өзін қызып кетуден сақтау үшін тер бөледі және капиллярлар кеңейеді. Ыстық күндері дене еңбегімен шұғылданған кезде ағзадан шамамен 10 литрден астам тер бөлінуі мүмкін. Жылу ағзаға қан арқылы таралады. Тері арқылы өтетін қан тамырларындағы қан салқындау үшін капиллярлар кеңейеді (адам қызарып кетеді). Сонымен қатар бір мезгілде ағзадағы қан мөлшерінің 40%-ы теріде болуы мүмкін. Мұндай жағдайды адам моншадағы булағыштан шыққан кезде немесе ыстық күнде бұлшық еттердің белсенді жұмысынан кейін де байқауға болады.

Төмен температурада дене температурасын тұрақты сақтау үшін терідегі капиллярлар тарылады. Ол жылудың тері арқылы артық мөлшерде бөлініп шығуынан сақтайды. Тері бұл кезде бозарады. Терінің суыққа қарсы әсері «құс терісі» (гусиная кожа) пайда болады. Бұл — терідегі ұсақ бұлшық ет талшықтары жиырылған кезде олардың жинақталып кедір-бүдырлар пайда болуынан туындайтын құбылыс. Осылай терінің суық ауамен жанасу беті кішірейіп, тері аз мөлшерде жылу бөледі. Қатты тоңған кезде сигнал қаңқа бұлшық еттеріне беріліп, олар дірілдей бастайды. Бұлшық еттер жиырылған кезде ағзаны жылытатын жылу бөлінеді.

Жылу реттеудің механизмі — жылудың түзілуі. Жылу реттеу үдерісіне теріден басқа да мүшелер қатысады. Жылу реттеу негізінен екі үдерістен түрады: 1) физикалық — жылудың берілуі; 2) химиялық —жылудың түзілуі. Атап айтқанда, тері дененің температурасын тұрақты сақтау арқылы физикалық қызмет атқарады. Яғни теріде болатын барлық қүрылымдар суық кезде жылудың қоршаған ортаға аз мөлшерде бөлінуін қамтамасыз етеді. Керісінше, ыстықта жылудың бөлінуін барынша арттырады.

Жылудың өзі теріде түзілмейді. Жылуды түзетін басты мүшелерге қаңқа бүлшық еттері, бауыр, ішек жатады. Егер жылыну керек болса, қозғалу арқылы бұлшық еттерді жүмыс жасату керек. Бұл кезде бүлшық еттердің жиырылуынан көп мөлшерде энергия АТФ түрінде түзіледі. Ал қосымша өнім ретінде жылу бөлінеді. Сонымен бірге қоршаған ортаның температурасы төмендеген кезде жалпы зат алмасудың артуынан бауыр жасушаларында жылудың мөлшері көбірек бөлінеді.

Температураға сезімталдық және жылуға бейімделушілік. Барлық адамдар үшін өмір сүру жағдайынан тыс, қолайлы температура +18-22°С болып табылады. Бірақ суық аймақта өмір сүретін адамдар суыққа, ал ыстық аймақта өмір сүретін адамдар ыстық ауа райына төзімді болады. Температураға сезімталдық белгілі бір бейімделгіштікпен жүреді және жылу реттеу механизмдері жақсарады. Жылу реттеуді дамытудың бір әдісі шынығу болып табылады.

Шынығу — қоршаған ортаның кез келген қолайсыз жағдайына ағзаның төзімділігін дамыту. Біздің денеміз көптеген жаттығулар жасау барысында осы тапсырмаларды оңай орындай алады. Сондықтан суықтың жиі қайталануынан кейін ағза бейімделеді.

Әрине, ағзаны шынықтыруға біртіндеп, сақтықпен кірісу керек. Шынықтыруды жылдың жылы мезгілінде бастаған жақсы. Бірақ мынадай қарапайым шара: контрасты душ қабылдау мен суық сумен жуынуға болады. Ыстық және суық температураның әсері бірден ауысатын болса, қан тамырлары жылдам тарылады және кеңейеді. Нәтижесінде қан тамырларының екінші қабатындағы бұлшық еттер анағұрлым жаттыққан және серпімді болады. Денені жаттықтыру тері капиллярлары мен қан тамырларын суыққа төзімді етеді және қартаюдан, әжім түсуден ұзақ уақытқа сақтайды. Сонымен бірге инсульт пен инфарктің болу қаупін төмендетеді.

Басқа да ұқсас мәліметтер

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *