Жүйке жүйесінің жас физиологиялық ерекшеліктері

Жүйке жүйесінің жас физиологиялық ерекшеліктері және гигиенасы. Жүйке жүйесі әр түрлі мүшелердің, мүшелер жүйесінің және біртұтас организмнің қызметін реттейді. Мәселен, бұлшық еттердің жиырылуы, бездерден секреттің бөлінуі, жүректің жұмысы, зат алмасуы және басқа да көптеген организмде болып жататын көптеген өзгерістер жүйке жүйесінің әсеріне байланысты болады.

Жүйке жүйесі әр түрлі мүшелердің, жүйелердің арасындағыц байланыстарды жүзеге асырады; ол организмнің біртұтастығын сақтап, барлық мүшелер, мүшелер жүйесінің жұмыстарының үйлесімділігін қамтамасыз етеді.

Әр мүшенің немесе мүшелер жүйесінің жұмысы әр түрлі жағдайлардың әсерінен өзгеріп, интенсивті жоғары немесе төмен болуы мүмкін. Мәселен, дене еңбегі кезінде бұлшық еттердің жиырылуы күшейеді де, зат алмасу процесі жоғарылайды, соынң нәтижесінде қоректік заттар мен оттегіне организмнің қажетттігі артады. Осыған жауап ретінде жүрек пен өкпенің жұмысы күшейіп, бұлшық еттерде қанның баруы жоғарылай түседі. Сонымен бірге жылудың пайда болуы мен бөлінуі көбейеді, бөлу мүшелерінің жұмысы күшейеді т.б.

Жүйке жүйесіне жұлын, ми және жүйке талшықтары жатады. Жұлын мен ми жүйке жүйесінің орталық бөлімін құрайды немесе орталық жүйке жүйесі деп аталады. Мидан 12 жұп жүйке талшықтары, жұлыннан 31 жұп жүйке талшықтары жалғасады. Сөйтіп, барлық жүйке мен олардың тармақтары перифериялық нерв жүйесін құрайды. Орталық жүйке жүйесі де, перифериялық жүйке жүйесі де функциялық жағынан бір жүйе болып есептеледі. Ми мен жұлын сұр және ақ заттан тұрады. Сұр зат жүйке клеткаларынан, ал ақ зат талшықтардан құралған. Жүйке талшықтары жүйке клеткаларының өсінділері. Үлкен ми сыңарларының бетін қаптап жатқан сұр зат қабаты – ми қыртыстары. Мидың әрбір бөлімінде шоғарланып жатқан жүйке клеткалары болады. Олар ядролар деп аталады. Шоғарланған нерв клеткалары мидан тыс бөлімдерінде және жұлында кездеседі, ондай шоғарлар жүйке түйіндері деп аталады.

Жүйке жүйесінің негізгі құрылым элементі жүйке клеткасы немесе нейрон. Нейронда дене және өсінділер болады. Жүйке клеткасы мембранамен қапталған. Өсінділердің біреуі ұзін болып келеді, ол аксон деп аталады., ал екіншілері қысқа, олар дендриттер деп аталады.

Аксон қозу импульстерін орталық бөлімнен жұмыс мүшелеріне өткізіп тұрады. Дендриттер көптеген тармақтарға таралған, бұлар басқа енйрондардан келетін сигналдарды қабылдап, аксондарға қарай өткізеді. Сондай дендриттер импульстерді басқа нейрондардан қабылдап, ал аксон жауап өткізіп отырады.

Нейрондар үш түрге бөлінеді: афференттік, эфферентік және аралық. Афференттік нейрондар (сезімтал, орталыққа тепкіш) ақпаратты қабылдағыштардан орталық жүйке жүйесіне береді. Эфференттік нейрондар (орталықтан тепкіш) жүйке жүйесінің жоғарғы қабаттарынан әсерлерді жұмысшы мүшелерге береді. Аралық нейрондар өзара байланыс жасайтын, әдетте, ұсақ нейрондар.

Жүйке жүйесі тұтас ағзаны байланыстырып, тіршілік қызметін реттеп отырады. Жүйке жүйесі орталық жүйке жүйесі және шеткі (перифериялық) жүйке жүйесі болып бөлінеді. Орталық жүйке жүйесі дегеніміз — нейрондардың жиынтығын айтады. Орталық жүйке жүйесі денедегі барлық мүшелермен, физиологиялық жүйелер қызметін, зат алмасуын реттеп отырады, әрекеттер мен процестердә сыртқы орта құбылыстарына бейімдеп, тіршіліктің белгілі бір бағытта өтуін қамтамасыз етеді. Орталық жүйке жүйесіне ми және жұлын жатады. Ми мен жұлынды кескенде, оның ақ және сұр заттан тұратынын көруге болады. сұр зат жүйке клеткаларынан, ал ақ зат миелин қабығымен қапталған жүйке талшықтарынан тұрады. Шеткі жүйке жүйесі (перифериялық) дәнекер қабықпен қапталған жүйке талшықтарының шоғырынан түзілген. Оған жүйке түйіндері мен гангли жатады. Нейрон — ол жүйке жасушасы. Нейрон арасын нейороглия толтырады. нейрондар пішіні мен көлемі жағынан әр түрлі. Ол дене және денеден шығатын өсінділерден тұрады. Нейронның ұзын өсіндісін аксон деп, ал қысқа тармақталған талшығын дендрит дейді. Аксонның нейрон денесінен басталатын жерін аксон төмпешігі дейді. Сезімтал нейронның шеткей орналасқан аксонның ұшында рецептор (қабылдауыш) болады. Ал орталық жүйке жүйесіндегі жүйке талшығының ұшы жуандап бүршікке ұқсайды. Нейрондардың осындай ұштары бір-бірімен түйісіп синапс құрайды. Қозу серпінісін рецептордан жүйке орталығына бағыттап өткізетін жүйке талшығы сезімтал (афференттік), ал орталықтан қозуды шеткі мүшелерге жеткізуші талшықты қозғалтқыш (эфференттік), сезімтал жүйке мен қозғалтқыш жүйке жалғастыратын жүйкені аралық жүйке деп атайды. Жүйке талшықтарының  майлы жұмсақ қабықтарының болу-болмауына байланысты миелинді және миелинсіз деп ажыратады. Нейроглия нейрон аралығын толтырып жататын жасушалар, нейрондарға қаннан қорек заттарын алып, зат алмасу өнімдерін нейрондардан қанға өткізеді, сұйықтықтың иондық құрамын, медиаторлар мен судың деңгейін бір қалыпта сақтап нерон тіршілігіне қажетті жағдай жасайды. тармақтарының санына қарай нейронның бірнеше түрлерге бөледі: көп тармақты нейрон — мультиполярлы, қос тармақты нейрон- биполярлы, бір тармақты нейрон- униполярлы. Атқаратын қызметтеріне қарай нейронды бірнешеге бөледі: сезімтал, қозғалтқыш, аралық, тежеуші нейрондар.

2.Шартты және шартсыз рефлекстер сипаттамасы. Орыс физиологиясының атасы И.М.Сеченов (1829-1905) алғаш рет бас мидың материалистік физиологиясын құрудың жолдарын белгіледі. 1963 жылы оның «Бас ми рефлекстері» атты белгілі еңбегі жарияланды. Бұл еңбегінде сол кездегі физиологияның алдыңғы қатарлы жетістіктеріне және өз зерттеулеріне сүйене отырып, адамның психикалық қызметі қандайда бір материалдық емес жанның көрінісі болмай, тек қана ми қызметінің нәтижесі болып табылады деп айтқан екен.

«Адамда психикалық және физиологиялық қозғалыс, — деп жазды ол, — пайда болу тәсілі бойынша рефлекстер». И.М.Сеченовтың бастаған мидың рефлекторлық қызметін зерттеу жұмысын И.П.Павлов қатаң эксперименталдік негізге құра білді, рефлекс ұғымына жаңа мазмұн береді, шартты рефлекстерді алудың механизмін ашты, жаңа ғылыми пән – жоғары жүйке қызметі физиологиясын негіздеді, психологияның ғылыми-жаратылыстану негізі, ірге-тасы болып табылады.

Өзінің көптеген зерттеуінің нәтижесінде И.П.Павлов жүйке жүйесінің және бүкіл ағзаның қызметінде бас ми қабығының мәні ерекше екендігін анықтады. Үлкен жартышарлар қабығы, Павловтың ілімі бойынша, ағзаның бүкіл қызметін реттеп отырады. Оның физиологиялық ілімінде негізгі бастапқы ұғым рефлекс болып табылады.

Рефлекс дегеніміз тітіркендіргішке ағзаның кері жауабы, іс-әрекеті болып табылады. Мәселен, қолға электр тогін тигізетін болсақ, қолды тартып аламыз, ас ішкенде сілекей бөлінеді.

Ағзаның рефлекторлық әрекеті сыртқы немесе ішкі тітіркендіргіштердің әсерімен пайда болады. Сыртқы тітіркендіргіштерге сыртқы дүниеден әсер еткен тітіркендіргіш (дыбыстар, жарық, дәм, иіс, жоғары немесе төменгі температура) жатады. Ішкі тітіркендіргіштерге ағзаның ішкі ортасынан әсер ететін тітіркендіргіштер (ішкі органдардың қызметіндегі өзгерістер) жатады.

Жүйке жүйесінің рефлекторлық қызметі ағзаға әртүрлі қоршаған ортадағы өзгерістерге бейімделуге және тез жауап беруге мүмкіншілік жасайды.

Кез келген рефлекс төмендегідей схема бойынша іске асады: тітіркендіргіш (мәселен, түйреуішпен укол салу) қозуды шақырады. Бұл қозу сезгіштік жүйкесі арқылы орталыққа – жұлын мен бас миға беріледі. Орталыққа қозу сезгіштік жүйкеден қозғалыс жүйкенің жасушаларына беріледі. Өз көмегімен қозғалыс жүйкесі бұлшық еттерді қозғалысқа келтіреді (мәселен, қолды тартып алу) немесе бездердің жұмысының белсенділігін арттыратын секторлық жүйкеге жетеді (сілекей бөлінуі).

Рефлексте жүйке қозуы өтетін жолды рефлекторлық доға деп тайды. Рефлекторлық доға 3 түрлі бөлімнен тұрады: 1) сезгіштік, немесе афферентік, ол арқылы тітіркендіргіш аймақтардан орталыққа беріледі; 2) орталық бөлім қозуды сезгіштік жүйкеден қозғалыс жүйкесін жасушаларына береді; 3) қозғалыс немесе эференттік бөлім қозуды орталықтан бұлшық еттерге немесе бездерге береді.

Рефлекстер – жүйке-физилогиялық қызметтері көмегімен жануарлар ағзасының сыртқы ортаға бейімделуі және оның ортамен байланысы іске асады. И.П.Павловтың дәлелдеуінше, жануарлар ағзасының ортаға бейімделуі және байланысы шартсыз және шартты рефлекстердің көмегімен іске асады. И.П.Павловтың сіңірген еңбегінің ұлылығы сонда, зерттеп, оның шартсыз рефлекстерден айырмашылығын анықтады және шартты рефлекстердің жануарлар өмірінде алатын мәнін көрсетті.

Шартсыз рефлекстер – бұл туа біткен рефлекстер. Түйреуішті денеге тигізгенде, қолды тартып алу, ауызға тамақ барғанда сілекейдің бөлінуі-шартсыз рефлекстерге мысал бола алады.

Шартты рефлекстер – шартсыз рефлекстердің негізінде қалыптасады. Мәселен, иттерде (немесе басқа жануарларда) тамақ ішетін ыдысын көргенде (итаяғын) сілекей бөліне бастайды. Бұл жерде тамақ ішетін ыдысы шартсыз емес, шартты тітіркендіргіш болып табылады. Академик  Павловтың әдісі бойынша шартты рефлекстер алу тәжірибеде көп жағдайда иттерден сілекейдің бөлінуін зерттеуге арналып жасалған. Тәжірибеге алынған иттерді алдын-ала дайындап, оларды эксперимент жағдайындағы камераға орналастырады.

Итке тамақ беру – шартсыз рефлекс. Ауыздағы тамақ сілекей бөлінуін шақырады – бұл шартсыз тітіркендіргіш. Тәжірибенің келесі кезеңінде тамақ берместен бұрын, қандай да болса басқа тітіркендіргіш беріледі, мәселен, қоңыраудың дыбысы: бұл да тітіркендіргіш, бірақ нейтралдық жағдайдағы тітіркендіргіш. Сонымен, ит екі тітіркендіргіш алады. Бірі – шартсыз (тамақ), екіншісі – нетралдық (қоңырау). Біріккен екі тітіркендіргіші бірнеше рет қайталанады. Осыдан кейін тамақсыз қоңырау беріледі, қоңырауға сілекей бөліне бастайды. Бұдан итте шартты рефлекстің қалыптасқандығын аңғаруға болады, ол көп қайталаудың, жаттығудың нәтижесінде қалыптасты.

Тітіркендіргіш қоңырау немесе жарық болуы мүмкін, оны қайталаудың нәтижесінде шартты рефлекс қалыптасатындығын И.П.Павлов иттерге жасаған тәжірибеде дәлелдеді. Шартсыз және шартты рефлекстердің жүйке тетіктері қандай? Шартсыз рефлекс автоматты түрде іске асады. Шартты рефлекс пайда болу үшін белгілі бір жағдайды қажет етеді. Кішкентай бала алдында қызып тұрған киім үтіктегіштігі көріп, қолымен ұстауға ұмтылады, қолы күйгеннен кейін тартып алады. Бұл – шартсыз рефлекс. Күнде тамақтың алдында қолын жуатын болса, бұл – шартты рефлекс.

Шартты рефлекс жануарларда, әсіресе, адамдарда әруақытта да қалыптасады. Бұл құбылыс сыртқы ортаның өзгермелілігімен байланысты, оған жүйке жүйесі бейімделу қажет, онымен жаңа уақытша байланыстар құру керек.

Шартты рефлекстер әдісін пайдалана отырып, И.П.Павлов бас ми жартышарларының қызметі сыртқы ортадан жүйке жүйесіне және сонымен қатар ағзаның өзінен әсер ететін көптеген тітіркендіргіштердің талдау және жинақтау үрдістерінен тұрады.

Бас ми жартышарларының талдау қызметі ағзаға қолайлы немесе бүлдіруші әсер етіп отырған оның жекеленген элементтерін ортаның қиындығынан бөлу болып табылады. Жинақтау қызметі жекелеген элементтерді біріктіру болып табылады.

Талдау мен жинақтау (анализ бен синтез)  И.П.Павлов анализатор деп атаған ерекше жүйке тетігінің көмегімен іске асады. Анализатор, оның пікірінше, бұл жүйке-физиологиялық аппарат, ол сезгіштік жүйкенің (рецептор) перифериялық шегінен, жүйкенің өзінен (өткізгіш жолдар), сол тітіркендіргіштерді қабылдайтын үлкен жартышарлардың саласынан тұрады.

Үлкен жартышарлар қабығы сыртқы ортадан келетін әртүрлі сигналдардың әсерімен күрделі аналитикалық-синтетикалық қызмет атқарады.

Үлкен жартышарлардың синтетикалық қызметі оның жекелеген бөліктерінің арасында уақытша байланыстарды ұйымдастыру болып табылады. Талдаудың ең қарапайым түрі – шартты рефлекстерді ұйымдастыру

Бас ми қабығының жан-жақты қызметі қалай болса-солай өтіп жатқан жоқ, ол белгілі заңдылықтарға бағынады. Бұл қызмет белгілі себептік сипатта болады. Жоғары жүйке қызметінің негізгі үрдістері қозу және тежелу болып табылады.

Бас ми алабында қозудың болуына байланысты  шартты рефлекстерді ұйымдастыру іске асады. Жоғары жүйке қызметі үлкен жартышарлар қабығының қызметін реттеп, басқарып отыруға негізделген. Бұл басқару, қозу мен тежелу үрдістерінің өзара әрекеті негізінде іске асады.

Қозу үрдістерінің іс-әрекеті сипаты жағынан тежелу үрдістеріне қарама-қарсы. Егер де қозу үрдістері үлкен жартышарлары қабығының белсенді қызметімен, жаңа шартты жүйкелік байланыстардың ұйымдасуымен байланысты болса, онда тежелу үрдістері осы қызметті тоқтатуға, бас ми қабығында болған қозуларды тежеуге бағытталған.

Тежелу бас ми қабығы жасушасы үшін мәні ерекше. Жүйке жасушаларының қызметін тоқтата отырып, олардың жұмыс қабілетін қалпына келтіру үшін жағдайлар жасайды. Шамадан тыс күшті және ұзақ қозу жағдайында тежелу жүйке жасушаларын істен шығудан және бұзылудан сақтайды. Тежелу үрдістерінің әлсізденуі жүйке жасушаларын ұзақ қозудың әсерімен әлсіретеді, соның салдары әртүрлі жүйке ауруларына әкеліп соқтырады.

Тежелудің екі негізгі түрі кездеседі: ішкі тежелу және сыртқы тежелу.

Сыртқы тежелу шартсыз болып табылады, демек, туғаннан берілген. Бұл тежелудің жай формасы, сыртқы тежелу қозу жағдайында тұрған бірнеше орталықтарының өзара іс-әрекеттерінің нәтижесінде пайда болады. Мысал келтіретін болсақ, бірінші сынып оқушысы бар зейінін салып, әріптерді жазып отырады, оның бөлмесіне кенеттен оның сүйікті иті кіріп келеді. Баланың оқу іс-әрекеті тоқталады. Бұл құбылысты былай түсіндіруге болады: қозудың жаңа алабының пайда болуы бас ми қабығының басқа бөліктерінің тежелуін шақырады және әрекет үстіндегі рефлекс тоқталады.

Сыртқы тежелудің ерекше түрі – қорғаныс тежелуі. Бұл тежелу жүйке жасушаларының ерекше күшті қозуды шақыратын (немесе ұзақ әрекет ететін) тітіркендіргіштердің әсерінен пайда болады.

Тітіркену белгілі бір шекке жеткенде, қорғаныс тежелуі іс-әрекетке кіріседі. Шамадан тыс қозу үстіндегі шаршаған бала тез ұйықтап қалады, кей жағдайда теледидардың алдында осындай жағдай болады. Бұл – қорғаныс тежелуінің байқалуы, көрінісі.

Ішкі тежелу шартты болып табылады. Ол адам мен жануарлардың күнделікті өмір үрдісінде қалыптасады. Тежелудің бұл жоғары түрі тек қана үлкен жартышарлардың қабығына тән.

Ішкі тежелудің мысалына шартты рефлекстердің сөнуін келтіруге болады. Егер шартты тітіркендіргіш оны шартсыз тітіркендіргішпен бекітілмей бірнеше есе қатарынан берілетін болса, онда ол шартты рефлексты шақыруын тоқтатады. Үлкен жартышалар қабының қызметі кез-келген уақытта қозу мен тежелу үрдістерінің күрделі жүйесін құрайды, олар бір-бірімен тығыз байланысты және әруақытта да өзара әрекетте болады.

Қозу және тежелу үрдістерінің жүруі екі негізгі заңдарға бағынады: 1) иррадиация және концентрация заңы және 2) өзара индукция заңы.

Қозу мен тежелудің иррадиация және концентрация заңының мәні мынада: тітіркендіргіштің әсерімен мидың белгілі бір бөлігінде қозу пайда болады, ол бір орында қалып қоймайды, бүкіл үлкен жартышарлар қабығы бойынша жайылады және кеңінен таралады. Бұл құбылысты қозудың иррадициясы деп атайды.

Бір уақытта қозу болған алаптың шекарасында оған қарама-қарсы тежелу үрдісі басталады, ол қозу үрдісін шектейді және белгілі бір бағытқа бағыттап отырады. Бұл құбылысты қозудың концентрациясы деп атайды

Басқа да ұқсас мәліметтер

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *