Жоба туралы

KazLib.kz — қазақ тілінде ұсынылатын ең ауқымды ғылыми және әдеби мәліметтер базасы.
Басты мақсатымыз — ғаламторда қазақ тілінде сапалы мәліметтерді ұлғайту.

Қандай мәліметтер ұсынамыз?

Негізгі түсініктер:

Реферат — студенттердің ғылыми әдебиетпен өз бетінше жұмысы кезінде алған білімдерін бекіту мақсатында оқытушы тапсырған тақырып бойынша әдеби материалдарға қысқаша талдау жасауы.


Курстық жұмыс – студенттердің әр курста бөлек пәннен немесе бір бағыттағы екі-үш пәннен өз бетінше орындайтын бастапқы ғылыми зерттеуі. Курстық жұмысты жасау студентке ғылыми зерттеу жүргізу, шығармашылық, өз бетінше жұмыс жүргізу дағдысына, ғылыми зерттеу жүргізу әдісіне, зерттеу жүргізетін пәні бойынша білімін тереңдетуге үйретуді мақсат етеді. «Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарындағы оқу барысын ұйымдастыру жөніндегі ережеге» сәйкес курстық жұмыс студенттің оқу мерзімі мен нақты арнайы тапсырманы кешенді түрде шешуге қатыстыру кезінде алған білімін тереңдету және мықтап бекіту үшін орындалады.


Дипломдық жұмыс – студенттердің жоғарғы оқу орнын бітіру сатысында орындайтын біліктілік бойынша ғылыми зерттеу жұмысы. Ол ЖОО студентінің соңғы оқу жылында орындайтын, ғылыми ізденістің және жобалаудың, ғылыми зерттеу қызметінің нәтижесі ретінде дербес жазбаша жұмыс болып табылады. Қазiргi ғылым мен техника революциясы дәуiрiнде табиғат пен адамның қарым-қатынасына байланысты мәселелер өте күрделенiп, маңызы артып отыр. Жер шарындағы халық санының артуы, техника мен өндiрiстiң аса зор қарқынмен дамуы адамзаттың табиғатқа әсерiнiң дәрежесi үдемелi түрде артып отыр. Пайдалы қазбалардың, өсiмдiк және жануарлар қорының тез сарқылу мүмкiндiгi, табиғи ортаның ластануы кезексiз шешiлуi қажет мәселеге айналып отыр. Қоршаған ортаның ластануы адам денсаулығына қауiп туғызатын дәрежеге жеттi. Осының бәрi адамзаттың табиғатты қорғау мәселесiне түбегейлi бет бұруын талап етедi.