Жас ерекшелік физиологиясы және мектепке дейінгі гигиена туралы ғылым

Жас ерекшелік физиологиясы организмнің әр түрлі кезеңдеріндегі тіршілік әрекетінің өзгерістерін зерттейді. Сонымен қатар оның негізгі бағыты – баланың өсу және даму жағдайына қарай мүшелерінің, жүйелерінің және біртұтас қызметін зерттеп білу.

Жас ерекшелік физиологиясы көптеген салаларымен тығыз байланысты және басқа да биологиялық ғылымдардың мәліметтерін кең пайдаланылады. Сөйтіп, адмның жеке басының даму процесі қызметінің қалыптасу заңдылықтарын түсіну үшін, физиология ғылымының кейбір тарамдарына байланысты, мәселен, клетка физиологиясы салыстырмалы және эволюциялық физиология және жүйелері: ас қорыту, қан айналу, тыныс алу, жүйке жүйесі және т.б.

Сондай-ақ жас ерекшелік физиологиясының зерттеп-білетін жаңалықтары мен заңдары әр түрлі биологиялық ғылымдардың мәліметтеріне негізделеді: эмбриологияның, генетиканың, цитологияның, биохимияның және т.б.

Жас ерекшелік физиологиясының түйінді бағыты тәрбиешілердің қызметінде маңызы зор физиологиялық ғылымының теориялық материалдарына аударылған. Ондай мәселелердің қатарына, ең алымен балалар мен жасөспірімдердің жоғары жүйке әрекетінің заңдылықтарын және олардың жүйке жүйесінің функциялық ерекшеліктерін жатқызуға болады.

И.П.Павлов тәрбие беру теориясы мен практикасы үшін физиологияның үлкен маңызы бар екенін атап айтқан. Ол барлық тәрбие беру және даму заңдылықтары физиологияға негізделген деп көрсетті. Сонда тәрбиеші осы айтылған заңдарды балалардың жастарына сай пайдаланып, оқу-тәрбие жұмыстарының бағытын дұрыс анықтауы тиіс. Балалардың жас ерекшеліктерін білу тәрбиеші үшін баланың күш-қуатын және ақыл-ойын дұрыс бағалай білуге үлкен мүмкіндік туғызады.

Педагогика ғылымының көрнекті қайраткері және халық ағарту ісін ұйымдастырушы Н.К.Крупская былай деген: «Педагог, біріншіден не білуі тиіс, — ол адам денесінің құрылысы мен қызметін яғни, адам денесінің анатомиясы мен физиолгиясын және оның дамуын. Онсыз жақсы педагог болуы, баланы дұрыс өсіріп, тәрбиелеуі мүмкін емес».

Балалар мен жасөспірімдердің организмініде, мүшелерінің құрылысы мен қызметінде, ересек адамдармен салыстырғанда, ерекшеліктер бар, себебі, балалар өз өмірінің әр түрлі кезеңдерінде көп өзгереді. Балалардың жас кезеңдеріне тәуелді морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктерді білу, оны тәрбие жұмыстарына тиімді пайдалану – әрбір балабақша маманының міндетті ісі.

Мектепке дейінгі гигиенасы – балалардың өсіп даму процесін және олардың денсаулық жағдайын, сыртқы орта факторларының организмге әсер етуін зерттейтін ғылым. Баланың жас ерекшелік жағдайын ескеріп, оның денсаулығын нығайтуға, үйлесімді дамуына және дұрыс тәрбиелеуге арналған шаралар белгілейді.

  1. Зерттеу пәні – өсу және даму үдерісіндегі өскелең және дамушы бала ағзасы. Адам гигиенасы мен физиологиясының дамуы ерте уақыттан басталады. Көне медицина оқымыстыларының ішіндегі ең белгілісі Гиппократ, ал феодализм дәурінде – Европада Авиценна деп атаған атақты тәжік дәрігері әрі философы Абу-Али Ибн-Сина. Оның «Дәрігерлік ғылымның ережелері» деген кітабы көптеген европалық және шығыс тілдеріне талай рет аударылған.

Балалар мен жасөспірімдердің отандық гигиенасы көне замандағы «Владимир Мономахтың балаларға нақылы» (XI ғ.), Епифаний Славинецкийдің «Балалар әдеттерінің азаматтығы» (XVII ғ.) Феофан Проконовичтің «Жастың адал айнасы немесе күнелтіс жүрістерінің көрсеткіші» (XIII ғ.) сияқты ескерткіштермен тамырлас.

М.В.Ломоносов, оның замандастары әрі прогресшіл қайраткерлер И.И.Бецкой, Н.И.Новиков Россиядағы халықтың, соның ішінде балалардың денсаулығын жақсатуды жақтады. А.Н.Радищев Россиядағы өскелең ұрпақтың тұрмысын жақсарту және денсаулығын сақтауды крепостнойлық қоғамды жоюмен, оқытумен, дене шынықтырумен және балалардың мұңтаздайлығын арттырумен байланыстырады.

Россиядағы балалар мен жасөспірімдер гигиенасының негізгі проблемаларын экспиременттік жолмен шешу, сол сияқты арнаулыф құралдар басып шығару тек Петербург дәрігерлік – хирургиялық академиясында гигиена кафедрасы ашылған соң (1871) ғана мүмкін болды. Кафедраны А.П.Доброславин (1842 – 1889) басқарды.

А.П.Доброславин гигиенаның басты мақсаты «қоғамдық іс-әрекеттің әр түрлі жағдайларында, организмдегі физиологиялық тепе – теңдік заңдарын зерттеу және организмнің өндіргіш күштерінің сақталуы мен дамуы ең қолайлы  жағдайларын зерттеу»деп есептеді.

1884 жылы   Москва  университетінде гигиена кафедрасы ашылды. Оны Ф.Ф.Эрисман (1842 – 1915) басқарды, ол экспериментке негізделген ғылым ретінде гигиенаның негізгі міндеттерін анықтады және балалардың денсаулығын қоршаған орта жағдайлары мен тұрмысты ұйымдастыруға тәуелді екендігін дәлелдеді. Балалармен бірлесе отырып, ол арнаулы мектеп үйлерінің құрлыстарын және мектеп жанындағы учаскелерді жақсылап жабдықтау керектігінің негізін қалады, класс бөлмесінің; балаларға арналған әр түрлі мебельдің, оның ішінде мектеп партасының моделін жасады, балаларды жұқпалы аурулардан алдын ала сақтандыру үшін нұсқаулар құрастырады.

1887 жылы Ф.Ф.Эрисманның «Ой және дене еңбегінің кәсіптік гигиенасы» деген еңбегі шықты. Ол К.Маркстың «Капиталының» тікелей әсерімен жазылды.

Мектеп гигиенасы жөніндегі бірінші ғылыми орталық – мектептік-гигиеналық комиссия – Россияда 1875 жылы Әскери – оқу мекемелерінің педагогикалық музейінде пайда болды (С.Е.Советов). Комиссияның жұмысына А.П.Доброславин, Ф.Ф.Эрисман, П.Ф.Лесгафт және басқа ғалымдар белсене қатысты.

1906 жылы училище дәрігері және Россиядағы училищелер дәрігерлері Қоғамының басшысы Д.Д.Бекарюков (1861 – 1934) «Мектеп гигиенасының негізгі бастамалары» атты оқу құралын жариялады. Өзінің мол тәжірибесіне және отандық, шетелдік әдебиеттердің мәліметтеріне сүйене отырып, ол балалар мекемелерін жоспарлау және аббаттандырудағы, мектептерде сабақ берудегі балалардың жұқпалы ауруларын алдын ала сақтандырудың гигиеналық талаптарын жазды; балаларға дәрігерлік көмекті кеңейту жөніндегі шараларды белгіледі. Балалардың денсаулығын қорғау жөніндегі көп жақты табысты еңбектері үшін Совет үкіметі 1926 жылы Д.Д.Бекарюковке «Еңбек Ері» құрметті атағын берді.

Бала организмінің анатомиялық–физиологиялық ерекшеліктерін Россияда бірінші рет Петербург дәрігерлік–хирургиялық акдемиясындағы балалар кафедрасының меңгерушісі, профессор Н.П.Губдобин (1860 – 1906) зерттей бастады. Оның тәжірибесі «Балалар жасының ерекшеліктері» (1906) кітабында қорытылады, ол кітап балалар анатомиясы мен физиологиясы жөнінде Россияда бірінші еңбек болып саналады. Балаларды шынықтыруға, мектептегі оқу режиміне және басқа мәселерге ғалым үлкен мән берді.

Балалар мен жасөспірімдердің физиологиясы және гигиенасын дамытуда И.М.Сеченов пен И.П.Павловтың зерттеулері мен ашқан жаңалықтарының маңызы зор. Олардың рефлекстер, жоғарғы дәрежелі нерв қызметі және синтездеу әсеріне материалистік түсінік берді, ми мен психикалық процестер арасындағы диалектикалық өзара байланысты ашып берлі.

Жоғарғы дәрежелі нерв қызметінің  жасқа  байланысты  ерекшеліктерін Н.И.Красногорский, В.М.Бехтеров, А.Г.Иванов – Смоленский, Н.И.Касаткин, Н.М.Шелованов, П.К.Анохин, А.Н.Кабанов, А.А.Волохов, И.А.Аршавский, А.А.Маркосян және басқаларды да зерттеді. Балалар мен жсаөспірімдердің екінші сигнал беру жүйесінде алғашқы зерттеулер жүргізген А.Г.Иванов – Смоленский жәнек М.М.Кольцова екендігін атап өткен жөн. Орталық нерв жүйесіндегі басылымдық процестері туралы А.А.Ухтомскийдің зерттеулері ойлау әрекеттерінің бірқатар құбылыстарын түсіндіруге негіз салды, онсыз балалар мен жасөспірімдерді оқыту  және тәрбиелеу процесі мүмкін емес.

1972 жылы Белорус ғылыми – зерттеу санитарлық – гигиеналық институты (Бел НИСГИ) ашылды, 1959 жылы оның ішінен мектеп гигиенасы лабораториясы құрылып, 1963 жылдан бастап ол балалар мен жасөспірімдердің гигиена бөлімі болып қайта құрылды.

Республикада мектептік – гигиеналық проблемаларды өте кең көлемде зерттеу Ұлы отан соғысынан кейін басталды. 1964 жылы М.Т.Мотюшоноктың «Бастауыш мектеп жасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы» кітабы жарыққа шықты, 1970 жылы педагогика училищелері үшін оқулық шығарды, 1975 жылы педагогика институттары үшін оқу құралын (басқа авторлар Г.Г.Турик және А.А.Крюковамен бірлесіп) шығарды, бұл кітап оның қайта басылуы болып табылады.

Балалар мен жасөспірімдердің жас ерекшеліктері  физиологиясы және гигиенасы бойынша жүргізілген зерттеулер практикаға айтарлықтай нәтижелер берді. Балалар ауруларын алдын ала сақтандыру да үлкен табысқа жетіп, балалар өлімі едәуір азайды. Бұл пәнді оқу келешек мұғалімдердің ғылыми – теориялық деңгейін көтереді.

         Балалардың өсіп-жетілуін қадағалау. Балалардың өсіп-жетілуін сандық және сапалық көрсеткіштері бойынша жылына бір не екі рет қадағалайды. Өсіп жетілу көрсеткіштердің алу процесі антропометрия (гр. антропос. – адам, метрео — өлшеймін), көрсеткіштердің өзі — антропометриялық немесе негізгі деп аталады.

Антропометриялық көрсеткіштері бойынша балалар денесінің жетілуін бағалау – бойын, салмағын, кеуде қуыстарының шеңберлеріне қосылған үстемдерді есептеу, осы көрсеткіштердің аудан, облыс, республика бойынша орта мәліметтерін салыстыру жолымен жүргізіледі.

Негізгі өлшеулердің техникасы мен методикасы белгілі білім мен ептілікті талап етеді. Сол сияқты құралдардың дәлдігі, қызметкерлердің ұқыптылығы мен ықыластылығы, өлшеу ережелерін сақтай білуі қажет. Мысалы, кеуде қуысының шеңберін өлшеуді тек жалаңаш қалпында жүргізеді: бойды тұрған күйде аяқ киімсіз (парта таңдау үшін бой аяқ киіммен өлшенеді) бой қолдары түсірілген және бой өлшегіштің платформасында өлшейді. Мұнда бала қолдары түсірілген және бой өлшегіштің пленкасында үш нүктемен: өкшемен, бөксемен және жаурын аралығымен жанасып тік тұруы керек. Баланың басы, көз шарасының жоғары шеті мен құлақ қалқанының жоғары шеті горизонталь бір сызықтың бойында жатқан кездегі қалыпта болуы қажет.

Салмақты дәлдігі 50 г дейін болатын иінді системалы ондық медициналық таразыларда өлшейді. Балалар мен жасөспірімдерденесінің дамуы туралы толытырақ ұғым алу үшін кеуде қуысының шеңберін және қол динамометрімен саусақтардың қысу күшін өлшейді.

Антропометриялық мәліметтер баланың жеке дамуының арнаулы картасына жазылады, ол мектепте немесе емтиханың жеткішектер кабинетінде сақталады. Мәліметтер статистикалық әдістермен өңделеді және солардың негізінде дамудың пропорциональдығы туралы соңғы жорамалдар мен қажетті қорытындылар жасайды.

Балалар мен жасөспірімдер денесі дамуының мәліметтерін зерттеу мынаны көрсетеді: олардың бойының орташа өсуі соғысқа дейінгі балалар бойынан 10 см-ге дерлік артық. Бойдың өсуі салмақтың өсуіне жеткізеді. Балалардың сүт тістері тұрақты тістерге ертерек ауысады, жыны-стық жетілуі тезірек басталады және аяқталады.

Осы уақытқа дейін жалпы қабылданған акселерация теориясы (тезірек даму) жасалған жоқ, көптеген гипотезаларға қарамастан, шартты түрде оны төрт негізгі топқа бөлуге болады.

  1. Физикалық-химиялық гипотезалар қазіргі балалар күннін, радиоактивті және электромагнитті радиациялардың өте күшейген әсеріне ұшырайды деп есептейді.
  2. Нутритивті гипотезалар – тұрмыс жағдайларының өзгеруін, соның ішінде жануардан шығатын майлар мен белоктарды пайдаланудың көбеюі есебінен балалардың тамақтарының жақсаруына, анасы мен баланың тамағы құрамына витаминдердің қосылуын ескереді. Балалар ауруларын төмендеткен педиатрияның, гигиенаның т.б. табыстарына белгілі маңыз беріледі.
  3. Гетерозийлер – гетерозистің биологиялық цикльді өзгерістерінің нәтижесі, әлеуметтік, діни және ұлт аралық шекараларды бұзуға әкелген, өмірдің қоғамдық өзгерістері мен байланысты. Бұл осыған дейін оқшауланған адам топтары арасында некелесудің географиялық мүмкіндігін кеңейтті, тұқым қуалаушылықтың тез өзгеруіне және дамудың жылдамдауына әкелді.
  4. Урбанизация гипотезалары – қалалардың тез дамуы және село халқының қалаларға ауысуымен, қала өмірінің барлық комплексінің, сол сияқты кино, радио, теледидардың баланың нерв системасына қоздырушы әсер етуімен байланысты.

Келтірілген гипотезалардың ғылыми маңызы бар, бірақ әрқайсысы түйінді қарсылықтарға кездескендіктен, олардыфң біреуі де акселерацияның бірден-бір немесе негізгі себебі бола алмайды. Акселерация проблемасын, сірә, келтірген факторлардың үйлесімінде қарау керек болар. Акселерацияның әлеуметтік шарттарының ерекше маңызы бар. Халықтың әлеуметтік-тұрмыс жағдайлары тез жақсарған социалистік елдерде, акселерация қарқыны өсті; осындай тенденция дамын келе жатқан елдерде де байқалады.

Акселерацияның қолайлы да, қолайсыз да жақтары бар. Психикалық функциялардың нетұрлым тез дамуы,  өмірінің ұзаруы т.б. оның қолайлы жақтары деп есептеуге болады. Сонымен бірге осындай балалардың тыныс алу мүшелерінің ауруға ұшырауы тонзиллитпен, ревматизммен, аллергиялық аурулармен көбірек ауыратындықтары туралы мәліметтер бар.

Акселерация шешімін әлі таппаған көптеген проблемаларды мектепте оқытудың, жоғары оқу орындарына түсудің, некелесудің басталу мерзімін өзгерту т.б. қойып отыр.

  1. Балалардың анатомиясы мен физиологиясы басқа ғылымдармен байланысы.

Физиология негізінде өліден тіріні сапалық жағынан айыратын маңызды тіршілік процестері жататын заңдылықтарды зерттейді. Ол өсімдіктер, жануарлар және адам физиологиясына бөлінеді, ал соңғысы – еңбек, дене жаттығулары мен спорт, тамақтану физиологиясы, жас ерекшеліктері физиологиясына және басқаларға бөлінеді.

Медицина институттарында, мысалы, қалыпты және патологиялық физиологияны оқиды. Қалыпты физиология дені сау адам организміндегі тіршілік әрекеттері процестерін, ал потологиялық физиология ауру адамды сау адамдардан ажырататын заңдылықтарды түсіндіре отырып сипаттайды.

          Жас ерекшеліктері физиологиясы организмнің бүкіл өмірі бойындағы функциялардың қалыптасуы мен даму заңдылықтарын зерттейді.

Педиатрия және мектепке дейінгі гигиена тығыз байланысты және өз зерттеулерінде тәжірибелерге сүйенеді: биология жетістіктері, медицина, педагогика, психология және басқа ғылымдар. Жасына байланысты дене бітімі мен адамның жас морфологиясы педиатрия және мектепке дейінгі гигиенаның табиғи-ғылыми негіздеріне қызмет етеді. Жасына байланысты дене бітіміндегі алған білім бөлімдері жоғары жүйке жүйесінің заңдары ерте және мектепке дейінгі жастағы балалардың оқу-тәрбие процесінде барлық сұрақтардың дұрыс шешілуіне мүмкіндік береді.

Жасерекшелік физиология мен мектепке дейінгі гигиенасының маңызы — еліміздің болашақ азаматтарын қазақ халқының мүддесін қорғай алатын білімді, өнерлі, еңбекқор, жан-жақты дұрыс өсіп дамыған балалар мен жастар етіп тәрбиелеу мен оқыту.

Жасқа сай физиология адам және жануарлар физиологиясының үлкен бір саласы. Физиология ғылым организмнің тіршілігін, оның мүшелері мен торшаларының қызметін зерттейтін, олардың функцияларын реттеу жолдарын анықтайтын ғылым. Физиология ғылымы организмнің жеке мүшелерін белгілі бір жүйеге келтіріп, олардың қызметтерінің бір-бірімен қарым-қатынастарын сол тұрғыдан қарастырады.

Жасерекшелік физиология мен мектепке дейінгі гигиенасы пәні педагогика ғылымымен байланысты, себебі педагогика жоғары жүйке әрекетінің заңдарына сүйене отырып, оқу –тәрбие жұмыстарын ғылыми негізде іске асырады.

Басқа да ұқсас мәліметтер

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *