Жаңа заман және қазіргі заман мәдениеті

Жаңа кезеңдегі Еуропа мәдениеті XVII ғасырдан бастап XIX ғасырдың 80-ші жылдарына дейінгі үш ғасырды қамтиды. Бұл үш ғасыр ортақ сипаттарды біріктіреді: өндірістің капиталистік тәсілі, рухани бағыттардың бірлігі – жеке тұлға, гуманизм, еуроцентризм, рационализм. Классикалық түрдегі мемлекет қалыптасты, саяси партиялар пайда болды. Сонымен қатар әрбір дәуірдің өзінің еркешеліктері, өзіне тән айырмашылықтары болады. Ағартушылық XVII ғасырдың аяғында Англияда пайда болды. Оның негізін салушылар философтар Джон Локк (1632-1704 жж.), Дэвид Юм, экономист Адам Смит және т.б. болып табылады.

XVII ғасыр – бұл Еуропа тарихындағы өте күрделі әрі қарамақайшылығы мол ғасыр, ғылыми революция кезеңі. Бұл бетбұрыс ғасыры болды, яғни онымен қатар бір мезгілде ортағасырлық ескі мәдениет те өмір сүрді.

Міне, осы кезеңде алғашқы буржуазиялық революциялар болды (Нидерланды, Англия), абсолюттік монархиялар үстемдік етті (Франциядағы ХІV Людовик кезеңі). Ғылымға көзқарас өзгерді, ол қолданбалы сипат алды және оның рөлі өсті (Г.Галилей, И.Ньютон, У.Гарвей, Б.Паскаль, Р.Декарт, Р.Бойль, И.Кеплер, Э.Мариотт және т.б.). Жаңа кезең ғылымының негізгі ерекшеліктері оныжеке — ғалымдар дамытқан жоқ: зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың жаңа нысандары – ғылым академиялары, ғылыми қоғамдар және т.б. пайда болды. Дүниенің көрінісі механицизм тұрғысынан түсіндірілді. Осы кезде ғылым өзінің маңызы жағынан философиямен салыстырылады (Р.Декарт, Ф.Бэкон, Б.Спиноза, Ламетри және т.б.). Ғылымның маңызы туралы түсінік өзгереді. Ағартушылық дәуірі — феодалдық өмір салтының құлдырау сәтіндегі кез келген елдің мәдени дамуындағы қажетті саты екендігін түсіну қажет. Бұл буржуазиялық оппозицияның қоғамдық қатынастарда, мемлекеттік құрылыста және үстемдік етуші идеологияда орын алған және феодализмнің сарқыншағы болып сақталған, жаңа құрылыс – капитализмнің дамуын тежейтін жағдайларға қарсы көзқарасын білдіреді. Демек, бұл белгілі бір аумақпен шектелмейтін интернационалдық қозғалыс, оны белгілі бір хронологияға телуге бола қоймайды. Феодалдық қатынастардың құлдырауы әр елде әртүрлі уақытта жүрді.

Ағартушылықтың мақсаты мен идеалдары: адамдардың бостандығы, тұрмыс жағдайының жақсы болуы және бақытты өмір сүруі, бейбітшілік, күш қолданбау, дінге сенушілік және т.б., сондай-ақ еркін ойлаушылық, билікке сын көзбен қарау, догмаларды жақтырмау. Батыс Еуропа елдерінде Ағартушылық қозғалысының ұлттық-мәдени ерекшеліктері болды. Ағылшын ағартушылары тұтастай алғанда адамзаттың емес, нақты адамның ең жоғарғы мақсатын, бақытын бірінші кезекке қоя отырып, ең алдымен жеке жетістіктерге мән берді. Француз ағартушылары жаңа қоғам туралы армандап, оны құру үшін күш қолдану мүмкіндігіне жол берді, бірақ олар революцияны мәселені шешудің ең қолайлы жолы деп есептеген жоқ. Күш қолданушылыққа олар халық пен билеушілердің рухани ағартушылығын қарама-қарсы қойды. Ағартушылардың теориясы саяси тәртіптің мызғымайтындығына деген дәстүрлі сенімді бұзды: ол Құдаймен орнаған жоқ, оны бар болғаны адамдар, олардың тарихи өмірінің белгілі бір кезеңінде орнатқан деген түйін жасады. Ағартушылдардың идеялары Еуропадағы және Америкадағы буржуазиялық революцияға неге ықпал етті? Бұл ағартушылардың мемлекеттік құрылысты құлатпай, адам санасына қоғамды қайта құру үшін ерік-жігер мен білім қажеттігін сіңіруден болған шығар? Ал мұнымен келісуге бола ма? Бірінші буржуазиялық американдық революция (тәуелсіздік үшін соғыс) 1775-1783 жж. және Ұлы Француз революциясы 1789-1794 жж. тәрізді бүкіләлемдік тарихтың айтулы оқиғаларының дамуын, қорытындысы мен мән-маңызын зерттеу бұл сұраққа жауап табуға көмектеседі. Бұл революциялар Ағартушылық дәуірдің жалғасы, оның идеалдарын өмірде жүзеге асыруға деген ұмтылысы болып табылды.

XVIII ғасырда Еуропаның орталығы Франция болды, тамаша ойшылдар шоғырын шығарды, олардың қатарында Ф.Вольтер (1694- 1778жж.), Д.Дидро (1713-1784жж.), Ш.Монтескье (1689-1755жж.), Ж.Ж.Руссо (1712-1778 жж.) тәрізді көрнекті өкілдер бар. Германияда Ағартушылық И.Гердердің, И.В.Гетенің, И.Канттың және т.б есімдерімен байланысты.

АҚШ-та Т.Джефферсон, Б.Франклин және т.б. есімдерін атауға болады. XVII және XVIII ғасырлардағы дүниетанымның айырмашылықтарына назар аудару қажет. XVII ғасырда әлемді алып сағат механизмі ретінде түсіну орын алды, оның өз Шебері бар, яғни XVII ғасырда адам дүниетанымында Құдайдың рөлі ерекше.

XVIII ғ. — бұл соған қоса парасаттылық ғасыры, өйткені, ағартушылар негізінен материалистер мен рационалистер болды. XVIII ғасыр мәдениетінің негізгі философиялық идеясы ақыл-ой, табиғат бастапқы ақиқат ретінде танылды. Осы орайда әлеуметтік теңсіздік, сословиелік артықшылықтар үшін негіздерді теріске шығару туындайды.Ағартушылар «парасаттың патшалығын» орнату үшін күресті, ең алдымен бәрін ғылымның дамуы арқылы қамтамасыз етуді ойлады. Адамзат ақыл-ойының мүмкіндігіне шексіз сенім, оның қуатына, ғылымның дамуына деген сенімділік – Ағартушылық дәуірінің пафосы. Жаңа кезеңнің адамы бәрі бойынша тек өзіне, өзінің күшіне ғана сенуге міндетті. Ағартушылардың дінге және шіркеуге қатынасы әртүрлі. Олар діни көзқарастары бойынша деизмді жақтайды. Деизм – бұл Құдайдың бар екендігіне және оның барлығын жаратқанына сенушілік, бірақ Құдай адамның одан кейінгі өміріне араласпайды деп есептейді. Адамды дүниені өзгерту үдерісінің бірден-бір қатысушысы деп есептейді, ал құдыреттің күшіне скептикалық тұрғыдан қарайды.

Ағартушылар шіркеуге сын көзбен қарады. Шіркеу әлеуметтік институтка айналды, және оны адамды басыбайлы етудің механизмі ретінде қарастырды.

Батыс елдері үшін өнеркәсіптік төңкерістің маңызын, дүние жүзі халықтарының ұлттық сана-сезімінің дамуын, буржуазиялық демократияның дамуын атап өткен жөн. XVIII ғасыр ғылымның қарқынды дамыған ғасыры болды. Батыстағы өнеркәсіптік төңкеріс өзінің идеологиясын тудырды. Саяси және экономикалық либерализмнің әртүрлі теориялары пайда болды, олардың негізінде жатқан ұстындары: адамдардың бәрінің заң алдында бірдей теңдігі; жеке адамның абсолюттік құндылығы; заң шеңберіндегі меншік және еркіндік әрекеттері; жеке өмірді мемлекеттің араласуынан қорғау және т.б. Либерализмнің экономикалық ілімі еркін бәсекелестік және жинақтау идеологиясына негізделеді. Жаңа кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық жүйедегі өзгерістер адамдардың рухани дүниесіне, олардың идеалдарына ықпал етті. Өнердің саласы кеңейді, бірақ ол күнделікті зор маңызға ие болды, өнердің жаңа тақырыптары мен сюжеттері, жаңа жанрлары пайда болды. Өнердің әлеуметтік мәртебесі өсті. Әдебиет жаңа идеяларды таратуда зор маңызға ие болды. Әсіресе драматургияның жетістіктері айтарлықтай дәрежеге көтерілді (Корнель, Вольтер, Ж.Ж.Руссо, Бомарше және т.б.). Кескіндеме (живопись) өнерінде жаңа кейіпкерлер пайда болды, пейзаж, портреттік жанр және тұрмыстық жанрлар дамыды, саяси карикатура, сатира дүниеге келді. Музыкада опера сахнаға шықты (К.Монтеверди). Музыка ең алдымен Германияда, Австрияда дамудың шырқау шегіне жетті (Г.Гендель, И.С.Бах, Ф.Гайдн, В.А.Моцарт, Л.В.Бетховен, К.Глюк және т.б.). Архитектурада азаматтық құрылыстың рөлі артты, болашақ қалаларды салудың жаңа жоспарлары дүниеге келді.

Бірақ архитектурада негізгі бағыт классика, яғни Ежелгі Греция мен Ежелгі Рим архитектурасының принциптеріне сүйену жалғасты. Тұтастай алғанда Жаңа кезеңнің өнеріне тән нәрсе сан алуан көркемдік бағыттардың болуы делінеді, олар өзара бәсекелесті және бір-бірімен қиылысты: реализм, барокко, классика, рококо, сентиментализм және романтизм ( Л.Бернини, П.Рубенс, П.Пуссен, Караваджо, Рембрандт ван Рейн , А.Ватто, Ф.Гойя және т.б.).

ХІХ ғасырда әлем мүлдем басқаша сипат алды. Міне, тап осы кезде негізін ғылыми-техникалық прогресс құрады. Ментальдық өзгеріске ұшырады: жаратылыстану және дәл ғылымдар гуманитарлыққа қарағанда қарқынды дамыды Бұл прагматизм мен техника ғасыры. Мәдениеттің дамуына өнеркәсіптің өсуі факторы үлкен ықпал етті. ХІХ ғасырда көркемдік мәдениет пен өнердің жағдайы күрделі әрі қарама-қайшылықта болды. Бір жағынан, өнер дами түсті, екінші жағынан, философияға утилитаризм (бір ізге түсіру) ықпал етті, оның басты құндылықтары материалдық түсініктегі пайда табу мен сол өркениеттің жаңа типі, яғни индустриалды түрі қалыптасты, оның тұрғыдан қанағат ету болып табылады, ал мұның өзі өнерге деген ықыласты әлсіретті.

Капитализмнің дамуы әлеуметтік қарама-қайшылықтардың тереңдеуімен, жұмысшыларды қанаумен қатар жүрді.

Өзгеріске ұшыраған әлеуметтікэкономикалық жағдайлар ғылымның дамуына қолайлы жағдай жасады, оны дифференциациялау жүзеге асты (Ч.Дарвин, Г.Мендель, Д.Менделеев, Л.Больцман, Герц, Дж.Максвелл және т.б.). Жаңа әдеби жанр – ғылыми фантазия — пайда болды. ХІХ ғасырда философия дамыды, тарихтың, философияның және келесі ХХ-ХХІ ғасырлардың ғылымдары дамуына ықпал ететін ілімдер пайда болды (И.Фихте, Ф.Гегель, Л.Фейербах, О.Конт, А.Шопенгауэр, Ф.Ницше, К.Маркс, Ф.Энгельс, И.Кант және т.б.).Өнер ақиқаттылықтан мұңға, фантазия мен қиялға (романтизм, «таза өнер») ауысты, немесе сыни ұстанымды (реализм, сыни реализм) ұстанды (Дж.Байрон, В.Гюго, Р.Вагнер, Ф.Шопен, Э.Делакруа, О.Бальзак, Стендель, Флобер, Ги де Мопассан, Я.Диккенс, Г.Курбе және т,б. ). ХІХ ғасырдың соңғы үшінші бөлігінің аяқ кезінде көркемдік әдіс — натурализм (лат. nature – табиғат) қалыптасты. Бұл әдісті жақтаушылар ақиқатты сол күйінде, ешқандай ауытқымаушылыққа ұрынбай беруге ұмтылды, көпшілігі жаратылыстануға сүйенді. Дүниені жаңа көркемдік көзқараспен қарау импрессионизмді көрсетеді, ол объектілерді бейнелеуде тұрақтылықтан және тұйықталудан бас тартуды сипаттайды, табиғаттың сәттік құбылыстарын, жай-күйін, адам өмірінің өзгеріске түсуін сол қалпында беруге күш салды. ХІХ ғасырдың 80-ші жылдарының ортасында импрессионизм дағдарысқа ұшырады, онда екі дербес бағыт пайда болды – неоимпрессионизм (Ж.Сера, П.Синьяк және т.б.) және постимпрессионизм (П.Сезанн, В.Ван Гог, П.Гоген және т.б.). Импрессионизм сурет өнерінен басқа өнердің басқа түрінен де, атап айтқанда, музыка мен скульптурадан да көрініс тапты. ХІХ ғасырдың 80-ші жылдары ішінде Францияда символизм ағымы пайда болды (П.Варлен, А.Рембо, С.Малларме, О.Уайльд, М.Метерлинк, Р.М.Рильке және т.б.). Міне, тап осы кезде өнердің заттарын жаппай тарату орын алды, ал мұның өзі адамның заттық әлемін бір сарындылыққа әкеп соқтырды.

Адамзат пен мәдениеттің қазіргі кезеңдегі ауқымды мәселелері

ХІХ ғасырда монополистік капитализм орнықты. Индустриалды қоғамды қарқынды дамыту жалғасты және өмірге техникалық өнертапқыштық пен ғылым жетістіктері енгізілді. Телеграф, телефон, тас жолдар, автомобиль қозғалысы, трансатланттық кеме қатынасы күнделікті үйреншікті құбылыстарға айналды.

Ғылым мен техниканың прогресі жаңа қарудың түрін шығарды, оны қолдану соғыстың сипатын өзгертті. Танктер, пулеметтер, авиация, улы газдар мен ядролық қаруды қолдану – мұның бәрі әскери ісқимылдарға соншалықты қатыгездік берді. ХХ ғасырдың тарихындағы екі дүниежүзілік соғыс миллиондаған адамдардың өмірін қиды және мәдениеттің дамуына, жаңа дүниетанымның қалыптасуына едеуір ықпалын тигізді. ХХ ғасыр мәдени дамуының ерекшелігі ұлттық мәдениеттердің өзара әсері мен бір-бірін байытуы арқылы дамыған бірыңғай жалпыадамзаттық мәдениеттің қалыптасуы болып табылады. Бірақ жалпыадамзаттық мәдениеттің қалыптасуы мәдениеттердің бір ізге түсуін білдірмейді.

ХХ ғасырдың ғылымы әртүрлі елдердің көптеген ғалымдарының күш-жігерін біріктіре отырып әлемдік ғылымға айналды (А.Эйнштейн, М.Планк, А.Пуанкаре, Н.Бор, Ирен и Фредерик Жюлио-Кюри және т.б.). Ғылымның бөлшектенуі және адамдардың барлық қызметі тарылып, өзіне тән салалық жүйелерге ауысты. Ақпараттың көлемі өлшеусіз өсті (компьютерлену, Интернет).

Осының бәрі қандайда бір дәрежеде Әлем туралы, дүниенің жандандырылған рухы туралы ұғым тұтастығын ажыратты. Соның нәтижесінде адамзат мынадай парадокспен кездесті: бір жағынан, осы кезге дейін зор тәжірибе жинақталды, әділеттілік гуманизмі идеясы кеңінен қоғамдық танымға ие болды, гуманизм әмбебапты, демократиялыққа айналды, ал екінші жағынан, қоғамда шиеленіс, агрессивтік жағдай күшейе түсті, адамның ішкі дүниесі үйлесімді жоғалта бастады, ол жұтаң тартып, дөрекілік сипат алды. Қазіргі заман философиясы жаңа ілімдер мен бағыттар пайда болды (позитивизм және оның түрлері: неопозитивизм және эмпириокритицизм, «өмір философиясы», экзистенциализм).

Адамның типі – прагматикке, рационалистке күш-жігер, ерік, мақсатқа ұмтылушылық, айқын есеп тән, оған өнегелілік, гуманизм, эмоциялық қабылдаушылық соншалықты мәнге ие емес. Прагматизм философиясының орнығуымен мәдениетті коммерцияландыру жүзеге асады. Бұған ғылыми-техникалық прогрестің негізінде пайда болған өнердің жаңа түрлері, атап айтқанда, фотография, кино, радио, телевидение, жәрдемдеседі. Өнердің жаңа түрлерінің пайда болуына ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерінің ықпалын ашып көрсету керек. Ғылыми-техникалык негізінде өнердің жаңа түрлері пайда болды. Олар: радио, фотография, киноөнер.

ХХ ғасырда шығармашылықтың үш негізгі түрі қалыптасты. Олар: реалистік, модернистік және коммерциялық. ХХ ғасырда реализм гуманизм негізінде пайда болған (А.Франс, Э.М.Ремарк, М.Фриш, Э.Хэмингуэй, Ф.С.Фецджиральд, М.Дрюон, Ж.Семенон, Ф.Сага, Т.Манн және т.б.). ХХ ғ. ғылыми фантастика пайда болды (А.Азимов, О.Хаксли, Р.Бредбери және т.б.).

Модернизм (фр. modern — жаңа) – ХХ ғасырда пайда болған өнердің бағыты. Ол да күрделі, әртекті және қарама-қайшылықты бағытты ұстанды (дадаизм, сюррализм, фовизм, театр абсурда, супрематизм және т.б.). ХХ ғасырда авангард күрделі, әртекті және қарама-қайшылықты бағытты ұстанды (кубизм, футуризм).

XXІ ғасырдағы мәдениет жүйесіндегі өнердің орны мен рөлі

Қазіргі заманғы қоғамда социологтар мәдениетті элитарлық, бұқаралық, фольклор және қарсы мәдениет деп бөледі.

Элитарлық мәдениет ( фран. еlite — жақсы, іріктелген, таңдаулы), ХХ ғасырдың негізгі тұжырымдамаларына сәйкес жоғары өнегелілігім ен және эстетикалық сапасымен ерекшеленеді, ол оны түсінуге қабілетті жұрттыңбәріне ортақ. Мәдениеттің осы типіне көбінесе классикалық мәдениетті жатқызады.

Бұқаралық мәдениеттің пайда болуы батысеуропалық өркениеттің барлық даму барысында жүзеге асты. «Бұқаралық мәдениет» ұғымы индустриалды қоғамдағы мәдени құндылықтардың өнідірісінің ерекшелігін және тұтынушылардың «орташаланған» деңгейін, рухани құндылықтардың жалпыға ортақ болуымен, оны меңгеруде ерекше дамыған, нәзік талғамды керек етпейтін жеңілдіктің болуын білдіреді. Сонымен қатар бұқаралық мәдениет өмір салтының белгілі идеалдарын, стереотиптерін меңгеруге, адамның қоғамдық өмірге бейімделуіне жәрдемдеседі. Бұқаралық мәдениеттің мақсаты — – бос уақытты өткізуді қамтамасыз ету, рахат сезімге бөлену. Бұқаралық мәдениетте өзінің жұлдыздары, өзінің табынары болады. Бұқаралық мәдениет ғылым мен техниканың, фотографияның, газеттер мен журналдардың, радио мен телевидениенің жетістіктеріне негізделген. ХХ ғасырдың ортасында кәсіпқойлармен тұтастай «мәдени индустрия» дүниеге келді, ол зор пайда келтірді. Мәдениеттің деңгейі төмендейді, адамның әртүрлі талаптарын қанағаттандыру жүзеге асады. әр елдердегі әртүрлі халықтардың талғамдарын бір ізге салу жүреді. Адамдардың, әсіресе жастардың, рухани қанағаттанбаушылығы олардың орнатқан тәртібін, жаңа аралық мәдениеттерді қабылдамауға әкеп соқтырады.

Қарсымәдениет (контркультура) барлық батыстық өркениет пен мәдениетті теріске шығаруға, тұтынушылық табынушылыққа қарсы әрекет етті. Фольклор индустриалды қоғамның даму және қатынастардың патриархальдық нысандарының ыдырау деңгейлеріне орай өзінің ұстанамынан айырылады, дағдарысқа ұшырайды. Бұқаралық мәдениет тәрізді халық мәдениетінің деңгейі де орташа болуы мүмкін, бірақ бұл шыншылдықпен, өмірдің мәнімен орны толтырылады. Халық мәдениетінің ерекше сипаты оны халықтың өзі құруынан көрінеді, оның өзіндік тамыры мен дәстүрі болады, халықтың мінез-құлқын, оның арманын көрсетеді, сонымен қатар бұқаралық мәдениет тәрізді халық үшін құрылады; халық мәдениетінің шығармалары ғасырлар бойы өмір сүреді, ал бұқаралық мәдениет үлгілерінің өмір сүруін мода, сұраныс және т.б. айқындайды. Халық мәдениетін меңгеру ой және дене күштерін талап етеді, ұлттық дәстүрлерді, салттарды меңгеру уақыт пен білімді де талап етеді. Соған қарамастан, қазіргі заманғы жағдайларда фольклор ығыстырылуда немесе стильдендірумен, өз бетінше шығармашылықпен алмастырылуда.

Сонымен, ХХ ғасырда әлемнің көптеген елдері өмірінің әралуан салаларында көрінген мәдениеттің даму үрдісі, ортақ қырлары қалыптасты. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін адамзат жаһандық мәселелермен кездесті ( лат. globus – шар; фр. Globas –жалпыға ортақ): бейбітшілікті сақтау, экологиялық дағдарысты жою және адамдарды ғылыми-техникалық прогрестің жағымсыз салдарынан қорғау, халықтың өсуін теңдестіруді қамтамасыз етуі және т.б. Әр елдердің ғалымдарын біріктіретін халықаралық ұйым — Рим клубы – адамзат дамуының болашағын жаһандық жобалауды жетекші тетікке айналды. Компьютерлік техниканың, жаңа технологиялардың пайда болуы мәдениеттің дамуына жаңа серпін берді, бұл орайда сонымен қатар жаңадан қарама-қайшылықтар мен мәселелер туындады: техника мен индустрияның рөлін адам мен қоғам өмірінде жоғары көтермелеу, табиғатқа тұтынушылық қатынас рухани мәдениеттің рөлін бағаламауға әкеліп соқтырды, адамға биологиялық және табиғи факторлардың ықпалы адамзат алдында аман қалу мәселе сін қойды. Табиғат пен адамның, табиғат пен өркениеттің қатынастарын қайта ой елегінен өткізу талап етілуде. Ақпараттық мәдениеттің қалыптасуы адамның табиғат, қоғам және өзі туралы ұғынуын елеулі түрде өзгертті. Мәдениет дәуірлерінің алмасуына ықпал еткен жаңа технологиялық революция қоғамды ғана емес, адамның өзін өзгертті. Техниканың барған сайын күшейген күш-қуаты табиғат әлеміне араласуға деген қажеттілікті қалыптастырды, оның өз дегені бойынша қайта жасау жүзеге асты, жарын болашаққа қиялдық үмітті туғызды. Бұрын-соңды болып көрмеген техникалық прогресс іс жүзінде халықтардың барлық деңгейінде өмірдің дәстүрлі сипатын өзгертті. Қоғамда ішкі қолайсыздық күшеюде, табиғат әлемін сезіну, оның сұлулығына таңдану жақтары елеулі түрде жоғала бастады. Дүниетанымның, үйлесім сезімінің тұтастығында ыдырау үдерісі жүруде, бұл руханилықтың кемуіне, қоғамдық өмір гуманизмінің төмендеуіне әкеп соқтырады.

Студент аталған тақырыпты оқып-үйрене отырып, еуропалық ағартушылықтың негізгі идеяларын түсінуі тиіс; жаңа уақытта мәдениет дамуының негізгі ағымдарын қарастыру қажет, адамзаттың қазіргі заманғы жаһандық мәселелерінің мазмұнын, оның пайда болу себептері мен шешу жолдарын ашып көрсету керек.

Бақылауға арналған сұрақтар:

1. Еуропалық Ағартушылықтың негізгі идеялары мен мақсаты қандай болды?
2. Батыс Европа елдерінде Ағартушылық қозғалысының ұлттықмәдени ерекшеліктері қандай болды?
3. Жаңа заман дәуірінде ғылымның ролі қандай болды?
4. Жаңа заман дәуірінде әдебиет қандай рол атқарды?
5. Ағартушылықтың негізгі әдеби стильдерін атаңыз.
6. Жаңарған заманның техникалық жетістітері адам мен мәдениетінің дамуына қалай әсер етті?
7. Жалпыадамдық құндылықтар мен жалпыадамдық мәдениеттің пайда болу ерекшеліктері.
8. Қазіргі кездегі ұлттық мәдениеттің тағдыры қандай?
9. Жаһандану мәселелерінің пайда болуы немен байланысты және оларды шешудің жолдыры.

Басқа да ұқсас мәліметтер

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *