Зейнетақы заңдарының құқықтық мәселелері

Халықаралық қауымдастыққа тәуелсіз егеменді мемлекет ретінде кірген Қазақстан Республикасы зейнетақы заңын халықаралық құқық актілеріне сәйкес, адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету бағытында жоғары ұстауды мақсат тұтуда.

Еліміз егемендік алып, алдына қойған мақсаттарының бірі өзінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын дамытып, қазіргі өмір сүріп отырған қоғамдық құрылысымызды одан әрі сапалы түрде жақсарту болып табылады. Кешегі ел арасындағы жүргізіліп отырған кешенді реформалар жаңа базасыз жүзеге асырылуы мүмкін еместігімен көрінеді. Бірақ, кеңестік дәуірдегі қалыптасқан сүрелі жолдан ауысып, жаңаша қоғамдық қатынасқа көшуіміздің нәтижесі де бірқатар қиындықтарға әкеп соқтырады. Осындай қиыншылықтардың бірі нарықтық қатынасқа өту жағдайындағы әлеуметтік қорғау жүйесін сақтандыру мен қамсыздандырудың көзқарасына әкелді.

Халықтың нарық жағдайындағы кірісін белсенді айналымға салу жоғарғы ұйымдасқан күрделі құрылымдарда, біртұтас жобаға біріктірумен жинақтаушы зейнетақымен қамсыздандыру кезінде ғана ықтимал болады.

Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформалардың шарықтаған кезеңінде зейнетақы заңының қайта қабылдануы, заңдылық және орын алған экономикалық немесе әлеуметтік қиыншылықтардан қорғайтын қарсы берік тосқауыл қоя білді.

Қазақстан Республикасындағы азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру мәселесін зерттеу көрсеткендей, бұрынғы қолданыста болып келген ескі нормативтік жүйе, қазіргі зейнетақы заңымен салыстырғанда, мейлінше көп өзгерістерге ұшырап, оларға қатысты барлық мәселелер өз алдына дерлік жаңаша түзілді. Міне, осы өзгерістерге ұшыраған заңның мәселелерін жан-жақты талқыға салу немесе оның кемшіліктерін анықтау аса маңызды.

Барлық бұрынғы кеңестік елдердің зейнетақы реформасының іс жүзіндегі жалпы ұқсастығы мынада: көп деңгейлі (негізінен үш деңгейлі) зейнетақы жүйесіне ауысуы, белгіленген жарналармен жинақтау (ынтымақтастық емес) көзқарасының басымдылығы, қаржы институттарын меншіктік басқару және мемлекеттік бақылау. Айырмашылық тек жұмыс істеушілердің екпіні мен қамту кеңістігінде болды. Бұл аумақта Қазақстан өзінің радикалды ниеттегі ел екендігін жылдам (1998 жылдың 1 қаңтарынан) және толық (барлық қызметкерлер) жинақтау жүйесіне көшуімен мәлімдеді.

Осыған байланысты республикада зейнетақы реформасын жүргізуде бірқатар тәуекелдің болғанын мойындаған жөн, өйткені бұл сақтандыру шараларын қолдануға мүмкіндік береді. Мысалы, Қазақстанда зейнетақы реформасын бастаушылар негіз ретінде жетістікті Чили үлгісін алды. Бірақ, Чилимен салыстырғанда, біз екі маңызды шарттың қайта орындалуына қол жеткізбедік: біріншіден, реформа мұқият жарияланбады, бюджет балансында айтарлықтай салмақтылық болмады, зейнетақы қорына жиналған жарналар төмен болды.

Екіншіден, жиынтық бұзылып кейінге қалдырылды, реформаның екінші бөлімі -сактандыру жұмыстарын дамыту, ұдайы зейнетақы төлемдерін жинақтаушы конверсия үшін аннуитеттік нарық құру.

Сірә, аннуитеттік нарық келе-келе зейнетақы қорының қажеттілігінің өсуіне жауап ретінде құрылады деп ұйғарылса керек.

Жалпы, Қазақстанда зейнетақы реформасын жүргізудің маңызды ерекшеліктерінің бірі — зейнетақы реформасының жекешелендіру мен нарық капиталын дамытуға қатаң тіркелуі. Республикадағы зейнетақы реформасының қарқыны мен тереңдігі көп жағдайларда бағалы қағаздардың дамуымен байланысты. Экономиканы дамытуды іске асырудың басты шешімі капитал нарқын дамытуға, жекешелендіруге, тек бір өзіндік жинақтаушы зейнетақы жүйесін құруға арналған.

Жарамды жағынан басқа мұндай тұтастықтың теріс жағын да ескеру керек, өйткені бір буындағы жаңылысу міндетті түрде екіншісінің жұмысында бейнеленеді, әр бөлім жеке өмір сүруге қабілетсіз.

Әлемдік қаржылық дағдарыс жекешелендіруді тоқтатуы мүмкін, онда мемлекет қажетті қаражатты табу мақсатында, әлі қатаймаған жинақтау жүйесіне қол салуы мүмкін деген күдіктер болған.

Қазақстан Республикасы — зейнетақымен қамсыздандыруда жинақтау жүйесін жетілдіруге кіріскен Достастық елдеріндегі бірінші ел емес. Сондықтан, Ресей Федерациясы тәжірибесіне назар аударған жөн, онда алты жылдан астам уақыт зейнетақымен қамсыздандырудың жинақтау жүйесін жетілдіру жүріп жатыр. Ресейлік әріптестер жинақтаушы зейнетақы қорын «әлеуметтік қамсыздандыру коммерциялық емес ұйымының айрықша ұйымдастырушы — құқықтық түрі» деп таныстырады («Жинақтаушы зейнетақы қорлары туралы» Федералды Заңның 2-6.).

Қазақстанда мұндай ұйымдастыру түрін орнату біршама пікірталас туғызады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде коммерциялық емес ұйымдар «өзінің қызметінің негізгі мақсатында пайда табуды көздемейтін және түскен пайданы қатысушылар арасында бөлмейтін» ұйым деп сипатталады, сонымен бірге алынған кірісті қосымша зейнетақы төлемдері үшін жұмсайтыны зейнетақы қорының басты мақсаты. Одан әрі, Кодекс, коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға -мекеме, қоғамдық қор, діни бірлестік түрінде және заң актілерінде көрсетілген басқа қалыпта құрыла алатынын, коммерциялық емес ұйым кәсіпкерлік қызметпен жарғы мақсатына сәйкес айналыса алатынын айқындайды.

Зейнетақы қорын қоғамдық қор түрінде құру (әрине, қоғамдық және діни бірлестіктер, тұтыну кооперативтерінен басқа) мүмкін емес, өйткені ҚР Азаматтық кодексінің 36-6. сәйкес, «заңды тұлғаларға» құрылтайшылары (қатысушылары) өз мүлкіне мүліктік құқықпен қорғалмаған қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық қорлар және діни бірлестіктер жатады делінген. Жоғарыда көрсетілгендей, қоғамдық қордың құрылтайшылары қорға қосқан мүлікке иелік жасамайды (ҚР Азаматтық кодексінің 106-6.) және қордың өзі табыс ретінде алған, қосымша зейнетақы төлемдерін қоспағанда, мүлкіне де құқығы болмайды.

Былай қарағанда, осындай ұйымдастырушылық-құқықтық қалып зейнетақы жарналарын сақтандыруды қамтамасыз ету мақсаты үшін тиімді болар еді, алайда, зейнетақы қорының жұмысын құрылтайшылар қаражатынсыз ұйымдастыру (жарғы қорын жетілдіру, ұйымдастырушылық шығындарын өтеу) және оның қаржылық жетістікке қызығуынсыз жүргізу мүмкін емес.

Заңда көрсетілгенді ескере отырып, коммерциялық емес ұйымның басқа түрлерін айтсақ, олар үшін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруда белгіленген шектеулер бар екенін есте сақтаған жөн, бұл олардың коммерциялық ұйымдардан айырмашылық өлшемі.

Зейнетақы қоры жұмысының ерекшелігін ескере отырып, зейнетақы қоры туралы коммерциялық емес үйымдарды арнайы заң қабылдау арқылы заңдастыру арнайы қалпы ретінде айтуға болады. Алайда, заңды түлғаларды коммерциялық және коммерциялық емес болып жіктелуіне қарасақ, зейнетақы қорын коммерциялық емес ұйым ретінде құрудың қажеттілігі шамалы.

Айта кететін жай, Ресей заңдары қорларға зейнетақы ақшалай қаражатын бір мезгілде өздігінен және басқарушы үйымдар арқылы инвестициялауға мүмкіндік береді. Жинақтаушы зейнетақы қорларына зейнетақы резервтерін өздігінен тек мемлекеттік қүнды қағаздарға, Федерация субъектілері құнды қағаздарына және банктік депозиттерге сыйыстыруға рүқсат етілген, ал тәуекелді активтерді (корпоративтік қүнды қағаздар, жылжымайтын мүліктер және т.б.) — тек басқару ұйымдары арқылы жайғастыру мүмкін (25-6.). Өздігінен инвестициялау кәсіпкерлік қызмет.

Қосымша зейнетақы тек табыстан төленуі мүмкін (яғни инвестициялық кірістен), демек табыс шығарып алу — қордың басты қызметі, осыған сәйкес зейнетақы қоры коммерциялық емес ұйым ретінде құрыла алмайды. Зейнетақы қорларына акционерлік қоғамның ұйымдастырушылық-қүқықтық қалпын қолдана отырып, инвестициялық қорлар кейпінде немесе сақтандыру ұйымдары ретінде құру мақсатқа лайықты. Мағынасы жағынан, қосымша зейнетақымен қамсыздандыру — бұрыннан белгілі зейнетақымен қамсыздандыру.

Сақтандыру ұйымы сақтандыру төлемдерін қабылдайды, жиынтықтайды, коммерциялық айналымға қолданады және табыс есебінен сақтандыру өтеуі сомасын төлейді (қосымша зейнетақы).

Зейнетақымен қамсыздандыру және жинақтаушы зейнетақымен сақтандыру үйымдары арасында қағидалық айырмашылық жоқ, оны куәландыратын:

1) қатысушы қатынасының еркіндігі;

2) келісімді хаттау (тараптардың келісімімен сақтандыру шарттары және қосымша зейнетақымен қамсыздандыру анықталады);

3) сақтандыру төлемдері мен зейнетақы жарналарын еркін пайдалану (заңдар шегінде, Қазақстан Республикасы қүнды қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияның тағайындауымен).

Бұл сақтандыру ұйымынан басқа қызмет көзі болмайды деген сөз емес. Жоғарыда келтірілген мазмүн ортақ негізделу мақсатымен ұйымдастырушылық-құқықтық қалыптың коммерциялық ұйымдарға тән қолдану қажеттілігі.

Ұйымның қалпын қолданудан, сонымен бірге зейнетақы қатынасына қатысушылардың жауапкершілік дәрежесінен тәуелді. Егер Жинақтаушы зейнетақы қоры коммерциялық емес үйым ретінде қүрылса, онда ол инвестициялық операцияны жүргізу жөніндегі өкілеттікті қаржылық агентіне береді, ол коммерциялық үйым болып табылады.

Нақтылы іс жарамсыз аяқталғанда салымшы қордың қаржылық агентіне талап қоюға мүмкіндігі болмайды, өйткені нақты зейнетақы жарнасы мен жалпы ақшалай соманың арасында, яғни қаржылық агенттің қайта инвестициялау үшін жинақтаушы зейнетақы қорынан алған сомамен, ешқандай байланыс жоқ. Жинақтаушы зейнетақы қорының коммерциялық үйым ретінде қүрылуы (демек, соманы инвестициялауға және кәсіпкерлік қызметті енгізуге құқылы болуы) салымшының жинақтаушы зейнетақы қорына қарсы талаппен өтініш білдіруіне мүмкіндік туғызады және мойындауына сай қордың үшінші тұлғалармен келісімі жарамсыз деп табылады.

Өкінішке орай, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңында қордың ұйымдастырушы-қүқықтық қалпы өте шалыс анықталған («коммерциялық» және «коммерциялық емес» ұйымдар).

Біріншіден, заң актілерінің бірде-бір қағидасында тікелей немесе жанама түрде жинақтаушы зейнетақы қорлары коммерциялық емес ұйым ретінде көрсетілмеген.

Екіншіден, аталған Заңның 48-6. 2-т. қағидаға сәйкес, жинақтаушы зейнетақы қорының өз қаражатын пайдаланудан алынған табыстары толық көлемінде жинақтаушы зейнетақы қорларына тиесілі болады дегенде, тікелей коммерциялық үйымның белгілерін, яғни өз қаражатын пайдалануға байланысты қызметтен алынған кірісті және оны жинақтаушы зейнетақы қоры қатысушылары (құрылтайшылары) арасында бөлу құқығын қарастырады.

Сонымен бірге, мүндай деректер жинақ-таушы зейнетақы қорлары үшін өздігінен зейнетақы активтерін инвестициялауға тыйым ретінде, өйткені алынған табысты өз меншігінде толығымен қалдыру мүмкіндігінің жоқтығы, оның орнына инвестициялық кірістен пайыздық сыйақының алынуы коммерциялық ұйымға енгізу үшін негіз бола алмайды.

«Қазақстан Республикасында зейнет-ақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 6-6. 8-т. сәйкес, жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы активтерін басқару жөніндегі міндеттерін тек зейнетақы активтерін басқару жөніндегі ұйымдарға беруге міндетті. 2002 жылдың 29 желтоқсанында енгізілген кейбір өзгертулер мен толықтыруларға байланысты 6-6. 8-т. алып тасталынды.

Жинақтаушы зейнетақы қорларымен салыстырғанда инвестициялық қызметін өздігінен жүзеге асыруға қүқылы Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі ұйым қондырма ретінде қүрылады. Деректі іс қолайсыз аяқталған жағдайда салымшы зейнетақы активтерін басқару жөніндегі үйымға тікелей наразылық білдіре алмайды, өйткені шарт жасалынбаған.

Басқа да ұқсас мәліметтер

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *