Қабылдаудың қандай да бір объектісіне психикалық қызметіміздің ерік­ті немесе еріксіз бағыттылығы мен шоғырлануы зейін деп аталады. Зейін­сіз қабылдау мүмкін емес. Зейінсіз адам іс-әрекеті, түйсінуі, ойлауы тиім­ді болмас еді.

«Зейін қабылдау, ойлау тәрізді жеке психикалық үрдіс бола ала ма?», — деген сауалға көптеген психологтар келіспеушіліктер танытады: зей­ін же­ке психикалық үрдіс емес, себебі ол дүниені өздігінен бейнелей ал­майды, “таза” түрде болмайды, басқа танымдық процестерді (қабылдау, ес, ой­лауды) сүйемелдейді деген ұйғарымға келеді. Сондықтан да, зей­ін­ді та­ным­дық процестердің динамикалық ерекшеліктерін сипаттайтын пси­хо­физиологиялық процесс, күй ретінде қарастыру керек. Зейін сезім мү­ше­ле­рі арқылы түсетін ақпараттардың саналы іріктелуін, олардың таң­да­ма­­лы­лығын қамтамасыз етеді.

Зейін психикалық іс-әрекет үшін жағдай жасап, түрлі психикалық про­цестердің шындықты тиімдірек бейнелеуіне көмектеседі. Осыдан кез кел­ген психикалық процесс зейін арқасында тиімді қызмет етеді деген тұ­жы­рымға келуге болады.

Сонымен, жоғарыда айтылғандарға орай зейіннің келесі қызметтерін қа­растырайық:

  • Іс-әрекет қажеттілігіне сай маңызды әсерлерді іріктеу;
  • Басқа, маңызды емес, бәсекелесуші әрекеттерді елемеу;
  • Іс-әрекетті басқару және бақылау: іс-әрекет нәтижесі шыққанша әре­кет­терді ұстау, сақтау және орындау (белгілі бір заттық мазмұндағы бей­нелерді санада сақтау);

Зейін сенсорлық, мнемикалық және ойлау, қозғалыс процестерінде де көрінуі мүмкін.

ЗЕЙІН КОНЦЕПЦИЯЛАРЫ

Зерттеудің нейрофизиологиялық бағытының өкілдері зейінді до­ми­нан­та, активация және бағдарлаушы реакциялар ұғымдарымен түсіндіреді. “До­­минанта” ұғымын ғылыми сөздікке енгізген орыс физиологы А.А.Ухтом­ский. оның түсіндіруінше, қозу нерв жүйесі бойынша бірдей та­­ралмайды. Әрбір инстинктивті іс-әрекет нерв жүйесінде үстемдік сипат ала­­тын қозудың оптималды ошағын жасауы мүмкін. Олар үстемдік жасап қа­на қоймай, нервтік қозудың басқа ошақтарын тежейді, тіпті басқа қо­зу­лар­дың әсерінен күшейеді. Доминантаның нақ осы сипаты,Ухтомскийге зей­ін­нің физиологиялық механизмін бағалауға мүмкіндік берді.

Қазіргі зерттеулер үшін зейіннің нейрофизиологиялық механизмдері пси­хикалық процестердің өтуінің таңдамалы сипаты мидың сергектік күй­ін де қамтамасыз ететіндігі маңызды болып табылады. Ми қыр­ты­сы­ның сергектік деңгейі қыртыстың қажет тонусын ұстап тұратын жә­не ре­тикулярлық формацияның жоғары өрлеуші жолдарының жұмысымен бай­­ланысты механизмдермен қамтамасыз етіледі. Ми қыртысынан ре­ти­ку­­лярлық формацияны бөлу тонустың төмендеуіне, ұйқыға әкеледі.

Таңдамалы активация ретикулярлық формацияның төменгі әсер­ле­рі­мен қамтамасыз етіледі, оның талшықтары ми қыртысынан басталып (маң­­дай және самай бөліктерінің медиальды және медиобазальды бө­лім­де­­рінде), жұлынның қозғалыс ядролары мен ми бағанының ядроларына ба­­ғытталады. Ретикулярлық формация жұмысы өте маңызды, себебі оның кө­­мегімен ми бағанының ядроларына дейін басталады да ми қыртысында пай­да болатын қозудың таңдамалы жүйелері жетеді және ол адамның са­на­­лы іс-әрекетінің жоғары түрінің жемісі болып табылады. Ретикулярлық жүй­­енің белсендіруші екі құрамдас бөліктерінің өзара әрекеттесуі мидың бе­л­сенді күйін басқарудың күрделі формаларын қамтамасыз етеді.

Ғылыми айналымға И.П.Павлов енгізген ұғым “бағдарлаушы реф­лекс” жануарлардың әрбір өзгертілген жағдайларға белсенді реакциясы, жал­­пы жандану және таңдамалы реакциялары арқылы көрінеді. Бұл ре­ак­ци­­яны Павлов “бұл не?” рефлексі деп атады. Бағдарлаушы реакциялар би­о­логиялық мағынада болады және айқын электрофизиологиялық, қан­та­мыр­лы және қозғалыс реакцияларында көрінеді: жаңа объектіге көзді, бас­­ты бұру, қан-тамырлық реакцияның өзгеруі, тыныс алудың өзгеруі т.б. Бағ­­дарлаушы рефлекстің шартсыз рефлекстерге қарағанда бірқатар ны­шан­­дары бар. Бір тітіркендіргішті бірнеше қайталағанда бағдарлаушы ре­ак­­ция сөнеді. Организм бұл тітіркендіргішке үйренеді.

Тұлға белсендігі ретіндегі зейін. С.Я. Рубинштейн өзінің психикалық іс-әрекет концепциясын дамыта отырып, зейіннің өзіндік мазмұнының жоқ­­тығын тұжырымдады. Ол – “сананың барлық танымдық процестердің бір қыры және объектіге бағытталған іс-әрекет ретінде көрінеді”. Ру­бин­штейн пікірінше, зейінде тұлғаның дүниеге, субъектінің субъектіге, са­на­ның затқа қатынасы көрінеді. Ғалым, “зейін қашан да қызығу, қа­жет­тіліктерден, тұлға бағыттылығынан тұрады”, — деп жазды. Зейінде кө­рі­не­тін субъект белсендігін айта келе, Рубинштейн зейін себептері субъектіде ға­на емес, сондай-ақ объектіде, зейініс-әрекетпен тығыз байланысты деп тұ­жырымдады.

Зейінді зерттеумен айналысқан Н.Н. Добрынин зейінді тұлға бел­сен­ді­гі­нің көрінісі деп санады. Добрынин зейінді сипаттауда сананың затқа ба­ғыт­талатындығы туралы емес, сананың затпен іс-әрекетке ба­ғыт­та­ла­тын­ды­ғын айту керек деп ұйғарды. Ғалым концепциясында зейін біз­дің пси­хи­калық іс-әрекеттің бағыттылығы және шоғырлануы ретінде анық­талды. Ол бағыттылықты іс-әрекетті таңдау және осы таңдауды ұстау деп тү­сін­ді­реді. Шоғырлануды – осы іс-әрекетке үңілу және басқа іс-әре­кет­терден бө­лу деп түсіндіреді.

Мінез-құлықты басқару және бақылау қызметі ретіндегі зейін. Л.С.Выготский зейінді мінез-құлықты ұйымдастыру ретінде қарастырады, оның дамуын өз мінез-құлқын “меңгерумен”, яғни өз әрекеттерін ерікті бас­­­қару мүмкіндігімен байланыстырды. Зейін мінез-құлықты басқару тә­сі­лі ретінде сипатталды. Выготский басқа психикалық қызметтер сияқты зей­ін­нен шынайы (натуралды) даму және мәдени даму жолдарын бөлді. Ол шынайы даму жолын нерв процестерінің жетілуі мен өсудің ор­га­ни­ка­лық процестерімен байланыстырды. Ал мәдени даму жолын әлеуметтік өза­­ра әрекеттесудің дамуымен және зейін процестерімен “меңгеру” мүм­кін­дігін жасайтын жанама стимулдарды қолданумен байланыстырды.

Зейіннің еріксіз және ерікті түрлері аталған қызметтердің онтогенез про­­цесіндегі екі кезең ретінде қарастырылады. Сондықтан, еріксіз тікелей, ал ерікті жанама зейінге теңестіріледі. Бірінші кезеңде зейін “шынайы”, ерік­­сіз қызметте болады. Баланың зейіні сыртқы стимулдарға аударады. Ол қарқынды тітіркендіргіштерді, қатты дыбыс, ашық түс және қоз­ға­лыс­тар­ды сезінеді.

Алғашқы күннен үлкендер бала зейінін басқара бастайды: оның атын атайды, ойыншықтарды сылдырлатады, қолына түрлі заттарды ұстатады. Одан соң үлкендердің бала зейінін аудару үшін заттарға нұсқау көрсетуі де жеткілікті. Бала үлкендерге зейінін аудара отырып, өзіне де зейін ауда-рады. Л.С.Выготский, “. . . ерікті зейіннің дамуы бастапқыда бас нұс­қау­шы саусақпен жүзеге асады. одан соң бала өз зейінін, басқаруы үшін сырт­қы құралдар қажет. Олар басқарудың, бақылаудың ішкі құралдарына ауыса­ды.

Л.С. Выготский идеялары П.Я.Гальперин теорияларында жалғасын тап­­ты. Гальперин зейінді мінез-құлықты ішкі басқару деп санап, оны авто­матты әрекет ретінде қарастырды. Еріксіз зейін күтпеген жағдайда жи­нақ­та­лады. Мұнда басқару құралдарын объекті мен субъектінің күйі еріксіз кө­ндіреді.

Гальперин теориясы зейінді әрекеттерді басқару процестері ретінде ға­на қарамай, бұл бақылаудың дамуы саналыдан автоматты түрге өте­тін­ді­гін тұжырымдайды. Күнделікті өмірде бірнеше әрекеттерді орындау ав­то­матизация арқасында жүзеге асады.

Іс-әрекетті ұйымдастыру нәтижесі ретіндегі зейін. Ю.Б.Гип­пен­рей­тер А.Н.Леонтьевтің еңбектерін талдай келе, зейін та­би­ғаты тек іс-әрекетті тал­дау арқылы ғана ашылатындығын ұйғарды. Ол зейінге дер­бес, жеке қа­сиеттерді теңеуге болмайды, зейін іс-әрекетті жоғары дең­гейде ұйым­дас­тыру жұмысының жемісті көрінісі деп санады. Берілген анық­тамада бі­рін­шіден, зейіннің эффекторлық табиғаты (зейін іс-әрекетті ұйым­дастыру бойы­н­ша санада ішкі жұмысты бейнелеу), екіншіден, іс-әрекетте ұйым­дас­тырудың бірнеше деңгейлері болатындығы және зейін осы ұйым­дас­ты­ру­дың жетекші деңгейімен ғана байланысатындығы айтылады.

Зейін процесінің жүзеге асуының түрлі деңгейінің болуы ней­ро­пси­хо­ло­­гиялық зерттеулерде расталады. Е.Д.Хомская зейіннің модальды-спе­ци­фи­­калық емес және модальды-спецификалық бұзылуларын бөледі. Мо­даль­ды-спецификалық емес ми құрылымы қызметінің үш деңгейімен бай­ла­нысты. Бірінші деңгей – бұл спецификалық емес құрылымның төменгі бө­лімдерінің бұзылуы (сопақша және ортаңғы ми деңгейлері). Мұндай аурулар тез әлсірейді, , зейін көлемі тарылып, зейінді шоғырландыру бұ­зы­лады. Зейіннің бұзылуының бұл симптомдары іс-әрекеттің кез келген тү­рінде байқалады. Екінші деңгей мидың диэнцифальды бөлімдерімен жә­не лимбиялық жүйенің зақымдануымен байланысты. бұл деңгей бірнеше дең­гейлерден тұратындығы жорамалданады. Бірақ, қазіргі кезде бұл дең­гейлердің әрқайсысы жеткілікті зерттелмеген. Мұндай зақымдануларда зейіннің үлкен бұзылыстары байқалады. Аурулар ешбір іс-әрекетке шо­ғыр­лана алмайды. Зейін қозғалыс актыларын, бейнелі және вербалды тап­сыр­маларды орындауда тұрақсыз болады. Үшінші деңгей мидың маңдай жә­­не самай бөліктерінің медиобазалтды бөлімдерінің зақымдануымен бай­­­ланысты. осындай зақымға ұшыраған аурулар барлық стимулдарға се­зім­­­тал болып келеді, барлық нәрселерді аңғарады (кез келген дыбысқа бұ­ры­­лып қарайды, көршілері арасында болып жатқан әңгімеге араласып ке­те­ді).

ЗЕЙІННІҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ МЕХАНИЗМДЕРІ

Зейіннің физиологиялық механизмі И.П.Павлов және А.А.Ух­том­ский еңбектерінде түсіндірілген. И.П.Павлов пікірінше, психикалық іс-әре­кет­тің шоғырлануы басқа нәрселерден дерексіздену (дерексіздену – қа­сиет-бел­гілерді нәрсенің біртұтас ерекшеліктерінен бөліп алып көрсету тә­сі­лі) ке­зінде мидың үлкен жарты шарлары қыртысында нервтік про­цес­тер­дің қо­зуы мен тежелуінің өзара индукциясы заңы бойынша жүреді. Сырт­­қы сиг­нал әсерінен пайда болған қозу ошағы үлкен жарты шар қыр­ты­сын­да мидың басқа бөліктерінде тежелу тудырады. Қандай да бір нәр­сені қа­былдау, есте сақтау және ойластыру үшін оптималды жағ­дай­лар осы­лай­ша жасалады. Ал А.А.Ухтомиский белгілі бір уақытта мидың қал­ған участ­­келерін бағындырып, үстемдік ететін мидың үлкен жарты ша­ры қыртысындағы бұл қозу ошағын доминанта деп атады. Доминанта (лат. Dominaus – үстемдік етуші) осы сәтте нервтік орталықтардың жұ­мы­сын қамтамасыз етуші, сондай-ақ мінез-құлыққа белгілі бір ба­ғыт­ты­лық беретін уақытша үстемдік етуші рефлекторлық жүйе. Үстемдік ету­ші қозу ошағы пайда болысымен, біруақытта басқа орталықтар бел­сен­ді­­гін баса отырып, орталық нерв жүйесіне ағатын импульстерді жи­нақ­тайды. А.А.Ухтомскийдің пікірінше, доминанта белгілі бір уақытта адам мі­нез-құлқын басқарады.

Зейіннің физиологиялық механизмі туралы қазіргі түсініктер келесі қа­ғидаларға саяды:

  • Зейін мидың жалпы сергектік күйін көрсетеді. Ол ретикулярлық формацияның жоғары өрлеуші және төменге түсуші бөліктерінің жұмысымен байланысты;
  • Ретикулярлық формацияның жоғары өрлеуші бөлігінің тітіркенуі ми қыртысында жылдам электрлік тербелістің пайда болуын (десин­хро­­­низация құбылысы) тудырады. Мұның барлығын зейіннің жалпы күйі, организмнің тітіркендіргіштерді қабылдауы ретінде түсіндіруге бо­­лады. Ретикулярлық формацияның жоғары өрлеуші жолдарының қыр­­тыстың жалпы тонусын ұстауын белгілі бір уақыт ағымында зей­ін күйінің физиологиялық корреляты ретінде қарастыруға бо­ла­ды;
  • Ретикулярлық формацияның төменгі жолының активизациясы зей­ін­мен байланысты қозғалыс компоненттерін арттыруға жауапты. Ре­ти­кулярлық формацияның осы бөлігінің талшықтары ми қыр­ты­сы­ның барлық аймақтарынан басталады, әсіресе олар маңдай бөлігінде көп. Осыған байланысты, ретикулярлық формацияның төменгі жо­лы­ның түрлі қозғалыстарды бағыттау және бақылау арқылы іске аса­тын ерікті зейінгі қатысы бар екендігін ұйғаруға болады;
  • Ми қыртысының маңдай бөлігі ерікті зейін күйін басқаратын же­тек­ші аппарат;
  • Еріксіз зейіннің психофизиологиялық механизмі жұмысы бағ­дар­лау­шы рефлекспен тығыз байланысты.

ЗЕЙІН ТҮРЛЕРІ

Басқа психикалық процестер секілді сананың қатысуына қарай зей­ін­нің ерікті және еріксіз, еріктіден кейінгі зейін (үйреншікті) түрлерін бө­леді.

Еріксіз зейін – күшті, қанық немесе жаңа, күтпеген ті­тір­кен­дір­гіш­тен немесе эмоциялық кейіп тудыратын маңызды тітіркендіргіштен ерік­сіз, өздігінен, тұлғаның саналы ерік-күшінсіз-ақ пайда болатын зейін. Ерік­сіз зейін қандай әрекеттерден тұрады? Ең алдымен – бұл сыртқы тітір­кен­діргіштер, заттар мен құбылыстардың белгілі бір ерекшеліктері. Со­ны­мен қатар, тітіркендіргіштер жаңалығы да еріксіз зейінді тудырады. Қат­ты дауыс, өткір иіс, ашық түстер еріксіз қарауға мәжбүр етеді. Тану про­цесінде ашық эмоциялық кейіп тудыратын заттар (қанық түстер, әуен­ді дыбыстар, жағымды иістер) зейіннің еріксіз шоғырлануын тудырады, сон­дай-ақ еріксіз зейіннің туындауы үшін интеллектуалды, эстетикалық жә­не моральды сезімдер де үлкен маңыз алады. Адамда таңырқау, таң­да­ну, қуану тудыратын заттар ұзақ уақыт назар аудартады.

Еріксіз зейіннің туындауында сыртқы факторлармен қатар ішкі фак­тор­лардың – тұлғаның қандайда бір фактілерге, құбылыстарға, заттарға, оқи­ғаларға қатынасының да үлкен маңызы бар. Нақтырақ айтқанда, тұлға үшін тұрақты және уақытша маңызды нәрселер де зейін аудартады. Ырық­сыз зейінді тартуда қызығу маңызды роль атқарады. Психологтардың анық­­тауынша, қызығуды тудыру үшін біріншіден, қабылдап жатқан объект біз меңгерген білімдермен байланысты болуы керек, объект біз үшін мүлдем жат болмауы қажет. Екіншіден, осы объектіні тану бізге жа­ңа білім беруі, яғни бізде туындаған сұрақтарға жауап беруі керек;

Француз психологы Г. Рибо қайсы бір адамның зейіні өрісіне түскен нәр­сеге қарап, оның жеке басының көптеген қасиеттері жайында тал­қы­лау­ға болады деп санаған. Сол белгілерге қарап, адамның жеңілтек немес сал­мақты, ойы таяз немесе ой-өрісі кең т. с.с. деп ой өрбітуге болады.

Еріксіз зейінмен қатар адамның психикалық дүниесінде ерікті зейін де үлкен рөл атқарады. Ерікті зейін – бұл саналы қойылған мақсатпен, ерік кү­шімен байланысты. Ерікті зейін әрқашан алдын ала ойластырылған, бел­сенді болады, адам бір нәрсеге өзі зейін аударады. Сонымен қатар, бұл зейін түрінде қызығушылық, зейін объектісінің маңыздылығы аса зор. Ерік­ті зейін өз кезегінде ерік күшін, еңбекті талап етеді. Ерік күші қой­ыл­ған мақсатқа жетуде күшті жұмылдырады. Ерік күші іс-әрекет объектісіне шо­ғырлануға, алаңдамауға, әрекет жасауда жаңылыспауға қажет.

Зейінді ерікті шоғырландыруды жеңілдететін бірқатар шарттар бар. Зей­інді ұстаудың басты шарты адамның психикалық күйі болып та­бы­ла­ды. Шаршаған адамға шоғырлану аса қиындыққа түседі. Көптеген бай­қау­лар мен тәжірибелер ұзаққа созылған жұмыс аяқталуға тәмам қалғанда жұ­мысты орындау барысында қателіктер санының артатынын, сондай-ақ зей­інді шоғырландыру қиын екендігін көрсетеді. Жұмысты орындауға айна­ладағы себептер (басқа ойрамен алаң болу, ауру күйі, т.б. факторлар) эмо­циялық қозуды тудырады.

Ерікті зейін – белгілі бір ақпаратқа саналы шоғырлану ерік күшін ерік кү­шін талап етеді, 20 минуттан соң шаршатады.

Еріктіден кейінгі зейін (үйреншікті) – бұл адамның қандай да бір объ­ектіге, құбылысқа алдын ала қойылған мақсатқа сай шоғырлануы, зейіннің бұл түрі ерік күшін аталп етпейді. Еріктіден кейінгі зейіннің негізі – ерікті зейін: адам қандай да бір іс-әрекетті жасау керек, осы мақсатқа жету үшін ол белгілі бір ерік күшін жұмсайды, зейінін шо­ғырландырады. Алайда біршама уақыттан соң бұл іс-әрекеттің мазмұны адам­ды өзіне еліктіретіндігі соншалық, тіпті ол іс-әрекетті орындау үшін ерік күші талап етілмейді. Іс-әрекеттің осы түрінде зейін алдын ала емес ойластырылмай, автоматты болады. Жұмыс еріксіз зейінмен жалғасады.

ЗЕЙІН ҚАСИЕТТЕРІ

 Зейін тек адамның психикалық өмірі ағысының бағытына ғана емес, сондай-ақ басқа да ерекшеліктерге жауап береді. Кез келген іс-әрекеттің табысты болуы үшін зейінді шоғырландыру маңызды орын алады, зейіннің бұл қасиеті объектіге зейіннің шоғырлануы дәрежесімен көрінеді. Зейіннің шоғырлануының ұзақтығы оның тұрақтылығын сипаттайды. Тұрақты деп ұзақ уақыт ішінде зейіннің бір затқа немесе бір жұмысқа үздіксіз шоғырлану қабілетін айтады. Зейіннің шоғырлануы мен оның тұрақтылығы адамның психикалық іс-әрекетінің тереңдігін, ұзақтығы мен қар­қындылығын сипаттайды. Зейіннің шоғырлануы мен тұрақтылығы адам­дарды көптеген жанама тітіркендіргіштерден ажырап, өз ісімен бе­ріле, құмарлана айналысатындығымен ерекшелендіреді. Психологтар зейін тұрақтылығын сақтау үшін тұлғаның ішкі және сыртқы белсендігі қа­жеттігін, алға жаңа міндеттер қою керектігін анықтады.

Осыған байланысты зейін тұрақтылығы зейіннің аударылу қа­сиетімен байланысады. Зейіннің аударылуы – бұл зейінді бір объектіден басқа объектіге саналы аудару. Үнемі зейіннің аударылуын талап ететін қызметтің көптеген түрлері бар. Мысалы, автокөлік жүргізушісі қозғалу кезінде үнемі светофорға, айналасындағы жолдарға, жол белгілеріне т.б. зейін аударып отыруы керек. Ол үшін жүргізуші бірнеше операцияны бірмезгілде орындайды. Бұл жерде зейіннің тағы бір маңызды қасиеті – зейіннің бөлінуі көрінеді. Зейіннің бөлінуі – бұл зейін өрісінде біруақытта бір­неше объектілерді ұстау, іс-әрекеттің бірнеше түрлерін орындау мүм­кін­дігі. Мысалы, дәрісті конспектілеп отырған студент: біруақытта лек­тор­ды тыңдайды, тақтаға қарайды, айтылғандарды талдайды, қажеттісін дәп­терге жазады т.б.

Зейіннің маңызды қасиеті – оның көлемі. Ол біруақытта көрсетілген объектілер санымен өлшенеді. Зейін көлемі зейіннің бөліну деңгейіне байланысты. Мағынасы бойынша біріккен объектілер бірікпеген объектілерге қарағанда жақсырақ қабылданады. Ересек адамның зейін көлемі 4 – 6 объектілерге тең.

Зейін шашырандылығы. “Зейін шашырандылығы” терминімен түрлі себептермен болатын зейінсіздіктің (ынтасыздықтың) екі түрін білдіреді. Зейін шашырандылығы – біріншіден, ерікті зейіннің әлсіздігі. Адам ұзақ уақыт ешнәрсеге шоғырлана алмайды, оның зейіні бір бір объектіден басқаға үздіксіз секіріп отырады. Мұндай ерекшеліктер бастауыш мектеп оқушысында жиі байқалады. Ересек адам мұндай шашырандылыққа қатты шаршау күйінде ұшырайды. Егер мұндай шашырандылық адамда үнемі кездесетін болса, онда оның зейіннің дұрыс тәрбиеленбегендін, дұрыс да­мы­мағандығын білдіреді.

Екіншіден, зейін шашырандылығы адам бір затқа аса шоғырланып, айналасындағы болып жатқан тітіркендіргіштерді елемей, қалың ой үстінде болғанда көрінеді. Зейіннің мұндай шашырандылығында зейіннің әлсіздігі емес, қайта шоғырлану күшінің аса зор екендігін аңғаруға болады. Дегенмен де, мұндағы зейін кемшілігі – зейінді бөле алмау және зейін аударуға қабілетсіздік көрінеді.

Зейінді дамыту. Зейіннің біздің барлық психологиялық өмірімізде көрінетіндігі бәрімізге мәлім. Сондықтан зейінмен жақсы жұмыс жасау кез келген іс-әрекеттің табысты орындалуының қажетті шарты.

Бірінші шарт – бұл мейлінше кең және тұрақты қызығулардың болуы.

Зейінді дамытудың екінші шарты – кез келген уақытта және кез келген затқа зейінді ерікті шоғырландыру икемділігін жаттықтыру.

Зейінді дамытудың үшінші құралы – өзін қолайсыз жағдайларда жұмыс істеуге үйрету. Алаңдатушы тітіркендіргіштермен күресуге үйрене оты­рып, адам зейінін шынықтырып, оны күшті әрі төзімді етеді.

Төртінші шарт – зейінсіз ешқашан жұмыс жасамау. Кез келген зейін­сіз (ынтасыз) жұмыс адамды зейінсіздікке үйрететіндігін естен шығармау ке­рек.

Бесінші шарт — өз зейінінің ерекшеліктерін, оның күшті және әлсіз жақтарын жақсы білу. Зейін кемшіліктерін толық жою үшін өзімен үлкен жұмыс жасау қажет. Бірақ бұл кемшіліктердің немен нәтижеленетіндігін түсінбей, жұмысқа кірісуге болмайды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *