Үндістан тарихы және өркениеті

ХIII-ХIV ғасырлардағы Үндістан. Саяси жағдайы: ХII – ХIII ғғ. Үндістанның саяси жағдайы ішкі қырқыстарға толы болды. ХIII ғасырда Үндістан тарихында Дели сұлтанының орны ерекше еді. Аталмыш кезеңде Дели сұлтаны Үндістандағы ең ірі саяси беделді мемлекеттердің бірі болды. Тарихта бұл мұсылман-феодалдардың, атап айтқанда, тегі түрік билеушілердің Үндістанға қатысты салтанат құрған алғаш мемлекеті болды. Бұл мемлекеттің құрылуы Орта Азия, Ауғанстан және Ираннан шыққан феодалдық элементтердің Батыс және Солтүстік Үндістанды жаулап алуы нәтижесінде жүзеге асты. Билік басындағы топтар Х-ХIII ғасырларда өзара билік үшін күресі, Орта Азияның түркі-монғол көшпелі тайпаларының келуі Солтүстік Үндістанда Пратихарлар мемлекетінің құлдырап, оның орнына раджпуттық әулеттер билік еткен майда мемлекеттік және феодалдық иеліктердің пайда болу кезеңіне сәйкес келді. ХII ғасырда Солтүстік Үндістанда үлкен күшке ие болған раджпуттық билеушілер уахаман әулетінен болатын.

Түрік сұлтандықтарынан бұрынғы Үндістан

Гректер мен римдіктер Азияның Инд (Синд) өзенінің шығысындағы аймақты Индия деп, ал парсылар мен араб тарихшылары Үндістан деп атаған. Үндістан тарихы ең ежелгі тарихтардың бірі болып табылады. Үндістанның ежелгі дәуірлері туралы мәліметтер археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған заттарға және деректер мен хабарларға сүйенеді. Үндістанның ең ежелгі адамы қоныстанған мекендері алғашқы палеолит дәуіріне тән. Алғашқы тұрғындардың бір-бірінен бөлек аңшы және көшпелі қауым болып өмір сүргенін археологиялық жұмыстар нәтижесінде табылған заттар көрсетеді. Қазіргі Пакистанның жерінде орналасқан Үнді ойпатының батысында жүргізілген қазба жұмыстары б. з. д. 3500 жылдарға дейінгі кезеңдерде белгілі бір мөлшерде егіншілікпен айналысқан жартылай көшпелі малшы қауымдардың болғанын растайды. Одан кейінгі кезеңдерде егіншіліктің дамуымен қатар мыс құралдар қолдану мен түрлі-түсті қыш құмыра жасау дәуірлері болған. ал б. з. д. 2500 жылдары отырықшылыққа көшіп, ауыл өміріне бейімделген.

Үнді ойпаты б.з.д. 2300 жылдар шамасында дамыған қалалар негізделген алдыңғы қатарлы өркениеттің дамуына куә болды. Жалпы алғанда жергілікті және өзіндік бір құрылым болып табылатын бұл өркениет орталықтандырылған саяси-экономикалық ұйымға негізделді. Басты орталықтары Хараппа, Мухенджо-даро, Калибанган және Лотхал қалалары болған бұл өркениет уақыт өте келе үлкен кеңістікке жайылды. Дуалдармен қоршалған бұл қалалардың құрылысы күйдірілген кірпіш пен кесектен қаланған. Қоныстанған жерлері жоспарлы және жүйелі түрде болған. Түрлі мұқтаждықтарды білдіретін мекендер де бар. Бидай, арпа мен күріш өсірген. Тас өңдеу, кестелеу өнері мен кеме жасау алдыңғы қатарда болған.

Үндістан аумағындағы маңызды өркениет орталықтарының бірі Ганг ойпаты болып табылады. Археологиялық заттар топырақтан жасалған қыш құмыралар, мыстан жасалған заттар бұл жерде екі мәдениеттің болғанын көрсетеді. Бұл мәдениеттердің болуы-жетіліп, ат пайдалануды үйренулері мен қалаларға қоныстану үрдісіне жұмылғандарын көрсетеді. Үндістанның алғашқы киелі кітабы болып табылатын Веда мен сол кітапта қолданылған санскрит тілінің ҮндіЕуропа тілдерімен жақын екендігі анықталды. Веда мен Иран арийлерінің киелі кітабы Авестаға байланысы бар екендігі айтылуда. Осыған байланысты Ганг ойпаты (солтүстік Үндістан) тұрғындарының Иран жазығынан келгендері, Кабул өзені мен Сапта Синтху (жеті өзен) аймағында қоныстанғандары айтылады. Халықтың отырықшы ауыл қауымдары ретінде, бір корөлдің тарапынан басқарылып, салық төлеп өмір сүрген, осы кезден бастап «варна» (түс, рең) деп аталған және «каста» деген баламасы қолданылған әлеуметтік топтың қалыптаса бастағаны, қолөнер мен сауданың өркендегені белгілі.

Сол себептен әлеуметтік құрылым мынадай бөліктерден тұрған: киелі білімге монархтар (брахмандар), жауынгерлер (кшатрийлер), сауда және егіншілікпен айналысыатындар (вайшиялар), арий текті емес және негізінен құлға айналдырылған жағдайдағы қызметшілер мен шарулар (шудралар). Ал Үндістанның оңтүстігінде арийлік ықпал мен байланыстан таза басқа мәдениет дамыды. Үндістанда неше түрлі түс, нәсіл, тіл, дін мен мәдениетке ие тайпалар өмір сүріп, мемлекеттер құрылып, мәдениеттер пайда болды. Бұл жердегі мемлекеттердің саяси жүйесі монархиялық немесе олигархиялық бір құрылымға сүйенеді. Тайпалық демократия жүйесі жалғасуда еді. Брахми осы кезеңдегі ең кең тараған жазу жүйесі, ал пракрит тілі ең көп қолданылатын тіл болды. Теңіз бен құрлық саудасаттығы өркендеді. Джайналық және Буддалық наным-сенімдер халық арасында кең тарады. Монахтар соққан кейбір монастырлар дін білімінің орталығы міндетін атқарды.

Ганг ойпаты өте құнарлы жер болуына байланысты көптеген қауымдар бұл жерді иемденуге әрекет жасады. Б.з.д. 6 ғасырдан бастап осы мақсатта күрес басталды. Магадха королдігі Ганг ойпатында күшті мемлекет ретінде ұзақ уақыт өмір сүрген. Б.з.д. 4 ғасырда бұл жердің билігі Нандо әулетінің қолына өтті. Б.з.д. 327 жылы Ұлы Ескендір (Зұлқарнайын) солтүстікте грек колонияларының құрылуы мен Үндістан тарихы мен грек тарихшыларының танысуына себепкер болды.

Гупта (Маурия) империясы (б.з.д. 325 – б.з. 150 жж.) бірнеше ғасыр бойы Ганг ойпаты мен Үндістанның өте үлкен бір бөлігінің билігін қол астында ұстаған. Бұл империяның құлауынан кейін (б. з. 150 жж.) бірқатар ұсақ королдіктер пайда болды. Үнді және Ганг ойпаттары мен басқа аймақтарда бірқатар тайпалық мемлекеттер бұдан бұрын да болатын. Бұлардың ең маңыздылары: арджунаяндар, малавалар, яудхеялар, шибилер, абхиралар, калингалар, андхралар және т.б.

Чанкам әдебиетінде Оңтүстік Үндістан өркениеті туралы мәліметтер бар. Чералар, Чолалар мен Пандиялардың корөлдіктері өздеріне бағындырған калварлардың үстемдігі 6 ғасырда Чалукия мен Паллава әулеттерінің үстемдікке қол жеткізулерінен кейін жойылды. Оңтүстік Үндістанда егіншілік пен мал шаруашылығы, саудасаттық пен қолөнер дамыған еді.

Араб түбегінде Хашимидтерден шыққан Мұхаммедтің (с.ғ.с.) Исламға шақыруы тұсында пайда болғанда Үндістандағы Гупта империясын құлатқан Каннау корөлдігі билік құрып, ХІІ ғасырдың орталарынан бастап мұсылман арабтармен жақын әрі жан-жақты қарым-қатынас орнатты. Бұл дәуірде Деккан өңірінде Чалукия әулеті билік құрған. Чалукия әулетінің екі ғасырға созылған үстемдігінен кейін ХІІІ ғасырда Раскрутка әулеті билік басына келді. 6 ғасырда Оңтүстік Үндістанда билік құрған Паллавалар да Чалукия әулетімен жүргізген ұзаққа созылған соғыстардың нәтижесінде әлсіреп, ІХ ғасырда өз күшін жоғалтқан болатын. Сөйтіп Х ғасырда Чолалар тарапынан ыдырады.

Оңтүстік және Солтүстік Үндістандағы патшалықтардың үлкен бөлігі ХІІ ғасырдан бастап түріктердің шабуылдарына қарсы тұра алмай құлады. Пенджаб арқылы Үндістанды жайлаған түріктер 977 жылы Пенджабты Шахия әулетінен тартып алып, Себуктекин мен оның орнына отырған Ұлы Махмұт Ғазнауи Үндістандағы шабуылдарында қолға түсірген олжаларының арқасында Орта Азияда күшті бір мемлекет құрды. Пенджабты әкімдер арқылы басқарып отырды. Ғазнауилардың орнын басып, ХІІ ғасырда Хорезмшахтардың қысымымен Үндістанға кірген гурлықтар болса анағұрлым көп уақыт бойы қолданылған бір басқару жүйесін орнатты.

ХІІ ғасырдан бастап Оңтүстік және Солтүстік Үндістанға мұсылмандар билік жүргізе бастады. «Үндістандағы түрік мемлекеттері» бөлімінде бұл аймақтағы түрік билігі мен түрік сұлтандықтары туралы қысқаша мәлімет бердік. Алайда, Үндістанда түрік және мұсылман емес халықтардың тарапынан құрылған патшалықтар да өмір сүрген болатын. виджанаягар империясы (1336- 1646), Маратха мемлекеті сондай мемлекеттердің бірі болып табылады.

18 ғасырдың екінші жартысынан бастап Үндістанда ағылшын үстемдігі орнады. Негізінен бұл жағдай 15 ғасырда басталған Қиыр Шығыс пен Үндістандағы Еуропаның отаршылдық саясатының нәтижесі еді. Билікке тура немесе жанама түрде араласқан ағылшындар 1947 жылға дейін Үндістанға ие болды әрі бұл жерді басқа жерлерден көбірек қанады.

1947 жылы 15 тамыз айында Үндістан мен Пәкістан екі бөлек мемлекет ретінде пайда болды. Осы күннен бастап ағылшын саяси және әкімшілік билігінің орнын Үндістан, Пәкістан мемлекеттері мен кейінірек құрылған Бангладеш мемлекеті алды. Үндістан өркениеті әр түрлі мәдениеттерден құралған. Жергілікті дәстүрлерімен бірге көшпелі тайпалардың далалық әдет-ғұрыптары І және ІІ ғасырда құрылған рим мен грек сауда колонияларының, түрік және мұсылман сұлтандықтарының мәдениеті олардың ең бастылары болып табылады. Сауда-саттық, егіншілік және өнер салалары бұл өркениеттің негізін құрайды. Ауыл шаруашылығы өнімдері, піл сүйегі, асыл тас, мыс, жібек, тоқыма және қолөнер бұйымдары басты сауда тауарларын құрайды. Сауда-саттықтан түскен пайдалар қалаларды дамытты. Алайда, теңіз және құрлық сауда-саттық жолдары рим мен грек мәдениеттерінің аймақта жайылуына себеп болды.

Сонымен қатар Оңтүстік Азияда орналасқан Үндістанның өзіндік руханияты мен мәдениеті болған. Бүгінгі таңда әлемдегі ең үлкен жетінші және ең халқы көп екінші ел болып табылатын Үндістан өте көне тарих пен мәдениетке ие. Түрлі географиялық ерекшеліктері, этникалық және рухани өзгешеліктері, тілдері мен діндері бар. Әлемдегі ең биік және ең жас тау жыныстары, ең биік шыңдар, ең кең ойпаттар (тау қойнаулары) және үлкен өзендер де Үндістанда. Гималай тауы, Эверест шыңы, Ганг өзені, Кашмир ойпаты дүниеде әйгілі атаулар болып табылады. Үндістан жерінің төрттен бір бөлігін ормандар құрайды. Түрлі климаттар мен түрлі өсімдіктер бар. Штаттарының шекаралары негізінен дәстүрлі аймақтармен түйіседі. Мысалы: Гималай тарихи тұрғыдан арийлік және монғол өркениеттері мен үнді және будда діндерінің түйісу нүктесі болып табылады. Діни және рухани сипатымен ерекшеленетін аймақтар да бар. Халықтардың руханияты мен мәдениетінің өте өзгеше элементтерден құралуы Үндістанның тарихтың ежелгі кезеңдерінен бастап көптеген жаулап алушылыққа душар боғанын, түрлі руханияттың бесігі болғанын көрсетеді. Үндістанда үлкендігі неше түрлі қауымдар сөйлесетін 723 тіл мен диалекті анықталған. Алайда, бұл тілдер мен диалектілер төрт тіл тобына топтастырылған.

Үндістанның өте бай мәдени дәстүрі бар және кең ауқымды философиялық ағымдары болған. Бұлар негізінен діни және идеологиялық қысымдар жасалмаған Веда мәтіндері кезеңінде (б.з.д. 2500-500) түрлене бастады. Үндістан руханияты мен мәдениетінің алғашқы дәуірлеріне қатысты деректер археологиялық мәліметтер мен табылған заттарға негізделген.

Үндістандағы түрік болмысы, түрік сұлтандары мен мемлекеттері, руханияты мен мәдениеттеріне байланысты деректер де дәл сондай ерекшеліктерге ие. Бұл саладағы ғылыми ізденістердің тарихы ХІХ ғасырдан арыға бармайды. Елімізде әңгімемізге арқау болған салада жасалған жұмыстардың алғашқылары З.В. Тоған, М.Ф. Көпрүлү, Я. Х. Баюр, М.С. Күтүкоғлыларға тән. Абидин Итиль «Түркияда Үндітануға қатысты басылымдар» атты мақаласында осы тақырыпта мәліметтер береді. М. Хасанның «Орта ғасырлардағы үнді тарихшылары», С. С. Кадри Хакимнің «Мұсылман үнді тарихына қатысты библиографиялық ізденістер» атты шығармаларында да Үндістан тарихы мен Үндістан түрік сұлтандарының тарихына қатысты көп мәлімет берілген. Ал Энвер Конукчу «Дели түрік сұлтандықтарына қатысты деректер мен зерттеулер» деген тақырыптағы жұмысында әңгіме болып жатқан салаға байланысты деректер мен зерттеулер туралы қысқаша мәлімет берілген. Дели үнділері тарапынан «Дели» деген қала құрылған.1206 жылдан кейін «Түрік ғасырында» құрылған сұлтандықтардың астанасы болған. Осы себептен қазіргі зерттеушілер «Дели Сұлтандықтары» немесе «Мамлюк Сұлтандықтары» тіркестерін жиі қолданады.

Үндістандағы түрік сұлтандықтары

Кутубидтер (1206-1290)

Үндістандағы түрік сұлтандықтарының ең алғашқысы Кутубидтер сұлтандығы болды. 1206 жылы қастандық нәтижесінде өлтірілген гур сұлтаны Кутубаддин Айбек 1206 жылы Лахорда Кутуби тағына отырды. Мамлюк болып сатылған Айбек кейіннен Гур сарайына келіп, қысқа мерзім ішінде сұлтан Муйзаддин Мухамедтің сеніміне ие болды. Оған жоғары лауазымды қызметтер берілді. Көптеген жорықтарға қатысып, Муйзаддин Мұхаммедтің бөлініп кетуінен кейін Пенджаб қаласында өкіл ретінде қалған болатын. Гур сұлтанының атынан өкіл ретінде бұл қалада басқарушылық жасап, 1206 жылы Муйзеаддин Мухамедтің өлімінен кейін тәуелсіздігін жариялап, Лахорда Кутубаддин атағына ие болып, таққа отырды. Дели сұлтандығының құрушысы Айбек 1210 жылы қайтыс болды. Оның орнына 1210 жылы Арамшах билік басына келген болатын. Алайда билігі ұзаққа созылмай Илтутмуш тарапынан тақтан түсірілді (1211).

Мамлюктердің тегінен шыққан Илтутмуш (1211-1236) ұзақ уақыт Айбектің қарамағында қызмет атқарып, Айбекке ұлындай жақын болған. Үндістандағы түрік салтанатының жаңа кезеңін бастатып, мемлекетінің шекараларын ұлғайтты. Мемлекетін монғол шапқыншылықтарынан қорғаудың орнына жаулап алу жорықтары мен аббаттандыру жұмыстарын дайындаған болса, Дели сұлтандығы одан да үлкен күшке ие болар еді. Көптеген қалалар мен қорғандарды жаулап, Үндістанда маңызды күшке ие болып, Дели түрік сұлтандығы мен Аббасидтер халифы арасында жақсы қарым-қатынастар орнатып, мемлекетінің дамуы үшін шет елдің қолдауын тапты. Мемлекетінің дамуында үлкен рөл атқарған Шамседдин Илтутмуш 1236 жылы қайтыс болды.

Сұлтан Илтутмуштың өлімінен кейін таққа Рукунаддин Фирузшах отырды. Түрік тегінен шыққан Тарқан Хатунның ұлы Фирузшах ақылды басқарушы болатын, алайда оның билігі қысқа уақытқа созылып, 1236 жылы өлтірілді. Оның орнына Джалаладдин Разия (1236-1240) Дели сұлтаны болды. Әйел заты Разия сұлтан көптеген қиындықтарға кездессе де өзінің қарсыластарын жеңіп, жүргізген саясатының нәтижесінде мемлекетінің күшін арттыра түсті. Алайда, Дели сұлтандығына қарсы жасаған жорығы барысында әскерлері тарап, оны тастап кетулерінің нәтижесінде 1240 жылы өлтірілді.

1241 жылы Лахор қаласы Ғазнадан келген монғол әскерінің тарапынан қоршауға алынды. 1242 жылы Лахор қаласын жаулап алған билеушілердің әскері сұлтан Муйзеддин Бахрамшахтың басын шапты. Алайда, монғолдар бұл жерлерде ұзақ қалмай өз мемлекеттеріне оралған болатын. Бахрамшахтың орнына таққа Алаадин Месудшах (1242-1246) отырған болатын. Бахрамшахты тұтқынға алған билеушілер әскерінің эмирлері мен маликтері таққа отырғызған Месудшахқа үлкен көмек көрсетіп, уәзірлерді қол астына қаратты. Сұлтан Месудшах көп жылдар бойы арандатушылық жасаған тәжік тегінен шыққан Мухазебиддин уәзірді қудалады. Оның ағалары Малик Насредин Махмуд пен Малик Джалаледдинді босатып, Бахрайч пен Каннауч жерлерін оларға икта ретінде сыйға тартты. Моңғолдарға қарсы 1245 жылы бастған соғысы 1246 жылы жеңіспен аяқталып, монғолдары кері шегінуге мәжбүр етті. Алайда, Илтутмуштың ұлы Насреддин Махмуд сұлтан Месудшахқа қарсы көтеріліс жасап, Делиді жаулап алып, 1246 жылы оның сұлтандығын жайған болатын.

1246 жылы өлтірілген Месудшахтың орнына таққа сұлтан болып, Насреддин Махмудшах отырды (1246-1266). Ол моңғол шапқыншылықтарына қарсы күресіп, мемлекеттің ішкі және сыртқы күшін арттыра түсті. Оның 12 жылға созылған билігі тұсында көптеген қиындықтардың шешімін тапты. Ол 1266 жылы қайтыс болды.

Балабанидтер (1266-1290)

Дели түрік сұлтандықтарының бірі болған балабанидтер 24 жыл билік құрған. Гыйаседдин Балабан тарапынан құрылған және де бірінен кейін бірі келген үш билеушінің тарапынан басқарылған бұл мемлекеттің ғұмыры ұзақ уақытқа созылмады.

Моңғолдардың қолына құл болып түсіп, кейіннен Бағдатта сатылған Барсралы Джамаладдиннің мамлюгі Балабан 132 жылы Делиге әкелініп, сарайға сатылған. Шамседдин Илтутмуштың құрметіне ие болып, оның тәрбиесін алып, қол астында өскен Балабан 1246 жылы Насреддин Махмудшахтың өкілі болып сайланды. 20 жылдық атқарған қызметі барысында Шамси сұлтандығының ең таңдаулы он мамлюктерінің бірі болды. 1249 жылы сұлтанмен үйлендіргеннен кейін оның әлеуметтік салмағы жоғарылай түсті. 1264 жылы Шамси сұлтанның науқастанып қалуына байланысты ол мемлекеттің басқару жұмыстарын өз қолын алып, 1266 жылы Насруддин Махмушахтың қайтыс болуынан кейін таққа отырды.

Мемлекетінің өркендеуіне ат салысқан Балабан Лахор қорғанын жөндеу жұмыстарын жүргізіп, шабуылдарда жаулап алған жерлерді тіркеу дәптерін жүргізген. 1270 жылы Лахор қаласының басқаруын тікелей өзі жүргізіп, моңғол шапқыншылықтарына қарсы Пенджаб пен Дели жолдары бойында қажетті шараларды қолданған болатын. Лахор қаласынан шықпай көп уақыттан бері сұлтандықтың атын шығарған Лахнаути мәселесінде табысқа жетті. Оның осындай жетісіктері Дели сұлтандығының күшін арттыра түсіріп, мемлекетінің тұрақтылығын қамтамасыз еткен. 1285 жылы Үндістанға жасаған жорық барысында моңғол Темір хан, Шахзада Мұхаммедтің әкесі намазын оқып жатқан кезінде күтпеген моңғол шапқыншыларының тарапыан өлтірілген. Әкесінің өліміне қатты қайғырған Мұхаммед бұл қайғыға шыдай алмай 1287 жылы қайтыс болды.

Оның орнына келген 17 жасар Муйзеддин Кейкубат балабанидтердің сұлтаны болғанымен, сұлан Балабанның орнын баса алмады. Ойын-сауықты жақсы көретін жас сұлтан мемлекетті басқару жұмыстарына немқұрайлылықпен қарап, мемлекеттің экономикалық жағдайын төмендетіп жіберді. Моңғолдар осы жағдайды пайдаланып, Синд қаласына кіріп барып, халқын қиын жағдайға ұшыратты. Муйзеддин Кейкубаттың денсаулығы нашарлап, сарай қызметкерлерінің сенімі мен құрметін жоғалтқан болатын. 1290 жылы тақтан түсіріліп, оның орнына Шамседдин Кеюмерс отырды. Алайда, осыдан кейін қалыптасқан сұлтандық бір жылға жақын созылып, билік сұлтан Шихабеддин Гуридің мұрагерлері болып табылатын түрік мамлюктерінен калач ұлдарының қолына өтті.

Калач сұлтандығы (1197-1531)

Сейхун мен Синд арасында қоныстанған калач ұлдары осы жерлерде үстемдік құрған ғазналықтар мен гурлықтарға тәуелді болды. 1192 жылы гурлықтар Үндістанды жаулап алғаннан кейін калач ұлдары осы жерлерге ие болды. Бенгал, Дели және Дандуда деген мемлекеттер құрды. Бірінен кейін бірі құрылған бұл мемлекеттердің алғашқысы Лакхнаути Калачы сұлтандығы болды. 1197 жылы Бенгалда көріне бастаған калач ұлдарына және Мұхаммед Калачқа үлкен көмек бере отырып, жаулап алынған жерлерді оған берген. Ганж өлкесін жаулап алған Мұхаммед Калач Карам Батам жорығында жеңіске ұшырап, 1206 жылы қайтыс болды.

Оның ізбасары болып таққа отырған Йзеддин Мұхаммд ибн Ширан Дели түрік сұлтандығымен жақсы қарым-қатынас құрды. Алайда, Кутби әскерімен шайқас барысында жараланып, 1210 жылы қайтыс болды. Малик Алааддин Али мен Гияседдин ибн Иваз Калачтың басқару кезеңінің соңында 1230 жылы Калач сұлтандығы ыдырап, Бенгал Шамси қала басқарушы болды. Дели Калач сұлтандығы Делиде құрылған 4-ші сұлтандық. 1290- 1320 жылдар аралығанда бірінен кейін бірі билік басына келген алты сұлтанның тарапынан басқарылды. Бұл сұлтандық 1320 жылы Насреддин Хюсревшахтың өлімінен кейін өмір сүруін тоқтатты. Мәлва жазықтарында құрылған Мәлва Калач сұлтандығы 100 жылға дейін өмір сүрген болатын. І Мұхаммедшах Гыйяшах, Насыршах пен ІІ Махмудшах сияқты басқарушылары болған. Мәлвада сәулет өнері дамыды. Алайда, бұл сұлтандық бабуридтер тарапынан жойылған болатын.

Туглукхидтер (1320-1414)

Калач ұлдарынан кейін Делиде Туглукхидтер сұлтандығы құрылды. Билігі 100 жылға созылған бұл сұлтандықты Гыйяседдин, Мұхаммдшах, Махмудшах пен Фирузшах сияқты тұлғалар басқарған. Ұзақ уақытқа созылған шайқастары мен ішкі қайшылықтарының арқасында аты шыққан Туглукхидтер сұлтандығы өзінен кейін өте құнды сәулет өнерінің ғимараттарын қалдырған. Ішкі қайшылықтар мемлекеттің жағдайын нашарлатып, басқа мемлекеттердің жаулап алуына жол ашты. Туглукхидтердің Үндістандағы жағдайын білген Темірлан 1389 жылы Үндістанға жорық ұйымдастырыпты. Желтоқсан айының соңында Туглук әскерін жеңіп, Делиді жауап алды. Туглук мемлекетінің әлсіреуінің нәтижесінде оңтүстік Үндістанда бірнеше кішігірім: Джавпур Шарки сұлтандығы, Мәлва Гурилері, Бехменидтер мен Гуджеват сияқты мемлекеттер пайда болды.

Сейдидтер (1414-1451)

Туглукхидтер әулетінің құлдыраған сұлтандығы қырық жылға жуық Сейдидтердің қол астында болды. Өздерін Хз. Пайғамбардың тегінен шыққан деп санап, үлкен абыройға ие болды. Тимуридтер әулетінің көмегімен билік құрған бұл сұлтандықтың құрушысы Хызыр хан болып табылды. Мубарекшах, Мұхаммедшах және Алаадин Әлемшах сияқты билеушілері әйгілі.

Лодидтер (1451-1526)

Солтүсік Үндістанда 1451-1526 жылдар аралығында өмір сүрген мемлекеттің құрушысы Бехлюл Лоди болған. 75 жыл бойы билік құрған сұлтандықтың басқарушылары Изам хан Ескендір мен Ибрахимшах болды. Олардың ішінде билігі ұзақ уақытқа созылған Бехлюл Лоди (1451-1489) еді. Низам хан Ескендір шахтың билігі 28 жылға созылды. Сұлтандықтың ішкі қайшылықтар мен шетел шапқыншылықтарының салдарынан күшін жоғалтып, 1526 жылы бабуридтер тарапынан жойылды. Бабуридтер мемлекеті 1526-1858 жылдар аралығында үстемдік құрды. Үндістандағы Түрік сұлтандықтары өздерінен әкімшілік, саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйелерінде түріктік-Исламдық ерекшеліктерге ие болған. Сұлтан мемлекеттің билеушісі болып, өкілдер мен маликтер, хандар мен уәзірлер сұлтанның көмекшілері ретінде оның қол астында қызмет атқарған.

Басқа да ұқсас мәліметтер

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *