Волейболды үйренуге берілген сабақтардың ұзартылуы, жалпы білім беру мектептерінде үйренген ойынның негізгі техникалық тәсілдерін жетілдіруге мүмкіндік береді. Одан бөлек, волейболға үйрету барысында студенттер жоғарыдан,төменнен доп берудің,шабуылдың қыр-сырларын жан-жақты тереңнен меңгеруі қажет.Спорттық ойын негізінен дене шынықтыруды дамыту қүралы болып табылады.

Сонымен қатар спорттық ойын материалдары студенттердің психикалық процестерінің де дамуына (қабылдау, есте сақтау, аңғарымпаздық, жылдамдык, тереңой, қиял және т.б.) көпжақты әсер етеді. Ойын материалы студенттердің қызығушылығы мен ішкі сезімін дамытудың жақсы құралы және мүмкіндіктерінің дамыту әсері болып табылады. Бұл тұрғыдан алғанда ойын материалын оқыту өздігінен спорттық ойындармен айналысуына да әсер етеді. Мектеп жасындағы оқушылар арасында спорттың жаппай дамуы ересектердің спорттық шеберлігін арттырудың маңызды шарттарының бірі, Волейбол жалпы білім беретін орта мектерге арналған дене тәрбиесі пәнінің программасына жеке тарау ретінде берілген. Балаларды он, он бір жастан бастап жоспарлы түрде мамандар көмегімен волейболды үйрету республикада кең етек жаюда. Кез-келген оқыту жұмысы жас ерекшеліктерін ескере отырып, ұйымдастырылса ғана табысты болмақ.

Оның өзі жас волейболшылар мен оқу жаттығу жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың кепілі.Спортпен жүйелі түрде айналысу балалардың денсаулығын нығайтып, шынығуына және рухани өсуіне игі әсер етеді. Волейболшы болу үшін соған орай қозғалыс дағдысын әдісін игереді. Оқу орындарында дене тәрбиесі жүйесі болашақ жеткіншектердің тек денсаулығын сақтау мақсатында ғана жүргізілмейді, олардың жан-жақты дамуының негізгі кепілі. Демек, дене тәрбиесі жұмысы дұрыс жолға қою үшін ең әуелі сабақ қызықтыда, оқушылар үшін тиімді өту керек. Сабақ тиімді өту үшін мұғалім әр топтың программасын жақсы білу керек, сонда ғана оқушыларға дене тәрбиесіне қатысты оқу тәрбие жұмысы өзінің нәтежесін береді. Программа қаншалықты өзгертіліп, жаңартылғанымен сабақтың тиімділігі методикалық ұйымдастыру жұмысына байланысты.

Волейбол ойынының қысқаша ережесі және алаң өлшемдері

Алаң көлемі 18×9м. Тордың биіктігі 243 см ерлерге, 224 см қыздарға. Доптың көлемі 65-67 см, салмағы 260-280 г. Әр командада 12 ойыншыдан болады, алаңда 6 ойыншы ойнайды. Воллейбол ойыны 5 бөлімнен тұрады. 3 бөлімде жеңіске жеткен команда жеңімпаз аталады. Воллейбол алаңы 6 аймақтан тұрады: 1,2,3,4,5,6. Тор алдында 2,3,4 аймақтағы ойыншылар секіріп, шабуыл, тосқауыл әдістерін қолдана алады. 1,5,6 аймақтағы ойыншылар тор алдында, яғни 1-ші алаңда секіріп шабуыл жасауына, тосқауыл қоюына тыйым салынады. 1,5,6 аймақтағы ойыншыларға 2-ші алаң сызығынан баспай секіріп шабуыл жасап 1-ші алаңға түсуге болады.

Тор астындағы сызықтан өтуге, торға тиюге, допты екі рет алуға, доп ойынға қосылған сәтте алаң сыртында қалуға, дұрыс ауыспауға, доп ойынға қосылмай тұрып ойыншылардың орын ауыстыруларына, ысқырық берілмей допты ойынға қосуға, ойыншыға, төрешіге дөрекілік көрсетуге, жаман сөз айтуға, т.б. жағдайларда тыйым салынады. Ойын алаңының беті тегіс, жазық және біртегіс болуы керек. Ол ойыншыларға зақым келтірмейтіндей болуы керек. Беті тегіс емес немесе сырғанақ алаңның бетінде ойнауға рұқсат етілмейді. Арнайы ФИБВ ойындар үшін ойын алаңының беті ағаш еденнен немесе пластикалық жабынмен қапталған еден болуы керек. Қандай жабын болса да алдын-ала ФИБВ мен тексеріліп, расталған болуы керек. Ойын алаңдарының түсі ашық болуы керек. Арнайы ФИБВ ойындары үшін ақ түс міндетті болып табылады.

Ойын алаңы мен бос аймақтың түстері әр түрлі болып, бір-бірінен ажыратылуы қажет. Ашық алаңдарда дренаж үшін 1м-ге 5 мм еңкею рұқсат етіледі. Қатты материалдардан жасалған ойын сызықтарына рұқсат етілдмейді. Ойын алаңындағы сызықтар. Барлық сызықтардың ені 5 мм. Сызықтар ашық түсті болып, еден мен басқа сызықтардың түстерінен ажыратылуы керек.

Шектеуіш сызықтар. Екі қапталдық және екі беттік сызықтар ойын алаңын шектейді. Қаптал сызықтары мен беттік сызықтар ойын алаңының өлшеміне кіреді. Орталық сызық. Орталық сызық ойын алаңын екі теңдей бөлікке бөледі, әрқайсысы 9х9 өлшемді. Бұл сызық сетканың түбінен бір қаптал сызықтан доғаның ортасына дейін.

Шабуыл сызығы. Әрбір алаңда шабуыл сызығы орталық сызықтан 3 м артта болады, және де 5 сызықпен (15 см) интервалы 5 см қаптал сызықтан жалғасқан. Арнайы ФИБВ ойындар үшін шабуыл сызығы үздік сызықтармен созылады. Ол қаптал жақтан 5 үздік ұзындығы 15 см, ені 5 см аралығы 20 см жалпы ұзындығы 1,75 м жалғасқан. Аймақтар мен орындар. Алдыңғы аймақ әрбір алаңда алдыңғы аймақ орталық сызықтан осьімен және осы осьтен үш метр ара қашықтықта орналасқан шабуыл сызығының шетімен шектелген.

Допты беру аймағы. Допты беру аймағы – бұл ені 9 м беттік сызықтың аяғындағы аймақ. Ол екі қапталынан екі қысқа ұзындығы 15 см әрқайсысы сызықтармен шектелген, олар беттік сызықтан 20 см арақашықтықта оны соңында қаптал сызықтардың жалғасы ретінде орналасқан. Екі қысқа сызықтар да допты беру аймағының еніне кіреді. Допты беру аймағы бос аймақтың соңына дейін созылады.

Аусу аймағы. Аусу аймағы – бұл бос аймақтың бөлігі, секретер столында созылған шабуыл сызығымен шектелген.

Дайындық алаңы. Арнайы ФИБВ жарыстары үшін дайындық алаңы командалардың скамейкалары орналасқан бұрыштарында бос аймақтан жердегі аймағы 3х3 м аймақ.

Ойын ережелері

1.Ойын алаңы

Ойын алаңы ойын алаңы және бос аймақтан тұрады. Оның өлшемі тік төртбұрышты және симметриялы болуы тиіс.

  • Өлшемдері

Бос аймақтың өлшемдері:қапталдан өлшемі 3-5м. Беттік жағынан өлшемі 5-8м. Ойын алаңының биіктігі 12,5м. Ойын алаңы мен бос аймақтың өлшемдері және биіктігі жарыс жайындағы құжаттамаларда белгіленеді.

  • Ойын алаңының беткі аймағы

1.2.1. Ойын алаңының беті тегіс, жазық және біртегіс болуы керек. Ол ойыншыларға зақым келтірмейтіндей болуы керек. Беті тегіс емес немесе сырғанақ алаңның бетінде ойнауға рұқсат етілмейді. Арнайы ФИБВ ойындар үшін ойын алаңының беті ағаш еденнен немесе пластикалық жабынмен қапталған еден болуы керек. Қандай жабын болса да алдын-ала ФИБВ мен тексеріліп, расталған болуы керек.

1.2.2. Ойын алаңдарының түсі ашық болуы керек. Арнайы ФИБВ ойындары үшін ақ түс міндетті болып табылады. Ойын алаңы мен бос аймақтың түстері әр түрлі болып, бір-бірінен ажыратылуы қажет.

1.2.3. Ашық алаңдарда дренаж үшін 1м-ге 5мм еңкею рұқсат етіледі. Қатты материалдардан жасалған ойын сызықтарына рұқсат етілмейді.

1.3. Ойын алаңындағы сызықтар.

1.3.1. Барлық сызықтардың ені 5мм. Сызықтар ашық түсті болып, еден мен басқа сызықтардың түстерінен ажыратылуы керек.

1.3.2. Шектеуіш сызықтар

Екі қапталдық және екі беттік сызықтар ойын алаңын шектейді. Қаптал сызықтары мен беттік сызықтар ойын алаңының өлшеміне кіреді.

1.3.3. Орталық сызық

Орталық сызық ойын алаңын екі теңдей бөлікке бөледі, әрқайсысы 9×9 өлшемді. Бұл сызық сетканың түбінен бір қаптал сызықтан доғаның ортасына дейін.

1.3.4. Шабуыл сызығы

Әрбір алаңда шабуыл сызығы орталық сызықтан 3м артта болады, және де 5 сызықпен (15см) интервалы 5см қаптал сызықтан жалғасқан.

Арнайы ФИБВ ойындар үшін шабуыл сызығы үздік сызықтармен созылады.

Ол қаптал жақтан 5 үздік ұзындығы 15см, ені 5см аралығы 20 см жалпы ұзындығы 1,75м жалғасқан.

1.4. Аймақтар мен орындар

1.4.1. Алдыңғы аймақ

әрбір алаңда алдыңғы аймақ орталық сызықтың осьімен және осы осьтен үш метр ара қашықтықта орналасқан шабуыл сызығының шетімен шектелген.

(сызықтың ені аймаққа кіреді)

1.4.2. Допты беру аймағы

Допты беру аймағы––бұл ені 9м беттік сызықтың аяғындағы аймақ. Ол екі қапталынан екі қысқа ұзындығы 15см әрқайсысы сызықтармен шектелген, олар беттік сызықтан 20см арақашықтықта оны соңында қаптал сызықтардың жалғасы ретінде орналасқан. Екі қысқа сызықтар да допты беру аймағының еніне кіреді.

Допты беру аймағы бос аймақтың соңына дейін созылады.

1.4.3. Ауысу аймағы

Ауысу аймағы––бұл бос аймақтың бөлігі, секретар столына дейін созылған шабуыл сызығымен шектелген.

1.4.4. Дайындық алаңы

Арнайы ФИБВ жарыстары үшін дайындық алаңы командалардың скамейкалары орналасқан бұрыштарында бос аймақтың тыс жердегі аймағы 3×3м аймақ.

1.4.5. Қуылғандар орыны

Қуылғандар орыны екі орындықпен жабдықталған бос аймақта беттік сызықтың жалғасында болады. Олар ені 5см қызыл сызықпен шектелуі мүмкін.

1.5. Температура

Ең төменгі температура 10 С градустан төмен болмауы керек (50 град Ғ).

Арнайы  ФИБВ жарыстары үшін ең жоғарғы температура +25 С градустан жоғары, ең төменгі температура -16 С градустан төмен болмауы керек (61 С град Ғ)

1.6. Жарықталу

1.6.1. ФИБВ арнайы жарыстарында ойын алаңының жарықталынуы 1000-1500 люкстен кем болмауы керек (ойын алаңынан 1м биіктікте өлшенеді)

1.6.2. Жарықталыну

Ойын алаңының жарықталынуы ойын алаңының 1м биіктігінде өлшенеді және де 500 люкстен кем болмауы керек.

  1. Сетка мен тіреуіштер.

2.1. Сетканың биіктігі.

2.1.1. Сетка орталық сызықтың үстінде орналасады. Сетканың жоғарғы бөлігі ерлер үшін 2,43м биіктікте орналастырылады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *