Византия және ежелгі Русьтің мәдениеті

Византия – Шығыс Рим империясы – екі дәуірдің тоғысында пайда болды: кейінгі антикалық дәуірдің жойылуы және ортағасырлық қоғамның пайда болуы, Рим империясының құлдырауының салдары. Ол ХҮ ғасырдың орта кезіне дейін өмір сүрді. Византия өзінің мыңжылдық тарихының ішінде римдік, гректік және эллиндік дәстүрлерінің ықпалымен қалыптасқан нағыз мәдениет орталығына айналды. ХҮІІІ ғасырдан бастап, тарихшылар Шығыс Рим империясын ежелгі грек қаласы Византияның атауымен Византия деп аталды, бұл қаланың орнына кейіннен Константинополь орнықты. Алғашқыда Византия империясы өзінің қарауына Балқан түбегін, Кіші Азияны, Сирияны, Палестинаны, Египетті қосып алды.

Әлем тарихындағы Византия мәдениетінің орны мен рөлін оқыпүйрену кезінде төмендегідей факторларды атап өту қажет: Византияда тілдік және діни қауымдастық қалыптасты. Негізгі тіл грек тілі болды. Негізгі дін православие түріндегі христиандық болды, бірақ бұл орайда христиандық антикалық мәдениет қалдықтармен күрескен жоқ, оны өзінің мақсатына пайдалануға күш салды. Православиенің іргесі беки түсуіне Иоанн Дамаскин, Иоанн Златоуст көп үлес қосты.

Византия қоғамының көп этникалық болуына орай этникалық ортаны гректер құрады. Византия империясы берік мемлекеттігімен және бір орталықтан басқарылуымен ерекшеленді. Сонымен қатар, империя варварлардың шабуылдарынан зардап шеккен жоқ, әрі батыстың бай елі атанды: оның аумағына ежелгі егін шаруашылығы мен мал шаруашылығының елдері енді. Сондай-ақ, империяда ежелден келе жатқан қалалар, яғни қол өнері мен сауданыңорталықтары өмір сүруін жалғастырды.Өзінің мыңжылдық өмір сүру кезеңінде Византия қуатты сыртқы мәдени ықпалдарға ұшырады. Бұл оның даму деңгейіне жақын тұрған Иран, Египет, Сирия, қүнгей Кавказ елдерінен, кейінірек, латын батысы мен Ежелгі Русьтен келген ықпал болатын. Екінші жағынан алғанда, Византияға даму деңгейі әлде қайда төмен тұрған халықтармен әртүрлі мәдени байланыстар жасауына тура келді (византиялықтар оларды «варварлар» деп атады). Осы кезеңде білімді адамдар Византияда Батыс Еуропаға қарағанда әлдеқайда көп болды, антикалық қолжазбалар мен ескерткіштер сақталды. Әдебиет пен өнер негізінен шіркеулік сипат алды, Юстинианның басқару кезеңінде (ҮІ ғ.) Рим құқығын зерттеу негізінде Азаматтық құқықтың жиынтығы деп аталатын атақты еңбек жазылды. Өнерде бейнелеу өнері күшті қарқын алды, сондықтан суретшілер әрбір детальді жетілдіруге мән берді, өнер өзінің айшықтығымен және жетілгендігімен ерекшеленді.

Бейнелеу өнерінде екі бағыт орын алды: иконмен күресушілер және иконды қастерлеушілер, олардың арасындағы дау жүз жылдан аса уақытқа созылды – ҮІІІ-ІХ ғғ. Иконмен күресушілер крест және иконды қастерлеу – бұл құдайдың өзін емес затты ғана қастерлеу деп тұжырымдауды. Ал, иконды қастерлеушілер, крест мен икондарда құдыреттің күші бар деп есептеді. Иконмен күресушілер ұзақ уақыт бойы императорларды қолдады, олардың бұйрықтары бойынша иконды қастерлеушілерді өлтірді және жер аударды. Икондар жойылды, шіркеудің жерлері қазынаға берілді. Ақыр соңында мұндай дау қасиетті заттарды қастерлеуді қайта қалпына келтірумен аяқталды. Х-шы ғасырға таман шіркеудің сәулетіне қатаң тәртіп енгізілді. Византияның архитектурасы құрылыс техникасы саласындағы жетістіктерімен, храмдардың интерьерлерін безендірудегі тәсілдер мен материалдардың әр алуандығымен сипатталады. Храмда дінге сенушілерге психологиялық әсер ететін ерекше ахуал жасалды. Император Юстинианның бұйрығы бойынша салынған ҮІ ғасырдың ескерткіші – Константинопольдегі Әулие Софья храмы біздің кезімізге дейін сақталған. Өнердің басқа түрлері мен жанрлары, атап айтқанда, мозаика, фреска, икон жазу, кітап миниатюрасы жақсы дамыды. Сонымен, Византия ортағасыр кезеңінде антикалық дәстүрлерді сақтады; өзіндік мәдениетті қалыптастырды, Шығысқа мәдени ықпалын тигізді, батысеуропалық мәдениетпен байланыс жасады, әсіресе Ежелгі Русь мәдениетіне көп ықпалын тигізді. Зерттеушілердің пікірі бойынша, Русь өзінің дамуында үш кезеңнен өтті: бірінші – ерте феодалдық (ІХ-Х ғғ.);екіншісі – гүлдену (Х ғасырдың аяғы – ХІ ғасыр); үшінші – феодалдық бөлшектенушілік (ХІ-ХІІ ғғ.). Ежелгі орыс мәдениетінің жетістіктерін қарастыруға кіріспес бұрын оның алғашқыда еуразиялық болғанын айта кеткен жөн, яғни ол өзіне батыстың және шығыстың мәдениеттерін енгізді. Бірақ, сонымен қатар ол жоғарыда аталған екі мәдениеттен де едәуір ерекшеленді. Геосаяси фактордың және православиенің ықпалын айта кету керек. Ежелгі орыс мәдениетінің тамыры тереңде жатыр, яғни ол шоқынудан көп бұрын пайда болған. Дінді уағыздау мәселелеріне қатысты дәуірге орай ежелгі Русь 988 жылы жаңа дінді қабылдап, христиандық мемлекеттердің құрамына тең дәрежеде бірден енгендігін айтуға болады. Жаңа діннің рөлі орыс мәдениетінің дамуында, Византияның бай мәдениетін қабылдауда рөлі зор. Шіркеулер жанында көптеген кітаптар жиналды. Жазбаларды көшірушілер жұмыс істеді, мектептер ашылды, пұтқа табынушылық кезіндегіден гөрі өмір салты неғұрлым мәдениетті болды. Киев Русінің құрылуы мен дамуына феодалдық қатынастардың бекуі маңызды нәтижесінде шығыс славяндар тайпаларының ежелгі орыс халқына бірігуі болып табылады. Халықтың басты белгілері тілдің, аумақ пен мәдениеттің бірлігіне айналды. Біртұтас орыс мемлекеттігінің құрылуы, сауданың дамуы, әртүрлі орыс жерлері халықтарының арасындағы белсенді араласу ежелгі орыс әдеби тілінің пайда болуына алып келді. Ол халықтың ауыз екі тілі, халық шығармашылығы мен құқықтық құжаттардың тілі болды. Эпоста, сәулет өнерінде, салтдәстүрлерде, киімдерде және тұрмыстық заттарда көрінетін материалдық және рухани мәдениеттің, тұрмыстың, өнегенің, дәстүрлердің, өмірлік салттардың белгілі бір біртұтастығы қалыптасты. Сөйтіп, ІХ-Х ғасырларда шығыс славяндары біртұтас ежелгі русьтік халықты құрды. Оның негізінде кейіннен орыс, украин және беларусь халықтары пайда болды. Жазба кезеңіне дейін халықтың ауыз әдебиеті ерекше орын алды. Ауызша тіл мәдениетінің байлығы халықтың поэтикалық және ән дәстүрлерінде: әндерде, ертегілерде, жұмбақтарда, мақалдарда сақталды. Фольклорлық тілдік дәстүрді пұтқа табынушылық наным-сенімге сүйенген күнтізбелік тілдік поэзия ерекше орын алды: дуалау, қарғыс айту, салттық әндер. Көптеген ұрпақтар бойына халық өзінің туған жері туралы эпикалық жырларды «ауызша» шежіре күйінде жасады және сақтады.

Ауызша шежіре жазбаша шежіренің негізі болды. Х-шы ғасырға таман жаңа эпикалық жанр – батырлар жыры ауызша халық шығармашылығының жоғарғы шыңы болып табылады. Батырлар жыры – бұл өткен тарих туралы ауызша поэтикалық шығармалар. Олардың негізінде, нақты болған тарихи оқиға жатыр. Батырлар жыры гуслярлардың сүйемелдеуімен айтылған. Киев циклындағы батырлар жырының басты тақырыбы жатжерлік жаулап алушылармен күрес тақырыбы, Русьтің бірлігі мен айбындылығы туралы идея болып есептелді. Халық жадында батырлар эпосы ХХ ғасырға дейін сақталды.

Мәдениет дамуының басты элементі жазу болып табылады. Орыс тілі – үнді-еуропалық топқа жататын, ұзақ даму жолынан өткен славян тілдерінің бірі. Ол шығыс славяндарында христиандық қабылданғанға дейін көп бұрын пайда болған. Алғашқыда бұл «сызықтар мен ойықтар» түрінде болып, онымен жазып, болжады және есеп жүргізді. Сонымен бір мезгілде жекелеген латын әріптері мен грек жазулары қолданылды. ІХ ғасырда Кирилл және Мефодий грек алфавиті негізінде славян әліппесін құрды, бұл ежелгі орыс әдебиетінің дамуына мүмкіндік берді. Ежелгі орыс мәдениетінің құнды жетістігі сауаттылықты кеңінен тарату еді. Батыс еуропалық елдерге қарағанда Русьтегі сауаттылық тек діни қызметкерлер мен ақсүйектердің арасында ғана емес, сонымен қатар қарапайым халық пен көпестердің арасында да кеңінен таралды. Жазудың пайда болуы және христиандықты қабылдау Русь елінде әдебиеттің тез дамуына көмектесті: Митрополит Илларионның «Заң және береке туралы сөз», монах Нестордың «Қазіргі жылдар повесі», «Игорь полкі туралы аңыз» және т.б. Русьте қолөнер өндірісі жоғары деңгейде дамыды. Византиялықтармен салыстарғанда, орыс өнері мен архитектурасы неғұрлым демократиялық сипат алды, онда жарқын да ашық бояулар көп болды. Тастан салынған архитектурамен қатар, ағаш материалдарын қолдану да дами түсті. Бұл өз кезегінде тастан тұрғызылатын ғимараттарға ықпалын тигізді.

Ежелгі орыс. архитектурасы мен өнерінің гүлденуі Киев, Новгород, Суздаль, Чернигов, Галич, Владимир, Ярославль қалаларымен тығыз байланысты ХІҮ ғасырдан бастап, Москва орыс жерлерінің біріктіру орталығына айналды. «Москва – үшінші Рим» идеясының мағынасы – бұл Москваны (Константинополь құлағаннан кейін) әлемдік христиандықтың орталығы етіп жариялаған ХҮ ғасырдағы орыс шіркеуінің тұжырымдамасы; Москва Русінің әлемдік маңызын және орыс мемлекеттігіндегі шіркеудің айырықша рөлін негіздеген тұжырымдама. Ұзақ уақыттар бойы, ХІХ-шы ғасырға дейін хрестиандық үстем мәдениет болып қалды. Ол ақыл-ойлар мен сезімдердің стилін, мәнерін, образын айқындайтын болды. Шіркеу мен мемлекеттің өзіне тән қатынасы қалыптасты. Мемлекет өзіне шіркеудің міндеттерін де алды. Шіркеу мемлекетті орталықтандырудың құралына айналды. Самодержавиенің идеялық негізін құрды. Шіркеудің ұйымдық ерекшеліктері елдің мәдени тұйықталуына жәрдемдесті. Ресейде дәстүрлілік күшейді. Мұнда реформациялар – православиеге балама болған жоқ. Москва патшалығы кезеңінен бастап, Батыс Еуропадан мәдени жағынан артта қалушылықты жоюға күш салынды.

Студент, аталған тақырыпты оқып-үйрене отырып, ортағасырлық мәдениеттің антикалық мәдениеттен негізгі ерекшеліктерін, аталған тарихи кезеңдегі мәдениеттің негізгі жетістіктерін білуі тиіс.

Бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Византия мен ежелгі Русь мәдениетінің дамуына жағдай туғызған алғышарттар қандай болды?
  2. Иконды құрметтеушілер мен иконға қарсы шығушылардың күресінің себебі неде?
  3. Византиялық мәдениеттің көрші халықтарға әсері қандай болды?
  4. Византияны неліктен антикалық дәстүрлерді қорғаушы, «шеберліктің ұстазы», деп атайды?
  5. Ежелгі Русь үшін христиандықты қабылдаудың себебі мен салдары қандай болды?
  6. Византия мәдениеті мен антикалық мұра.

Басқа да ұқсас мәліметтер

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *