Ауыл шаруашылығы экологиясының негізгі мақсаттарының бірі болып топырақ қабатының биогеоценотикалық дамуындағы табиғи тепе-теңдіктің қолайлы және тиімді түрлерін ыңғайландыруда қажетті жағдайларды жүргізу жатады. Себебі, осы аумақтағы жердің құрамдас бөлігі болып агроэкожүйелер табылады, бұлар алғашқы биосфераның биотехносфераға айналу (трансформациялану) үрдісіндегі өнімдерге жатады.

Егерде соңғы 25-30 жылдардағы өзгерістерге талдау жасап, бағаласақ ауыл шаруашылығы өндірісінің өнімділігін тек қана технократты негізде көбейту әрекетінің көп жағдайда тұйыққа тірелгеніне көзіміз жетеді. Мұның басты себебі – қолданылған антропогенді агротехнологиялар мен жалпы экологиялық, әсіресе агроэкологиялық заңдылықтардың арасында үлкен қайшылықтардың пайда болуы, яғни табиғи қалыптасқан тепе-теңдікті сақтамау, қолданылған технологиялардың табиғи кешенді жүйелерге тигізетін ықтимал салдарын бағаламау. Сол кездері кейбір ғалымдардың топырақ құнарлылығын техногенді жолмен көбейту осы құнарлықтың тұрақты көздерін бұзу, жою екендігін ескерткен еді, бірақ оған көңіл аударылмады, осының нәтижесінде экономиканың аграрлық секторында жан-жақты негативті экологиялық зардаптары жинала бастады.

Айтылған үрдістердің салдарынан соңғы 1520 жылдарда еліміздің аумағында жел эрозиясы 25,5 млн га, су эрозиясы 5,0 млн га, сортаңданған – кебірленген жерлер 93 млн га және тағы басқа деградация түрлері тараған. Қазіргі уақытта ел аумағының 70%-ында, яғни 190 млн га көлемде шөлдену үрдісі қалыптасқан. Қазақтың Ө.О.Оспанов атындағы топырақтану ҒЗИ66 ның соңғы мәліметтері бойынша тың және тыңайған жерлерді игеру кезеңінен бастап (1954 ж.) еліміздің бидай өсірілетін солтүстік өңіріндегі топырақтардың қарашіріндісі 25-35%-ға, ал оңтүстіктегі суармалы жерлерде – 30-40%-ға дейін азайған.

Жоғарыда келтірілген айғақтар агроэкожүйелердегі өнім өндіру үрдістерін жүйелі түрде басқарудың қажеттігін көрсетеді. Бұл жұмысты жүргізу үшін алдымен агроэкожүйені құрайтын табиғи факторларды (биотикалық, антибиотикалық) мұқият есепке алу, олардың әрекет ету ерекшеліктерін дұрыс бағалау қажет. Осылай жиналған нақтылы көрсеткіштер мен ғылыми мәліметтер және тәжірибелер нәтижелерін қорыта келе агроэкожүйелердің экологиялық тепе-теңдік заңдылықтарына сәйкес дамуын жүргізуді дұрыс болжап, бағалауға болады. Көтеріліп отырған мәселені шешуде вермикультураның маңызы ерекше. Соңғы уақытта көптеген дамыған және дамушы елдерде вермикультура деп аталатын биотехнологияның жаңа бағыты кеңінен тараған.

Мұның ерекшелігі жауын құрттарының (Vermesқұрт) кейбір түрлерін өндірістік жолмен көбейтуге негізделген. Бұл бағыттың қалыптасуы мен агроэкожүйелердегі көптеген көкейісті экологиялық мәселелерді биологиялық негізде шешу мүмкіндігіне негізделген (органикалық қалдықтарды утилизациялау, топырақ құнарлығын көбейту, жоғары сапалы таза органикалық тыңайтқыш алу, қауіпсіз ауыл шаруашылығы өнімін өсіру, т.б.). Вермикультура әдісі қоршаған ортаның әртүрлі полмотанттармен ластану қаупін азайтады немесе толығымен жоғалтады. Вермикультураны пайдалануға ерекше қызығуды альтернативтік (биологиялық) егіншілікті жүргізушілер көрсетеді, себебі, олар минералды тыңайтқытар мен пестицидтерді қолдануға қарсы, компостарды кең көлемде пайдаланып топырақтың биологиялық белсенділігін жоғарылатуға ат салысады. Органикалық қалдықтарда құрттарды өсіру жөніндегі шаруашылық тұңғыш рет АҚШ-та 1950 жылдары жұмыс жүргізген.

Вермикультура – органикалық субстраттағы компост құрттары. Топырақтағы көптеген құрттардың ішінде құнарлылықты жасау, сақтау және көбейтуде ең басты орында жауын құрттары алады. Бұлар – топырақ макрофаунасына кіретін омыртқасыздарға жатады, олардың массалық үлесі топырақ биомассасының жартысына жуығын алады. ТМД елдері аумағындағы жауын құрттар 67 Люмбрицид тұқымдастығына жататын 180 түрлерден тұрады, бұлардың 16-18 түрлері көп тараған.

Жауын құртының орташа ұзындығы 9-19 см, Кавказда – 45 см, жер бетіндегі ең ұзын құрт-2,5 м.). Бір шаршы метр жердегі жауын құртының орташа саны 120, биомассасы 50 г. Егістік жерлерде қолайлы кезеңдерде олардың саны 400-500-ге дейін жетеді. Бұл құрттардың басты қорегі-өсімдік қалдықтары. Жауын құрттары топырақты қазуы арқылы оның қасиеттеріне айтарлықтай әсер етеді. Құрттар жерді араластырып, борпылдақ жасайды, органикалық заттарды түзіп қарашіріндіні көбейтеді. Топырақтың аэрациясын жақсартып, ылғал мен ауаның қарашіріндіні құрау үрдісін, нитрификация мен аммонификацияның жүруін күшейтеді. Құрттар топырақ ішінде 10-15 см тереңдікте тіршілік етеді.

Құрғақшылық кезінде 0,5 м және одан да тереңге түсіп, өзіне ұя (капсула) жасап, уақытша ұйқыға (диапаузаға) кетеді. Құрттар 2,5 айға дейін қорексіз тіршілік ете алады. Төмен температурада (050С) азықсыз уақыты 3-4 айға дейін созылады. Құрттар ылғалды жерді және орташа жылылықты ұнатады. Қоректенуіне қолайлы температура 20-250С, көбеюіне 12-170С. Ауасыз тіршілік ете алмайды. Топырақ құнарлылығын көбейту мақсатында жүргізілген көпжылдық селекциялық тәжірибелер нәтижесінде американдық ғалымдар 1959 жылы Калифорния қаласында жауын құртының 68 жаңа гибридін шығарған. Бұл калифорниялық қызыл құрт, мұны 1979 жылдан бастап, Батыс Европада, Жапонияда өсіре бастаған. Құрттың гибриді көбеюі және белсенділігі жағынан кәдімгі жауынқұртынан еселеп артып кетеді және бытырап қашып кетпей қолдан жасалған жағдайда өсіруге өте икемді. Күніне өзінің салмағындай тамақ мөлшерімен қоректенеді. Қоректенетін органикалық қалдықтың 40%-ын өзінің тіршілігіне, қалған 60%-ын экскремент (копролит) түрінде бөліп шығарады, бұл биогумусқа айналады.

Жауынқұрттарының топырақ құнарлылығын арттырудағы маңызы туралы Ч.Дарвин 1881 жылы айтып кеткен. Жауынқұрттары органикалық заттардың жеке бөлігін жұтып, оның 60%-ға жуығын копролит (экскремент) түрінде денесінен шығарады. Осы копролиттер өзінің кілегейлерін сыртқы топыраққа жағып, оның құрылымын жақсартады. Мұндай топырақтар сумен шайлып кетпейді. Копролиттердің әсерінен топырақтың биохимиялық құрамы да өзгереді. Себебі, копролиттерде бақшаның құнарлы топырағының беткі қабатымен салыстыр-ғанда биологиялық азотты 5 есе, фосфорды 7 есе, калийді 11 есе көп болады.

Копролиттерде топырақтың суға төзімді құрылымы мен су ұстағыштық қасиеттерін көбейтетін кальцийдің мөлшері көп болады. Мұнымен қоса 69 кальций топырақ ерітіндісінің қышқылдығын төмендетеді және фузариоз, бактериоз, тат кеселі, т.б. өсімдік ауруларының өсіп, таралуына айтарлықтай кедергі жасайды. Копролиттердің маңайында пайдалы микрофлора күшті өсіп, дамиды. Осылардың барлығы өсімдіктердің өсу жағдайын жақсартады. Жауын құрттары, басқа тірі организмдер тәрізді, топырақты макро және микроэлементтермен, өсіргіш заттар және антибиотиктармен байытады. 1 шаршы метр аумақтың астындағы жердегі жауын құрттарының жүрген жолының (қуыс) орташа жалпы ұзындығы 1 км-ден асады. Әр құрттың массасы 0,5 г, құрттардың 1 шаршы аумақтағы саны 50 дана (1 гектарда 500000 дана) деп алсақ 1 тәулікте құрттардың шектері арқылы 1 гектар аумақта 50 топырақ өтеді. 1 шаршы метр аумақты жерде 400-600 дана құрт болады десек, 1 жылда осы құрттар әр гектарда 100-600 т топырақты қайта өңдейді екен. Биогумус және оны агроэкологиялық бағалау.

Биогумус — қоңырлау-сұр түсті, жер иісті өте майда түйіртпекті микрогранулярлы зат. Биогумустың құрамында өсімдікке қажетті қоректік элементтер жеңіл сіңімді күйде жинақталған. Биогумус құрамындағы құрғақ органикалық массаның орташа мөлшері 50%, қарашірінді (гумустық заттар) -18%, ортаның реакциясы өсімдіктер мен микроорганизмдерге қолайлы (рН 6,8-7,4), жалпы азоттың орташа мәні 2,2%, фосфор-2,6%, калий-2,7% болады. Бұлардан басқа биогумус құрамында тіршілікке қажетті барлық микроэлементтер мен биологиялық белсенді заттар (ферменттер, витаминдер, гормондар, аукциндер, гетероауксиндер және т.б. болады. Жалпы алғанда биогумустың химиялық құрамын келесі 3кестеден көруге болады.

Жақсы дайындалған биогумустың 1 грамында бірнеше миллирадтаған микроорганизмдердің клеткалары кездеседі, ал көңнің осы мөлшеріндегі микроорганизмдер саны 150-350 млн клеткалардан аспайды. Биогумустың ферментативтік белсенділігі өте жоғары, әсіресе оксидередуктаздар. Биогумустың органикалық заттары 32-41% гумин қышқылдары және 22-35% фульвоқышқылдарынан тұрады. Гуминқышқылдарының 43-48%-ы аса бағалы кальций гумитаттарынан тұрады. Гумустың фульвитты –гумусты түрі (Сг.қ.:Сф.қ.=1,18-1,42) басым болса топырақтың құрылымы агрономиялық бағалы күйде қалыптасады. Биогумус құрамындағы қоректік элементтер және басқадай уытты затар мен ауыр металдар топырақтың минералды бөлшектерімен өзара әрекеттесіп күрделі кешенді қосылыстар түзеді. Осыған байланысты олар сумен 71 жуылып, шайылудан қорғалады, топырақтағы ылғалдың әсерінен жәйлап еріп, өсімдіктің қоректенуінде ұзақ уақыт жұмыс атқарады. Ресей ғалымдарының мәліметтер бойынша (2000 ж.) 1 тонна биогумуста орташа есеппен 45 кг қоректік элементтер (NPK) болады. Түйіршіктерінің мөлшеріне қарай биогумус 3 түрге бөлінеді: модер (түйіршіктері 0,3-0,7 мм) – ірі фракциялы биогумустың жұмсақ түрі; мор – 0,7-1 мм) – ірі фракциялы биогумус және муль (мөлшері 0,1 мм-ге дейін).

Биогумустың көрсетілген бағалы қасиеттері оны пайдаланғанда ауыл шаруашылығы дақылдарынан жоғары және аспалы өнім өсіруге тікелей жағдай қалыптастырады. Мысалы, биогумусты қолданғанда дәнді дақылдар өнімі 30-40%-ға, картоп 30-70%-ға және көкөністер 35-70%-ға артады. Өсімдіктер биогумустың әсерін қабылдауына байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді: жоғары қажеттілік танытатын (көмірсулармен бай өсімдіктер – картоп, көкөністер, жеміс жидектер) (өнімдері 35% одан да көп ұлғаяды); жақсы қажеттілік танытатын (дәнді дақылдар, қарамық, жүгері, құмай (сорго), бұлардың өнімі 25%-ға өседі); орташа қажеттілік танытатын (бұршақ тұқымдастар, өнімдері 15%-ға дейін өседі); аз қажеттілік танытатын (майлы және эфирлі майлы дақылдар). 1 тонна органикалық қалдықтарды құрттармен өндегенде 600 кг биогумус алынады, қалған 400 кг-мы толық нәруызды құрттардың 100 кг биомассасына айналады. 72 Егістіктерде биогумусты пайдалану экологиялық қауіпсіз ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіруге мүмкіндік туғызады. Ресей Федерасиясының Орал ауылшаруашылығы ҒЗИ-нің ғылыми жұмыстары нәтижесінде құрттар мен биогумустың топырақтағы және органикалық тыңайтқыштардағы радионуклидтерді залалсыз басқа қосындыларға өзгертетінін және ауыр металдардың өсімдіктерге сіңірілуін күрт кемітетіні көрсетілген.

Соңғы уақытта Европа ғалымдарға вермикультура мен биогумусты мал шаруашылығы мен медицинада пайдалану мүмкіндігін қарастырып жатыр. Ауыл шаруашылығы малдары мен құстардың рациондарына құрттардың биомассасын қосқанда сиыр сүті 22%-ға (0,5 кг тірі құрттардың биомассасынан), тауықтың жұмыртқалауы 20%-ға (жеміне 1% құрт биомассасын қосқанда) артқан. Вермикультураларды медицинада, фармакологияда, косметика өндірісінде пайдалану мүмкіндігі бар. Құрттардың әртүрлі экстрактары медициналық препарат есебінде, тері қорғаушы косметика есебінде қолданылады. Қытай медицинасында 2 жылға жуық уақыттан бері жер құрттары пайдаланылады, мұнда соңғы кездері 73 антивирустық және ракқа қарсы сарысулар (сыворотка) дайындалады.

Жауынқұрттарының жан-жақтылық қасиеттері оларды қалдықсыз технологияларды шаруашылықта жасап, кеңінен енгізуге мүмкіндік береді. Осындай бағыттардың бірі – органикалық қалдықтарды анаэробты қайта өңдеу, мұнда мал шаруашылығы кешендері мен фермалардың қалдықтары пайдаланылады. Әртүрлі қалдықтарды анаэробты жағдайда қайта өңдегенде газдар бөлініп шығады, оларды қазандықтарды және жылыжайларды жылытуға пайдалануға болады. Қызып, ыдыраған көң тиімділігі өте жоғары тыңайтқыш болып табылады. Бұл жағдайда азот 100%-ға, фосфор 70%-ға, калий 80%-ға өсімдікке сіңімді түрге айналады; патогенді (улағыш) макроорганизмдер, гельминттер жұмыртқалары, арам шөптердің тұқымдары жойылып, ауыр металдардың тұздары өсімдікке сіңімділігі нашар қосындыларға айналады. Құрттарды ашық және жабық жерлерде өсіруге болады. Көптеген құрттардың ішінен калифорниялық қызыл гибрид жақсы өседі. Құрт өсірудің негізгі технологиялық құралы – органикалық қоректік массалардан жүйек жасау. Жүйектің ұзындығы 2 м, ені 1 м, биіктігі 0,4-0,6 м. Бір жүйектің ауданы 2 м2. Тиімді жұмыс атқаратын вермишаруашылықта 1 га жерге 200 жүйек жасалады. Бір жүйектегі құрттардың қолайлы саны ересек және жастарымен кокондарын қосқанда 50-100 мыңдай болуы қажет.

Құрттарды тұрмыстық және басқадай, тұнбаларды, көң, жуынды сулар және т.б. құралған органикалық заттармен (субстрат) қоректендіреді. Бұл қалдықтарға бос, қопсыған құрылым жасау үшін керегінше қатты органикалық заттарды (ағаш қабығы, жапырақтар т.б.) қосады. 100 мың құртқа жылына беретін субстрат мөлшері 1000 кг шамасы. Субстратты ылғалдылығы 70-80%, орта реакциясы бейтарап (рН 6,8-7,2) болуы, темір тотығы 10%-дан аспауы және ыдырамайтын заттар (тастар, метал, шыны т.б.) болмауы шарт. Қоректік субстрат жартылай сұйық кейіпте (коненстенция) және майдаланған болуы керек, себебі калифорниялық құрттардың жұтатын ең үлкен түйіршігінің мөлшері 0,1 мм-ден аспайды. Субстраттың қоректік жарамдылығының негізгі жағдайы – оның біркелкілігі және жақсы аэрация болуы. Субстраттағы С:N қатынасы 20-ға тең болуы қажет және целлюлоза (сабанның 74 қиықтары, қағаз, картоп және т.б.) мөлшері 20-25%-дан кем болмауы, протеин мөлшері 25-30%-дан артық болмауы керек.

Дайындалған субстрат ферментация құбылысы кезеңінен өтуі қажет, бұл уақытта гельминттерді жұмыртқалары мен балапан құрттары (личинкалар) және арам шөптердің тұқымдары қырылып, жойылады. Ферментацияны табиғи жағдайда немесе тездетілген режимде органикалық қалдықтардың түріне байланысты 6-7 ай уақытта өтеді. Тездетілген режимнің уақыты 1-3 ай. Органикалық қалдықтардың ферментациясын тездету үшін органикалық қалдықтардан үйінділер (бурттар) жасап, ішіне арнайы салынған құбырлар арқылы 50-600С температурадағы ыстық буды қысып толтырады. Өз бетімен табиғи жағдайда қыза алмаған субстратты қабаттың қалыңдығы 20-30см, ені 1,0-1,5м етіп жайып, толық су сиымдылығының 70-80%-на дейін су бүркіп, ылғалдайды.

Одан әрі 10-15 күндей бос жатқан соң 1 шаршы метр ауданына 1,5-2,5 мың дана келетіндей етіп құрттарды жібереді. Бұдан соң субстраттың ылғалдылығын сақтау үшін үстінен ұсақ кесілген сабан немесе қаппен қояды. Ферментация кезінде субстратта химиялық реакция жүреді, олардың нәтижесінде көңдегі несеп және гиппур қышқылдары ыдырап аммиак, көміртегінің қостотығы және суға бөлініп кетеді. Жауын құрттарының ешбір қорғанатын мүшелері болмағандықтан кез-келген жәндік-жануарлар олардың жауы бола алады (егеуқұйрықтар, далалық тышқандар, жылан, бақалар, құстар; аса қауіпті жауы – көртышқандар). Сондықтан құрт өсірген кезде әртүрлі қоршағыш заттарды пайдалану қажет. Қоректік органикалық қалдықтармен тіршілік ететін құмырсқалар, күйе көбелектер, жұлдызшөптер құрттармен тамақ үшін бәсекелестік туғызып, қиыншылықтар келтіру де мүмкін. Жауын құрттарының қауіпті зиянкестері-шыбындар мен нематодтар.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *