Салжұқ мемлекеті шығыста Қытаймен, батыста Жерорта теңізімен шекараласатын жерлерде орналасып, ғасырлар бойы билік құрған түрік мемлекеті болып табылады. Билеушілер әулетінің атасы Салжұқ Бектің есімінен салжұқтар атауы бастау алады. Қолда бар деректер бойынша салжұктар оғыздардың қынық руынан шыққан. Хан әулетіне Дукактың (Токактың) ұлы Салжұқтым (Сельчуктың) аты берілген.

Қынықтар X ғасырдың басында Арал теңізінің солтүстігіңде Хазар қағанатына тәулді болған Оғыз Ябгуына қарасты жерлерде қоныстанған болатын. Оғыз Ябгуының қарамағында жоғарғы дәрежеге ие болған Дукактың өлімінен кейін оның ұлы Салжұқ әскер басшы қызметіне тағайындалды. Салжұқ сапалы қызмет атқарып, халықтың айтуы бойынша Салжұқ пен Оғыз Ябгудың арасы суып кетеді.

Нәтижесінде Салжұқ қол астыңдағы көшпелілермен бірге Йенгикенттегі қонысынан Сырдария (Сейхун) өзені бойынан Ислам өлкесі мен Көк Тәңірі дінін ұстанатын оғыздарының ортасында орналасқан Дженд қаласына көшуге мәжбүр болады. Салжұқ Джендке келгеннен кейін саяси және экономикалық шарттарға байланысты Ислам дінін қабылдап, Оғыз Ябгуға салық төлеуден бас тартып, оған қарсы соғыс жариялаған. Нәтижесінде әлМелик әл-Гази лақабына ие болған. Мауераүннехрдың көп жерлерін өзіне қаратқан саманидтер саяси қарсыласы болып табылатын қарахандықтарға қарсы Салжұқтың күшін пайдалану туралы шешімге келді. Сөйтіп бұл көмегі үшін оған Бұхараның төңірегіндегі Нұр қалашығының айналасындағы жерлерді сыйға тартты. Салжұқ бұл жерге келе алмай жүз жастан асып, Джендте қайтыс болды.

Салжұқтың үлкен ұлы Микайл әкесінен бұрын бір соғыста қайтыс болуына байланысты билік (Йабғулық) Арсланның (Исрайлдің) қолына өтті. Мұса (Инанч), Юсуф (Йынал) мен Юнус, Салжұқтың басқа ұлдары болып табылады.271Арслан Йабғудың өзіне қарасты оғыздармен (түрікмендермен) және Мауераүннехрдегі қарахандық Али Тигинмен одақ құру мақсатын ұстанған тұста басқа қарахан билеушілері Чағры мен Туғрул Бектердің Талас маңына орналасуын мақұл көрді. Көп уақыт өтпей-ақ Туғрул Бек тұтқындалды. Чағры Бек бір жорық ұйымдастарып, інісін құтқарды. Екеуі ағасы Арслан Йабғудың қасына оралды. Туғрул Бек біраз уақыт шөлге шегіну туралы шешім қабылдағаннан кейін Чағры Бек ғазналықтарға қарамастан Хорасан арқылы Кавказ бен Шығыс Анадолыға дейін созылған жерлерге жорық ұйымдастырды. 1025 жылы салжұқ тарихында жаңа бір кезең басталды.

Бұл кезеңге ғазналықтар мен қарахандықтар салжұқтардың қауіп-қатерін алдын алу үшін Әли Тигиннің көзін жоюға келісті. Қарахандықтардың билеушісі Юсуф Кадирдің қалауы бойынша Сұлтан Махмуд салжұқтардың Хорасанға көшулеріне рұқсат бере отырып, айла-тәсілмен Арслан Йабғуды тұтқындайды да, Үндістандағы бір зынданға тастайды. Алайда бұл оқиға бір-біріне бауыр болып табылатын Мұса Йабғу, Чағры мен Туғрул Бектерді жақындата түсті. Көп уақыт өтпей салжұқтар қарахандықтарды жеңді (1029). Ызаға толы Али Тигин барлық әскерімен салжұқтарға қарсы шығып, оларды Хорезм жерлеріне дейін шегінуге мәжбүр етті.272 Хорезм бұл кезеңде ғазналықтарға қарасты жартылай тәуелді басқарушылардың қолында болатын. Хорезмшах Алтунташ салжұқтармен жақсы қарым-қатынастарда еді. Оның өлімінен кейін орнына келген Харун Хорезмнің тәуелсіздігі үшін Әли Тигин және салжұктармен одақ кұрып, ғазналық Сұлтан Месудка қарсы шықты.

Ғазналықтардың қол астындағы Хорасан жерлеріне рұқсатсыз аяқ басқан салжұқтар Сұлтан Месудтан қамқорлық танытуын сұрады. Бұл өтініш қабылданбай, оларға қарсы әскер жіберілсе де салжұқтар 1035 жылы Неса маңында болған шайқаста ғазналықтарды жеңіп, Сұлтан Месудты Фераве, Дехистан мен Неса жерлерінен қуып шықты. Алайда салжұқтар бұдан да басқа жерлерді жаулап алу ниетін білдірді. 1038 жылы Серахс маңында салжұқтар ғазналықтарды үлкен жеңіліске ұшыратып, Хорасанның барлық жерлерін өздеріне қаратты. Сөйтіп Салжұқ мемлекетінің негізі қаланды.

Туғрул Бек Нишапурдағы таққа отырысымен Мұса және Чағры Бектермен жерлерді бөлісті. Туғрул Бек Хорасанның астанасы Нишапурды алды. Мервтің билігі Чағры Бекке тиді. Ал Севахстың билігі Муса Йабғудың қолына өтті.273 Салжұқ мемлекетінің құрылуы 1040 ж. Данданакан шайқасында ғазналықтарды жеңумен аяқталған. 1040-1063 жылдар аралығында салжұқ сұлтаны ретінде Туғрул Бектің билік құрған тұсында Джейхуннан Ғазнаға дейінгі жерлердің билігін қабылдап алған Чағры Бек алғашкы кезенде Балхты қол астына қаратты (1040). 1050 жылы қарахандықтармен бейбіт келісімге келді. Чағры Бектің ұш ұлы (Кавурд, Алпарслан, Якутй) болған.

Өзі Серахста 1060 жылы қайтыс болды. Анадолы салжұқтарының мемлекетінің 1092-1308 жылдар аралығыңдағы билеушілерін есептемегенде Салжұқ мемлекетінің барлық билеушілері Чағры Бектің тегінен шыққан болатын. Чағры Бектің қызы Хадиша Арслан аббасидтер халифы әлКаим Биемруллахқа (1031-1075) тұрмысқа шықты.274 Ибрахим Йыңал 1041 жылы Рэй мен Хамадан қалаларын жаулап алып, Туғрул Бекке тапсырды. Рэй қаласы 1041 жылы Салжұқ мемлекетінің астанасына айналды. Билігін жариялаған Туғрул Бек әуелі Таберистан мен Джурджай жерлеріндегі Бавенди мен Зияри билеушілерін өзіне қарату мақсатын ұстанды.

Туғрул Бектің негізгі мәселелерінің бірі оғыздардың көш-қон мәселесі болды. Оғыз руларының билеушілері укайилидтер, мерванидтер мен бувейхидтер сияқты басқа да жергілікті топтардың мемлекеттеріне қарулы көштер ұйымдастыруының салдарынан бұл мемлекеттердің билеушілері Бағдат халифынан Туғрул Бекке қарсы шара қолдануын сұрайды. Халиф атақты Ислам құқықтанушысы әл-1 Мавердиді елші ретінде Туғрул Бекке жіберіп, оғыздардың ісәрекеттерін қадағалауын талап етеді. Туғрул Бек болса, халифке қолынан келген көмегін аямайтындығын білдіреді.275 Туғрул Бек пен оның ізбасарларының оғыз руларының Салжұқ мемлекеті мен басқа да көршілес мемлекеттерге шабуыл жасауларын тыю үшін оғыздарды кең жер-алқаптарына көшіру мақсатымен Анадолыға қоныс аудару жоспарларын ойластырғандықтары белгілі.

Салжұқ әулетінен шыққан билеушілердің басшылығындағы оғыз рулары XI ғасырдың басында Византия жерлеріне кіре отырып, Византияның одақтастары болып табылатын армяндар мен грузиндерді қиын жағдайларға душар етті. 1045 жылы Гендже маңында Византия әскері женді. Ибрахим Йынал басшылығындағы оғыздар (салжұқтар мен басқа да ру өкілдері) 1048 жылы Пасинлер жазықтығында грузин Липариттің басшылығындағы Византия әскерін жеңіліске ұшыратты.

Византия бітімге келуді ұсынды. 1051 жылы бір жылға созылған қоршаудың нәтижесінде бүвейхидтерге қарасты Исфахан қаласын өзіне қаратқан Туғрул Бек 1053 жылы Анадолы жорығын жүзеге асыру мақсатымен Рэй қаласынан жолға шықты. 1054 жылдың басында Тебризге жетті. Бұл жердің ревадидтерге қарасты билеушісі мен Гендженің шеддадидтерге қарасты әміршісін өз қарамағына алды. Кейін Баргири мен Эрджиш қалаларын жаулап алып, Малазгирт қаласын ұзақ уакыт қоршауда ұстады.

1055 жылы салжұқ тарихының жаңа кезеңі басталды. Жылдың соңында Туғрул Бек сунниттік ағымды ұстанатын мұсылмандардың діни басшысы болып табылатын Аббасидтер халифының отырған жері Бағдат қаласына кіріп барды. Халиф бұл тұста шиитгік ағымды ұстанатын бувейхидтердің билігіне тәуелді еді. Салжұқтармен жақсы карым-қатынас құруды қалаған халифат осы тұста Арслан әлБасасири деген түрікмен тектес қолбасшының тарапынан төнген қауіп-қатерден кұтылу жолын іздестіруде болатын. Халиф пен әсіресе оның уәзірі бұл мәселені шешу үшін Туғрул Бекті Бағдатқа шақырды. Бұл өтінішті қабыл еткен Туғрул Бек Бағдатты бувейхидтердің қауіп-қатерінен құтқарып, олардың барлық мүшелерін тұтқынға алды. Бір жылдай Бағдатта қалып, Солтүстік Ирактың бір бөлігін басып алған әл-Бесасириге қарсы жорыққа шыкты. Тәртіпті орнатқаннан кейін Бағдатқа қайта оралды. 1058 жылдың басында Аббасидтер халифы әл-Кайым, Туғрул Бекті салтанатты түрде қабылдап, оған сұлтан шапанын жауып, екі қылыш сыйлап, «Мелик әл-Машриқ ве әл-Мағриб» (шығыс пен батыстың билеушісі) атағын берді. Бұл ресми қабылдаудың барысында Туғрул Бекке Ислам өлемін баскару функциясы тапсырылып, халиф болса рухани бір басшы болып қалды.276 Сұлтан Туғрул Бек Ибрахим Йынал Бектің көтерілісін тыншыту мақсатымен Бағдаттан шыққан кезін пайдалана отырып, әл-Бесасири фатимидтердің көмегімен (материалдық және рухани көмек) Бағдатқа кіріп келді. Халиф әл-Қайымды тұтқындап, Бағдат сыртына сүргінге жіберді. Бағдат мешітгерінде фатимидтер халифының атын қосып құтпалар оқытты. Ал Туғрул Бек болса, жиендері Алпарсланның, Кавурт пен Якутидің көмегіне сүйене отырып, Ибрахим Йыналды зорға жеңді. Оны садақ жебесімен буындырып өлтірді (1059). Бұл түріктердің ескі салттарының бірі болатын. Хан әулетінің мүшелерінің қанын төгуге болмайтын.

Туғрул Бек Ибрахим Йыналдың көтерілісін тыншытып, Бағдадқа бағыт алды. Бұл тұста әл-Бесасири Бағдатты тастап, шығып кетті (1059-дың соңы). Халиф әл-Қайым құтқарылып, Бағдатағы сарайына қайтарылды. Әл-Бесасири 1060 жылдың басында тұтқынға түсіп, өлтірілді. Туғрул Бек 1063 жылы 70 жасында қайтыс болды. Туғрул Бектің баласының болмауына байланысты оның өлімінен кейін Салжұқ мемлекетінің тағына үлкен талас басталды. Нәтижесінде таққа Чағры Бектің үлкен ұлы Сүлейман отырды. Алайда інісі Алпарслан (1064-1072) оған көңілі толмай, сұлтандықка дәмеленген болатын. Туғрул Бектің тұсында көтеріліс ұйымдастырып, үлкен ағасы Құталмыш және басқа да тұлғалар сұлтандықтарын жариялады. Нәтижесінде Алпарслан 1064 жылы ресми түрде Салжұк сұлтаны атанды.

Рэй қаласында таққа отырған Амид әл-Мульк әл-Кундусиді уөзірліктен алып тастап, оның орнына келешекте «Низам уль-Мульк» лақабымен аты шыққан Абу Хасан атТусиді (1092) тағайындады.278 Сұлтандықтың алғашқы жылдарында Алпарслан Кавказ жорығын ұйымдастырды. Ани қорғанын армяндардан тартып алып, халиф әл-Қайымның оған «Абу әл-Фетх» лақабының беруіне қол жеткізді. 1067 жылы Алпарслан інісі мен Кирман мәлігі Қара Арслан Кавурдтың көтерілісіне тап болса да, қысқа мерзім ішінде тыншытқан болатын. Ал Анадолыда болса, бірнеше түрікмен әміршілері сұлтаннан тәуелсіз жағдайға қол жеткізіп, Византия жерлерінде әскері қызметтерін жалғастыруда еді. 1067 жылы Афшин Бек, Кайсери қаласын басып алып, талан-таражға салды. Сұлтанмен арасы суыған Византияны паналаған әл-Басанның ізіне түскен тұста ол Мармара (Мәрмәр) теңізінің жағалауына қашты. Түрікмен шабуылдарын тоқтату мақсатымен Византия империясының тағына Романос Диогенес отырды. Диогенес 1069 жылдың орта шенінде әскерін бастап, Халеб жерлеріне дейін ілгерледі. Алайда ол Батыс Анадолыдан жеңілістер туралы алынған хабарлардың салдарынан кері қайтты.

Сұлтан Алпарслан 1067 жылдың ортасында Мысыр жорығын жүзеге асыру мақсатымен Рэй қаласынан жолға шықты. Шығыс Анадолыдағы кейбір қала мен қорғандарды жаулап алып, Халебке жеткенде Византия империясының шығысқа ілгерілеуінен хабардар болып, тез арада шығысқа оралды. Бар-жоғы 50 мыңға жуық салжұқ әскері мен сан жағынан төрт есе үлкен Византия әскері Малазгирт жазықтығында 1071 жылдың тамыз айында кездесті.

Нәтижесінде византиялықтар үлкен жеңіліске ұшырады. Император Диогенес шайқас барысында қолға түсті. Келісім нәтижесінде құн төленіп, Диогенес босатылды. Византия жыл сайын 360 мың динар мөлшерінде салық төлейтін болды. Алайда Константинопольге қайтқанда Диогенес тақтан алынып, көзі ойылды. Осылайша жоғарыда аталған келісім де өз күшін жоғалткан болатын. Бірақ Диоген Константинопольдегі өзгерістерден хабары болмаса да, өз астанасына қайтар жолында Алпарсланмен уағдаласкан құн-салығын Тоқат маңында жинап, Алпарсланға жолдаған еді. Малазгирт жеңісінің нәтижесінде түрікмендердің Анадолыға қарқынды шабуылдары мен көштері басталған болатын. Малазгирт жеңісі Ислам әлемінде үлкен куанышпен қарсы алынып, Аббасидтер халифы Сұлтан Алпарсланды құттықтады.

Бұл оқиға 25 жылдан кейінгі кезенде орын алған крест жорықтарының басталуына негізгі себеп болды.279 Сұлтан Алпарслан 1072 жылы Мауераүннехрға жорыққа шықты. Алайда бір қорғанның қорғаушысы тарапынан қаза табуының салдарынан жорық аяқталмай қазды. Сұлтан Алпарсланның өлімінен кейін такқа оның ұлы Мелікшах (1072-1092 жж.) отырды. Алайда ағасы Кирман мәлігі Кавурд таққа дәмеленген болатын. Мелікшах атақты уәзірі Низам уль-Мульктің нұсқаулары мен тактикалық ұсыныстары бойынша Хамадан қаласының маңында болған шайқаста Кавурдты женді. 1073 жылы қолға түскен Кавурд садақ жебесімен буындырылып өлтірілді. Мелікшахтың жас әрі тәжірибесіз екендігін пайдаланбақ болған ғазналықтар мен қарахандыктар салжұқтардың территориясына нәтижесіз жорықтар ұйымдастырды. Бұл екі мемлекетпен шекара туралы келісім шарттар жасалды. Қыз алысу, үйлену жолымен туыстық қатынастар қалыптасты. Түрікмендердің атақты билеушісі Атсыз болса, бұл тұста Сириядағы жорықтарын жалғастырып, 1076 жылдың ортасында Дамаскты (Намды) қол астына қаратты.

Атсыз фатимидтерден Мысырды тартып алу көзқарасын ұстанса да, Каир маңында жеңіліске ұшырап, Сирияға шегінді (1077). Сұлтан Мелікшах інісі Тутушты Сирияға жіберді. Атсыздың Тутуш тарапынан өлтірілуінің нәтижесінде Сирияның билігі салжұқтардың қолына өтті (1079).

Әкімшілік құрылымы

Салжұқ мемлекеті көне түрік мемлекетінің салттары мен Исламның басқару жүйесінің құрылымына сай бір мемлекет болды. Сонымен қатар саманидтер мен ғазналыктардың мемлекетті құрылымдарының арқасында көне Иранның мемлекетгік басқару жүйесін ұстанғаны белгілі. Салжұқ мемлекетінің кұрылымы және мемлекеттік істерінің жүргізілуі туралы ең көп мәліметтерді бізге Алпарслан мен (Мелікшахтың отыз жыл бойына уәзір қызметін атқарған «Саясатнама» немесе «Саясат Мульук» атты шығарманың жазушысы, атақты мемлекет қызметкері Низам уль-Мульк (Абу Али Хасли) береді. Низам уль-Мульктің сызған кестесі бойынша мемлекеттің басындағы адам, яғни сұлтан Алланың жердегі көлеңкесі болып табылады. Оған бағыну парыз. Мемлекеттің басындағы сұлтан атқару және заң шығару органдарының басшысы.

Кей жағдайларда заң саласыңда да жауапкер болатын. Мысалы, Мезалим Сотына немесе Диванына басқарушылык жасаған. Мемлекет территориясы әулеттің ортақ мүлігі болып, әулет мүшелері арасында бөлінген. Сұлтандық мирас ең үлкен ұл балаға берілген. Алайда ханзадалар бұл заңды көбінесе ұстанбай, соңы жоқ тақ таластар болып отырған. Әулет мүшелерінің қаны таза ақсүйек деп есептелуіне байланысты соғыста жеңілген жағдайда садақ жебесімен буындырылып өлтірілген.

Салжұқтарда билік иесінің белгілері мыналар: 1. Жұма мен мерекелік құтпаларда оның есімінің халиф есімінен кейін оқылуы; 2. Ақша басылуы; тең дәрежеде сұлтанның есімінен бұрын халиф есімінің таңбалануы; 3. Тақ; Астанадағы сұлтан тағына кім бұрын отырса, сол сұлтан болатын. Алайда кейде бірнеше тақ кұрылғаны болған. Сұлтандар кей кезде тақтарын жорықтарда да тасыған; 4. Күзет; Сұлтан сарайының алдында күнде бес уакыт дабыл қағу; 5. Атақ пен лақап аттары; Сұлтандар жалпы алғанда Аббасйд халифтерінің тарапынан берілген «Рукнаадин уа ад-Дуния», «Муиззудин уа ад-Даулат», «Абдудуддаула» т. б. атақ пен лақаптарды қолданған. Бұлардан басқа сұлтандардың өзіне тән киімдері, байрақ, шатмен мөрлері де болған. Сұлтаннан кейін мемлекет басқаруында екінші дәрежедегі саяси қызмет «мәліктік» болып табылған. Мәліктер жалпы алғанда әулетмүшелерінің қатарынан шыққан. Мысалы, Сұлтан Мелікшахтың тұсында Тутуш Сирия мәлігі болатын. Әр мәліктің өзіне тән үкіметі болған. Аймақ басқаруда орын алатын қызметтердің кейбірі мыналар: а) Шахне (Шыхне): әскери уәли; ә) Амид: уәли; б) Мухтасиб: атқару істері мен тәртіпке жауапты. Сұлтан мемлекет істерін басқарған кезде уәзірлерімен кеңескен.

Ұлы уәзір (хадже бузург) сұлтан тарапынан үкімет басшысы ретінде тағайындалатын. Ұлы уәзірге қарасты төрт диуан болған: 1. Диван-и инша (немесе ресаиль): «туғра диваны» деп те аталған. Басшысы «туғрай», «мунши» немесе «сахиб-и диван-и инша» деп аталды. Бұл диуан сұлтанның бүкіл ішкі және сыртқы жазбаларын жүзеге асырған. 2. Диван-и истифа: қаражат жұмыстарының жүргізілуіне жауапты диуан. Басшысы «муставфи» деп аталды. 3. Диван-и ишраф: мемлекеттің бақылау және тексеру комиссиясы. Басшысы «мүшриф» делінді. 4. Диван-и арз: Әскери қызметкерлерді тіркеу және еңбек ақымен қамтамасыз ету жұмыстырымен айналысатын диуан. Басшысы «арыз уль-джейш» немесе «сахиб-и арз» деп аталды.

Әскери және сот құрылымдары

«Сұлтан» салжұқтардың армиясының басшысы болып табылған «Әмір» немесе «бек» деп аталатын басқарушылар да жалпы салжұқ әулетінен немесе басқа оғыз руларынан шыққан болатын. Салжұқ мемлекетінің қызметкерлерінің көпшілігі ирантектес болған, ал әскерлерінің көпшілігі түріктектес еді. «Ғұлам» атты құлдардан кұрылған жалдамалы жауынгерлер әскердің негізгі күшін құрады. Ғұламандардан басқа жергілікті мемлекеттер мен құрамасы жер иеленушілері мемлекеттік қызметкерлердің басқаруындағы атты әскерлер және басқа да әскери күштер болды. Түрлі түрікмен тайпалары да өз қолбасшыларының бұйрығы бойынша әскеріне қосылатын еді. Қазы ең жоғарғы сот мекемесі болатын.

Ол бұйрық берген кезде құран мен сүннеттерді назарға ала отырып, шариғат дәлелдерін негізге алатын еді. Үйлену-ажырасу, алименттерге байланысты шешімдерді қабылдайтын. Әрбір ауданда бір қазы болатын. Бағдатта болса, Аббасидтер халифының тарапынан тағайындалған Бас қазы (Қадыл-Кудат) қызмет атқарған. Бас қазы басқа қазыларды тағайындайтын. Эмир-и Дад атты кызметкер көбінесе басқару істерін қадалаған. Мүнтесибтің де соттау кұқы болған.

Ғылыми және мәдени құрылымдары

Бұл дәуірде алғаш рет Сұлтан Алпарсланның тұсында 1067 жылы ұлы уәзір Низам уль-Мулькгің қолғабысы мен кеңесі бойынші кұрылған және мемлекеттен қаржылай көмек көрген Багдад Низамия медресесі ғылыми құрылымның негізін және мәнін кұрады. Халифа орталығы Бағдаттан кейін Басра,Мусул,Исфахан,Рэй,Нишапур және Мерв қалаларында кұрылған Низамия медреселері Мысырдағы Фатимидтер халифатының ұйымдастырған шииттік уағыздарын ықпалынан айыру мен мемлекетке қажетті дін және ғылым адамдарын тәрбиелеу мақсатында қызмет атқарды. Бұл медреселерде сунниттіктің әсіресе Шафи және Ханафи әдістеріне сай білім берілген. Оларды бітіріп шыққандар қазы, имам, шешен, уағыздаушы, т. б. діни қызметтерге тағайындалған болатын.

Салжұқтардың дәуірінде оқыған адамдардың арасынан мына есімдерді атай аламыз: Абу әл-Касым Кушейри (1072 ж. қайтыс болды), Шемсу әлЕимме Серахси (1090 ж. қайтыс болды), Абу Исхак аш-Ширази (1083жж) ІЖ. қайтыс болды, Имамуль-Харамейн әл-Джувейни (1086 ж. қайтыс Волды), Имам уль-Ғазали (1111 ж. қайтыс болды), әлБегави (1116ж. қайтыс болды), Омар Хайам (1131 ж. қайтыс болды), аш-ІІІахристани (1153 ж. қайтыс болды), әл-Замах шари (1144 ж. қайтыс болды). Мәдениет пен білім деңгейлері қандай болса да, салжұк сұлтандары ақындардан бастап барлық өнер иелеріне қамқорлық көрсетіп, құрылыс пен мәдениетке қаржылай және рухани көмек берген.

Салжұқтардың тұсында парсы поэзиясы даму шыңына жетті. Муиззи, Энвери Санжар сарайындағы атақты ақындар даңқы шықты. Рубаилерімен атақты Омар Хайам осы кезеңде өмір сүрген. Мелікшахтың Исфаханда тұрғызған Месджид-и Джами мен Санжардың тұрғызған Мервтегі мешіті салжұқ сәулет өнерінің көрнекті туындылары болып табылады. Салжұқ сұлтандары жоғарыда аты аталған ғалымдармен түрлі тақырыптарда сұхбаттасып, олармен достық қарым-қатынас ұстаған.293 Басқа да орта ғасырлық Ислам мемлекеттеріндегідей Салжұқ мемлекетінде де дін ең маңызды орынға ие болды. Діннің билеушілерге де, қарапайым халыққа да ықпалы үлкен еді. Салжұқ сұлтаны дін бойынша әрекет еткен. Саяси және әскери бағыттағы жасаған қадамдарының нәтижесін суннитгік ағымды ұстанатын мұсылмандардың діни лидері Аббасидтердің халифына хабарлайтын. Халиф оны табысты жетістіктерімен құттықтайтын болған.

Салжұқ сұлтандары діни жолдағы қайраты үшін халифке үлкен құрмет көрсеткен. Алайда кейбір саяси мәселелерде олардың арасында келіспеушіліктер туындап отырды. Салжұқ мемлекеті Аббасидтер халифына бағынышты болуына байланысты сунниттік ағымды қорғау мен шииттік ағымға карсы күрес жүргізуді өздерінің міндеті деп санаған. Бұл күрес мәдениет және әскери бағытта жүріп отырды. Салжұқ сұлтандары көп жағдайда Ханафи мазхабын ұстана отырып, басқа да сунниттік бағыттағы мазхабтарды ұстанатындарға зорлық көрсетпеген болатын. Тек Алпарслан мен Мелікшахтың тұсында атақты уәзір Низам уль-Мульктің шафи мазхабын ұстануына байланысты сарай ішінде де, халық арасында да қиыңдыктар туындаған болатын. Салжұқ мемлекеті саяси бағытты ұстанбаған және көтеріліс жасамаған шииттерге қарсы ешқандай зорлық көрсетпеген.

Алайда карматидтер мен низари-исмайлиттер сияқты көтерілісшілер және шектен тыс радикал шииттерге қарсы соғыс жариялаған. Низам ульМульк, Амир Мевлуд және т. б. көптеген мемлекеттік тұлғалар осы соғыста қайтыс болды. Бұл дәуірде сунниттік мазхабтардың басшыларының айналасына жиналса, сейттер мен шерифтер немесе баскаша атаумен алевидтер накиптердің (өкілдердің) айналасына жиналған еді. Кейбір дәуірлерді Накибуль-Алевийндер халифалықтың құзырында өте биік мәртебелерге қол жеткізген. Салжұқ сұлтандардың мұсылман болмаған халықтарға танытқан әділдігі халык тарапынан жақсы қарсы алынды. Әсіресе Алпарслан мен Мелікшахтың мұсылман болмаған халықка қатысты саясаты тарихшылардың тарапынан мадақталып кеткен болатын.

Экономикалық құрылымы

Салжұқ мемлекетінің тұсында да Ислам қауымы егін шаруашылығына негізделген бір әлеуметтік құрылысқа мұқтаж еді. Адам мен топырақ ара-қатынастары батыстың. феодализмінің ұғымын тасыған күнде де толық феодализмнің мағынасына сай келмейтін ұғым болатын. Ұлы уәзір Низам уль-Мульктің дамытқан жер туралы жүйесі «әскери икта» жүйесі деп аталды. Бұл жүйе бойынша Салжұқ сұлтаны мемлекет жерінің қалаған мөлшерін өз отбасынан шыққан немесе бөтен мырзаға (әмірге) немесе Меликке бере алады. Оның есесіне соғыс жағдайында ол сол мырза немесе Меликтен белгілі мөлшерде әскери адам алуға құқылы болатын.

Ұлы салжұқ мемлекетінің даңғазалық дәуіріндегі Аббасидтер халифатынан кейін ең үлкен қаражаттық күшке ие болған Ислам мемлекеттерінің алдыңғы қатарында еді. Тарихи деректердегі мәліметгер бойынша салжұқ мемлекетінің жылдық пайдасы 21.500 ч қызыл алтыннан және жылдық алым-салығы 20.000 алтыннан тұратын. Салжұқ Сұлтандары әдеттегі салық мөлшерін азайтып, халықтың жағдайын жеңілдетуте тырысқан.

Ирак пен Хорасаннан Қиыр Шығысқа қарай созылған ұзын құрлық жолдарының қауіпсіздігінің қолға алынуы сауда-саттық қарым-қатынастардың артқанын байқатты. Салжұқтардың үстемдік құрған кезеңінде Ирак пен Хорасанда су каналдарының құрылысы нәтижесінде егін шаруашылығы дамыды.