Экономикалық тұрғыдан нашар дамыған елдер талданғанда да көбіне әлеуметтік немесе экономикалық даму, кедейшілік мәселесі емес — тұрғындардың түрлі топтарындағы ұлттық-мәдени, діни барабарлық мәселесі көзге түседі. Бұл мәселенің маңыздылығы соншалықты, ондай елге көмек беру бағдарламасы белгілі бір барабарлылықты қорғау мүмкіндігімен тікелей байланысты болып шығады. Яғни ескіден келе жатқан мәселелер де барабарлық мәселесімен байланысты қарастырғанда жаңа сипатқа ие болады. Барабарлықты талдау дәстүрлі тақырыптарды (әлеуметтік және экономикалық теңсіздік, діни және ұлттық төзімсіздік,) қарастыру тәсілі болып шығады. Және (жас бойынша барабарлық, сексуалдық барабарлық,) жаңа тақырыптарды ендіру тәсіліне әкеліп тірейді.

Барабарлық мәселесі рөлінің өсуінің себептерін анықтау үшін оның қайнарларын анықтау қажет. Методологиялық тұрғыдан бұл бастапқыдан берілген деп емес, қалыптасу үстіндегі құбылыс ретінде қарастыруды білдіреді. Барабарлық мәселесі ең алдымен мәдениет саласында бірінші болып қойылып, мәдениет — аса үлкен назарды талап ететін пәнге айналды.

Өзін-өзі идентификациялаудың шарты — қалыптасу барысындағы барабарлықты ішкі, іштегі «өзгемен» ажырату, яғни барабарлықтың қалыптасуының шарты — қалыптасушының ішкі ажыратылуы дегенді білдіреді. Онсыз өзгеге, сыртқы дүниеге ашылу іске аспайды. Қазіргі Заманғы адамның өз-өзіне барабарлығының дағдарысы — осы кұбылысгың алғышартгарын ұғынудан басгалуға тиіс.

«Барабарлық» (идентификация) — адамның өзіне өзінің тепе-теңділігіне қатысты қосмәнді сипатқа ие ұғым. Біріншіден, (“idem” — лат. «то же самое») өз-өзіне немесе өзгеге ұқсастық дегенді білдіреді. Бұл мағынада «иденттілік» — «өзгермейтін», сондықтан «өз-өзіне ұқсас» дегенді білдіреді, ал бұл «өзгергіш», «ұқсас емес» ұғымына кері мағынада. Екіншіден, «тот же» — «басқа емес, дәл соның өзі» (“ірзе” — лат. «сам»), сондықтан бұл «дәл өзі». Рикер пікірінше, бұл — «өзгерместік» мағынасындағы барабарлықты емес, «үздіксіздікті» — яғни өзгерістер барысындағы өз-өзіне тепе-теңдікті, «өздікті» сақтап қалу дегенді білдіреді. «Үздіксіздік» ұғымы бұл жерде «сабақтастық», яғни өз өмірін өз-өзіне мұралау деген мағынада қолданылуда.

Барабарлық дағдарысын сөз ету адамның өз-өзінің кім екенін түсінбейтіндігі дегенді білдірмейді. Басқаны идентификациялау және өзін басқаларға презентациялау — кез-келген адамаралық қатынастардың бастауы. Идентификациялық дағдарыс туралы айтқанда адамның өз образына («Мен қандай болуға тиіспін?») өзінің сәйкес келмеуі, өз өмірінде өзінің жоқтығы, немесе дүниедегі өз орнының белгісіздігі, түсініксіздігінен туатын уайым-сезімдерін айтады. Хесле «барабарлық дағдарысын» адам өміріндегі реалдылық пен адамның өз-өзімен түсіністігі арасындағы келісімнің жоқтығынан деп түсіндіреді.

Европалық философияда тепе-теңдік және айырмашылық категориялары Антика дәуірінен бастап XX ғасырға дейін талданды. Бірақ XX ғасырға дейінгі талдау барысында адамның өз-өзіне немесе адамдар тобына (халықтар, конфессиялар) тепе-теңдігі туралы сұрақ қарастырылмақ түгілі, туған емес. XX ғасырдың 60-жылдарында Э. Эриксонның тұлға бағдарының бұзылуы туралы шыққан «Идентичность: юность и кризис» кітабы медициналық құбылыс ретінде қарастырылды. Ал оның 1960 жылғы әлеуметтік ғылымдар энциклопедиясында жарық көрген «Идентичность» мақаласы «барабарлылық» («тепетеңдік») терминінің медициналық ұғым шеңберінен асып, әлеуметтік ғылымдар категориясына айналғанын көрсетті.

Ең алғаш рет, жазба деректер бойынша, Ежелгі Дүние өркениеттеріндегі дәстүрлі қоғам дағдарысы б.д.д. VІІІ-II ғасырларда іске асты. К. Ясперс «осьтік уақыт» деп атаған бұл уақыт ішінде әлеуметгік тәртіптің сакралдылығы туралы түсінік жойылды. Нәтижесінде оны қайта негіздеу қажеттілігі туды. Адам алдында қоғам және ондағы адам орны туралы ескі түсініктің ыдырауынан кейін жеке мүдделерді (ең алдыменен индивидтердің емес, өзара байланыстағы коллективтердің-туысқандық, көршілестік, қауымдастық), коллективтерді үйлестіру міндеті туды. Біртіндеп адам индивидуалдылығы туралы рефлексиялар дамыды. Әлеуметгік тәртіптің негіздері сакралды емес, табиғи екендігі туралы түсініктер кең тарады. Индивидуализацияланған ой өзіне тіректі табиғи дүниетәртіп туралы түсініктен іздеді. Көшпенді қазақ та өз орнын сакралдыдан емес, табиғи жаратылыстық болмыс иерархиясынан тапты. Бұл жағдайда қоғам туралы діни түсініктің өзі табиғи жаратылыс идеясына сүйенді.

Бірақ қазіргі мәдениет көріністері бұған дейінгі кезеңдерден өзгеше сипатта. Қазіргі адамда табиғи және айқын, бірмәнді өзіндік образ жоқ. Нақты топтағы адам үшін иденттілік табиғи сияқты көрінгенмен, бүгінгі өмір оны мұндай сенімнен оп-оңай айырып, іс жүзіндегі сәйкессіздікті оңай көрсетіп береді. Сондықтан қазіргі заманғы адам өзін дүние мен қоғамның бірде-бір жерінде бастапқы табиғи үйлесімде қабылдай алмайды.

XX ғасыр адам жағдайы мен орнының, образының тұрақсыздығын, орнықсыздығын қатардағы қалыпты құбылысқа айналдырды. Әңгіме өмірдің әлеуметтік және мәдени динамизмінің кұрылымындағы адам орнына немесе адамның өз-өзі туралы тұрақты түсінігіне кепілдік бермейгіндігінде емес. Тарихта апапылық сезімінің күшейегін кезендері көптеп кездеседі. Бірақ онда адамзат ойына барабарлық кризисі туралы ұғым келген емес.