Түріктердің Исламмен танысуы өте ерте кезеңдерде болғанын айтатындар бар. Яғни түріктер Талас соғысынан бұрын Исламды танып, қабылдаған деп айтылуда. Алайда түріктер 300 жылдық кезеңінде толығымен мұсылман болған. Негізінде VII ғасырдың ортасынан бастау алатын түрік халықтарының Исламмен танысуының нәтижесінде IX, X, XI ғасырларда түрік тайпаларының үлкен бөлігі мұсылмандықты қабылдаған еді. Осылайша алғашқы мұсылман түрік мемлекеттері құрыла бастады. Бүгінгі танда гагауыздар, хакас, тува, алтай, якут, чуваш мен карахиттердің тысында қалған бүкіл түрік халкы мұсылман дінін ұстанады. Ал бұл аты аталған түрік халықтары болса, бүкіл түрік әлемінің 4-5 % шамасындағы бөлікті құрайды.

Иранды Ислам жеріне қосқан мұсылман арабтар Түркістанның шекараларына дейін жетті. Бір қалыпты болған қарым-қатынастарды ұстанған мұсылман арабтар мен түрік тайпалары нәтижесінде Ислам төңірегінде шоғырлаңды. Мұсылман түріктердің Исламға өте маңызды қызметтері болды. Аббасидтер кезеңінде үлкен топ ретінде бірлесқен мұсылман түріктер Аббасидтер мемлекетінің әскери және саяси өмірінде өте маңызды рөлге ие болды. Түріктердің мұсылмандықты қабылдауы; ұлттық тарихымыз бен Ислам тарихының ең маңызды оқиғаларының бірі болып табылады.

Исламды қорғау мен таратуда үстемдікке қол жеткізген түріктер Ислам тарихында маңызды қызметтер атқарды. Алайда олардың мұндай белсенді қызметтері Аббасидтер мемлекетінің билеушілері Мемун мен Мутасымның тұсында ғана болды. Інісі Аминмен жүргізген билік үшін тартыста Мемунның жақтастары болған түріктер әскери және саяси тұрғыдан үстем болып шықты. Түріктер мен арабтардың бір-бірімен карым-қатынас құрулары алғаш рет жаугершіліктің арқасында болған.

Хз. Омардың тұсында Амударияны кесіп өткен Ахнеф ибн Кайстың қол астындағы Ислам әскері түріктермен кездесті. Түріктер болса, бұл кезде Қытаймен соғысуда еді. Мұсылман шабуылшылары бірігіп төменгі Түркістанда орналасқан Бұхара, Ташкент, Самаркант, Бейкент, Ферғана сияқты қалаларға жорық жасады. Омейядтықтар тұсында 665 жылдан бастап төменгі Түркістан жерлеріне түрлі жорықтар жасалды. Зияд ибн Эбихтің Хорасан билеушісі ретінде тағайындаған Хакем ибн Омар Гифари (667 ж.), Убайдуллах ибн Зиядтың (675 ж.) кезендерінде бұл жерлерге өте салмақты жорықтар жасалды. Хз. Османның ұлы Саид (675ж.) пен Сәлим ибн Зиядтың (681 ж.) жасаған жорықтары қомақты орын алды. Сондай-ақ Йезид ибн Мүхеллеб, Кутайба ибн Муслим, Наср ибн Сейяр да төменгі Түркістан мен түрлі түрік жерлеріне жорықтар ұйымдастырды.

Омейядтықтардың тұсында мұсылман арабтар мен түріктердің тығыз байланыста болған жерлерінің бірі Кавказ болып табылады. Хз.Омардың тұсында Әзірбайжан мен Армения басып алынып, мұсылман әскері Кавказ тауларына ат басын тіреді. Аббасидтердің тұсында түріктермен жақын байланыстар құрылды. Әсіресе Талас шайқасы Батыс Түркістанда арабтар түріктермен тікелей байланыс орнатып, қытайлықтарға қарсы одақ құруға себеп болды. Омейядтықтардың ұстанған ұлтшыл саясатының салдарынан түріктер мен арабтардың арасында жақсы қарым-қатынас орнамай, мақсат деп қойылған жақындасу жүзеге аспады.

Керісінше, Аббасидтер өздеріне билікке әкелген Мевалилермен жақсы қарымқатынасты орнатып, мемлекеттік істерде олардың көмегін алды. Түріктер Аббасидтер халифы Муғтасымның тұсыңда Аббасидтер мемлекетінде үлкен ықпалға ие болды. Әскердің үлкен бөлігі мен қолбасшылық олардың қолына өтті. Түріктерден тұратын күштер ішкі көтерілістердің жаншылуы мен Византияға қарсы күресте маңызды қызметтер атқарды. Осылайша Аббасидтер халифы Абу Джафар ал Мансурдың (754-775) тұсында Ислам әскерінде орын ала бастаған түріктер Харун Рашидтың 786-809 тұсында қорғаныс одағын құрды. Мемун мен Муғтасымның тұсында да түріктер мемлекеттің арнайы ордасын құрып, әскери ықпалға ие болуымен қатар, мемлекетті басқару жүйесінде де маңызды артықшылықтарға қол жеткізді.

Аббасидтер халифаты, Муғтасымның тұсында басталған 56 жылдық (836-892) кезенде түріктердің қол астында болды. Сулы әулеті, Хаммад ат-Турки, Мүбарек ат-Турки, Абу Сулейм Фередж әлХадим ат-Турки, Афшин Хайдар ибн Кавус, Ашнас,Боға әл-Кабир ат» Турки, Васф ат-Турки, Аббасидтер мемлекетінің саяси басқару жүйесі мен әскери саласыңда аса үлкен ықпалға ие болған түрік тұлғалары болып табылады.

Түріктердің қатарынан көптеген жоғары дәрежелі қолбасшылар, билеушілер мен саясатшылар шығуымен қоса ғылым, мәдениет пен өнер салаларында да аса қадірлі тұлғалар жетілген. Аймақ басшылығы, аудан басшылығы, кеңесшілік, өмірлік, қолбасшылық атақтарының, ғылым министрлігінің үлкен бөлігі түріктерден тұрды. Ашнас ат-Турки, Инак, Фетх ибн Хакан, Толуноғлы Ахмед сияқты түрік тектес уәлилер; Боға әл-Кабир, Амаджур ат-Турки, Маңджур, Бектемир ибн Таштемир сияқты аудан басшылары; Васф, Сима ад Дымашки, Ашнас сияқты кеңесшілер мысал болатындардың қатарындағы есімдер болып табылады. X ғасырға аяқ басқанда Аббасидтер мемлекеті басшыларының ықпалы азайып, мемлекет әлсіреді. Орталықтан ұзақта орналасқан аймақтар мен әмірліктер мүмкіншілітерді пайдаланып, дереу тәуелсіздікгерін жариялай бастады.

Аббасидтер мемлекеті осындай бір ыдырау кезеңінде Византия империясы мұсылмандар өмір сүретін жерлерге шабуыл жасау үстінде еді. Ислам әлемінің осылайша ыдырауға бет алған тұсында тарих сахнасында жаңа бір күш пайда болды. Салжұқ түріктері деген атпен тарих сахнасына шыққан бұл күш өте қиын бұл кезенде Исламның өн басшылары әрі мұсылман әлемінің қорғаушылары болды. Омейядтықтар кезеңінде бірнеше түрік елдеріне бағытталған жаулау саясатының нәтижесінде VII ғасырдан бастап Исламды қабылдай бастаған түріктер X ғасырдан бастап алғашқы мұсылман түрік мемлекеттерін құра бастады. Кезекпен Еділ (Волға) бұлғарларының мемлекеті (921), Карахандықтар мемлекеті (945), Ғазналықтар мемлекеті (963) мен Салжұқ мемлекеті (1038) құрылды. Мұсылман түрік мемлекеттерінің құрылған кезеңі болып табылатын X ғасыр Ислам өркениетінің гүлденген ғасыры болып есептелінеді.

Түріктер де барлық мүмкіншіліктерін пайдаланып, аталмыш өркениетгі дамытуға бар күшін салды. Ислам мен мұсылмандар үшін қызмет етудің ізденісі іщінде еді. 1055 жылдан бастап Исламның камқоршысы болды. Бұл жағдай 1058 жылы аббасидтер халифының сыйлаған атағы арқылы ресми деңгейге қол жеткізді. Бір жағынан Аббасидтер халифатының көтерілістерін тыншытса, бір жағынан Византия империясының шабуылдарын тоқтатты. Пікір айырмашылықтары мен алауыздықты жою мақсатымен медреселер құрып, ғылымның дамуы мен мәдениеттің баюы үшін қызмет атқарды.

Мұсылмандықты қабылдаған түріктер мемлекет құру дәстүрін кейбір түрік тектес аймақ басшыларының құрған мемлекеттері арқылы жүзеге асырды. Толунидтер (868-905), саджидтер (890-929), Ихшидтер (935-969) Бағдат халифатының әлсіреген кезеңінде пайда болған алғашқы түрік мемлекеттері болып табылады. Жартылай тәуелсіз мемлекет болып есептелінетін бұл үш мемлекеттің біріншісін Аббасидтер мемлекетінің Мысырдағы билеушісі Ахмед ибн Толун Хиджра жыл санауы бойынша 254 жылы (біздің жыл санағымыз бойынша 868 жылы) құрды.

37 жыл Мысырда билік құрған бұл екі алғашқы мұсылман түрік әулеті карматилермен жүргізген соғыстардың нәтижесінде әлсіреп, Хиджра жыл санағы бойынша 292 жылы (біздің жыл санағымыз бойынша 905 жылы) жойылды. Ушрусаналық саджидтер әулетін Абу ас-Садж Дивдад ибн Юсуф Дивдестің ұлы Мұхаммед әл-Афшин 890 жылы Әзірбайжаңда құрды. Саджидтер әулетінің Әзірбайжан мен жарым жартылай Армениядағы билігі 890 жылдан бастап 929 жылдың соңына дейін созылады. Ішкі және сыртқы саясатта тәуелсіздік мәртебесі жағынан саджидтер, толунидтер мен Ихшидтер әулеттерінің ішінде екінші орынға болды. Ихшидтер болса, Мысырда толунұлдарының құлдырауынан 30 жыл өткеннен кейін пайда болған түрік әулеті болып табылады.

Ихшидтер мемлекетінің негізін қалаған. Мұхаммед ибн Тоғуч ұзақ уақыт Аббасидтер халифатына қызмет атқарған әскеридің отбасынаншыққан болатын. 935 жылы Мысыр билеушісі болып тагайындалған Мұхаммед ибн Тоғуч қысқа мерзім ішінде әулетті қурды. Аббасидтер халифатына тәуелді болған ихшидтер әулеті 34 жыл өмір сүріп, Aбу әл-Феварис Ахмедтің билік құрған кезеңінде (968-969) фатимидтердің шабуыддарының саддарынан ыдырады. Ихшидтер мемлекеті дәл толунидтер сияқты нәсіл тұрғысынан шет елде кұрылған, алайда ұйымшылдығы мен күштілігінің арқасында өз болмысын мойындаткан мемлекет. 1038 жылы тәуелсіздікке қол жеткізген салжұқтар әуелі Хорасанды жаулап алып, кейін Иран жеріне кірді. Ішкі қарамақайшылықтармен айналысып жатқан Ғазналықтар мемлекеті жерлерін салжұқтарға беруге мәжбүр болды. Шииттік бувейхидтердің Бағдаттағы билеушісі Арслан Бесасири де түрік болатын. Ол Аббасидтер халифы Каймның ықпалы мсн мәртебесін толығымен қолынан тартып алғысы келді. Халиф Кайм болса салжұқ сұлтаны Туғрул Бейден көмек сұрады. Туғрул Бей көмек көрсететіндігін білдірді.

Сөйтіп ол 1055 жылы Бағдатқад кіріп барды; Арслан Бесасири Бағдаттан қашып, Мысырда билік құрған шииттік Фатимидтер мемлекетін паналады. Екінші мәрте Бағдатты жаулшы алған Арслан Бесасириді өлтірген Туғрул Бей Мысыр мен Сириядан баска аббасидтердің барлық жерлеріне өз үстемдігін орнатып, Салжук мемлекетін құрды. Аббасидтер халифы Кайм маңызды көмегі үшін Туғрул Бейге «Шығыс пен Батыстың билеушісі» деген атақ берді. Салжұқ мемлекетінің билеушілері Туғрул Бектің (1037-1063), жиені Алпарслан (1063-1072) мен Алпарсланның ұлы Мелікшахтың (1072-1092) тұсында салжұқтар гүлдену кезеңін бастан кешіРимен қоса Исламға да шынайы түрде қызмет көрсетті. Ислам жерлеріне қарсы ұйымдастырылған жорықтарды тоқтатты. Мұсылман түрік тайпаларына Анадолыға жол ашып, Анадолыда өмір сүретін халықтардың мұсылмандануын қамтамасыз етті. Мұсылмандардың қамқорлығы мен Исламның өкілеттілігін атқарды.

Алайда салжұқтар Мелікшахтың өлімінен кейін күшін жоғалтып, Иран салжұқтары, Ирак салжұқтары, Анадолы салжұктары деген тәуелсіз мемлекеттерге ыдырап кетті. Анадолы салжұқтары Ислам дінінің ең үлкен кедергісі болып табылған және мұсылмандарға қарсы жорықтар ұйымдастырын отырған Византияға қарсы соғыс жариялады. Азия жерлері мен күшқуаттың үлкен бір бөлігінен айырылған Византия салжұқтардың Анадолыға орналасуы мен Исламды таратуына кедергі жасай алмай қалды. Византия империясы папа VII Грегордан бұл жағдайды түзету үшін көмек сұрауға мәжбүр болды. 1085 жылы папа II Урбанның ұйымдастыруымен Европада ортақ христиан әскері кұрылды. Францияда дайындық көрген қалың әскери қол Анадолыға жіберілді.

Өкінішке орай, бұл кезде Анадолы салжұқтары ішкі тартыстары мен билік үшін күрестерінің нәтижесінде бірнеше кішігірім биліктерге бөлініп қалды. Бірінші крест жорығына қарсы қоятын күші болмады. Сол себептен крестшілер Анадолы салжұқтарының сұлтаны Кылыч Арсланды жеңіп, астанасы Изник қаласын жаулап алды. Дегенмен де, салжұқтар Ислам әлемін христиан зомбылығынан қорғап калу үшін үлкен күшжігер жұмсап, қаһармандық танытты.