Сыртқы дүние және өз тәніміз туралы білімдеріміздің басты қайнар кө­зі түйсік болып табылады. Ол адамға қоршаған ортада бағдарлануға мүм­кіндік бере отырып, сыртқы дүние құбылыстары мен организм күйі ту­­ралы ақпараттарды миға жеткізетін жолдарды құрайды. Таным әре­ке­ті­нің эволюциялық дамуында түйсік организмнің айнала қоршаған дүниені бағ­­дарлаудың бастапқы формасы болып табылады. Түйсікпен психиканың та­­нымдық, эмоциялық және басқарушы жақтары тығыз байланысады.

Түйсік адамға сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының және ор­га­­низм күйінің сигналдарын қабылдап, қасиеттері мен белгілерін бей­не­леу­ге мүмкіндік береді. Олар адамды сыртқы дүниемен байланыстырып, та­нудың негізгі қайнар көзі ретінде психикалық дамудың негізгі шарты бо­лып табылады. Ішкі және сыртқы әсерлер түйсіктері қосылып адам­дар­да тілек тудырады, ерік импульсінің бастауы болады. Мақсатқа жетуге ба­ғыт­талған әрекеттер түйсік арқылы реттеліп отырады.

Түйсіктің өмірлік мәні оның әрқашан сезімдік, эмоциялық сипатта бо­латындығымен байланысты. Мысалы, түстердің адамға әр түрлі пси­хо­фи­зи­о­логиялық әсер ететіні тәжірибеде дәлелденген. Сонымен қатар салмағы бір­дей ақ және қара жәшікті алып қарағанда ақ жәшіктің қара түсті жә­шікке қарағанда жеңілірек көрінетінін байқауға болады.

Сезімдік танымның және адамзат санасының негізгі элементі түйсік бо­лып саналады. Түйсік – бұл сезім мүшелеріне тікелей әсер ететін зат­тар мен құбылыстардың жекелеген қасиеттерін бейнелеу.

Түйсік үрдісі қалай өтеді. Түйсіктің рефлекторлық табиғатына тоқ­та­лайық:

Ақпараттарды қабылдау құрылымы келесі кезеңдерден тұрады:

Т → СМ → НИ → М → Т ҚТ → ЕЭ → ЗТ → ОӘ → Ұ → З.

Тітіркендіргіштер (есту, көру т.б.) Т сезім мүшелеріне (СМ) әсер ете­ді, нәтижесінде нервтік импульстер туындайды (НИ), олар нервтік өт­кізу­ші жолдар бойымен миға түседі (М), онда ақпарат өңделіп, жеке түйсіктер қа­лыптасады (Т), қабылдаған заттардың біртұтас бейнесі жасалады (ҚЗ), ол ес эталонымен (ЕЭ) салыстырылады да, заттарды тану (ЗТ) басталады, кейін келіп жатқан ақпараттарды және өткен тәжірибелерді ойша са­лыс­тыру кезінде ойлау әрекеті (ОӘ) арқылы ұғыну (Ұ), ақпаратты түсіну туын­дайды. Мұнда зейін (З) ақпаратты қабылдап, тануға бағытталуы керек.

Түйсік – заттардың сезім мүшелеріне әсер еткен кезінде ғана пайда бо­лады. Түйсіктің физиологиялық аспектісі сезім мүшелері – дененің шет аймақтары немесе ішкі мүшелерінде орналасқан сыртқы және ішкі ор­та­дағы белгілі бір тітіркендіргіштердің әсерін қабылдауға маманданған ана­то­миялық-физиологиялық аппарат. Сезгіш нервтердің ұштары әр сезім мү­ше­сінің басты бөлігі болып табылады, ол рецептор деп аталады. Ті­тір­кен­дір­гіштің рецепторға әсер етуі сезгіш афференттік нерв арқылы үлкен ми сы­ңары қыртысының белгілі бір бөліміне баратын нервтік импульстердің пайда болуына әкеледі. Жауап қайтару реакциясы эфференттік нерв ар­қы­лы беріледі. Сыртқы және ішкі ортадан әсер еткен белгілі бір ті­тір­кен­дір­гіш­терді қабылдауға және оны түйсінуге маманданған анатомиялық-фи­зио­логиялық апаратты И.П.Павлов анализатор деп атады. Әрбір ана­ли­за­тор үш бөліктен тұрады:

I Шеткі бөлім немесе рецептор. Мұнда белгілі энергия әсерлері нер­в­тік процеске тасымалданады. Оларды сезім мүшелері деп атайды. Сезім мүшелері жоғары сезгіштігімен ерекшеленеді және белгілі бір ті­тір­кен­діргіштерді қабылдауға бейім.

II Сезгіш нервтер (афферентті), мұнда қозу анализаторларды орталық бөліміне беріледі.

III Анализаторлар орталығы – ми қыртысының маманданған учаскесі, мұнда шеткі бөлімдерден келген нервтік импульстер өңделеді.

Түйсіну табиғаты туралы түсініктердің қалыптасуы

Философия тарихында философ-идеалистер біздің саналы өміріміздің қайнар көзі түйсік емес, сыртқы дүниеден түсетін ақпарат ағымына тәу­елсіз, табиғаттан берілетін сананың ішкі күйі, саналы ойлау қабілеті деген пі­кірді жиі айтты. Бұл пікір рационализм философиясы негізіне жатты. Оның мәні психикалық процестер күрделі тарихи дамудың жемісі емес, адам­зат рухының бастапқы, түсіндірілмейтін қасиеті деген пікірмен нә­ти­же­ленеді. Философ идеалистер (Д. Беркли, Д. Юм, Э. Мах) мен көптеген пси­хологтар (Мюллер, Гельмгольц) түйсінулер адамды сыртқы дүниемен бай­ланыстырады деген тұжырымды теріске шығарып, керісінше, түй­сік­тер адамды сыртқы дүниеден бөледі, адам сыртқы дүниенің әсерлерін емес, тек өзінің субъективті күйін ғана бейнелейді деп “сезім мүшелерінің спе­цификалық энергиясы” теориясын жасады. Бұл теория бойынша сезім мү­шелерінің әрқайсысы (көз, құлақ, тері, тіл) қоршаған ортада өтетін про­цес­тер жайлы ақпарат бермейді, сыртқы дүние әсерлерін бейнелемейді, олар тек өзінің процестерін қоздыратын сыртқы әсерлер түрткілерін ғана ала­ды. Мәселен, көзде жарық түйсігін тудыру үшін оған электрлік токпен әсер ету немесе құлақта дыбыс түйсігі пайда болуы үшін механикалық не­ме­се электрлі тітіркендіру жеткілікті. Аталған қағидадан сезім мү­ше­ле­рінің сыртқы әсерлерді бейнелемей, сол сыртқы әсерлер арқылы қозатыны не­месе адам сыртқы ортаның объективті әсерлерін қабылдамай, сезім мү­ше­лерінің өзінің субъективті күйлерін ғана бейнелейтіндігі жайлы тұ­жы­рым жасалады. Бұл тұжырым бойынша сезім мүшелері адамды сыртқы дү­ни­емен байланыстырмайды, керісінше, адамды одан бөледі. Сонымен, атал­мыш теория адам объективті дүниені қабылдай алмайды және адам­ның шындығы оның сезім мүшелерінің қызметін бейнелейтін субъективті про­цестер болып табылады деген тұжырымға келді. Бұл тұжырым адам өзін-өзі ғана тани алады деген түсінікке саятын субъективті идеализм фи­лософиясының негізіне жатты. Бұл теория солипсизм (латыннан аудар­ғанда solus – бір, ipse -өзім; “тек мен өзім ғана өмір сүремін” дегенді біл­ді­ре­ді).

Адам түйсігі бір жағынан объективті, өйткені онда әрқашан сыртқы ті­тіркендіргіштер бейнеленеді, екінші жағынан субъективті, демек ол нерв жүй­есі мен жеке ерекшеліктер күйіне байланысты. Психологияда ХІХ ғ. со­ңы мен ХХ ғ. басында сезім мүшелері (рецептор) әсер еткен ті­тір­кен­дір­гіш­терге пассивті жауап береді, бұл пассивті жауаптар белгілі бір түй­сі­ну­лер деген түсініктер қалыптасты. Бұл концепция түйсіктің рецепторлық тео­риясы деп аталынды. Бұл теория бойынша түйсіну – пассивті процесс.

Қазіргі кезеңде түйсіну активті (белсенді) процесс болып табылады. Бұл түсінік түйсіктің рефлекторлық теориясына жатады. Көптеген зерт­теу­лер әрбір түйсіну негізіне кейде вегетативті реакция (тамырдың қы­сы­луы), кейде бұлшықет реакциясы (көзді айналдыру) түріндегі қозғалыстар кі­ретінін дәлелдеді.

Түйсік түрлері

Қоршаған ортаны танудағы алғашқы психологиялық процесс – түйсік бо­лып табылады. Түйсік – объективті, себебі онда әрқашан сыртқы ті­тір­кен­діргіштер бейнеленеді, екінші жағынан субъективті, өйткені түйсік нерв жүйесі мен оның жеке ерекшеліктеріне де байланысты.

Ағылшын физиологы И. Шеррингтон түйсіктің үш негізгі тобын бөлді:

  • экстерорецептивті, сыртқы стимулдардың дененің бетінде ор­на­лас­қан рецепторларға әсер еткенде пайда болатын түйсіктер.
  • интерорецептивті (органикалық) организмнің күйін бейнелейтін түй­сіктер (ашығуды, шөлді, ауруды т.б. түйсіну).
  • проприорецептивті бұлшықет және сіңірлерде орналасқан. Бұл ре­цеп­торлар арқылы ми дене қозғалысы және дене бөліктерінің күйі ту­ралы ақпарат алады.

Шеррингтон схемасы экстерорецептивті түйсіктерді дистантты (көру, есту) және контактылы (сипай сезу, дәм сезу ) деп бөлуге мүм­кін­дік береді. Иіс сезу түйсіктері аралас болып саналады. Едәуір ерте пайда бол­ған түйсіктер органикалық (ең алдымен – ауруды) сезгіштік, содан соң контактылы (тактильді, яғни сипай сезу) түрлері. Және де эволюция жа­ғынан ең жасы рецепторлардың көру және есту жүйесі деп саналады. Адам­зат психикасының қызмет етуі үшін көру (сыртқы дүние туралы ақ­па­раттың 85%-ы), есту, тактильді, органикалық, иіс және дәм сезу түйсік­те­рі маңызды болып табылады.

А.Р. Лурия түйсіктер екі негізгі принциптермен жіктеледі деп са­найды: 1) жүйелілік принцип және 2) генетикалық принцип (модальдығы жә­не құрылымы) бойынша;

Түйсіктер ірі және маңызды топтармен жүйелі жіктеу бойынша үш не­гізгі типтерге: интероцептивті, экстероцептивті және проприоцептивті бо­лып бөлінеді.

Генетикалы жіктеу бойынша сезгіштіктің екі түрі бөлінеді: 1) про­то­па­­тиялық (органикалық түйсіктер ашығу, шөлдеу т.б. жатады) және         2) эпи­­­критикалық сезгіштіктер (адамның негізгі сезім мүшелері жатады). Эпи­­критикалық сезгіштік протопатиялық сезгіштікті қадағалап отырады.

Түйсіктердің алуан түрлерін бөлуге болады. Әдетте, түйсіктерді жік­теу­де келесі өлшемдер қолданылады: 1) түйсікті тудыратын ті­тір­кен­дір­гіш­термен рецептордың тікелей байланысы бойынша; 2) рецепторлардың ор­наласауы бойынша; 3) эволюция барысында пайда болу мерзімі бой­ын­ша; 4) модальдығы (түрі) бойынша.

Тітіркендіргіштер модальдығы (модальдық – белгілі бір сезім мү­ше­сі­не тиісті түйсіну және қабылдаудың сапалық сипаты) бойынша түй­сік­тер­ді көру, есту, иіс сезу, дәм сезу, тактильді, статикалық және ки­нес­те­зи­я­лық, температуралық, ауру түйсіктеріне бөледі.

Аталған түйсік түрлерін қысқаша баяндайық.

Көру түйсіктері – көру анализаторының рецепторы болып табылатын көздің сезгіштік бөлімі торлы қабыққа жарық сәулелерінің (элек­тро­маг­нитті толқындар) әсер етуі нәтижесінде пайда болады. Жарық торлы қа­бық­тағы екі түрлі жарықты сезуші клеткаларға сыртқы пішініне қарағанда таяқ­ша және құтышаларға әсер етеді.

Есту түйсіктері – бұл түйсіктер дистантты түйсіктерге жатады және адам өмірінде үлкен маңыз алады. Есту арқасында адам сөздерді естіп, өз­ге адамдармен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік алады. Есту ті­тір­кен­дір­гіш­тері дыбыстық толқындар – ауаның көлденең тербелістері. Адамның ес­ту мүшесі 1 секунд ішінде дыбыстың 16-дан 20 мыңға дейінгі тер­бе­ліс­те­рін сезеді. Есту түйсіктері: дыбыстық толқындардың жиілігіне бай­ла­ныс­ты дыбыс жоғарылығын, тербелістер амплитудасына байланысты ды­быс қаттылығын, дыбыстық толқындар түрі – дыбыс тембрін бейнелейді.

Барлық есту түйсіктері үш түрге бөлінеді. Олар сөйлеу, музыка және шуыл­дар.

Діріл түйсіктері – есту түйсігіне діріл түйсігі шектеседі. Діріл түй­сік­те­рі серіппелі ортадағы тербелістерді бейнелейді. Сезгіштіктің бұл түрін “контактылы есту” деп атайды. Адамда арнайы діріл рецепторлары бол­майды. Қазіргі кезде діріл сезімін сезгіштіктің ең көне түрінің бірі деп са­найды. Сыртқы және ішкі ортаның дірілін организмнің барлық ұлпалары бей­нелендіре алады. Дірілді сезгіштік есту мен көруге бағытталған.

Иіс сезу түйсіктері – қоршаған дүниедегі заттардың иісін бейнелейді. Иіс түйсіктерінің мүшесі мұрын қуысының жоғары бөлігінде орналасқан иіс сезуші клеткалар болады.

Жоғарыда айтылған контактылы түйсіктер тобына дәм, тері (ауру, так­тильді, температуралық) түйсіктер кіреді.

Дәм түйсіктері сілекей немесе суда еритін заттардың дәм ре­цеп­тор­ла­рына әсер етуінен туындайды. Дәм рецепторлары – тіл, жұтқыншақ жә­не таңдай бетінде орналасқан.

Тері түйсіктері. Теріде бірнеше анализаторлық жүйелер бар: так­тильді (жанасуды сезу), температуралық (суық, жылуды түйсіну), ауру.

Тактильді сезгіштік жүйесі (қысымды, жанасу, дірілді түйсіну) адам­ның барлық денесін қамтиды. Тактильді сезгіштік клеткалар жи­ын­ты­ғы алақанда, саусақ ұштарында және ерінде байқалады. Қолдың тактильді түй­сіктері бұлшықет – буын сезгіштігімен қатар сипай сезуді құрайды, осы­­­ның арқасында қол заттардың пішінін, кеңістіктегі жағдайын бей­не­лей­ді. Тактильді түйсіктер тері түйсіктерімен қатар адамды тікелей бай­ла­ныс­тыратын дене жағдайы (тегіс, кедір-бұдыр, жабысқақ, сұйық т.б.) ту­ра­лы ақпарат бере отырып, осы денелердің температуралық параметрлері ту­ралы да ақпарат береді.

Егер дененің бетіне жанасып, одан соң оны баса түссек, онда қысым ауру түйсігін тудыруы мүмкін. Сондықтан да, тактильді түйсік заттардың қа­сиеті (сапасы) жайлы ақпарат береді, ал ауру түйсіктері – организмге тітір­кендіргіштерден аулақтау қажеттігі туралы сигнал береді және олар­дың айқын эмоциялық қалпы болады.

Тері сезгіштігінің үшінші түрі – температуралық түйсіктер – ор­га­низм мен сыртқы орта арасындағы жылудың алмасуын басқарады. Жылу жә­не суық рецепторлары теріде тең орналаспаған. Адамның арқасы суық­қа өте сезімтал болып келеді.

Дененің кеңістікте орналасу қалпын бейнелейтін – статикалық түй­сіктер. Оның рецепторлары ішкі құлақтағы вестибулярлық аппаратта ор­на­ласқан. Дене қалпының жер жазықтығына қатысты күрт және жиі өз­ге­ре беруі (әткеншек тебу) бастың айналуына әкеп соғады.

Органикалық түйсіктерге ең алдымен ашығуды сезу, шөлдеу, тою, сон­дай-ақ ауру және жыныстық түйсіктер комплексі жатады. Ашығу се­зі­мі гипоталамуста орналасқан мидың тамақ (асқорыту) орталығы қозу ке­зін­де пайда болады.

Түйсіктің жалпы қасиеттері. Түйсік түрлері тек спе­ци­фи­ка­лы­лы­ғы­мен ғана емес, сондай-ақ ортақ қасиеттерімен де сипатталады. Мұндай қа­сиеттерге: сапасы, қарқындылығы, ұзақтығы және кеңістіктік ло­ка­ли­за­ци­ясы жатады.

Сапасы – әрбір түйсінудің өзіндік ерекшелігі болады. Мысалы, есту түй­сіктері дыбыс жоғарылығымен, тембрі, қаттылығымен, ал көру түй­сік­тері – жарықтылығымен, қанықтылығымен, түсімен сипатталады.

Қарқындылығы – әсер етуші тітіркендіргіштердің күшімен және ре­цеп­тордың қызметтік күйімен анықталады.

Ұзақтығы – сезім мүшелерінің функционалдық күйімен, ті­тір­кен­­­дір­­гіш­тердің әсер ету уақытымен және оның қарқындылығымен анық­та­­ла­ды. Сезім мүшесіне тітіркендіргіш әсер еткенде түйсік бірден пайда бол­­май­ды, бірнеше уақыт – түйсіктің латентті кезеңі өткеннен кейін пай­­­­да бо­лады. Түйсік түрлерінің латентті кезеңі бірдей емес: мысалы, тактильді түй­сіктің латентті кезеңі 130 мс, ауру түйсіктерінікі – 370 мс, ал дәм түй­сік­терінікі – 50 мс құрайды.

Тітіркендіргіштердің кеңістіктегі локализациясы – бұл түйсіктің кез келген бейнесі құрамында тітіркендіргіштердің кеңістікте орналасу эле­менті бар деген сөз. Түрлі түс, жарық, дыбыс өздері шыққан көздермен ара қатынаста болады. Тактильдік, ауырғанды сезу, температуралық түй­сік­тер осы түйсіктерді туғызатын дене мүшелерімен арақатынаста бо­ла­ды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *