Түйсіктің әрбір түрі спецификалық ақпарат береді. Дегенмен де, түй­сіктің барлық түрлеріне тән жалпы заңдылықтары болады. Оларға сез­гіш­тік деңгейлері немесе “түйсік табалдырықтары”, олардың бейімделуі жә­не өзара әрекеттесуі, синестезия.

Сезгіштік – бұл тітіркендіргіштің жиіліктері мен сапасын тану қа­бі­ле­ті. Түйсік қарқындылығы мен туындаған тітіркендіргіш күші ара­сын­да­ғы психологиялық тәуелділікті “түйсіктің табалдырығы” немесе сез­гіш­тік табалдырығы деп атайды.

Күнделікті қарапайым өмір тәжірибеміз, түйсіктің пайда болуы үшін ті­тіркендіргіштің белгілі бір күшке, шамаға жету керектігін көрсетеді. Бұ­ған оңай сенуге болады. Мысалы, кеседегі суға бір қасық қант салып, дә­мін татысақ, әлі де тәттіні сезе қоймаймыз. Осының үстіне тағы да қантты мо­лы­рақ салсақ, судың тәттілігін сеземіз. Бұл өте әлсіз түйсікті ту­ды­ра­тын тітіркендіргіштің минималды күші сезгіштіктің төменгі абсолютті та­бал­дырығы деп аталады.

Әрбір анализатордың сезгіштігі әртүрлі. Адамда көру және есту ана­ли­заторларының сезгіштігі өте жоғары. Анализаторлардың абсолютті сез­гіш­тігі түйсінудің төменгі табалдырығымен ғана шектелмейді, сондай-ақ жо­ғары табалдырығымен де ерекшеленеді. Сезгіштіктің жоғары аб­со­лют­ті та­балдырығы деп тітіркендіргіштің максималды күшін айтады. Тым күшті тітіркендіргіштер түйсік орнына ауру тудырады. Абсолютті та­балдырық­тар жиілігі (төменгі, жоғары) әр түрлі жағдайларға бай­ла­ны­с­ты өзгереді. Ол адам іс-әрекеті мен жасына, рецепторлардың фун­кци­о­нал­ды күйіне, ті­тір­кену күші мен ұзақтығына байланысты.

Түйсіктер абсолюттік сезгіштік табалдырығымен қатар, “айыру та­бал­дыры­ғымен” де сипатталады. Түйсіктердің күші немесе сапасында сәл ға­на айырмашылық туғызатын әсер тітіркендіргіш күшіне қосылған аз ға­на қосымша – дифференциалды табалдырық немесе айыру сез­гіш­ті­гі­нің та­балдырығы деп аталады. Осы табалдырық арқасында біз сыртқы жә­не ішкі орта параметрлерінің өзгерісін. Ауырлық деңгейін, дыбыс, виб­ра­ция кү­шінің жоғарылауын немесе төмендеуін, жарық деңгейін үнемі аң­ғарып отырамыз.

Б.Г. Ананьевтің пікірінше, айыру сезгіштігі күрделі ой процесі – са­лыс­тырудың қайнар көзі болып табылады. Айыру сезгіштігінің дамуында сөз­дің ролі ерекше. Сөз түйсікте сәл байқалған айырмашылықтарды ажы­ра­тып, адам бейнелейтін объект қасиеттерінің сапалық-сандық сипатына кө­ңіл аударады және байқағыштықты дамытады.

Түйсінулер мен қабылдау туралы тұңғыш эксперимент жүргізген И.Ве­бер. Ол көбіне тері түйсіктерінің тітіркену және айырмашылық та­бал­ды­­рықтарын зерттеп, әсер етуші тітіркендіргіштер мен олардың нә­ти­же­сі­нен пайда болатын түйсіктің заңдылық қатынастарының бар екендігін айт­ты. Айыру табалдырығы тітіркендіргіштер арасындағы болмашы ми­ни­мал­­ды айырмашылықтарды түйсіну болып табылады.

И. Вебер адамның оң және сол қолындағы екі заттың ауырлығын се­зі­ну қабілетін тексере келе, айыру сезгіштігі абсолютті емес, салыстырмалы деп тұжырымдады. Мысалы, қолда тұрған 100 граммға түйсінуді ұлғайту үшін тағы 3,4 гр. қосу керек. Сондықтан да, алғашқы тітіркендіргіш ша­ма­сы көп болған сайын, оған қосылатын қосымша да көп болу қажет.

Кейін Г.Т.Фехнер Вебер зерттеулеріне сүйене отырып, түйсіктерге экс­пе­римент жүргізді. 1860 жылы “Элементы психофизики” атты еңбегін шы­­ғарды. Ол психофизиканың басты міндеті физикалық және психикалық әлем арасындағы байланысты зерттеу деп санады. Фехнер сезгіштік та­бал­ды­рығы проблемасына баса мән берді. Біздің барлық сезім мүшелеріміз мүм­кіндігі шектеулі. Мысалы, біз бес, он, жиырма метр қашықтықта еркін сөй­лесе аламыз, ал егер біздің сөйлесіп отырған серіктесіміз бізден бес мет­р­ге ұзақтаса сөйлесу мүмкін болмайды. Сондықтан да, Фехнер мен оны жақтаушылар пікірінше, барлық стимулдар физикалық ин­тен­сив­ті­лі­гі бойынша түйсінетін және түйсінбейтін болып бөлінеді.

Фехнердің айтуынша, түйсік қарқындылығы тітіркендіргіштер күшіне бай­ланысты. ол мына формуламен бейнеленеді:S=KIg +C (S — түйсік ин­тен­­сивтілігі; g – тітіркендіргіш күші, К және С – константалар). Бұл қа­ғида бойынша, түйсіну интенсивтілігі (қарқындылығы) тітіркендіргіш кү­ші логарифміне пропорционалды болып келеді. Бұл түйсіктің пси­хо­фи­зи­ка­лық заңы деп аталады. Сонымен, Вебер-Фехнер тітір­кен­дір­гіш күші мен адам түйсігінің арасындағы байланысты заң түрінде тұ-жы­рым­дады. Осы заң бойынша тітіркендіргіш күші геометриялық прогрессия жолымен кө­бейсе, түйсіктер интенсивтілігі арифметикалық прогрессия жолымен өсе­ді. Айыру табалдырығы жоғары болған сайын, айыру сезгіштігі төмен бо­лады.

Сезгіштік табалдырықтары әр адам үшін өзінше дара. Бұл та­бал­ды­рық­­тар шамасы көптеген себептерге байланысты. Әсіресе, сезгіштік си­па­ты­на адамның іс-әрекеті, оның қызығулары, мотивтері, кәсібі, жат­ты­ғу­ла­ры әсер етеді.

Сигналдарды айыру шамалары, яғни айыру дәлдігі мен жыл­дам­ды­ғы­ның максимумға жетуі түйсіктің оперативті табалдырығы деп ата­лады. Опе­ративті табалдырық дифференциалды табалдырықтан 10-15 есе жо­ға­ры. Сонымен қатар, зерттеушілер уақытша, кеңістіктік-уақытша және ла­тент­ті табалдырықтарды да бөледі. Уақытша табалдырық – бұл түй­сік­ті ту­дыруға қажет тітіркендіргіш әсерінің ұзақтығының өлшемі. Ке­ңіс­тік­тік та­балдырық – реакция кезеңі, сигналды беру сәтінен түйсіктің пай­да бо­лу сәтіне дейінгі аралық уақыт.

Адаптация құбылысы. Адаптация (бейімделу) құбылысы – сез­гіш­тік­­тің табалдырықтары төмендеп немесе жоғарылағанда әсер етуші ті­тір­кен­­­діргішке бейімделуі. Адаптация белгілі бір уақытты талап етеді. Бұл уақыт­тың өзі әрбір сезім мүшелері үшін әр түрлі. Мысалы, қараңғы бөл­ме­де көру сезгіштігі 30 минут шамасында ғана пайда болады, есту мү­ше­ле­рі­нің бейімделуі едәуір жылдамырақ, адамның естуі қоршаған фонға 15 се­кун­да бейімделеді.

А.В. Петровский редакциялығымен шығарылған оқулықта бейім­де­лудің үш түрі бөлінеді:

  1. Тітіркендіргіштердің ұзақ уақыт әсері процесінде түйсіктің толық жо­ғалуы ретіндегі бейімделу. Мысалы, тұрақты тітіркендіргіштер әсер ет­кенде түйсіктер сөне бастайды, мәселен, терідегі жеңіл жүктер түйсінілмейді немесе белгілі бір нәрсені ауызда біраз уақыт ұстағанда түйсіну әлсірей бастайды.
  2. Күшті тітіркендіргіштің әсерінен түйсіктің әлсіреуі ретіндегі бей­ім­де­лу. Мысалы, қолды суық суға салу, қараңғы бөлмеден жарыққа шық­қанда бастапқыда ешнәрсенің көрінбеуі. Бұл аталған бейімделу түр­лерін жағымсыз (негативті) адаптация деп атауға болады, өйткені олар­дың нәтижесінде анализаторлар сезгіштігі төмендейді.
  3. Сонымен қатар, адаптация деп әлсіз тітіркендіргіштердің әсерімен сез­гіштіктің жоғарылауын айтады. Бұл адаптацияны жағымды (по­зи­тивті) деп атауға болады. Көру анализаторында қараңғы әсерінен сез­гіштік артқан кезде, көздің қараңғыға бейімделуі – жағымды адап­тация болып табылады.
Түйсіктің өзара әсері. Сенсибилизация.

Түйсіктердің өзара әсері дегеніміз – бір анализатор жүйесі сез­гіш­ті­гі­нің басқа талдағыш жүйесі әсерінен өзгеруі. Түйсіктердің өзара әсерінің жал­­пы заңдылығы мынадай: бір талдағыш жүйесіндегі әлсіз ті­тір­кен­дір­гіш­тер басқа жүйенің сезгіштігін арттырады, күштілері төмендетеді. Мы­са­­лы, дәмдік әлсіз түйсіктер (қышқыл) көру сезгіштігін арттырады, өзара әсер есту мен көру түйсігінің арасында –байқалады.

Көптеген зерттеулерде түйсіктердің өзара әсерінен сезгіштіктің өз­ге­руі туралы деректер кездеседі. Көру анализаторының сезгіштігі есту ті­тір­кендіргіштерінен өзгереді.

С.В.Кравковтың өткізген зерттеулері бойынша сезім мүшелерінің еш­қай­сысы басқа сезім мүшелерінің қызметінен әсер етпей жұмыс істей ал­май­ды. Мәселен, дыбыстық тітіркендіргіштер (ысқыру), көрудің жарық ті­тір­кендіргіштеріне сезгіштігін арттырады, керісінше, есту ті­тір­кен­дір­гіш­те­рі ретінде қатты шуылдар қолданса, онда көздің айыру сезгіштігі тө­мен­дей­ді, сондай-ақ көру сезгіштігі кейбір дәм сезу тітіркендіргіштері әсе­рі­нен де артады. Мысалы, жағымсыз иістен көру сезгіштігінің төмендеуі бай­қалады.

Анализаторлардың өзара әсері және жаттығу нәтижесінде сезгіштіктің ар­туы сенсибилизация деп аталады.

А.Р.Лурия сенсибилизация типі бойынша сезгіштіктің артуының екі жа­ғын бөледі: біріншісі ұзақ әрі тұрақты сипатта, организмде болатын тұ­рақ­­ты өзгерістерге байланысты болады. Екіншісі – уақытша сипатта субъек­тінің (физиологиялық және психологиялық) күйіне шұғыл әсер етуі­не байланысты. Сезгіштіктің өзгеруі субъект жасына байланысты. Зерт­­­теулер бойынша сезім мүшелерінің өткірлігі 20-30 жасқа дейін мак­си­мал­­ды артып, кейін біртіндеп төмендей бастайды.

Синестезия. Синестезия дегеніміз пайда болған бір модальды түйс­ік­тің басқа модальды трүйсікті қоздыруы. Мысалы, адамда дыбыстар әсе­рі­нен түрлі түсті түйсіктің тууына әкеледі. Ал түрлі түстер суықтық түйсігін ту­­­ғыза алады. Мұндай құбылыстар синестезия деп аталады. Мәселен, қо­ңыр дауыс, жылы үн, салқын түс деген сияқты сөз тіркестерінен көрінеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *