Компаниялар туризм индустриясында әлеуетті сатып  алу­шы­ларды тартудың түрлі әдістерін пайдаланады. Мы­са­лы, қай жерде жоғары сұраныс, кешенді өнім мен қаржы тәуекелінің белгілі бір үлесі бар, сол жерлерде алдын ала қор жасау жүйесін қолданады. Сонымен бірге, тәжірибе жүзінде әрқашанда артық ұсынысқа ие, алдын ала қор жа­сау­ды қажетсінбейтін және қауырт кезеңдерге кезек тәртібі ар­қылы сатуды тәжірибеге енгізген кәсіпорындар (мұ­ра­жай­лар) бар.

Туризм индустриясы өткізу қызметінің алдына сатып алуды жеңілдету, ынталандыру міндеттерін қояды. Эко­но­миканың басқа секторларындағы сияқты туризмде бөлудің дәстүрлі (өндіріс-көтерме-бөлшек) және не­ғұр­лым «жаңа» (тікелей өткізу немесе каталогтар бойынша сату) арналары бар. Сондай-ақ басқа да арналар: мысалы, агент арқылы тур­ды сату, кәсіпорындардағы арнайы комитеттер және т.б. бар.

Өткізудің үш негізгі түрі ажыратылады:

  • эксклюзивті;
  • интенсивті;
  • селективті. 

Туристік өнімдерді алға жылжытудың әдістері

Туристік өнімдерді алға жылжытудың табысты бо­луы үшін, клиенттермен және сауда делдалдарымен бай­ла­ныс қажет. Бұл байланыстың мақсаты – тұтынушылардың мақсатты топтарына ықпал ету болып саналады. Ол үшін өзіне келесі компоненттерді: коммуникатор, ақпарат, коммуникациялық жүйе, қол жеткен нәтижелерді кіргізетін маркетингтік коммуникациялар жүйесі пайдаланылады.

Жарнама, сатуды қолдау, жұртшылықпен байланыс орнату – туристік өнімді алдыға жылжытудың басты әдістері болып саналады.

Туристік маркетинг мақсаты сондай-ақ кәсіпкерлік қыз­меттің кез келген басқа аясы сияқты анықталуы мүм­кін: бұл клиенттерге қызмет көрсету және олардың қа­жет­тіліктерін қанағаттандыру бойынша табыс әкелуші жұмыс болып саналады.

Өнім туристік фирмалардың маркетинг қызметінің не­гізгі назарында болады. Туристік өнім алуантүрлі элемент­тердің жиынтығын білдіреді.

Туристік өнімнің неғұрлым толық жіктемесі туризм жөніндегі Бүкіләлемдік ұйыммен берілген:

  • табиғат байлықтары;
  • энергетикалық байлықтар;
  • адам факторы;
  • саяси, заң, әкімшілік аспектілер;
  • әлеуметтік факторлар;
  • экономикалық және қаржылық қызмет.

Туризм индустриясындағы баға белгілеу саясаты әр­түрлі факторлармен анықталады. Баға белгілеудің әртүрлі әдістері қолданылады: «шығындар + рентабельділік нор­ма­сы», «кері баға белгілеу», «тең құқылықтан айыру арқылы (дискриминацияланған) баға белгілеу», «қаймағын сүзіп алу» және т.б.

Туристік өнімдерді өткізудің интенсивті эксклюзивті, селективті үш негізгі үлгісі ажыратылады.

Туристік өнімдерді табысты түрде алға жылжыту үшін жарнама, сатуға қолдау көрсету, жұртшылықпен бай­ла­ныс орнату пайдаланылады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *