Туризм индустриясындағы баға белгілеу – бұл өнім­нің алуан түрлілігімен келісілген кешенді шара. Күрделі жағ­дайда болашақ сұранысты дәл бағалау (бұл туризм индус­триясындағы неғұрлым күрделі құраушы бөлік бо­лып саналады) индустриядағы бәсекелестіктің жоғары деңгейі болып саналыды.

Туризм индустриясындағы баға белгілеу саясаты түрлі факторлармен анықталады, сондықтан қолданылатын әдістерді таңдау ауқымы да кең.

Солардың бірнешеуі төмендегідей:

«Плюс Шығындарды қосу» — бұл пайда алу және шығындарды жабу мақсатымен шығындарға белгілі бір проценттің қосылуынан тұратын, баға белгілеу әдісі. Бұл әдіс салыстырмалы түрде өте қарапайым, дегенмен, әсіресе қонақ үй бизнесі аясындағы тұрақты шығындардың жоғары болуына байланысты сияқты, кемшіліктері де бар. Ол сұранысты, сол сияқты нарықтағы бәсекелестердің ұсынатын бағаларын ескермейді.

«Рентабельділік нормасы». Бұл әдіс қаржылық талдаумен байланысты және салынған инвестицияларды табыспен, қайтаруы үшін туристік фирмалар қызметінің қаншалықты тиімді екенін анықтайды. Оның алдындағы әдістен айырмашылығы, оның шығындарға негізделетіні, пайда деңгейінен шығарылатындығы болып саналады. Сонымен бірге ол көптеген факторларды, оның ішінде, бірінші кезекте нарықтық факторларды ескере бермейді.

«Кері баға белгілеу» — бұл өнімнің нарықтық бағасына және жоспарланған пайдаға негізделген баға белгілеу әдісі. Компаниялар осы әдістің көмегімен, бір мезгілде қызметтердің сапасы мен алуан түрлілігін реттей отырып, өнімдердің шығынды компоненттерін төмендетуге қол жеткізуге тырысады.

Дегенмен, компаниялар клиенттерді жоғалтып алмас үшін, нарықтағы бәсекелестікті есепке ала отырып, ту­ристердің қажеттіліктерін мұқият зерттеуді жиі жүргізеді.

Тең құқылықтан айырумен (дискриминациялық) баға белгілеу. Бұл әдіс сондай-ақ икемді баға белгілеу деп ата­лынады, нарықтық сұранысты ескереді, өнімнің уа­қы­ты­на, орнына, түріне немесе сату көлміне қатысты, баға­ның өзгеруін ұсынады. Қонақ үйлердің және көлік компа­ния­ларының қауырт маусым алдында, клиенттерді тарту, сол арқылы қызмет көрсету деңгейін ұстап тұрумен бай­ла­нысты шығындарды жабу үшін, бағаларды жиі түрде төмен түсіретін тәжірибесі, яғни уақыт бойынша тең құқылықтан айырудың (дискриминация) мысалы болып қызмет етеді. Бағалар орны бойынша да (мысалы, қонақ үйдегі бірдей бөл­мелердің терезелерінің түріне қатысты құны) тең құ­қы­лық­тан айырады (дискриминацияланады).  Көлемі бой­ын­ша тең құқылықтан айыру (дискриминация) мысалы – бұл олар­дың туристерге уәде еткен қызмет көр­се­ту деңгейін ұс­тап тұруға тиісті жағдайында туро­пе­ра­тор­ларға қонақ үй­лерінің номерлерін беру негізіндегі жеңілдік болып са­на­лады. Керісінше болған жағдайда жеңілдіктер алынып тас­та­лады. Бұл әдіс, түбегейлі түрде нарыққа бағ­дар­ланған.

«Нарыққа енуге баға белгілеуі» нарыққа ену,  мақ­сатында бағаны нарықтағыдан төмен белгілейтін ком­па­ни­я­лар, өз тәжірибелерінде жүзеге асырады. Әдіс – оларды ын­тымақтастыққа тарту сенімімен жаңа туристік орталық­тармен қатынастарды орнықтыру кезінде пайдаланылады. Әдіс, сондай-ақ, операциялардың ауқымдылығы есебінен жеткілікті кірісті қамтамасыз етеді.

«Қаймағын сүзу саясаты» нарықтағы ұсыныстың тө­мендеуі байқалғанға және бағаның көтерілуіне сұраныстың қатысы болмаған кезде пайдаланылады.

Туристерге қызмет көрсету құнын анықтау, туристік өнімдерге баға белгілеудің бірінші кезеңі болып саналады. Келу және кету күндері, қалаларда болудың тізімі мен жалғастығы, көліктің түрі, әрбір қалада болатын күндердің саны, экскурсиялардың тізімі сияқты осылардың барлығы, ұсақ-түйегіне дейін нақтыланады.

Туристерді қонақ үйлерге орналастыру, пакетке енгі­зі­летін негізгі қызмет болып саналады. Бағыттарды (мар­шрут­тарды) белгілеу кезінде туристердің елде болу ұзақ­тығын, яғни қонақ үйлерде түнейтін санын дәл анықтау қажет. Оның қай класқа жататындығы мен орналасқан жері, қонақ үйлер ұсынатын бағаға айрықша әсер етеді.

Тапсырыс берілген тамақтану түрлері, турдың бағасы қалыптастыру кезіндегі келесі маңызды мәселенің бірі бо­лып саналады. Мейрамханаларда туристерге қызмет көр­се­туді ұйымдастыру кезінде келесі жағдайлар қолданылуы мүм­кін:

  • толық пансион (3 мезгіл тамақтану);
  • жартылай пансион (2 мезгіл тамақтану);
  • тек қана таңертеңгілік ас.

Турдың құнына кездесулер (шығарып салулар) қосы­луы мүмкін.

Туристерді және олардың жіктерін қонақ үйге (тран­с­фер) тасымалдау үшін, арнайы тапсырыс берілген автобус­тар, жеңіл көліктер және т.б. пайдаланылады. Трансфер, не­гізінен, қызмет көрсету құнына кіргізіледі. Сонымен, жо­ға­рыда тзіп шыққандардың барлығы туроператор әріп­тес­те­ріне берілетін қызмет көрсету пакетінің құнына енеді. Бұл пакеттің бағасы, нарықта хабарланатын бүкіл тур бағасының ең маңызды құрамды бөлігі болып саналады.

Фирмалар туристік өнімдерге баға белгілеу кезінде іш­кі факторларды (фирмалардың мақсаты, шығындар) жә­не сыртқы факторларды (нарық түрі, бәсекелестік деңгейі, экономикалық жағдай және т.б.) басшылыққа алады.

Туризмдегі баға белгілеу саясатына келесілер әсерін тигізеді:

  • шығындар,
  • бағаның бәсекеқабілеті;
  • сұраныстың икемділігі (яғни, сатып алушы төлеуге әзір бағалар);
  • туристік ұйымдардың мақсаттары.

Туризмдегі баға белгілеуге, бағаның өзгеруіне кли­ент­тердің сандық кері әсерін көрсететін сұраныс икем­ді­лі­гінің үлкен маңызы бар. Егер бағаның өсуі салыстырмалы түрде алып қарағанда, сұраныстың әлсіз түрде төмендеуіне әкелсе, онда мұндай жағдайда сұраным икемсіз. Егер бағаның тура осындай өсуі сұранымның маңызды түрде төмендеуіне әкелсе, ондай кезде сұраным икемділігі байқалады. Туристік фирмалар сұранымның икем­ділігі баға стратегияларын әзірлеу кезінде пайда­ла­на­ды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *