Әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін қамтамасыз ете отырып, туризм, әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Соңғы он жылдағы туризмнің дамуы, әлемдік туризм аясында айналысушы қызметкерлер санының шамамен 2 есе халықтың туристік жұмсайтын шығындарының 1,5 есе өсуіне әкелді.

Қазіргі уақытта, бұрын «жабық» үлгідегі елдер ре­тінде қызметін жүргізген Қазақстан және ТМД-ның басқа елдерінің туризмге деген қызығушылықтары пайда болуда.

Біздің елімізде қолдануға болатын туристік маркетинг бойынша материалдарды даярлау, елдегі туристік бизнестің нашар дамуымен және болмауымен байланысты, соған орай туризм бойынша жүйеге келтірілген оқу­лық­тарды, туризм бойынша ғылыми зерттеулерді жинақтауды белгілі бір қиындықтармен ілесе жүрді.

Сондықтан ұсынылып отырған материал туристік мар­кетингтің мәселелерін жанжақты және толық қарас­ты­ру­ға таласпайды, соған қарамастан біз туристік маркетинг­тің негізгі ережелерін қарастыруға ұмтылыс жасап көрдік.

Қазіргі заманғы туризм тарихи дамудың өнімі болып саналатын, күрделі әлеуметтік-экономикалық жүйені білдіреді.

Туристік қызметтің алғашқы түрлері өте ерте кезде пайда болды. Мәселен, Олимпиядалық қозғалыстың да­му­ы, Ежелгі Грецияға спортты сүюшілердің үлкен санының ке­луіне әсер етті. Рим туристері тарихқа және дінге деген қызығушылық танытты, олардың бірсыпырасы, пирами­да­ларды көру үшін Египетте болды.

Ортағасырларда діни сапарлардың, жекелей алғанда: мұсылмандардың – Меккеге, христиндардың – Иерусалим мен Рим сияқты қызметті жерлерге баруы басым болды.

Еуропада адамдардың  қозғалып жүруі жаппай сипат­қа ие болды: крест жорықтары, танымдық, көңіл көтеру немесе медициналық мақсаттағы саяхаттар және т.б. Нәтижесінде оңдаған мың еуропалықтар Орта Шығыспен және оның мәдениетімен танысты. Осылардың барлығы қонақ үй ісі мен саяхаттың дамуын ынталандырды.

ХVІІІ ғасырдың аяғында адамдар әртүрлі мақсатпен саяхат жасаушыларды «туристер» деп атай бастады («тур» француз сөзінен – сапар шегу).

Вебстер сөздігі «турист» сөзін «рахаттану үшін не­ме­се қызығушылықтан саяхат жасаушылар» ретінде түсін­ді­реді. ХІХ ғасырдағы басқа бір сөздікте неғұрлым қызық анық­тама беріледі: «адамдар не істерлерін білмегендіктен, тіп­ті осы саяхаттар арқылы мақтанып, рахаттану үшін, қы­зы­ғушылықтан сапарларға шығады».

Саяхат, туризм – бұл саяхат жасауға қандай бір түрде қызмет көрсететін, бизнестің бір-біріне жақын сала­ла­ры­ның кешені. Олардың ішінен турларды өткізу, әуе компа­ни­я­ларын тарту, машиналарды жалға беру компанияларын, автобус маршруттарын, қонақ үйлер мен мейрамханаларды атауға болады.

Қызмет түрлерінің барлық тізімі туризмнің инфра­құ­рылымын білдіреді. Бизнестің бір-біріне жақын түрлеріне, мысалы, қаржылық құрылымдарды жатқызуға болады.

1954 жылы қабылданған, БҰҰ-ның анықтамасы бойынша «туризм – бұл тұрғылықты жерінің шегінен тыс шығып, саяхат жасаумен байланысты, адамның денсау­лы­ғын нығайтуға, дене жағынан дамуды жетілдіруге әсер ету­ші, белсенді демалыс».

1980 жылы әлемдік туризм бойынша Маниль декла­рациясы «туризм мемлекет өмірінің әлеуметтік, мәдени, білім беру, экономикалық салаларына және олардың ха­лық­аралық қатынастарға әсер ететін, халықтардың өмірін­де маңызды мәнге ие қызмет ретінде түсіндірілетіндігін» жа­риялады.

1993 жылы БҰҰ-ның статистикалық комиссиясы туризмнің неғұрлым кең түрдегі анықтамасын қабылдады, бұл анықтама бойынша: «туризм – бұл іскер және басқа мақсаттармен демалу мақсатында, қатарынан бір жылдан аспайтын кезеңдер шегінде, әр жерлерде болуды жүзеге асыратын және саяхаттар жасайтын тұлғалардың қызметі». Ресей экономисі В.И. Азар туризмге келесідей түсінік береді: «Туризмді жекелеген елдердің халық шаруа­шылығы сияқты шеңберлерде жекелеген элементтер мен сол сияқты ұлттық экономиканың тұтастай түрдегі әлемдік шаруашылықпен байланыстары арасындағы алуан түрлі байланысы бар үлкен экономикалық жүйе ретінде қа­рас­тыру көзделеді».

Бұл анықтамалардың барлығы осы күрделі жүйені әртүрлі қырынан көрсетеді. Егер қысқа түрде қисындайтын болсақ, онда туризм – бұл саяхат жасау процесінде туындайтын, құбылыстардың өзараәрекеті, бұл – туристік ресурстарға ие әртүрлі ұйымдардың туристік қызметтер мен тауарларды өндіруі мен өткізуі болып саналады.

Туризмнің түрлері

Елдің экономикалық дамуының деңгейіне қатысты, туристік қызметтер нарығын дамытуды жоспарлау мен реттеудің алуан түрлі әдістері қолданылады. Осыған бай­ланысты туристік қызметтер нарығының жіктелуі белгілі бір қызығушылық туғызады.

Туризмдегі «нарық» термині негізінен географиялық бұрыш ретінде қарастырылады.

Ол мыналарға ажыратылады:

  1. Ұлттық (ішкі) нарық, аталған елдің тұрғындары арқылы берілген. Бұл жерде сондай-ақ, осы елде уақытша жүрген (тұрып жатқан) – дипломаттар, студенттер және т.б. ескерілуі қажет.
  2. Халықаралық нарық, көрші елдер тұрғындарымен немесе басқа географиялық аймақта орналасқан таяу елдер тұрғындарымен берілген.

Ұлттық туризм ішкі туризм және көшпелі туризмге бө­лінеді.

Халықаралық туризм шығу және кіру туризмінен тұ­ра­­ды. Кіру туризмі – бұл оның тұрғыны болып са­нал­майтын тұлғалардың, қандай бір елге саяхат жасауы. Шығу туризмі – қандай бір ел тұрғынының басқа елге саяхат жа­сау­ы болып саналады.

Туризмнің түрлері келесі схемада берілген (18 сурет).

Халықаралық туристік ұйымдардың материалдарына сәйкес, туризмнің бұл түрлері «ел» сөзін аймақ сөзімен алмастыру жолымен сипатталған болуы мүмкін. Мұндай жағдайда туризмнің бұл түрлері қандай бір елге емес, қандай бір аймаққа жататын болады.

Туризм аясында болып жатқан процестерді түсіну үшін, «турист» дегеніміз кім дегенді дәл анықтап алу маңызды.

Қазіргі уақытта «туризм», «турист» категориялары белгілі бір нақтылай түсінулерді қажетсінбейді. «Турист» түсінігінің алғашқы анықтамасы 1937 жылы қабылданды және онда былай делінеді: «өзі өмір сүрмейтін елде, кім 24 сағаттан кем емес уақыт болса, олар турист деп саналады».

Туризм түрлері
Туризм түрлері

1969 жылы туризм бойынша БҰҰ-ның Рим кон­ференциясы сондай-ақ «турист» түсінігіне анықтама беруге тырысты. Бірақ ол сәтсіз болды. Статистикалық мақсаттар үшін «уақытша келуші» түсінігі енгізілді. Осы уақытқа дейін сол «келуші» термині туризм статистикасының күллі жүйесінің тұжырымдама негізін білдіреді.

Туризмнің негізгі түрлеріне сәйкес «келушілер» келе­сі түрде жіктеледі:

  • халықаралық келушілер – оның негізгі тұр­ғылық­ты жері болып саналмайтын қандай бір елде, 12 айдан аспайтын мерзімге саяхат жасай­тын кез келген тұлға;
  • ішкі келуші – елдегі қандай бір жерге 12 айдан ас­­пай­тын мерзімге тұруға саяхат жасайтын тұл­ға.

Ішкі келушілер өзіне, сондай-ақ туристер катего­рия­ларын (түнемелі келушілер) және бір күндік келушілерді кір­гізеді.

Халықаралық келушілер келесілерге бөлінеді:

  • келген елде орналасудың ұжымдық немесе жеке құралдарында бір реттен кем емес түнейтін турист-келушілер;
  • бірде бір рет түнемейтін, бір күндік келуші-тұл­ға­лар, мысалы, кешкілікте түнеуге өздерінің ке­мелеріне оралатын, круиздердің жолаушылары.

Көптеген елдер, анықтама негіздеріне БҰҰ статис­ти­ка­лық комиссияның ұсыныстарын атап өту көз­де­леді, бірақ белгілі бір ауытқушылықтар да жіберілген, тұ­тас­тай алғанда анықтаманың жетілдірілмегендігі байқалады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *