Тұмыс-салт жырлары, олардың жіктелуі

Тұрмыс – салт жырлары – қазақ ауыз әдебиетінің жанрлық түрлерінің бірі, халықтың әр түрлі салт, әдет – ғұрып, ырым – жораларына байланысты туған өлең жырлар. Тақырыбы, айтылуына қарай т.с.ж.бірнеше топқа бөлінеді. Қазақ әдебиетінде т.с.ж. байланысты басқа да терминдер пайдаланылған: Ә. Диваев, Кенжебаев – салт өлеңдері , А. Байтұрсынов –сарындама , М. Әуезов – сыршылдық салт өлеңдері, С.Сейфуллин – салт — өлең жырлары, М. Ғабдуллин – тұрмыссалтқа байланысты туған шығармалар, Б. Уахатов — әдет – ғұрыппен байланысты өлеңдер, Ә. Қоңыратбаев – тұрмас- салт жырлары деп атаған. Ә.Қоңыратбаевтың айтуынша, т.с.ж. дегеніміз – елдің тұрмыс – салты, әдет – ғұрпы, түрлі наным – сенімдеріне байланысты туған сюжетсіз ұзақ өлеңдер. Ол т.с.ж. мазмұны мен тақырыбына қарай төмендегідей түрлерге бөлінеді: 1.бақташылық жырлары (4 түлік мал туралы) 2. діни әдет –ғұрыптар тудырған жырлар ( жарапазан, бәдік) 3. үйлену жырлары (той бастар, жар –жар, сыңсу, жұбату, беташар) 4. ұлыс жырлары; 5. бөбек жырлары; 6. жаназалау жырлары ( естірту, қоштасу, жоқтау); 1. Бақташылық жырлары — төрт түлік малға байланысты айтылған. Олардың пірі бар деп сенген халық Шопан ата , Шекешеке ата, Қамбар ата, Зеңгі баба, Ойсыл қара деп атаған.

Төрт түлік мал жайындағы жырлар бата – тілек түрінде келеді. Халық жылқының етін, түйенің күшін , сиырдың сүтін, дәріптеген. Мал бағудың қиындығы көп, соның үдесінен шығу керек деген. Ешкі бақтым –еңіреп бақтым, Қой бақтым — қоңырау тақтым. Сиыр бақтым-сидаң қақтым, Жылқы бақтым- жорғалаттым. Түйе бақтым – түйме тақтым, Бұл өлең жырлары жас буынды еңбекке , шаруашылыққа шақырады. 2. Ұлыс жырлары – халық арасында жыл басы науырыздың 22 –сі, осы күнге байланысты туған өлеңдерді ұлысжырлары дейміз. Ұлыс күні әрбір үй 7 түрлі дәннен науырыз көже жасап, бір –бірін шақырады, 7 түрлі дән 7 түрлі тірліктің иесіне берілген атама (ас) болып саналған. Сол көжені жұрт әр үйге кіріп, аралап жүріп ішкен. «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын, қайда барсаң жол болсын, Ұлыс бақытты болсын , төрт түлік ақты болсын, пәле – жала жерге енсін» деп бата берген. Ұлыс күні ойын той , сауық болған. 3. Бөбек жырлары. –дүнеге жаңа келген нәрестенің құрметіне жасалатын ойын – той, салтанатты жиындар мен рәсімдер көп. Соның ең алғашқысы — жарыс қазан. Жарыс қазан аталуы -қазақ әр үйде бірнеше жерден асылады, жас босанған әйелдің қалжасынан ауылдың үлкен –кішісі түгел ауыз тиеді. Одан кейігі салт –дәстүр — шілдехана . Осы күні ол жас нәрестенің дүниеге келу құрметіне арналған той. Үйлену жырлары Отбасы қоғамының бір бөлшегі . Үйлену, өз алдына түтін түтетіп, отау тігу – ғасырдан – ғасырға жалғасып келе жатқан тарихи салт, құбылыс. қыз 1- байлық – денсаулық , 2-байлық ақ жаулық, 3 – байлық он саулық деген аталы сөз бар. Мұны өмір формасы деуге болады. Себебебі халықтың өсіп — өнетін жанұясы — жұбайлар шаңырағы.

Қазақ әр отбасының тағдырына үйлену және үй болуға байланысты салт өлеңдер көп. Солардың бірі – үйлену жырлары. Бұлжырлар іштей жар – жар, сыңсу, қоштасу, жұбатубеташар, тойбастар деп бөлінеді. Қыз ұзатылған немесе келін түсірілген кезде тойбастар айтылады. Ол белгілі бір қазаққа тілдің желі, той қылдың жұрт қайым ұйқасымен басталып,аяғы «той құтты болсын», «той тойға ұлассын» деген тілекпен аяқталады. Жар- жар – қыздар мен жігіттер тобының атынан бірде қосыла, бірде алма кезек айтылатын өлең . Қыз өзінің әке – шешесі мен құрбы – құрдастарын қимайтынын айтса, жігіттер оған жоқтау салып, әке орнына өқайын ата, шеше орнына қайын ене барын айтады. Жар – жар кейде айтысқа ұқсайды. Бірақ ол топтасқан айтушылар ортасында хор үлгісінде туған . Оған коллективтік, анонимді жыр дейміз немесе диалог сөзге құрылған өлең деуге болады. Сыңсу – қыздың ел – жұрт , құрбы – құрдастарымен айырылысар кезде, қайын жұртына аттанар сәтте айтылатын өлең. Мұнда қыз өзінің жастық шағымен қоштасады, мұндай өлеңдер мұң- зарға толы келеді: Заманым өтті басымнан, Дәуренім өтті басымнан. Бұл не деген іс болды, Көлінен кеткен құс болдым, Мұндай өлеңдер айта білу үшін әрбір қыздың өлең , ән білуі шарт. Жұбату- сыңсуға жауап ретінде айтылатын өлең. Жылама бикеш, жылама, Көзіңнің жасын бұлама . Ұл болып тусаң әуелден, Сені мұндай қыла ма ? деген жұбатуды әйелдер жағы айтады. Беташар — қалыңдық түскенде айтылатын жыр. Ақ жаулық жауып әкелген жас келіншектің бетін ақын ашады. Қолында ақ сабауы бар ақын келіншектің бетіне жапқан жаулықты әлсін -әлсін ашып, үйдегі үлкен –кішімен таныстырады. Ол өлең : «Келін, келін келіп тұр, Келін үйге кіріп тұр» деген сөздерден басталады. Бұл бөлімде ақын жас келінді ел – жұртымен таныстырады, оған көрімдік сұрайды. «Айт келін, айт келін, атыңның басын тарт келін» деп басталады 2 бөлімге өсиетке құралады. Бөлімде өсиетке құралады, онда келіншектің ендігі мінез – құлқы мен тірлігі қандай болу керектігі айтылады: өсек айтпа, жеңіл жүріске салынба, өзің жатып, еріңді тұр – тұрлама, қаптың аузы ашық деп құрт ұрлама, шұбалаң болма,ақылды, пысық бол, сөз тасыма, жұртқа жылы бол деген өсиеттер әзіл — күлкі түрінде айтылған. Беташарда ақын жеке адамдарды таныстырып, кейде сынапта алады.Ел ішіндегі түрлі би , мырза, жомарт, дүниеқор, өтірікші, тез атанған адамдарға сәлем бергізеді. Келіншекке осының өзі сабақ , ол кімнің қандай адамекенін біледі.

Мысалы : Үлкендерді көргенде, Орныңнан тұр келіншек. Қарсы келсе қарт адам, Қайқаңдама келіншек. Жабығынан әр үйдің Үйлену, үй болуға байланысты бұдан басқа салттар: Құда түсу – қыз алысып, қыз берісіп құда болу арқылы достығын нығайту. Алайда кейінгі кезеңдерде жігіт үйленер алдында өзіне ұнайтын теңін іздеген. Бұл дәстүр «Қыз көру», «Жар таңдау » деп аталады. Ұнаған қыздың үйіне оны көруге келген жігіттің әкесіне қыздың шешесі белгі тастап кетуді өтінген. Жігіт әкесі үйдің төріне қамшы іліп, жорға ат байлап кетеді. Егер 1,1,5 жылдың ішінде жігіт жақтан хабар болмаса, қамшы кері қайтарылып, жігітжағы айып төлеген. Жаушы жіберу – қыз айттыруға баратын өкіл. Оның міндеті -қыз әкесін көндіріп, бойжеткенге құда түсіп, құдалыққа келер күнді белгілеу. Құдаларды қарсы алу – жігіт әкесі бастаған 7-8 адам қалың мал сөйлесу үшін келеді. Есік төр көрсету тойы – қыздың әке – шешесінің жігіттің жегжаттарымен таныстырады. Қалың мал- қалыңдықтың жасауын.а, сәукеле, той малына , кәделі алыс – берістерге жұмсалатын қаржат. Ол мынандай бөлімдерден тұрады: Бес жақсы – түзу мылтық, берік сауыт, бәйгеат, жүк артатын атан түйе, қыздың басты киімдері ( сәукеле, білезік, сырға, қамқа тон, оқалы, қамзол, шағи шапан , күміс ер) Бұл айтылғандар болмай қалса, әрқайсысына 4 ірі қарадан төленген. Ілу қыздың тәрбиелегені үшін қыз шешесі немесе жеңгесіне берілетін дүние – мүлік. Өлі – тірі өлген әруақтарға арнап союға , етін елге үлестіруге арналған мал. Тоймалы- қыз ұзату тойына сойысқа апаратын мал. Сүт ақы – қалыңдықтың анасына арнайы берілетін сый , 1-2 түйе. Жігіт түйе – қыз әкесінің аталық күшіне төленетін ақы. 1-2 түйеге қоса күйеудің жақсы сырт киімі. Жасау – ұзатылған қызға берілетін мал –мүлік. Ол ақ – отау, төсек – орын, киім – кешек, құрал –жабдық, қару – жарақ, сойыс, сауын малт.б. тұрады. Бұлардың әрқайсы 7-9 заттан құралады. Мысалы: Қару — жараққа – найза , айбалта, садақ, қалқан, сауыт, шоқпар,қанжар. Қазан – ошақ – астау шара , шөміш, ожау, күбі, келі, кебеже, саба. Төркіндеу –қазақ салты бойынша ұзатылған қыз төркініне 1 жылдан кейін барады.Оған баратындар – қыз , күйеу , жиен,әке – шешеге жағалы киім, бір –бір ақиреттік ақ мата, бауыр сілілеріне,сыйлықтар. Төркіндеу мерзімі – бір ай. Елге қайын оралған жігітке енші беріледі. Бұл жастардың өз алдына жеке отау болып өмір сүруінің басы. Жаназалау жырлары.-тарихи оқиғаларға, адам қазасына байланысты туып, ел аузында сақталған естірту, көңіл айту, қоштасу, жоқтау секілді салт жырлары осы топқа жатады. Естірту мен жұбату — өлген адамның жайынхабарлаудан туған. Естірту өлең, қара сөзбен кейде тіпті күймен де жеткізілген. (Ақсақ құлан) Жаназалау өлеңдерінің көп тараған түрі – жоқтау. Ол көбіне жаугершілікте қаза болған батырлардың ерлік істерін еске түсіруден туған әрбір жоқтаудың өзіндік ән- күй, зарлы сарыны бар.

Өзінің көркем тілі, ойдың образдылығы жағынан жоқтау эпостан қалыптаспайды. Оларды өлген адамның жұбайы немесе қыздары орындаған. Жоқтау өлеңдерінің тілі әсерлі, көркем, онда әр түрлі теңеу, метафора көп. Қазақтар ертеден ақ өлген адамның үшін, жетісін,қырқын, жүзін,жылын берген. Бұл күндерді атап өтудің өзіндік діни тарихы бар. Мысалы:қазаға ұшыраған адамның жаны 3 – күннен кейіншаңырақтан ұшып кетеді. Ұшқан жанның құрметіне үшін береді. Ал жеті күні өлген адамның аруағыөз шаңырағына 1 –реткеледі деген сеніммен жетісін атап өткен. Көрдегі мәйттің денесі 40 күн сақталып, 41 күннен бастап бұзылады деп қырқын берегн. 99 күннен кейін өлген адамның жаны қарлығаш болып 2 рет ұшып келеді деген сеніммен жүзі өткізілген. 40 күннен кейін адамның о дүниедегі шын өмірі басталады деген сенімге орай жылы өткізіліп, ораза мен құрбан айтында құран оқытылып, мал сойылған. Мұның бәрі өлген ата – баба құрметіне жасалатын ырымдар.

Діни әдет-ғұрыптар тудырған жырлар.- қазақ халқы өзінің тарихында көптеген наным – сенімдерді бастан кешірген: күнге отқа, табыну, магия, ананизм, зооморфизм , бергісі — шаманизм , ислам. Қазақ фольклорынан ежелгі көшпелі тайпалардың ежелгі наным – сенімдері басты орын алаған. Олар бәдік, жарапазан, алғыс – қарғыс, арбау бақсылық сарындары. Бәдік – төтемдік ұғымның ізі бар, ауруды өлеңмен емдеуге байланысты туған. Мұнда аурудың иесіне адамның киесі қарсы қойылған . Мұнда магия, тотемизм, мифологиялық сарын бар. Оны дуализм дейміз. Бәдік , бәдік деседі Бәдік желдей еседі, Асқар, асқартауларға , Айнала соққан құйынға, «әй, көш!» десең- көшеді, әй көш ,-деп ауруды көшірген. Отпен аластау-зороастризм нанымы. Бақсылардың айтуынша , жамандық иесі , өлмейді, сондықтан оны ауру адамнан басқа нәрсеге көшіру керек. Егер малға індет келсе, оны молаға айдап апарып, қалған малды бейтке түнеткен. Түнімен от жағып қойып малды отты айналдыра айдап жүрген.

Сондай – ақ , әл үстінде жатқан адамның басына шырақ жағып, түтетіп отырған. Бұл оттың құдіретіне сенуден туған ырым. Жарапазан –парсы еліндегі «шаһарзабан» — шаһар кезуші , тапқыр күлдіргі деген сөзінен шыққан. Бізде ол үй арасын кезіп жүріп өлең айтушы деген мағына береді : Жарапазан – халық поэзиясы дәстүрінде жасал,ан. Ішінде мақтау, ниеттестік , кейде — әзіл — күлкіде бер. Аяқ – табақ сылдырап, Құрт бергелі жатыр ма ? Аузы басы жылтырап, Май бергелі жатыр ма ? Жарапазанға арнайы бата да бар: Шыңғыр –шыңғыр кісініскен, Құлыншақтың атасы, Айғыр бассын үйіңді.

Басқа да ұқсас мәліметтер

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *