Жануар-жәндіктердің топырақпен байланысы және топырақтүзу құбылысына қатысуы әр қилы болып келеді. Топырақта табылатын жануар-жәндіктер үш топқа бөлінеді: 1. геобионттар – топырақтың тұрақты мекендеушілері (жауын құрттары, көпаяқтылар, аяққұйрықтылар және т.б.); 2. Геофилдер өмірінің біраз бөлігін топырақтың ішінде өткізетіндер (зауза қоңызы, т.б.); 3. Геоксендер топырақты уақытша ғана паналайтындар (астық қандаласы, біраз насекомдар (құрт-құмырсқалар).

Бұл жануарлар топырақ ортасына әрқалай бейімделген. Кейбіреулерінің тіршілік циклы, көбею мерзімі, миграциясы өзгерсе, басқаларының аяқтарының түрі, көру органдары өзгерген, денесінің көлемі кішірейген. Анатомиялық адаптация болған кезде жануаржәндіктер терісінің (денесінің) сыртқы кутикулярлық қабаты, тыныс алу мүшелері және т.б. өзгерістерге ұшырайды. Ал, физиологиялық адаптацияға ұшырағанда бойындағы зат айналымы су және жылу айналымына бейімделеді. Тіршілік ету ерекшеліктеріне және топыраққа тигізетін әсерықпалдарына байланысты барлық жануарлар 3 топқа бөлінеді: микрофауна, мезофауна және макрофауна. Кейде нанофауна және мегафауна түрлеріне де жіктеледі. Нанофауна – мөлшері 20-30 мкм (микрометр) болатын, бірклеткалы қарапайымдылар. Бұлар топырақтың су толған қуыстары мен сұйық фазасында тіршілік етеді. Микрофауна – нематодтар (зиянкес құрттар, жәй жүретін құрттар (тихоходки)) сияқты көпклеткалы микроскопиялық жәндікжануарлар. Бұлар топырақтың ішіндегі ылғалы мен қуыстарды мекендейді. Бұл топқа топырақтың ұсақ жәндіктерінің аэробионтты тобындағы микроскопиялық кенелер және аяққұйрықтылар да жатады. Микрофауналар топырақ ішінде негізінен өсімдіктердің шірінділері мен қарашірік жиналған жерлерде, кейде тірі тамырлар өскен жерлерде көп тарайды.

Мезофауна – бұлар жай көзбен көрініп, қолмен ұсталатын, кейде лупамен көруге болатындай мөлшері бар топырақ жәндікжануарлары. Мезофаунаның негізгі массасын буынаяқтылар, жәндіктердің көптеген ұсақ түрлері, ұсақ көпаяқтылар, өрмекшілер, ұсақ энхитреид құрттары, молюскалар, т.б. құрайды. Бұлар топырақ ішіндегі жарықшақтарды, үңгірлерді мекендейді және ірі қуыстар мен үңгірлер арқылы вертикальды миграция жасайды.

Макрофауна – топырақ ішіндегі жауын құрттары, көпаяқтылар, көптеген насекомдардың личинкалары (жәндіктер ұрпағының өсіпжетілуінің белгілі бір кезеңі-балапан құрттар). Бұлар жылжыған кезде топырақ ішінен жүретін жол және өз мөлшеріне сәйкес ін қазып алады. Бұл жәндіктердің тыныс алуы бүкіл денесінің терісі және арнайы жаратылған тынысалу мүшелері арқылы жүреді. Бұл жәндіктер қолайсыз жағдайда (ыстық, суық, жауын-шашын, т.б.) топырақтың терең қабатына миграция жасап, құрғақшылық пен қысқы суықтарды сонда өткізуге бейімделген.

Мегафауна – мөлшері ондаған сантиметрді құрайтын ірі жәндіктер. Бұларға жертесер, кеміргіштер, жәндік жегіштер және ірі жер құрттары сияқты сүтқоректілердің өкілдері жатады. Бұлардың кейбіреулері топырақ ішінде тұрақты тіршілік етсе, басқалары ішінен шығып, жер бетінен қорегін табады. Бұлар топырақтың табиғи құрылымын бұзып, түрлі қабаттарын бір-біріне араластырып, топыраққа көп механикалық әсер жасайды.

Топырақ жәндік-жануарлары қоректену түріне байланысты да төмендегідей экологиялық топтарға бөлінеді.

1. Фитофагтар өсімдік тамырларымен қоректенеді, сөйтіп ауыл шаруашылығына елеулі зиян келтіреді. Мысалы, қызылша нематодасы қант қызылшасының тамыр жемісі өскенше жеп қояды. Зауза қоңыздың (майский хрущ) личинкасы қарағай көшеттерінің тамырын жеп қояды, т.б. Балдырлармен қоректенетін фитофагтардың түріальгофая деп аталады.

2. Зоофагтар – жыртқыш немесе паразит жануарлар – басқа жануарлармен қоректенеді. Мысалға насекомдармен, қарапайымдылармен, тағы басқаларымен қоректенетін жануарлар.

3. Некрофагтар – табиғи экожүйелердің санитары саналатын жануарлар өлексесімен қоректенетін жануарлар. Мысалы, шөл-шөлейттерде жәндіктердің өлексе-қалдықтарын жейтін құмырсқалар.

4. Сапрофагтар – топырақ жәндік-жануарларының ішіндегі ең көбі және маңызды жұмыс атқарушы топ. Бұлар өсімдік 17 қалдықтарын, сарғайған жапырақтар, жер бетіндегі және топырақ ішіндегі органикалық қалдықтарды қайта өңдеушілер. Бұларға әртүрлі құрттар, қырықаяқтар кейбір кенелер және насекомдардың балапан құрттары (личинкалары), т.б. көптеген ұсақ жәндіктер жатады.

Сапрофагтарға сүтқоректілердің көң-қиларымен қоректенетін копрофагтар (қи қоңыздары), ұсақ органикалық заттарды оны ыдыратушы микроорганизмдерімен қоса қоректік зат ретінде пайдаланатын детритофагтар да жатады. Бұлардың бәрі біріге келіп жануарлардың сапрофильді кешенін құрайды. Топырақ фаунасының таксономиялық топтарына қарапайымдылар, құрттар, ұлулар, жәйжүргіштер, буынаяқтылар және ұсақ сүтқоректілер жатады.

Қарапайымдылар – микроскопиялық бірклеткалы жануарлар, топырақтың нанофаунасы. Бұлардың белсенді тіршілігі үшін топырақ қуыстарында судың болуы зор маңызды. Топырақ құрғақ болса қарапайымдылар цистаға айналып, құрғақшылықтан құтылады. 1 г топырақта бірнеше жүз-мыңдаған клеткалары болады. Шалғынды топырақтың 1 м квадратында 30-40 г биомасса кездеседі. Қарапайымдылар қоректенетін бактериялардың топырақтағы мөлшері көп болса оларда қаулап көбейеді. Олар қосымша саңырауқұлақтар және балдырлармен де қоректенеді.

Топырақта қарапайымдылардың 3 түрі кездеседі: бишіктілер (жгутиконосцы), саркодтылар немесе тамыраяқтылар, амебалар және инфузориялар. Бишіктердің мөлшері 2-4 мкм, саркодтылар (амебалар) 20-60 мкм, инфузориялар ірілеу келеді. Құрттар – денесі екіжақты симметриялы созылған, жәндіктердің бірнеше түрін біріктірген, омыртқасыздардың жиынтық тобы. Дене көлемі бойынша нанофаунадан басқа топтарға кіреді. Мысалы, коловраттар – 0,01-2,5 мм; нематодтар-0,05-5 мм (егістік жерлердегі биомасса көлемі 5 г/м2 –қа дейін; шалғынды топырақта 20 млн/м2).

Сақина құрттар (денесі жеке сақиналардан құралған сияқты жұмыр құрттар-мысалы, сүліктер). Сақиналар саны-5-500 болады. Энхитрентер топырақ мезофаунасына жатады. Денесінің ұзындық мөлшері 2-3-тен 40-45 мм-ге, ені 0,2-0,8 мм. Шалғынды топырақтардағы тығыздығы 120 мың/м2-қа дейін, биомасса көлемі 50 г/м2. Жауын құрттары – макрофаунаға кіретін ірі құрттар. Бұлардың көбі жер бетіне тек түнде ғана шығады.

Өсімдіктердің жер бетіндегі әлі шіріп қоймаған немесе шіріген қалдықтарда тіршілік ететін шірінді құрттары. Ұзындығы 2-3 см, ені 1 мм. Қазақ жеріндегі ең ірісі – таулы аудандардың топырақтарында – 40-45 см ұзындығы, 8 м-ге дейін тереңге кіреді. Дүние жүзіндегі ең ұзын құрт Австралияда -2,5 м-ге дейін жетеді. Ұлулар – жұмсақденелілер, негізінен суда тіршілік етеді. Жер бетіндегі өмірге өкпе ұлулары ғана бейімделген. Жер бетінің барлық жерінде кездеседі. Біздің еліміздің фаунасында олардың 70тей түрі бар. Бұл ұлулар 6-7 жыл өмір сүреді. Қысты топырақтан қазылған інінде ұйқымен өткізеді. Жұмыртқадан өніп-өседі. Қабыршақ ұзындығы 45-50 мм. Жеміс-жидек ағаштарының, басқадай шөп өсімдіктерінің зиянкестері. Жәйжүргіштер – микрофаунаға жатады. Ірісінің ұзындығы -1,2 мм-ден аспайды. Бұлар төменгі сатылы өсімдіктердің клеткаларымен қоректенеді, яғни, қайда қына мен мүк өссе, сол жерлерде көптеп кездеседі және топырақтың 10 см тереңдігіне дейін тіршілік етеді.

Буынаяқтылар – омыртқасыз жануарлардың өте көп тараған түрі және әр қилы топтарға жатады. Бұлар топырақтың микро-, мезо-, макрофаунасына кіреді. Топырақтағы буынаяқтылар – шаянтәрізділер, өрмекшітәрізділер, қырықаяқтар және насекомдар. Сауытты( панцирлы) – кенелер мен коллемболалардың (ұсақ қанатсыз насекомдар) жиынтық биомассасы 1-2 г/м2. Өрмекшілердің жер бетінде 20 мыңнан аса түрі бар.

Насекомдар – денесі бастан, кеудеден және санынан жеке тұратын жануарлар. Кеудесінде 3 жұп буынды аяқтары бар. Насекомдар барлық топырақ жануарлар түрлерінің 70%-ын құрайды. Жер бетінде насекомдардың 2 млн-нан көп түрі кездеседі. Насекомдар ішінде құмырсқаның топырақты қазып, араластырудағы маңызы ерекше. Тропиктерде термиттер жақсы жұмыс атқарады, олардың биіктігі 10-12 м, диаметрі 10-60 м болады.

Термиттің қасындағы жерлердің қарашіріндісі айналадағы топырақтан 1,5-4 есе артық. Некрофаг насекомдар санитар ролін атқарады. Кезінде Линней «Үш шыбын ұрпақтарымен арыстанға қарағанда шөлде бір аттың өлексесін тез құртады» деген. Қи қоңыздары жануарлардың қиларын өңдеп, топыраққа араластырады.

Сүтқоректілер – топырақ мегафаунасы. Мұнда кеміргіштердің үлкен тобы мен кейбір насеком жегіштер кіреді. Шөппен қоректенетін малдар, аңдар. Насеком жегіш омыртқалылар (тышқан, сарышұнақ, кірпі, қоян, т.б.).

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *