Топырақтың құнарлылығын оның ішінде тіршілік ететін барлық организмдерге қажетті жағдайларды, олардың бір-бірімен және топырақтың қатты, сұйық, газ тәріздес құрамды бөліктерімен өзара әрекеттесуін білмей тұрып түсіну мүмкін емес. Демек, топырақ биологиясы топырақтану ғылымында тіршіліктің топыраққа тигізетін әсер ықпалдарын зерттейтін ғылым. Бұл ғылым XX ғасырдың бірінші жартысында жалпы топырақтану мен микробиология және альгология, зоология, микология сияқты биология ғылымының дәстүрлі тарауларының өзара ықпалдарының әсерінен қалыптаса бастады. Жер планетасының биосфера деп аталатын сыртқы қабаты (қабығы) топырақ жамылғысынсыз пайда бола алмайды. Осы сияқты топырақта тіршілік ететін әртүрлі организмдерсіз құнарлылық қасиеті бар топырақта қалыптаспаған болар еді. Яғни, топырақтың пайда болуы «тірі заттарға» тікелей байланысты.

Аталған тірі заттарға әртүрлі организмдер, олардың популяциялары мен қауымдастықтары жатады, осылардың тіршілік көрсеткіштерін топырақ биологиясы ғылымы зерттейді. Топырақ биологиясы биологияның тиісті тараулары мен топырақтану ғылымының қосылысында қалыптасқан. Бұл ғылым топырақтың таралуы мен дамуын, қарашіріндінің (гумус) құралуын, топырақ кескінінің түзілуін және т.б. генетикалық топырақтану салаларын, топырақтың физикалық және химиялық қасиеттерінің, суға төзімді агрегаттардың құралуы мен құрылымының (структурасы), химиялық элементтердің басқа құрамдарға ауысуын, олардың топырақта жинақталуында микроорганизмдердің ісәрекеттері кезіндегі олардың нәтижелерін, осыған байланысты топырақты биологиялық диагностикалау және жіктеу қағидаттары мен әдістемелерін жүргізу кезіндегі туындайтын өзгерістер мен құбылыстарды зерттейді.

Аталған кешенді зерттеулердің органикалық дүниемен, яғни топырақта тіршілік ететін көптеген әртүрлі организмдермен тікелей байланысты екенін табиғаттағы аймақтар туралы еңбегінде В.В.Докучаев 1895 жылы көрсеткен. Кейінірек Б.А.Полынов топырақтың тау жыныстарынан айырмашылығы химиялық элементтерді өз құрамында биогенді жинақтауында (аккумуляция) деп көрсеткен. В.И.Вернадский топырақты алғаш рет биокосты жүйеге жатқызған, себебі бұның негізінде биохимиялық механизмдер жатады деген. XIX ғасырдың ортасына қарай (1860-1890 жылдары) микроорганизмдер туралы ғылым ашылған, мұның негізін Луи Пастер (француз) қалаған. Топырақтағы клечатка мен пектин заттарының анаэробты ыдырауын зерттеген. Бұл нәтиже топырақ микробиологиясының басы болып саналады. 1888 жылы құрылған Пастер институтындағы топырақ микробиологиясы лабораториясын бірінші басқарған орыс ғалымы С.Н. Виноградский. Бұнда барлық зерттеулер экологиялық бағытта жүргізілген.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *