Тірек-қозғалыс аппаратының ерекшеліктері

Сүйек-бұлшық ет жүйесінің физиологиялық ерекшеліктері. Тірек-қимыл аппараты мүшелердің 3 жүйесінен тұрады: сүйектерден, олардың қосылыстарынан, бұлшықеттерден. Сүйек туралы ілім – osteologia, остеология. Қаңқа (sceleton грек тілінде – кептірліген скелет) – механикалық маңызы бар, мезенхимадан дамитын тығыз түзілістердің жиынтығы болып табылады. Олар өзара дәнекер, шеміршек немесе сүйек ұлпаларының көмегімен байланысқан жеке сүйектерден тұрады. Қаңқаның механикалық қызметі тірек, қорғаныш және қозғалысты іске асыру қабілетінен көрінеді. Тірек болу – жұмсақ ұлпалар мен мүшелердің қаңқаның түрлі бөліктеріне бекінуі арқылы іске асады. Қозғалыс жылжымалы бунақтармен қосылған және жүйке жүйесі арқылы басқарылатын бұлшықеттің көмегімен қозғалысқа келтіретін ұзын және қысқа рычагтар түріндегі сүйектердің құрылысы арқасында мүмкін болады. Қорғау қызметі жеке сүйектерден сүйек қуысын, жұлынды қоғайтын омыртқа қуысын, бас миын қорғайтын ми сауытын, көкірек қуысының басты мүшелерін (жүрек, өкпе) қорғайтын көкірек қуысын, түрдің одан әрі сақталуы үшін қажет көбею мүшелерін қорғайтын сүйекті орын – жамбас астау түзу арқылы іске асырылады. Сүйек жүйесінің жалпы функциясы қаңқаның зат алмасуға, әсіресе, минералды алмасуға қатысуына байланысты.

Сүйек заты химиялық заттардың 2 түрінен тұрады: органикалық, бейорганикалық заттардан тұрады. Бала сүйектерінде органикалық заттар көп, сондықтан олардың сүйегі иілгіш, эластикалық болып келеді. Жасы келе минералды заттар артады. Сүйектің құрылымдық бірлігі остеон, яғни тамырлары мен жүйкелер бар, орталық каналды айнала сақиналы орналасқан сүйек пластинкалары жүйесі болып табылады.Остеондар бір-біріне тығыз жабысып жатпайды, олардың арасы аралық сүйек пластинкаларымен толтырылған. Сүйек сүйек қабығы, сүйек ұлпасы, сүйек қызыл майы, қан және лимфа тамырлары мен жүйкелерден тұрады. Сүйек қабығына буындар мен бұлшықеттер бекиді, ішкі қабаты бөлінетін жасушалардан тұрады, бұл клеткалар сүйекті қалыңдатады.

Жас сүйектер ұзына бойы шеміршек көмегімен өседі, сүйек өсуі аяқталғанда шеміршек сүйек ұлпасына айналады. Бала өскен сайын, оның сүйегінде сү азайып, минералды заттар артады. Ер адамда сүйектің дамуы 20-24 жаста аяқталады, әйел 2-3 жыл бұрын аяқталады.

  1. Бас, дене, аяқ қаңқасының ерекшеліктері. Бассүйек — ми сауытымен бет бөлімдеріне бөлінеді. Ми сауыты бөлімі бірімен-бірі берік (қозғалмай) байланысқан маңдай (1), тебе (9), самай (8), шуйде (7) және т. б. сүйектерден құралған. Жаңа туған нәрестенің маңдай бөлімінде бүлкілдеп тұратын жұмсақ жері — еңбегі (родничок) болатынын байқаған шығарсыңдар. Пішіні ромбы тәрізді, тынысалу қозғалысының өсерінен бұлкілдейді. Ми сауыты бөліміндегі сүйектер бірден қатаймай, бірнеше даму сатысынан өтеді. Алдымен жұқа жарғақты, содан соң шеміршекті болып, ең соңында сүйекке айналады. Нәрестенің маңдай тұсы жарғақты, мұндай жерлер самайдың тұсында да болады. Бала 2 жасқа келгенде сүйектері қатая бастайды. Ми сауытының шүйде сүйегінде жұлын мен миды жалғастырып тұратын үлкен шүйде тесігі болады. Адам бассүйегінің ми сауыты бөлімінің көлемі жануарлармен салыстырғанда үлкен. Бет бөліміне — үстіңгі және астыңғы жақсүйектері, бет, мұрын, таңдай және т.б. сүйектері жатады. Астыңғы жақсүйегі самай сүйегімен шықшыт буыны аркылы байланысқан Кейбір бассүйек бөлімдерінде (маңдай, үстіңгі жақсүйек және т. б.) ауа болатын қуыстар бар. Ол сүйектердің жеңіл болуын қамтамасыз етеді

Қол қаңқасы — иық белдеуі мен қол сүйектерінен тұрады. Иық белдеуіне екі бұғана мен екі жауырын сүйектері жатады. Жауырынның пішіні үшбұрышты үш қырлы, жұқа әрі жалпақ сүйек.

Бұғананың бір шеті төссүйекпен, екінші шеті жауырынмен байланысады. Қол сүйектеріне жататындар: тоқпан жілік, кәрі жілік пен шынтақ сүйегі (білек), қол басы сүйектері. Кәрі жілік шынтақ сүйегімен қатарласа орналасқан. Тоқпан жіліктің ішкі қуысын жілік майы толтырып тұрады

Аяқ қаңқасына — жамбас белдеуі мен аяқ ұшы сүйектері жатады Жамбас пен сегізкөз тұтасып жамбас қуысын құрайды. Әрбір жамбас сүйегінің өзі бірімен-бірі тұтасып кеткен 3 сүйектен (мықын, шат, шоңданай) тұрады

Аяқ сүйектеріне жататындар: ортан жілік, асықты жілік, шыбық сүйек, толарсақ, аяқ ұшы және башпай сүйектері . Асықты жілікпен қатарласа тұратын жіңішке сүйек — шыбық (садақ) сүйек деп аталады. Ортан жіліктің жұмыр ұршық басы жамбас ойысына кіріп тұрады. Толарсақта 7 сүйек бар, оның ең ірісі — өкше сүйегі. Табанды қысқа бес сүйектер құрайды. Қол саусақтары сияқты аяқтың башпайлары да, үлкен башпайдан басқасы 3 қысқа сүйектен құралған. Қол және аяқ сүйектері бірімен-бірі қозғалмалы (буын арқылы) байланысқан. Мысалы, шынтақ буыны, тізе буыны және т. б. Аяқ ұшы сүйектерінің дұрыс қалыптаспауынан көбіне жалпақ-табандылық ауытқуы пайда болады . Оған аяқ бұлшықеттерінің өлсіз дамуы да әсер етеді. Бұл кезде аяқ ұшы сүйектерінің күмбезденіп орналасуы ауытқып, табан сүйектері жерге толық тиіп тұрады. Жүргенде, жүгіргенде аяқтың бұлшықеттері тез шаршайды. Жалпақтабандылықты болдырмау үшін өкшесі бар аяқ киім кию керек.

Қаңқаны 2 бөлімге бөледі: білікті (осевой) (бас қаңқасы, омыртқа бағанасы, кеуде сүйектері), қосымша (қол және аяқ сүйектері).

Қаңқа бөліктері:

  • бас қаңқасы (ми сауыт, бет сүйектері);
  • тұлабой қаңқасы (омыртқа сүйектері, қабырғалар, төстік);
  • қол сүйектері (иық белдеуі – бұғана, жауырын, қол бас сүйектері- тоқпан жілік, шыбық және шынтақ сүйек, білезік сүйектері, алақан, саусақ сүйектері);
  • Аяқ сүйектері (жамбас белдеуі, ортан жілік, асықты жілік, тізе тобығы, табан, башпай сүйектері).

Ересек адам қаңқасына кіретін жекелеген сүйектердің саны 200-ден асады, олардың 36-40 дененің орта сызығы бойымен орналасқан. Сырқы пішіндері жағынан сүйектерді ұзын, қысқа. Жалпақ және аралас деп ажыратады.

Буындардың құрылысы мен қызметі: қозғалмайтын- сүйек бұдырлары бір-бірімен тігіс тәрізді бекиді (бас сүек), аз қозғалатын – сүйек арасындағы берік шеміршектер жатады (омыртқа сүйектері), қозғалатын – сүйек ұшы гиалинді шеміршекпен жабылған, бұл шеміршек эластикалық, жылтыр, тегіс болып келеді.

Омыртқа бағанасы. Омыртқа бағанасы жоғарғы жағы баспен, төменгі жағы жамбас сүйекпен бекиді. Омыртқа жотасы 5 бөлімнен: мойын омыртқалары – 7, арқа омыртқалары-12, бел омыртқалары – 5, сегізкөз омыртқалары -5, құймышақ 4-5 омыртқа сүйектерден тұрады. Жаңа туған баланың омыртқа жотасының сырттай иілулері байқалмайды.

Бұлшық еттер ана құрсағындағы дамудың алғашқы жартысындағы кезеңнің өзінде – ақ өздеріне тән түр мен құрылымдық сипат алады. Бұдан былай олардың ұзындығы мен қалыңдығы тез ұлғаяды. Олар сүйекскелетінің өсуіне сәйкес бұлшық еттер талшықтарының және әсіресе тарамыстардың ұзартуы арқылы ұзыннан өседі, солардың көмегімен бұлшық еттер сүйекке бекиді. Қалыңдығынан өсу, шамалы дәрежеде бұлшық еттердегі алғашқы бұлшық ет тканінің  қалыңдығынан жаңа талшықтардың пайда болуы есебінен жүреді. Алайда негізінен алғанда қалыңдығынан өсу талшықтың диаметрі ұлғаюы арқылы жүреді. Жаңа туған нәрестеде ол миллиметрдің 10 – 15 мыңнан бір үлесінен аспайды, ал 3 – 4 жаста 2 – 2,5 есе ұлғаяды. Келесі жылдары бұлшық ет талшықтарының диаметрі айтарлықтай дәрежеде организмнің жеке ерекшелігінен,  ең бастысы қимыл белсенділігіне байланысты болады.Жаңа туған нәресте бұлшық етінің үлесіне бүкіл дене массасының 20 – 22% тиеді, яғни ересек адамдікіне қарағанда шамамен алғанда, екі есе аз. Ал ересектердің бұлшық еттері көбінесе дене массасының 35 -45% құрайды.

Демек, туғаннан ержеткенге дейінгі бүкіл кезең ішінде бұлшық еттер массасының артуы жалпы дене массасының артуынан екі есе қарқынды болуы тиіс. Алайда алғашқы уақытта, сәби жүре қоймаған кезде бұлшық еттер бүкіл организмді тұтас алғандағыға қарағанда баяу өседі. Мәселен, туғаннан кейінгі алғашқы 4 ай ішінде дененің жалпы массасы екі есе артады, ал бұлшық ет массасы тек 60% ғана өсіп, дене массасының 16% құрайды. Бір жасқа толғаннан бастап табиғи жаттығудың әсерінен бұлшық еттердің өсуі бірте – бірте шапшаңдай береді, ал алты жаста бұлшық еттің үлесіне дененің жалпы массасының тағы да 22% жуығы, ал сегіз жаста – 27% тиеді. Әсіресе бұлшық еттің өсуі 14 – 15 – тен 17 – 18 жасқа дейін қарқынды болады. Сөйтіп бұлшық еттің үлесіне 14 жаста орташа алғанда дене массасының 30%, ал 18 – 20 жаста – 40% тиеді.

Бұлшық еттің жиырылу қабілеті ана құрсағындағы тіршіліктің екінші айының соңында пайда болады. Бұлшық ет тонусы бірте – бірте дамиды, сонымен бірге ана құрсағындағы даму кезеңінде және емшек жасында бүгілгіш – бұлшық ет тонусы жазғыш – бұлшық ет тонусынан басым келеді де, оның жатырдағы ұрықтың табиғи жағдайын сақтау үшін маңызы болады.Үшінші айдың соңында адам ұрығы қолдың жанасуына оған жауап ретінде саусақтарын жұмады. Тағы бір айдан соң кеуде мен аяқ – қолдың, ең бастысы жазылғыш еттердің білінер – білінбес және өте баяу жиырылуы біліне бастайды. Бұл қимылдау деп аталады. Ол бірте – бірте жиі болады әрі соншалықты айқын білінеді, сондықтан оны екі қабат әйел анық сезеді. Аяқ қолды бүгіп, жазу үшін, және тыныс алу қимылы басты қозғалту үшін қажет қимылдарды аса қарапайым түрде үйлестіру тек туғанға дейін пайда болатындығына күмән жоқ. Алайда қимыл өте баяу өтеді.Бала өмірінің алғашқы күндерінде – ақ белсенділігін байқатады. Бұл негізінен алғанда аяқ – қолдың ретсіз қимылдары. Бала етпетінен жатқан жағдайда басын бұрады, одан кейін бүкіл денесімен аунап, шалқасынан жатады. Егер оны тік жағдайда ұстаса, басы алға қарай еңкейеді, өйткені оның салмақ түсу орталығы алда, яғни бас сүйектің омыртқамен буындасқан жерінде, тірек нүктесінде болады, ал артқы мойын бұлшық етінің тонусы басты дұрыс қалыпта ұстап тұруы үшін жеткіліксіз.

Мектеп жасына дейінгі балаларда иіндер әлі де қалыптаса бастайды да, ол едәуір дәрежеде дененің тұрған қалпына  байланысты болады.  Ұзақ жатудан кейін, мысалы түнгі ұйқыдан соң мойын, әсіресе бел иіні жазылып кетеді де, отыру мен жүрістің әсерінен қайтадан пайда болып, жұмыс күнінің соңында ол күшейе түседі. Тіпті 7 – 10 жастың өзінде түнгі уақытта иіндер едәуір жазылып теңеледі. Бұдан былайғы жерде иіндердің өзгергіштігі бірте – бірте жайылып кетеді.Мектеп жасына дейінгі балаларға тұлғасының ерекше иілгіштігі тән, мұны омыртқа аралық шеміршектердің аса қалыңдығы мен икемділігімен және омыртқа эпифиздерінің кеш сүйектенуімен түсіндіруге болады.

Басқа да ұқсас мәліметтер

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *