Тимуридтер мемлекеті Шағатай мемлекетінің ыдырауынан кейін құрылды. Шағатай мемлекетін өз атымен атаған Шағатай, моңғол билеушісі Шыңғыс ханның екінші баласы болып табылады. Өлкенің зандарын, халықтың әдет-ғұрпын жақсы білген бұл тұлға қысқа бір уақыт ішінде үлкен ықпал мен құрмет иесіне айналды. Әкесімен бірге түрлі жорықтарға қатысуынның нәтижесінде соғыс өнері мен саясат ғылымы бойынша мол тәжірибе жинады. Алайда әкесі қайтыс болғаннан кейін ешбір жорықтарға қатыспады. Кейде Моңғолстандағы інісінің қасында, кейде Шыңғыс ханның өзіне мирас ретінде қалдырған жерлерде өмір сүрді. Өмірінің үлкен бөлігін Іле жазығында өткізді. Шыңғыс хан екінші ұлы Шағатайға шығыста ұйғыр өлкесінен, батыста Бұхара мен Самарқанға дейінгі жерлерді берді. Алайда Шағатай бүкіл бұл ауданның толыққанды әміршісі бола алмады.

Ұлы қағанның атынан Қытайдың шекарасынан Бұхараға дейінгі аудандарды Махмұд Йалавачтың баласы басқарды. Шағатай жүргізген саясатының барысында Исламға құрмет танытпады. Мұсылмандардың көпшілігіне діни міндеттерді орындауға тыйым салды. Шыңғыс ханның балаларынан тараған бір әулетке және сол бір әулет құрған мемлекетке аты танылған Шағатай, 1241жылдың 11 желтоқсанында қайтыс болған інісі Өгедейден бірнеше күн ғана артық өмір сүрді.

Алтын Орда халқының алғашқы атауы болып табылатын «Жошы ұлысы» деген есім ұмытылып, оларға мұсылман Өзбек ханның есімі таңылып, халқының өзбек, ал мемлекетінің Өзбекстан деп аталуы іспеттес, Мауерауннехир түріктері немесе түріктеніп кеткен көшпенді қауымдар да XV ғасырда, яғни Шағатай әулетінен ешкім калмаған кезеңде Шағатай есімімен аталды. Шағатай мемлекеті Шағатайдың өлімінен жиырма-отыз жыл кейін (1260-70) құрылды. Әуелі Бамиянда қайтыс болған Мүгүгеннің баласы Қара Хулагудың, кейін жаңа Ұлы қаған Гүйүктің (1246-1248) үкімімен Шағатай ұлдарының ішінен Йісу Мөңке әулет басшысы ретінде танылды. Гүйүк 1248 жылы Бесбалықта қайтыс болысымен Шыңғыс ханның ең кіші ұлы Түлуйдың баласы Мөңке «Ұлы Қаған» болып сайланды. Шағатай мен Өгедей әулетінің өкілдері жаңа кағанға бой ұсынатындықтарын білдірді.

Мөңкеңің 1259 жылы кайтыс болуынан соң оның інілері: Құбылай мен Арық Бүке таққа таласты. Бұл жағдайды пайдаланған Шағатайдың немересі Алгу Орта Азияны Арық Бүкенің атынан өзіне каратуға тырысты. Хорезм мен Ауғанстан және Орта Азияның бір бөлігін өз билігінің астына алды. Орта Азияда тәуелсіз бір Моңгол мемлекетінің құрушысы ретінде есептелінетін Алгу, Арық Бүкенің қалауы бойынша бұл әрекетке кедергі болуға тырысып бақты. Ергене Хатунмен үйленіп, Месуд Бекті уәли ретінде Самарқан мен Бұқараға жіберді. Алгудың 1266 жылы қайтыс болуы тұсында Ергененің мұсылман баласы Мүбаракшах Шағатай ханы болып жарияланды. Алайда ұзақ уақыт өтпей басқа бір Шағатай ханзадасы Барақ оның орын тағын тартып алды. Ұзаққа созылған талас-тартыстың нәтижесінде Мауераүннехир үлкен бір бөлігін өз билігі астына қаратқан Барақ бұл өркениет жерлердің әкімшілігін Месуд Бекке тапсырды.

Барақтан кейін ұлы Тува Чапармен қиынға соққан тартыс жүргізіп, Шағатай таққа отырды. Одан соң Есен Бұғаның інісі Кебек қаған болды. Илчигидай мен Тува, Темірдің қысқа бір мерзімдік билік құруынан кейін Кебектің ағасы Тармаширинның (1326-1334) тағына отырды. Ислам дінін қабылдап, атын Аллахаддин деп ауыстырды. XIV ғасырдың бірінші жартысында Мауераүннехирдегі билікті хандар қайта өздеріне қаратты. Моңғол ханзадаларының бірі Қазан хан болып жарияланды. Алайда бірнеше жылдық талас-тартыстың нәтижесінде 1346 жылы өлтірілді. Мемлекет шылбыры оны өлтірткен Қазағанның қолына өтті. Алайда қажет болса, Қазаған, Түркістанның басқармасын өз билігінде ұстап отырған Дулат бектері биліктерін таныту үшін Шыңғыс ханңың ұрпақтарының бірін таққа отырғызуы тиісті еді.

Темір және оның әрекеттері

1358 жылы Қазағанның өлтірілуінен кейін билік оның баласы Абдуллахтың қолына өтті. Алайда бектердің оған қарсы шығуларының нәтижесінде ол да өлтірілді. Сөйтіп Мауераүннехирде саяси кикілжіңдер мен таққа таласу етек алды. Осы тұста Темір тарих сахнасына шықты. Ол он жылға созылған тартыстың нәтижесінде Мауераүннехирді өзіне қаратты. Деректер Темірдің 1336 жылдың 9 сәуірінде дүниеге келгендігін көрсетеді. Әкесінің аты – Тарағай, анасының аты – Текин Хатун. Әмір Темірдің руы оның өлімінен соң немересі Ұлыкбекгің тарапынан Ыстықкөл аумағынан көшірілді, ру аты Самарқанда жазылып Темірдің мазарының басына қойылған таска қашалды.

Алайда Темірдің руы туралы болсын, ия да отбасы туралы деректерде көптеген қарама-қайшылықтар бар. Темір мен оның отбасын Түркістан, Хорасан мен бүгінгі Ауғанстандағы аты шулы тайпалармен кұда-құдағилық байланыстар құрған болатын. Мауереннахрдағы қарама-қайшылықтардың өрбіген тұсында Тоқлүқ Темір Түркістанға келді. Көптеген бектер өз жерлерінен қоныс аударып кетті. Алайда Темір өз жерінде қалып, көп уақыт Тоқлүқ Темірге бағынышты болды. Уақыт өте Токлүқ Темірге қызметке кірді. Мауереннахрды билеп отырған Ілияс Қожа Оғланның әміршілерінің қысым көрсетулерінен Әмір Хусейнмен бірге Хорасанға қашып бара жатқан Темір түрікмендердің қолына түсті. Бірнеше ай тұтқын болғаннан кейін бұлар босатылып, Мауераүннехирге қайта оралды.

Бұлар ұзаққа созылған тартыстың нәтижесінде Тува ханның немерелерінің бірі Кадишах Оғланды хан жариялап, Мауераүннехирдің билігін өздеріне қаратты. Алайда бұл екі достың арасы алшақтап, бір-бірімен тартысуларына да тура келді. Нәтижесінде Әмір Хусейн 1370 жылы өлтіріліп, оның бүкіл дүние-малы Темірдің қолына өтті. Самарқанға келген Темір 1370 жылы таққа отырды. Таққа отырысымен Темір шығысқа, батысқа, оңтүстік пен солтүстікке бағытталған түрлі әскери жорықтарды жүзеге асырды. Олардың негізгілері мыналар: а) Хорезм жорықтары: Жошы халқына қарасты қоңырат тайпаларының билеп отырған Хорезм ауданына бағытталған бұл жорық жеңіспен аяқталды. ә) Монғолдар мен кыпшақтарға қарсы ұйымдастырған жорықтары: Қашғар мен Ыстықкөл аймағында қоныстанған моңғолдар мен қыпшақтарға қарсы жорық ұйымдастырған Темір 1370 жылы Мауераүннехирді толығымен өзіне қаратты. Жалайырлықтарды да жеңіп, олардың жерлерін басқа тайпаларға бөліп берді. Осы тұста Ақ Орданың билеушісі Ұрыс ханнан қашқан Тоқтамыс, Темірге келіп, көмек сұрады. б) Хорасан жорықтары: 1370 жылы, яғни Мауераүннехир Темірдің билігінің астына өткен тұста Хорасан аумағында түрлі тайпалар үкім құрған болатын. Олардың ыдыраңқылығын дер кезінде пайдаланып, Темір өз қолын Хорасанға бағыттады.

Он-он бес жылдық саясатының нәтижесінде бұл жердің де әміршісі атанды. в) Үш жылдық жорығы:Хорасан жорықтарының тұсында Иранның жағдайын алыстан болжай білген Темір қажылыққа бара жатқан керуендерге шабуыл жасады деген сылтаумен әскерін Ирак пен Иранға қарсы бағыттады. Самаркант пен Түркістанға да балаларының басшылығында куатты әскер жіберді. Бағдат, Тебриз, Тифлис, Ширван, Қарабағ пен Әзірбайжан екі-үш жылдың ішінде Темірдің мемлекетінің құрамына енді. Кейінірек Шығыс Анадолыдағы қарақойлықтардан Темір жеңіліп, Иранға қайтуға мәжбүр болды. г) Тоқтамысқа қарсы жорықтары: Әзірбайжан мен Шығыс Анадолыдағы Темірдің жеңіліске ұшырауынан кейін Тоқтамыс Темірдін жоқтығын пайдаланып, шығысқа жорық ұйымдастырды. Сауран мен Отырарды өзіне қаратып, Мауераүннехирді жаулап ала бастады.

Осы тұста Иранда болған Темір Тоқтамыспен соғысудың уақыты келгендігін түсінді. Ол 1390-1391 жылдың қысын Ташкентте өткізіп, 1391 жылы оған қарсы үлкен бір жорық ұйымдастырып, Сауран, Самарканд пен Отырарды бірінен соң бірін қайта қаратты. ғ) Бес жылдық жорығы (1392-1396): Самарқантқа қайтып келген Темір ғазналық Махмуттың еліне жорық ұйымдастырды. 1392 жыр Бұхараға кірді. Джейхун өзенінен өтіп, Мазандаранды өзіне қаратты. Иранның Фарс ауданына өтіп, мұзаффарлықтарды жеңіп, Сивас пен оның аймағын жаулап алды. Иракқа ат басын тіреді. Осы тұста Анадолыда саяси ыдыраңқылық етек алған болатын. Бектіктер бір- бірімен қырылысып жатқан кезең.

Бұндай жағдайды пайдалана отырып, Темір 1393 жылы Бағдатқа аяқ басып, Орта-Шығысқа (Алдыңғы Азия) қауіп-қатерін төндірді. Бағдатты жаулап алғаннан кейін Оңтүстік-Шығыс Анадолының жеріне аяқ басты: Мусул, Мардин, Диарбакыр мен Ван қалаларын жаулап алды. Эрзинджанды да өзіне қаратқаннан кейін кері қайтты. Сөйтіп Түркістанды жаулауға кірісті. 1395 жылы Тоқтамысқа қарсы жорық ұйымдыстырған Темір, Терек өзенінің жағалауларында оны жеңіп, кейін солтүстікке бағыт алып, Мәскеу маңына дейін барды. Алтын Орда мемлекетін құлату үшін соғысқа дайындық жүргізді. Алтын Орда мемлекетін екі шайқастың нәтижесіңде жоқ қылды. Дербент, Әзірбайжан, Сұлтания мен Хамадан арқылы Самарқантқа қайтты. д) Үндістан жорығы: Бесжылдық бұл жорықтан кейін Темір, Хотан мен Қытайға жорық ұйымдастыруды жоспарлады. 1396 жылы Самарқанттан Үндістанға өтіп, Пенджаб пен Синд аудандарының қоныстанған кейбір орталықтарын жаулап алды.

Делидің аймағында Түғлық билеушісін жеңіп, 1399 жылы Үндістаннан Самарқантқа қайтты. е) Жеті жылдық жорығы: Бұдан бұрынғы «бес жылдық жорықтың» тұсында Анадолыға кіріп, Сивасқа тікелей бағыт алған Темір бірлестен Гүржістанды жаулауға кірісе отырып, келешекте Орта-Шығыс Анадолыға қайта соғатындығын ұмытпаған. 1396 жылдың басында Ширваннан Йылдырым Баязидке жіберген хатында бұл ниетін ашық түрде жария еткен. Үндістан жорығын жетістікпен аяқтап, Ордасына кайтқан Темір 1399-1400 жылдардың қыс мезгілін Әзірбайжанның Қарабағында өткізіп, Әзірбайжан, Гүржістан мен Араби Иракта ассимиляциялау саясатын жүзеге асырды. Одан кейін Бингөлге келді. Темірдің Әзірбайжанға келуінен мазасызданған қарақойлы Юсуф Бек пен жалайырлық Ахмет Сұлтан әуелі Бағдатқа қашты. Нәтижесінде Йылдырым Баязидке бас ұрды. Темір болса, Сивасты өзіне қаратты. Сирияға бағыт алып, мамлюктерге шапты. Халеб, Хумус пен Димашық қалаларын өзіне қаратты. Одан кейін Мардинге қайтқан Темір жалайырлық Ахмет Сұлтанның еліне жорық ұйымдастырып, ол жерді де өзіне қаратып, Тебризге қайтты. Сөйтіп Темір 1402 жылдың наурыз айында Йылдырым Баязидке қарсы жорыққа шықты.

Авник арқылы Кемахка келді. Сивас пен Кайсери арқылы Анкара маңына өтті. Чубук жазығында османдықтардың әскерімен кездескен Темір жеңіске қол жеткізді. Баязидті тұтқынға алды. Темірдің жеңіске жетуінде татарлармен бірге әуелден келісімге келген Анадолы бейліктеріне тиесілі әскерлер, шайкас барысында османдықтардан бөлініп, Темір жағына өту імаңызды рөл ойнады. 1403 жылдың жазында Гүржістанға келген Темір қыстау үшінКарабағта тасаланды. Қысты өткізісімен Джейхун өзенінен өтіп,туғанжері болып табылатын Кеш қаласына,14Q4 жылдың шілдесіндеСамарқантқа жетгі. ж) Соңғы жорығы мен өлімі: Қытай мен Үндістанда Исламның әлсірегендігі мен мұсылман халықтарына зұлымдық көрсетіліп жатқандығынан хабар алған Темір бұл мемлекеттерге күйрете соққы бермек болып әскери жорықтың дайындығына кірісті. 1404 жылдың қараша айында осы мақсатпен Самарқаннан тіке Аксулатқа әрекет етті.

Алайда мезгілдің суық әрі қарлы болуына байланысты сол жерде қыстауға мәжбүр болды. Одан кейін Отырарға бағыт алды. Сырдарияның мұздарының үстінен өтіп, 1405 жылы Отырарға жетті. Алайда жолдың жорықты жүзеге асыру үшін қолайсыз екендігінен хабар алған Темір Отырарда біраз аялдады. «Аттан» әмірін берген тұста дертке шалдығып, 1405 жылдың 18 ақпанында 69 жасында қайтыс болды.