Тілді оқытуда мультимедиялық бағдарламаларды қолдану

Қазіргі білім жүйесінде ақпараттық технологиялар мен компьютерлік телебайланыстар кең көлемде пайдаланылып жүр. Оқытушы бұл жағдайда мәліметті таратушы емес, кеңесші, ақылшы, тіпті оқушының әріптесі ретінде болады. Мұндай жағдайда оқушы оқу үрдісіне белсене араласып, ойлануға, жеке көзқарастарын білдіруге, ситуациялар құруға үйренеді. Соңғы уақытта жаңа ақпараттық технологияны қолдану туралы мәселе жиі айтылып жүр. Бұл тек қана жаңа техникалық құрал жабдықтар ғана емес, сол сияқты оқытудың жаңа түрлері мен әдістері. Шетел тілдеріне оқытудың басты мақсаты оқушылардың комммуникативті мәдениетін қалыптастыру және дамыту болып табылады. Оқытушының міндеті — әрбір оқушының тілді практикалық тұрғыдан игеруге жағдай жасау, әрбір баланың белсенділігін, шығармашылығын нығайтатын әдіс-тәсілдер таңдалынуы керек. Оқытушының міндеті-шетел тілін оқыту үрдісінде оқушының танымдық қызметін арттыру.

Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар, атап айтсақ, жобалау әдістемесі, жаңа ақпараттық технологиялар, интернет желісін пайдалану-оқытудың жеке бағытталған тәсілін жүзеге асыруға көмектеседі, баланың қабілетіне байланысты жеке және түрлі бағытта жұмыс жасауды қамтамасыз етеді. Ағылшын тілі сабақтарындағы компьютер бағдарламаларымен жұмыс түрлеріне мыналар жатады. Олар: лексиканы үйрену, айтуды жаттықтыру, екеуара және жеке дара сөйлеуге үйрету, жазуға үйрету, грамматикалық құбылыстарды игеру. Ақпараттық технологияны қолдану – мұғалімге мәліметтер және оқудың формасын таңдауға, сабақтарды айқын және қызықты, ақпаратқа толы, әсерлі етіп өткізуге мүмкіндік береді. Ағылшын тілі сабағында мультимедиялық бағдарламаны қолданудың негізгі өзегі — өзге тілдік мәдениеттің барлық аспектілерін коммуникативті жолмен игеру. Оларға: танымдық оқу, дамытушылық және тәрбиелік, ал оқу аспектісіне барлық сөйлеу әрекеттері жатады, яғни оқу, сөйлеу, тыңдау, жазу.

Мультимедиялық бағдарламаны қолдану әдістемесінің көп артықшылықтары бар. Ол әр түрлі сөйлеу түрлерін жаттықтыруға және оларды әр түрлі түрде үйлестіруге, тілдік құбылыстарды білуге, лингвистикалық қабілеттерін қалыптастыруға, коммуникативті ситуацияларды құруға, тілдік және сөйлеу әрекеттерін машықтандыруға, сонымен қатар қатысушылардың жеке өзіндік жұмыс жүргізулеріне мүмкіндік береді. Таңдалған тақырып бойынша презентация жасағанда ізденуші тақырып туралы ең қызықты оқиғаларды, фактілерді іріктеп алады. Ортақ қызығушылықты туғызатын ең өзекті мәселені талқылайды. Презентацияда мәліметтерді игерудегі ең маңыздысы ізденуші көрнекілік, анимация, дыбыс, аутентикалық тірек қолданады. Оларға: суреттер, хаттамалар, маңдайша жазулары, жарнамалар, карталар, схемалар, таблицалар, диаграммалар т.б жатады. Оқып жатқан мемлекет тілінің мәдениетін өзінің мемлекетімен салыстырып, күнделікті бағалау арқылы білетін болады. Оқушылардың мәдениет тақырыбына қатысты презентация кезінде өзара диалог туады. Оқушылар өздерін шет елдік оқушылармен, оқиғаларымен салыстыру арқылы олар ұқсастығы мен өзгешелегін айырады, басқа мемлекеттің адамдарымен, дәстүрлерімен танысып, жақсы қарым-қатынас нығаюына ат салысады. Сөйлеу барысында оқушылар әр слайдқа толық мәлімет береді. Пән бойынша сөйлеу проблемалық сұрақтар төңірегінде құрылады. Өз ойын айту үшін презентация құрушы логикалық, тілдік, грамматикалық жағынан дұрыс құруға ұмтылады. Қатысушы сыныпқа таныс емес мәліметтерді қалай түсіндіріп жеткізуге керектігін үйренеді, сондықтан оларда өз ойын айту стимулы қалыптасады. Слайдтағы мәліметті түсіндіріп қана қоймай, қосымша мәліметті үндендіреді. Оқу – презентациямен жұмыс істеген кезіндегі ең негізгі бөліктің бірі. Оқуға арналған мәтіндер ең алдымен тақырып бойынша сәйкес келуі керек. Мәтіндер оқулықтан немесе қосымша әдебиеттерден алынуы мүмкін. Презентацияға керекті мәліметтерді алу үшін қатысушылар баспа мәліметтеріне сараптама жасауына тура келеді. Презентация бойынша жұмыс кезінде оқушы анықтамалармен, энциклопедия сөздігімен жұмыс істейді. Тыңдау- оқытуда құрал және нысан ретінде презентацияда қолданады. Тыңдаудың ең бірінші қызметі-презентацияны қорғаушы сөйлеген кезде оның сөзін басқалар тыңдайды, жаңа мәліметтермен танысады. Презентация қорғап жатқанда естумен қатар бейнелеу қолданылады.

Тыңдау барысында мәтіннің көптеген сөздері таныс емес болады. Ең маңызды тапсырма-оқушы бір жағынан ең негізгі мәліметті ерекшелеуге, ал екінші жағынан кейбір түсініксіз сөздерді тастап кетіп, мәтінді түсінуге дағдыланады. Оқушылар мұғалімнің қалыпты жағдайындағы сөйлеуін түсінуі керек. Презентация барысында мақал-мәтелдерді, жұмбақтарды, өлеңдерді айту өте қызықты болады.

Презентация жасау — оқушыда интелектуалды ойлануды дамытады. Әр бөлек слайдты жасауда жұмыс үрдісі күнделікті қиындық тудыратын, ойлануға арналған тапсырмалар арқылы құрылады, ол оқушыдан интелектуалды ізденісті талап етеді. Қызығушылықпен ағылшын тілін әрі қарай игеруге жұмыс жасайды. Берілген тақырып бойынша презентацияны дайындағанда, әр түрлі сыныптардағы оқушылар деректер көзін пайдалана отырып, мәліметтерді іздейді. Олар презентацияны түрліше өткізіп қорғайды. Мұндай нұсқауларды қарап, өз проблемаларын шешу балаларға қызық.

Оқушыға қиялдау, шығармашылық тұрғыда ойлауға, жеке өз ойын айтуға көмектеседі. Сабақта компьютерлік технологияны қолдану-оқыту үрдісінде сапаны арттырады, оны пайдалы, қызықты етеді. Презентация құрғанда оқушыларда әр түрлі мәліметтерді сараптау, ой елегінен өткізу қабілеті пайда болады. Ақпараттық технология шетел тілін игеруге үлкен мүмкіншіліктер ашады, кең көлемді тапсырмаларды жеңіл және ыңғайлы түрде шешуге септігін тигізеді, оқушыларға ағылшын тілін игеруге қосымша мүмкіндік береді. Презентацияға дайындалу барысында интернет желісін пайдаланады. Интернет желісін пайдалану мүмкіндіктері орасан зор. Жаһандық желіс оқушыға және оқытушыға әлемнің кезкелген бөлігіндегі қажетті мәліметті алуға мүмкіндік туғызады.

Бұл елтану тақырыбындағы мәлімет, үнқағаз және журнал материалы, жастар өміріндегі жаңалықтар, қажетті әдебиеттер болуы мүмкін. Оқушылар түрлі тестерге, сұхбаттарға, сайыстар мен олимпиадаларға қатыса алады, басқа елдің балаларымен хат алысып, конференцияларға да қатыса алады. Қазіргі заман шетел тілдерін практикалық жағынан күнделікті өмірде және кәсіби салада игеруге жоғары талаптар қояды. Мәліметтер аумағы көбеюде. Интернет желісін оқыту құралы ретінде қолдану орасан зор мүмкіндіктер ашады. Ағылшын тілі сабағында интернет желісін пайдалана отырып бірқатар дидактикалық мәселелерді шешуге болады: оқу біліктілігін дамытады, оқушылардың жазу қабілетін дамытады, сөздік қорын байытады, оқушылардың ағылшын тілін білуге деген ынтасын одан әрі арттырады.

Мұнан басқа интернет технологияларының мүмкіндіктерін пайдалану оқушылардың ой-өрісін кеңейтеді, ағылшын тілінде сөйлейтін елдердегі құрбыларымен байланыстар орнатып дамытуға септігін тигізеді. Қорытындылай келе, оқу үрдісіне мультимедиялық бағдарламаларды ендіру оқытудың дәстүрлі әдістерін мүлде ығыстырып тастамайды, олармен бірге оқытудың барлық кезеңдерінде үйлесіп, қатар қолданылады. Мультимедияны пайдалану оқытудың тиімділігін бірнеше есе арттырады.

Басқа да ұқсас мәліметтер

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *