Тіл дыбыстары туралы түсінік

Сөздің айтылуы бар да, жазылуы бар. Тіл дыбыстары – адамның дыбыстау мүшелерінің жемісі. А.Байтұрсынұлы өзінің алғашқы «Тіл — құралында» «Дыбыс пен қарып екеуі екі басқа нәрсе. Біріне бірін қатыстырып, шатастырмасқа тиіс. Содан бері 90 жыл өтті. Алайда осы бір қарапайым да қажетті ұғымды әлі күнге пайымдай алмай келеміз. Оқулықтар мен зерттеулерде әріп пен дыбыс бірінің орнына бірі талғаусыз қолданылып жүр. Олай болатыны, қазақ сөздері айтылуына сәйкес жазылады-мыс дейтін көзқарас көптен қалыптасқан. Тіпті «сөз жазылуы керек айтылуы бойынша» дейтін көзқарастағы Ахмет: «орыста бір сөз дыбысына қарай жазылып, он сөз дыбысына қарамай жазылатын болса, қазақта он сөз дыбысына қарай жазылып, бір сөз ғана дыбысына қарамай жазылады», — дегенді бастап айтқан деуге болады. Дыбыс – тілдің бір жақты единицасы: дыбысталады, бірақ мағынасы жоқ. Ал олардың белгілі бір тілде қалыптасқан тіркестері мағыналы сөздерді білдіреді. Олай болса, дыбыстар – тілдің мағыналы единицалары сөз бен морфемаларды құрастыратын материалдар қызметін атқарады. Тіл білімінде айтылатын фонема атауы да дыбысқа сәйкес келіп, көбіне сәйкес келе бермейді. Айталық, ә, о, ө, ұ, ү дауыстылары қай буында жазылса да дыбысты бейнелеп, үнемі өз атына сәйкес дыбысты, сондай-ақ фонеманы білдіреді деуге болады. Ал а әрпі ара-тұра ә болып (кітәп, ләзәт, ділдә т.б.) айтылатыны бар. Әсіресе, ы, е, і әріптері көбіне еріндіктерді таңбалауға пайдаланылады. Мұндай кезде олар дыбыс та, фонема да бола алмайды. Сөздер мен морфемаларды құрастыру үшін әр тіл өзінде бар толып жатқан дыбыстардың ішінен санаулы ғана дыбыстар типтерін (түрлерін) пайдаланады. Дыбыстық құрамының арқасында бас, көз, жер, су, адам, үй, қоян сияқты сөздерді бір-бірімен шатастырмай мағынасын дұрыс түсінеміз. Олай болатын болса, дыбыстар (дыбыстар типі) сөзді тануға қызмет етеді. Қазақ тілінен хабары бар әрбір адам бал, мал, қал, жал, сал, тал сияқты дыбыс тіркестерінің әр түрлі сөздер екендігін бірден ажыратады. Өйткені бұларда бір-біріне ұқсамайтын дыбыстар бар. Егер бір ғана сөзді (мал) тіліміздің заңына сәйкес түрлендіретін болсақ дыбыстар оларды бір—бірінен ажыратуға тағы да тірек болады. Қысқасы, тіл дыбыстары сөздер мен морфемаларды құрастыруға, тануға, ажыратуға қызмет етеді.

Фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістер

Сөйлеудің табиғи дыбыстық материясы болып табылатын фонетикалық жағы ерекше зерттеу әдістерін қажет етеді. Олай болатыны фонетика бір жағынан акустикалық аспекті тұрғысынан акустикамен, екінші жағынан физиологиямен байланысты болып келеді де, бұл ғылымдар да пайдаланылатын әдістер мұнда да қолданылуға тиіс. Әдетте мұны эксперименттік әдіс дейді де, сонымен байланысты қарайды. Фонетика саласынан мынадай қарапайым мысал алып қарастырайық: қазақ тілінде дыбыстардың қалыптасқан орны, үндесу заңдылықтары бар. Соның бірі қатаңнан кейін ұяң дыбыстарды айтып көрейік, ат-дың, ат-ға, ат-да. Әдейі бұзу үшін болмаса, бұлай айту қазіргі қазақ тілінде мүмкін емес. Фонетикалық көптеген тұжырымдар айту мен қабылдауға, қарапайым тәжірибеге негізделген.

Дыбыстардың акустикалық мінездемесін, күшін, қарқынын, созыңқылығын, сондай-ақ  оның артикуляциялық табиғатын, яғни, қандай мүшелердің қатысуымен қалай жасалып тұрғанын нақты білу үшін қабылдау арқылы сезіп қою жеткіліксіз, оны тиісті аппараттардың көмегімен қарастыру керек.

Дыбысты қарастырудың үш аспектісі

Біздің дыбыстық тіліміз өте күрделі құбылыс, сондықтан да оны үш түрлі аспектіде қарастыру керек. Олар: анатомия-физиологиялық аспект, акустикалық аспект, лингвистикалық аспект. 1. Анатомия-физиологиялық аспект. Адамның тілі ең алдымен биологиялық құбылыс, яғни ол – дыбыстау органдарының, оны басқарып отырған орталық нерв жүйесінің қызметінің нәтижесі. Адам организмінде тіл дыбыстарын айтуға жаралған арнайы органдар жоқ. Дыбыстау өкпедегі ауаның сыртқа шығуы кезінде ауа жолында орналасқан дыбыстау мүшелерінің белгілі бір тәртіппен атқаратын қызметіне негізделген. Дыбыстау мүшелері актив және пассив болып екіге бөлінеді. Актив мүшелер дыбыстау кезінде қимыл, қозғалыс жасайды. 2. Акустикалық аспект. Тіл дыбыстары да табиғаттағы басқа дыбыстар сияқты физикалық құбылысқа жатады. Дыбыс атаулы бір-бірінен ырғағы, күші, әуені, созылыңқылығы жағынан ерекшеленеді. Дыбыстың ырғағы тербелістің жиілігіне, ал дыбыстың күші тербелістің қарқынына байланысты. Біріншісі герцпен, екіншісі децибелмен өлшенеді. Дауысты дыбыстар бір-бірінен әуеніне қарай ажырайды. 3. Лингвистикалық аспект. Қарым-қатынас құралы тіл тек дыбыстар арқылы ғана іске асады. Сондықтан тіл дыбыстарын тек акустикалық, физиологиялық құбылыстар ретінде қарау жеткіліксіз. Ең бастысы, осы дыбыстардың адамдардың қатынас құралы тілдің қызметін қамтамасыз етудегі лингвистикалық мәнінде деп қарау керек. Осыдан дыбыстарды қарастырудың лингвистикалық аспекті келіп шығады. Мұны фонология деп те атайды. Қысқасы, лингвистикалық аспект дыбыстарға фонема тұрғысынан, фонемалардың қызметі тұрғысынан қарайды.

Дыбыс. Әріп. Фонема.

Сөздің айтылуы бар да, жазылуы бар. Әдетте мынадай көзқарас кезедеседі: шын тіл – жазылған тіл, яғни сөзді қатесіз жазу, жазылуындай етіп оқу. Ал айту (сөйлеу) оның шылауында кете берді. Алайда бұл қате пікір. Дұрысы жазуынан гөрі айтуы маңызды. Басқаны айтпағанда адам бірінші сөйлеуді үйренеді де, содан соң жазуға көшеді. Күнделікті өмірде де адамның сөзді жазуынан гөрі айтуы, оқуынан гөрі тыңдауы көп орын алады. Олай болатыны сөздің өмір сүру формасы – дыбыс. Әріп сол дыбысқа берілетін шартты таңба. Дыбысты айтамыз және естиміз, ал әріпті жазамыз және көреміз. А.Байтұрсынов өзінің алғашқы «Тіл құрал» деп аталатын еңбегінде осыны айрықша қадағалап айтқан: «Дыбыс таңбасын қаріп дейміз. Дыбыс пен қаріп екеуі екі басқа нәрсе. Біріне бірін қатыстырып, шатастырмасқа тиіс. Дыбыс естілетін көзге көрінбейтін нәрсе, қаріп көрінетін, естілетін нәрсе» алайда осы қарапайым қағиданы осы күнге дейін пайымдай алмай келеміз. Әріп пен дыбысты әсте шатастыруға болмайды. Әріп кейде жеке дыбыстарға сәйкес келсе, (мәселен, о, ө, ұ, ү) кейде бір әріп (мәселен, ю,я) бірнеше дыбыстың қорытындысын (йұу, йүу, йа) өрнектейді. Керісінше, кейбір әріптердің (ь, ъ) дыбыстың мәні жоқ. Тіл дыбыстары – адамның дыбыстау мүшелерінің жемісі. Дыбыс – тілдің бір жақты единицасы: дыбысталады, бірақ мағына жоқ. Ал олардың белгілі бір тілде қалыптасқан тіркестері мағыналы сөздерді білдіреді. Олай болса, дыбыстар – тілдің мағыналары единицалары сөз бен морфемаларды құрастыратын материалдар қызметін атқарады.

Дауыстылардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер

Дауысты фонемаларға тән басты ерекшелік, белгі – қасиеттердің, олардың фонемалық мәнінің айқын да тұрақты көрінетін орны – бір буынды түбір, сондай-ақ көп буынды сөздің бас (бірінші) буыны. Сөздің екінші буынынан бастап олардың фонемалық күші әлсірей береді. Мұның өзі екінші буыннан бастап кейбір фонемалардың таңбаларын алмастырып жазуға жол береді. Дауыстылардың әрқайсысының айтылуы, жазылуы зерделеп алудың маңызы зор. Қазіргі қазақ тілінде норма болып саналатын анкет, газет, контор, кординат, минут, секунт, пар, фанер, цифр сияқты сөздердің соңындағы а-ның түсіп қалуының бір себебі осы екпінсіз а-ның әлсіреп айтылуынан деуге болады. Қазіргі түркі тілдерінің кейбірінің дыбыстық құрамында ә дауыстысы жоқ. «Әзірбайжан, ұйғыр, татар, башқұрт тілдерінде ә түбір ішінде де қосымшалар құрамында да, айтылады, ал қазақ тілінде тек қана бірінші буында айтылады. Ең сирек айтатын тілдер – қазақ, түрік тілдері». Қазақ тілінің он томдық түсіндірме сөздігінде көген көрген 67 мың сөз бар десек, соның 19 проценті дауыстылардан басталады. Соның (2249) болмаса, қалған дауыстылар бір-біріне қарайлас. Орфографияға сәйкес ә әрпі барлығы 2,5 мыңдай сөздің бірінші буынында кездеседі.

Дауысты дыбыстардың алмасуы

Алмасу – альтернация — әр түрлі сөзформалардың құрамында кездесетін бір морфеманың бір дыбысының көрші дыбыстық құрамы туралы болғандықтан, мұның өзі морфонологияның да объектісі бола алады. Дауысты фонемаларға тән басты ерекшелік, белгі-қасиеттердің, олардың фонемалық мәнінің айқын да тұрақты көрінетін орны – бір буынды түбір, сондай-ақ көп буынды сөздің бас буыны. Сөздің екінші буынынанбастап олардыңфонемалық күші әлсірей береді. Мұның өзі екінші буыннан бастап кейбір фонемалардың таңбаларын алмастырып жазуға жол береді. Мәселен: өлең (өлөң), өнер (өнөр), өте (өтө), мұғалім (мұғалым). А және Ә — артикуляциялық (жақ, ерін) жақтан жуық фонемалар. Олардың арасындағы алмасулардың көп сыры осында жатса керек. Мұның кейбір сөздердің орфограммасына салқыны тиіп келеді. Осы уақытқа дейін үш рет басылған орфографиялық сөздіктен де мұның ізін аңғаруға болады: абдыра-әбдіре, аумесер-әумесер.

Дауысты дыбыстардың арасына қойылатын дыбыстар

Қазақ тілінде дауысты дыбыстар қатар келмейтіндіктен морфема жіктерінде қатар келген дауысты дыбыстардың бір түсіріліп, не араларына қыстыма дыбыс қойылып айтылады. Мысалы; бара алмады, қайта ойланды, қара ала деген сөз тіркестері баралмайды, қайталамайды, қарала болып айтылса, ағайын дегендегі й дыбысы аға және іні деген сөздердің арасына қайылған қыстырма дыбыстар. Сөз ішінде немесе түбір сөз бен қосымшаның аралығында да осындай құбылыстар кезігіп отырады. Айталық, етістікке –ық, -ік жұрнағы жалғанып, сын есім тудыратыны белгілі. Мысалы, Сын –ық, күй-ік, жыр-ық, тұн-ық  т.б. Ал осы жұрнақтар дауысты дыбысқа аяқталып етістікке жалғануда дауысты дыбыс та сақталып, олардың араларына у қыстырма дыбысы қойылып айтылады. Мысалы; зырылда-ық, қырылда-ық, дарылда-ық немес қырылдауық, зырылдауық, дарылдауық болып айтылады. Мысалы, күндегі мешіттен сақау болған құлындай қырылдақ сопы үш тиын бақырға дұға қалдырып қайтады.

Басқа да ұқсас мәліметтер

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *