Темірдің өлімінен кейінгі тимуридтер

Темірдің Отырарда қысқа бір мерзімдік ауруының нәтижесінде қайтыс болуы әскер қатарында әрі отбасында үлкен күйінішке әқеліп соқтырды. Өсиеті бойынша Шейх Нұраадин, Шах Мәлік пен ірі бектер оның өлімі туралы хабарды барлығына жеткізді. Ғазнадағы немересі Мырза Пір Мұхаммедке де хабар беріліп, оның ханзада ретінде атасының орынтағына отыруын қалады. Осы тұста Темірдің жаназасы Отырардан алынып, Самарқантқа жолға шықты. Жолда кеңес құрылды. Кеңес өте үлкен әскердің бір араға жиналғандығын есепке алып, моңғолдарға шабуыл жасаудың шешімін қабылдады.

Темірдің жаназасы оның өсиетін орындау мақсатымен қайтадан Самарқантқа апарылып, 23 ақпан дүйсенбі күні діни рәсімдердің орындалуынан соң Мырза Мұхаммед Сүдтанның медресесіне жерленді. Отырардағы бектердің жағдайды реттестіРимен айналысып жатқан тұста Темірдің қызынан туған немересі Сұлтан Хусейн мың адамдық атты әскерімен Самарқанды өзіне қарату үшін жолға шықты. Алайда оның бұл әрекеті орталық Орданың бектеріне қысқа, бір уақыт ішінде белгілі болып калды. Сөйтіп Темірдің Самарқанда қорғаушы ретінде қалдырған адамы Әмір Аргуншахқа «мұқият бол»деген хабар жіберілді. Сұлтан Хусейннің бас көтеруінің тұсында Сырдариядан өтіп Самарқант жолындағы хатундардың қасына жеткен Шейх Нұраддин мен Шах Мәлік Хұдайдад-Хусейнидің, Арлат Йадыгаршахтың және Ташкенттегі оң қол бектерінің Халил сұлтанды басшы деп танытты, бірлескендіктері туралы хабар алды. Бұндай әрекеттегі бектерді айыптап, Темірдің Пір Мұхаммедті тақ мұрагері деп жариялағаңдығын және өздерінің осы өсиетті орыңдайтындықтарын баршаға білдірді. Ташкенттегі бектерге хат жіберіп, Халилге берген анттарынан бас тартуы мен өсиетке бой ұсынып, Пір Мұхаммедке ант берулерін талап етті. Алайда Шейх Нұраадин мен Темірдің хатундары, Әмір Хусейннің жағына өтіп кеткен Әмір Аргуншахтың тарапынан Самарқантка кіргізілмегендіктен, кері қайтты.

Самарқант 18 наурыз 1405 жылы Халил сұлтанға өз қақпаларын ашты. Темірдің өлімінен хабар алған Гераттағы Мырза Шахрух болса, Мауераүннехирге тіке бағыт алды. Алдын ала Шах Мәлікті Бұхараға жіберді. Шейх Нұраддин болса Шахрухтың қасына келді. Алаңда Самарқантты жаулап алу әрекеті сәтсіздікке ұшырағаннан соң Шахрух қайта Хератқа қайтты. Бұған ұқсас таққа таласушылық пен Темірдің үлкен императорлығының жерлерін бөліске салу қақтығыстары көпке созылды. Орта-шығыстың билігі мен жерлерін бөлісу жөніндегі тартыс Мырза Омар мен оның ағабегі Абу Бакир, Пір Мұхаммед және Сұлтан Халилдің арасында өтті. Хорасан, Иран мен Шығыс Анадолыдағы түрлі соғыстарда қарсыласқан бұл бектер қарақойлықтардың бектігіне де неше түрлі жорықтар ұйымдастырған болатын. Алайда сәтсіздіктерге ұшырап отырды. Оның үстіне қарақойлыктардың әскері Әзірбайжан мен Ирактағы Темір императорлығының көптеген қалалары мен қамалдарын жаулап алды. Әзірбайжан мен Араб Ирактағы сәтсіздіктер Оңтүстік Иранның аймағында, яғни Фарс пен Кирманда жалғасын тапты.

Бұл аумақта үстемдік құрған Омар Шейхтың балалары Темірдің өлімінен кейін өз араларында түсініспеушіліктерге душар болды. Ескендір, Йезд пен Рүстемнің арасындағы бұл түсініспеушіліктерге Пір Мұхаммед те араласты. Ол Ескендірдің тұтқындалып, ІІІиразға алып келінуі турасында бұйрық берді. Алайда Ескендір, Рүстеммен келісіп, Пір Мұхаммедке қарсы соғысып, бірге Исфаханға қайтты.

Пір Мұхаммед кейінірек бұларды біртіндеп жеңе отырып, оларды Фарс пен Кирман аудандарынан ығыстырып шығарды. Рүстем қашып, Кашанға келді, ал Ескендір болса Хорасанға бет алды. Кейін Рустем Шахрухқа бой ұсынып, онымен бірлесе отырып әрекет ете бастады. Шахрух бір жағынан билігін нығайтумен айналысса, екінші жағынан Әмудария бойында Халил Сұлтанмен келіс сөздер жүргізді. Осындай шеңберде ол бес мың әскерлік күшті Халил Сұлтанның әкесі Миранпахқа қарсы жіберді. Мираншах, Шахрухтың талап-тілектерін қабылдап, баласы Абубакирмен бірге Әзірбайжанға қайтты. Бұдан кейін Шахрух пен Сұлтан Хусейннің арасы суып, Сұлтан Хусейн өзінің отыз мың кісілік әскерін Пір Мұхаммедке қарсы бағыттады. Алайда жеңіліске ұшырап, Сабурғанда орналасқан Сүлеймен Шахқа барып бас иді. Сүлеймен Шахтың оны қабылдауы Пір Мұхаммедті ашуландырып, оның бұлармен соғысуына себеп болды. Сұлтан Хусейн мен Сүлеймен Шах жеңіліске ұшырап, Шахрухқа барып бас иді.

Алайда олар Пір Мұхаммедтің қалауы бойынша Шахрухтың тарапынан өлтірілді. Келесі тартыс Пір Мұхаммед пен Халил Сұлтанның арасында болды. Қас дұшпандары Сүлеймен шах пен Сұлтан Хусейннің көзін жойған Пір Мұхаммед Шахрухқа елші жіберіп, Халил Сұлтанға қарсы күресу үшін жәрдем сұрады. Сөйтіп біріккен екі әскер Халил Сұлтанға қарсы аттанды. Шах Мәліктің жәрдемімен Халил сұлтанға қарсы болған түрлі жерлердегі шайқастар сәтсіздіктермен аяқталды.

Пір Мұхаммед Балхқа, Шах Мәлік пен Ұлықбек болса, Хорасанға қашты. Алайда Халил сұлтан Пір Мұхаммедті Пір Али Таздың қолымен 1407 жылы өлтіртті. Мұның қарсылығы ретінде Херат билеушісі болған Пір Мұхаммедтің баласы Қайду, Халил сұлтанға қарсы аттанып, жеңістерге жетті. Шахрух та, Халил сұлтанның үстемдігінің кэзін жою мақсатын ұстанған болатын.

Сөйтіп Шахрух Халил сұлтанға карсы әскер жіберді. Шахрух, Шейх Нұраадиннің араласуының арқасында Хұдайдадтың тарапынан Самарканттың маңында тұтқынға түскен Халил Сұлтанға Мауераүннехирдегі бүкіл құқығынан айырылғандығы туралы бітім келісім шартына қол қойдырды.

Басқа да ұқсас мәліметтер

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *