Эфир майлары ерте кездерден белгілі. Египет тұрғындары б.з.д 6000 жыл бұрын скипидар өсімдігінен кейбір эфир майларын ала білген. Жапонияда 2000 жыл бұрын жалбыз майын өндіріп ғана қоймай, одан ментол алған. Эфир майларын косметикалық жəне емдік зат ретінде қолданған.

Өсімдік майларымен салыстырға эфир майлары – əртүрлі өсімдіктердің ерекше ұлпаларында түзілетін, жəне хош иісін беретін, көпкомпонентті ұшқыш органикалық қосындылар (ароматты, алициклды, алифатты карбонильді қосылыстар, спирттер, қышқылдар, эфирлер жəне т.б.). көпкомпонентті қосылыс болғанмен, бұл жүйеде бір немесе бірнеше негізгі компоненттің рөлі зор болып табылады.

Мысалы: раушан майында 200-ден астам компоненттер табылған. Бірақ май салмағының 50%-ы гераниол мен цитронеллол құрайды; жалбыз майында 100-ден астам компоненттер бар, олардың ішіндегі негізгілері: ментол, ментон, ментилацетат, жəне цинеол. 3000-нан астам өсімдіктерде эфир майлары болады, біздің елімізде олардың шамамен, 100-ға жуығы өседі. Көпшілік эфир майларын тропикалық, субтропикалық өсімдіктерден алады. Эфир майлары бос немесе гликозид күйінде өсімдіктердің жапырағында, сабағында, гүлдерінде, тамырында, ұрығында кездеседі. Өсімдіктердегі эфир майларының мөлшері ауытқып отырады, мысалы: раушан гүлінің жапырағында 0,002…0,10%, ал гвоздика бүршіктерінде – 20…22%. эфир майлары негізінен өсімдіктің гүлдеу жəне пісіп жетілуі кезінде жақсы жинақталады. Өсімдіктер жетілуінің əр кезеңінде əртүрлі иіске ие болатындығы белгілі.

Себебі өсімдік иісін тұрақтандыратын эфир майларының құрамы тұрақсыз болуында. Мысалы: гүлдеу кезінде кориандр майының негізгі құраушысы деканаль болса, ал кориандр ұрығының эфир майының негізгі құраушы компоненті – линалоол; гүл ашпаған, жас жалбыз жапырағында – ментофуран көп болса, гүл ашқан жалбыз жапырағында ол тіптен, кездеспейді деп айтуға болады (15-сурет). Эфир майларының құрамы өсімдік өскен орынға, табиғат 77 жағдайларына, өсімдікті жинау кезеңіне, өңдеудің технологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Дүниежүзілік нарықта ұсынылатын эфир майлары əртүрлі май партияларынан алынатын негізгі құраушы компоненттерден тұрады.

Тағамдық мақсатта эфир майларын өндірудің негізгі əдісі – су буымен айдау, пресстеу, ұшқыш еріткіштерге (спирт т.б) экстракциялау. Экстракциялау арқылы алынған эфир майларын – олеорезиндер деп атайды. Экстракциялаудан кейін, экстрагирлеуші агентті мүлдем бөліп алады, бірақ еріткішті айдау кезінде ұшқыш ароматты заттар азаяды. Нəтижесінде шикізаттың бастапқы хош иісі толығымен сақталмайды, бірақ экстракт дəмі өте күшті болады. Дəмдегіш өсімдіктердің экстрактісі кең қолданыс тапқан, себебі олардың хош иісін беретін заттар ұшқыш емес компоненттерден тұрады. Экстракттардың артықшылығы – бояғыш, ұшқыш емес дəмдік заттардан тұрады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *