Студенттердің шығармашылық әлеуетін дамыту

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» [1], – деп аталса, Елбасымыз Н.Ə. Назарбаев жолдауында: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім» деген болатын [2].

Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үдерісін технологияландыру мəселесін қойып отыр. Оқытудың əр түрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс-тəжірибесі зерттеліп, мектеп тәжірибесіне енуде. Біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғылым-білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануға тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндіктерді жасап, ең қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бəсекеге қабілетті маман дайындау. Біліктілікті арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мəнін түсінуге, соның нəтижесінде өзіндік іс-əрекетке енуге жəне жеке өміріндегі тəжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Жаңа формациядағы педагог оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді. Педагогикалық оқу орындарындағы білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаудың басты мақсаты мамандықтарды игерту ғана емес, əлемдік білім кеңестігіне ене отырып, бəсекеге қабілетті тұлға дайындау үшін кəсіби құзыреттілік мүмкіншіліктері арқылы нəтижеге бағдарланған білім беру жүйесін жүзеге асыру – қазіргі таңда негізгі өзекті мəселелердің бірі. Шығармашылық құзыреттілікті қалыптастыру дегеніміз – студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, ойлаудың, интеллектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне білуге, дəстүрлі өнерді, білімді қолдана білу, жан-жақты ізденуге бағыттауды қалыптастыру [3].

Бүгінгі таңда əр пəннің оқытылуы баланың жан-жақты дамытуды көздеу, бала бойындағы шығармашылық қабілетін дамыту, оның дербестігі мен белсенділігіне дұрыс бағыт беру сияқты мəселелерді жанжақты шешу қажеттілігі ескерілуде. Білім берудегі шынайы мақсат адамға белгілі бір білімді жеткізу ғана емес, сондай-ақ оның рухани, адамгершілік тұрғыдағы мəнін арттыру. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық жəне адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктер негізінде жеке адамды қалыптастыруға жеке кəсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, білім беруді ақпараттандыру деп білім беру жүйесіне одан əрі дамыту міндеттерін көздейді. Қазақстан Республикасының гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында: «Білім берудің гуманитарлық сипаты, онда адам тек зерттеу объектісі ретінде ғана емес, ең алдымен, шығармашылық пен таным субъектісі құдіретті мəдениет үлгілерін дүниеге əкелген, əрі өзінің шығармашылыққа деген құлшынысымен оқушыларды баурап əкететін субъектісі ретінде көрінуімен бедерленеді», – делінген [4].

Пән бойынша өтілетін материалдарды игеруге қатысты шығармашылық іс-әрекеттерді дамытудың нақты жағдайын «Тәрбие теориясы мен әдістемесі » курсын негізге ала отырып қарастырып көрейік. Әр түрлі мамандықтағы студенттерге «Тәрбие теориясы мен әдістемесі» пәні бойынша қолданылатын басты оқыту формаларын төмендегідей жинақтауға болады. «Тәрбие теориясы мен әдістемесі» курсы 2–3 курс студенттері үшін жоғары оқу орындағы студенттерді сынып жетекшілікке бағыттаудың бірден бір жолы болып табылады. Дәстүрлі түрде аталған пәнді игертуде төмендегідей кезеңдерді қамтитын. Оқытушы дәріс оқиды, студенттер семинарға дайындалып келеді. Бұл әрекетте шығармашылық қызметтің дағдылары жинақталмайды және шығармашылық ойлауға әкелмейді.

Дж. Айян ұсынған стратегияларды игере отырып, жоғары оқу орнындағы оқу үдерісіне енгізу бойынша жұмыс жасап, бейімдей отырып, оқу сабақтарында қолдануға келетіндей негізгі стратегияларды таңдап алдық:  айналаңызды байытатын өмірлік орта жасаңыз;  шығармашылық адамдарен байланыс орнатыңыз;  ойлау қабілетіңізді дамытыңыз, көп оқыңыз;  саяхаттаңыз;  көңіл көтеріңіз, ойнаңыз және қалжыңдаңыз;  өнерге қосылыңыз;  заманауи технологияларды қолданыңыз; — ақыл ойдың күші мүмкіндіктерді пайдаланыңыз.

Шығармашылық әлеуетті қалыптастырудың алғашқы қадамы «Айналаңызды байытатын өмірлік орта жасаңыз» атты бірінші стратегиясын жүзеге асыру болып табылды. Себебі, біздің айналамыды қоршаған орта біздің көңіл күйімізге, әлемді тануымызға әсер етеді; жаңа ойлардың тууын ынталандырады немесе кейде бұл үрдісті бәсеңдетеді.Біздің зерттеуімізде біздің айналамызды қоршаған орта микроәлем оқу аудиториялары (студенттердің жұмыс орны), сонымен қатар психологиялық ортасы зерттеу нысанына айналды.

Біз жұмысты жұмыс орнымызды түрлендіріп отырудан бастадық. Бастапқыда алдымен тек оқу парталарын дөңгелек үстел ретінде, бір біріне жақын отырып, қарым- қатынасқа түсуіне жағдай жасай отырып орнын ауыстырдық. Кейін, практикалық сабақтарды жүргізуде түрлі түсті қағаздар, смаиликтер, тақырыпқа сай суреттер арқылы топқа бөле отырып жүргіздік, кейін кабинет қабырғаларында фотосуреттер, плакаттар, шығармашылық ойлауды дамытататындай суреттер пайда бола бастады. Музыка шығармашылыққа ынталандыратын құрал екенін жақсы білеміз. Сол себепті топтық жұмыстарда, жоба құрастыру, постер жасау сынды тапсырмаларда студенттердің шығармашылығын оятатындай Бах, Моцарт сынды әйгілі тұлғалардың классикалық туындыларын тыңдатып отырамыз. Музыка шығармашылықты оятады, әртүрлі ассоциациялар, қиял тудырады. Зерттеушілер атап көрсеткендей, музыка мәліметтерді есте сақтауға және дамытуға зор мүмкіндік береді. Нәтижесінде аудиториялар тек білім алатын орын емес, шығармашылық зертханаға айналды. Сабаққа келген студенттер сабақты тыңдауға емес, қайта зертханада өзі жаңаны ойлап табуға асықты. Осындай жұмыстардан кейін шығармашылық үрдісте ынтымақтастықтың рөлі зор екенін студенттер түсінді. Бүгінгі күніәрбір практикалық сабақ тәжірибе алаңы. Жаңа ойлар, идеялар мекені.

Дж. Айян бұл туралы қызықты тәжірибе келтіреді. Америкада өз әріптестерімен өткізген шығармашылық семинарда үстел үстіне әртүрлі мәліметтер жазылған қорапшаларды қояды. Әлбетте, студенттерге тапсырма берілмесе, ол қораптарға жақындамайтыны белгілі, ал тапсырма берілгенде тәжірибеде ынтымақтастықты қолданбай өздері орындауға кірісіп кетеді. Ал жапондықтар болса осындай жұмыста сабаққа дейін қорапты ашып, қарап, әріптестерімен идеяларымен бөлісіп,қатар отырған бір- біріне қиындық туған жағдайда көмекесіп отырады екен. Американдықтар қорап сыртындағы сөздерді оқып талдағанша, жапондықтар түстерді біріктіріп, бірлесе жұмыс жасауға кірісіп кетеді екен. Жоғарыда келтірілген екі мысал студенттердің шығармашылық қабілетін туғызудың айқын көрінісі болып отыр. Осыған ұқсас тәжірибелерді өз сабақтарымызда қолданып көрдік. Үстел үстіне «Қазіргі мектептегі тәбие жұмысының сипаттамасы» тақырыбында үлестірмелі материалдар салынған қорап қойылды. Әр қорапта қайшы мен тақырыпқа қатысты және қатысы жоқ сөздер жасылған ресурстар берілді. Тапсырма бойынша студенттер тақырыпқа қатысты сөздерді бөліп алып, постерге жапсыра отырып, жаңа тақырыпты өздері құрастыра отырып талдап шығады. Екінші курстың студенттері тапсырманы орындауда американдықтар сынды тапсырманы орындауда әр үлестірмелі қағазды оқып, қалай орындау керектігі жөнінде сұрақтарды өте көп қойып, әркім жеке жұмыс істеуге кірісті. Ал, үшінші курстың студенттері болса сенімді түрде сабақ басталғанға дейін қорап ішіндегі қағаздарды алып, бір-бірімен кеңесіп, көмектесіп жатты. Тәжірибе нәтижесі көрсеткендей, үшінші курстың студенттері тақырыпты жылдам әрі шығармашыл түрде тез шеше алды. Бұдан шығатын қорытынды, тапсырма орындауда студенттер топ болып орындағанда мәселені тез шешуге болатынын түсінді.

«Шығармашылық адамдарен байланыс орнатыңыз» деп аталатын екінші стратегия жүзеге асырылды. Семинар сабақтарға шығармашыл тұлғалар сабаққа шақырылып, өз идеялармен бөлісу мақсат етілді. Ынтымақтастық аясында институтымызға шет елден профессор шақыртылып, оқытушылар мен студенттерге өз тәжірибесімен бөлісіп отырады. Студенттер кейстарын даярлауда қызықты, шығармашыл етіп даярлауға талпынады. Өз ойын ашық айтуға, өзін қызықтырып жүрген сұрақтарына жауап ала алады. Шығармашылық-ішкі бостандық пен қанағатты қамтитындай болуы керек. «Саяхаттаңыз» стратегиясын қолдануда студенттер өздерін практикалық сабақтарда турист ретінде емес, ізденуші ретінде сабақты өздері ізденіп, талқылап, жоба ретінде ұсынып отырады. Әр практикалық сабақ PBL (Project based learning) жоба негізінде білім алуға бағытталып отырады. Яғни, студент-ізденуші, студент-зерттеуші студентойлап табушы, студент-жинақтаушы, студент-бағалаушы, студент-игеруші, студент-блогер, студент-спикер модельдері бойынша жан-жақты жұмыс жасайды. Осы тұрғыда рөлдік ойындардың маңызы өте зор. Себебі, практикалық сабақтар кезінде топтар жартысы ұйымдастырушылар, қалғаны қатысушылар (оқушылар) рөлінде ойнайды. Тәуелсіздік күні, жаңа жыл мерекесі, халықаралық әйелдер күні сынды Қазақстандағы мерекелерді есепке ала отырып, студенттер іс-шараларды өткізу формаларын өздері құраcтырады. Олар қосымша дерек көздерін пайдалана отырып, ізденіп, кабинетті меркеге сай безендіріп, шығармашыл түрде іс-шараны өткізеді. Осындай тапсырмаларды орындауда критериалды бағалаудың маңызы зор. Тапсырманы орындамас бұрын студенттермен бірлесе дескрипторлар құрып, тапсырманы орындауға нақты қадамдар жасалады, кейін студенттер еш қиындықсыз тапсырманы орындап, топтар бір-бірін бағалайды. Жоғары оқу орындарында критериалды бағалаудың мәні зор. Студенттерді тапсырманы жүйелі орындауға, тапсырманы толық игеруге, мақсатына жетуге, бағалаудағы әділдікке, бағаның жариялылығы сынды дағдыларға үйретеді.

«Өнерге қосыл» стратегиясында практикалық сабақтарды музыкамен, театрмен, би, сурет өнерлерімен байланыстыру әрқашан жолға қойылып отырады. Жоспарлаған шараны өнермен байланыстырып отыру заңдылық деп білеміз. Заманауи қоғам әрдайым алға жылжып отырады. Ол тек даму емес, сондай-ақ, шығармашылығын дамытудың бірден бір жолына айналып отыр. Бүгінгі күнгі жаңа ақпараттық бағдарламалар онлаин түрде, шығармашылық әлеуетті дамытуға көмектеседі. Бұндай ақпараттық ресурстар әртүрлі тақырыптағы материалдарды зертеуге, шығармашылық идеялармен бөлісуге көмектесіп отырады. Кез-келген желі-әрбір адамның шығармашылықты дамыту құралы. Тақырыпқа байланысты желідегі жаңа ақпараттық ресурстар практикалық сабақты әрі қызықты, әрі ізденуге бағытталған сабақ ретінде өткізуге мүмкіндік жасайды. Студенттермен жүргізілген практикалық сабақтарда тақырыпқа қатысты мәліметтерді желіден алып, жүйелеп, аудитория алдында хабарлайды. Бұл стратегия «Ойлан. Жұпас. Бөліс» деп аталады. Шығармашылық ойлауды қалыптастырудың, сыни ойлауға бағыттаудың келесі стратегиясы «Ақыл ойдың күші-мүмкіндіктерді пайдаланыңыз» деп аталады. Студенттерді әрқашан сыни ойлауға, өз қиялы мен шығармашылықтарын жетілдіруге әрдайым бағыттап отырамыз.

Курс бойы жинақтаған кейс материалдары болашақ сынып жетекшілер үшін таптырмас ресурс болып табылады. Дайын жинақталған тәжірибемен студенттер өз жұмыстарын жалғастырады. Еліміздегі үздіксіз білім беру жүйесінде шығармашылық қабілетті дамыту негізінде біліктілік пен іскерлік қалыптастыру, сыни ойлауға баулу, тақырыпты оқытудың заманауи тәсілдері арқылы меңгеруге, жалпышығармашылық қабілетті бағалай білуге тəрбиелеу қажеттілігіне баса көңіл бөлу керектігіне мəн берілген. Осыған байланысты болашақ маман бойында кəсіби құзыреттілігін қалыптастырып, ол тұлға дамуымен ұштасып, нəтижесінде жас ұрпақтың біліктілігі мен іскерлігін қалыптастыру мəселесі айқындалса, бірлесе жасалған еңбектің нәтижесі деп білеміз.

Басқа да ұқсас мәліметтер

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *