Теміржол желілері жəне телімдері жеке бекеттермен аралықтарға бөлінеді. Теміржол желілерін аралықтарға бөліп, пойыздардың өтуін реттейтін қозғалыс қауіпсіздігін жəне қажетті өткізу қабілетін қамтамасыз ететін бекеттер — жеке бекеттер деп аталады. Жеке бекеттер: стансалар, өткелдік жолдар, басып озу бекеттері, жол бекеттері, ал автокөлік тосқауылы кезінде өткелдік бағдаршамдар да шектес аралықтардың шекараларының қызметін атқарады. Телімдердің шекаралары – телімдік немесе сұрыптау стансалары.

Cтанса – бұл жол тармақтары бар жəне пойыздарды қабылдауға, жөнелтуге, тоғысуына жəне басып озуына, жүктерді тасымалдауға қабылдауға, беруге, жолаушыларға қызмет көрсетуге, сондай-ақ техникалық операцияларды жəне вагондарды кəсіпорындардың өткел жолдарына беру операцияларын орындауға арналған жеке бекет.

Стансалардың жəне тораптардың қандай да бір құрылымын анықтайтын негізгі факторы олардың орындайтын жұмысының көлемі жəне сипаты болып табылады. Негізгі мақсатына жəне жұмысының сипатына қарай стансалар аралық, телімдік (учаскелік), сұрыптау, жолаушы жəне жүк тасымалдау стансалары болып бөлінеді. Портты жəне өнеркəсіптік стансалар арнайы стансаларға жатады.

Аралық стансаларға, негізінен телімдік стансалардың арасында орналасқан, ең алдымен пойыздарды өткізуге, тоғысуына жəне басып озуына, сондай-ақ жолаушылардың жəне жүк операцияларын шағын көлемде жүргізуге арналған стансалар жатады. Аралық стансаларда жүк жəне жолаушылар пойыздарын қабылдауды, жөнелту мен өткізуді, вагондарды құрама пойыздардан тіркеуден босатып ағытып алу жəне құрама пойыздарға қосып тіркеуді, жүк (жүктерді тасымалдауға қабылдау, сақтау жəне алушыларға беру, тиеу жəне түсіру) жəне жолаушы (билеттерді сату, жолжүгін қабылдау, сақтау жəне түсіру, жолаушыларды отырғызу жəне түсіру) операциялары орындалады. Жекелеген стансалар, бұдан өзге, өнеркəсіптік кəсіпорындардың өткел жолдарына қызмет көрсетеді, жөнелтуші бағыттарды қалыптастырады, кейбірінде қала маңының құрамдарының айналымын жүзеге асырады.

Жеке бекеттерге сондай-ақ разъездер жəне басып озу бекеттері де жатады. Разъездер – бұл біржолды желілердегі, пойыздардың тоғысуына жəне басып озуына арналған жол тармақтары бар жеке бекеттер.

Екіжолды желілердегі бір пойыздың екіншісін басып озуына арналған жол тармақтары бар жəне қажет жағдайларда пойызды бір бас жолдан басқа жолға ауысуына мүмкіндік беретін жеке бекеттер басып озу бекеттері деп аталады.

Телімдік (учаскелік) стансаларға теміржол желісінің екі немесе бірнеше телімдердің түйіскен жерінде орналасқан жəне осы телімдерге пайдаланушылық жəне тарту күші жағынан қызмет көрсетуге арналған стансалар жатады. Телімдік стансалар тарту қызметінің телімдерін (оралымын) шектейді. Мұндай стансаларда транзиттік пойыздардың локомотивтерін жəне локомотив бригадаларын ауыстыру, осы пойыздарды техникалық жəне коммерциялық қарап тексеру, телімдік жəне құрама пойыздарды құру жəне тарату, сондай-ақ жүк операциялары жүргізіледі.

Сұрыптау стансаларына пойыздарды жаппай таратуға жəне құруға, вагондарды құрудың жоспарымен анықталатын мақсаты бойынша сұрыптауға арналған стансалар жатады. Сұрыптау стансаларының жол тармақтары жəне жабдықталуы вагон ағынын құру жоспары бойынша жылжымалы құрамның барынша аз тоқтап тұруы жəне шығынның барынша аз жұмсалуы арқылы өңдеуді қамтамасыз етуі керек. Пойыздарды таратудың жəне құрудың қарқыны пойыздарды əкелу жəне жөнелтудің есептелген аралығына сəйкес болуы керек. Сұрыптау стансаларының локомотив шаруашылығының сəйкесінше құрылғылары жəне вагондарды ағытып алмай жəне ағытып алып жөндеуге, шағын жөнелтулерді сұрыптауға, вагондарды ауыстырып тиеуге арналған құрылғылары да болуы керек. Сұрыптау стансаларын, əдетте, вагон ағыны жаппай пайда болатын немесе аяқталатын аудандарда, сондай-ақ бірнеше теміржол желілері қосылатын немесе қиылысатын бекеттерде, не ірі көлік тораптарында орналасады.

Мақсаты бойынша сұрыптау стансалары көбінесе 1500- 2000 км арқылы орналасатын тораптық мақсаттағы жəне негізінен тех никалық алыс бағыттарды таратуға жəне құруға арналған стансалар болып бөлінеді. Бұл сұрыптау жұмысының көлемі үлкен стансалар, олар құру жоспарын жасаған кезде тірек стансалары болып табылады жəне оларда вагон ағынының басым бөлігі өңделеді. Жақын телімдерде пайда болатын вагон ағынын өңдеп жəне пойыздарды ең жақын тораптық мақсаттағы сұрыптау стансаларына дейін құрастырумен айналысатын сұрыптау стансалары аудандық мақсаттағы сұрыптау стансалары болып саналады.

Жүк тасымалдау стансаларына жүк операцияларының көлемі жұмыстың басқа түрлерінен басым болып келетін – су көлігінен темір жолға, сондай-ақ тар жолдан кең жолға тиеу, түсіру, ауыстырып тиеу немесе керісінше орындау жұмыстарының көлемі басым стансалар жатады.

Жүк стансалары көпшілік пайдаланатын жəне жекелеген кəсіпорындардың — көпшілік пайдаланбайтын жүк стансалары жəне жүк құрылғылары болып бөлінеді. Жүк стансалары көбінесе ірі елді мекендерде, көлік тораптарында жəне өнеркəсіптік кəсіпорындардың аудандарында орналасады. Жүк стансаларының орналасуы қызмет көрсететін қаламен немесе өнеркəсіптік кəсіпорынмен ыңғайлы автожол байланысын, жүк стансасын сұрыптау стансасымен жалғайтын темір жолдардың, əртүрлі деңгейлерде қаланың көшелерімен қиылысу мүмкіндігін, вагондарды сұрыптау стансасынан жүк стансасына жеткізудің ыңғайлы болуын қамтамасыз етуі керек.

Жүк стансасының жол тармағы пойыздарды қабылдауды жəне жөнелтуді, вагондарды жүкті тиеп жəне түсіретін орындары бойынша іріктеу арқылы пойыздарды бөліп таратуды, құрастыруды, жүгі түсірілген вагондарды тазалауды жəне жөн деуді, ал жекелеген жағдайларда бейімді локомотивтердің жабдықталуын (жүк стансасы локомотив шаруашылығынан едə уір қашықта орналасқан кезде), жүктерді жəне контейнерлерді тоқтаусыз тиеуді жəне түсіруді, жүктерді өлшеуді жəне габаритін тексеруді, қажет болған жағдайларда вагондарды жуып-шаю жəне залалсыздандыруды, изотермиялық вагондарды мұзбен жəне тұзбен жабдықтауды жəне басқа да операцияларды қам тамасыз етуі керек. Жол шаруашылығының орналасуы жəне жол тармақтары техникалық жəне жүк операциялары кезінде вагондарды өңдеуге барынша аз уақыт жұмсалуын қамтамасыз етуі керек.

Жабдықталуы бойынша жүк стансалары жүкті тиеу-түсіру жұмыстарын барынша механикаландыруды, жылжымалы құраммен операциялардың үздіксіз қарқынмен жүргізілуін, егер тиеу немесе түсіру жоспарында көзделген болса тұтас бағыттарды өңдеудің мүмкіндігін қамтамасыз етуі керек.

Жолаушы стансаларына негізінен жолаушыларға қызмет көрсетуге жəне жолаушы пойызының құрамдарын өңдеуге арналған арнайы стансалар жатады. Əдетте мұндай стансалар жолаушы пойыздарының сапарының басталатын жəне аяқталатын бекеттері не бірнеше теміржол желілері қосылатын немесе қиылысатын жерлерде немесе көлік тораптарында жолаушыларды жаппай отырғызатын бекеттер болып табылады. Жолаушы стансаларына жолаушыларды түсіру жəне отырғызуға арналған платформалары, қол жүгін сақтайтын орындары бар вокзал жайлары, жолаушыларға арналған мамандандырылған жайлары (транзиттік жəне жергілікті жолаушыларға арналған күту, кассалық залдары жəне т.б.), жолжүгін қабылдауға, жөнелтуге, түсіруге, сақтауға жəне беруге арналған жайлар жəне құрылғылар, сондай-ақ жаңа сапарға жөнелту кезінде жолаушылар құрамын өңдеуге арналған құрылғысы (қайта құрау, техникалық тексеріп қарау, вагондарды жарақтандыру жəне жөндеу, оларды жинау, жабдықтау, залалсыздандыру мен дəрілеу жəне т.б.) бар дамыған жол тармағының болуы тəн.

Қызмет көрсетілетін пойыздардың сипатына байланысты жолаушы стансалары негізінен өтпелі пойыздарға қызмет көрсететін транзиттік жəне негізінен осы стансада өзінің жол сапарын аяқтап жəне бастайтын соңғы стансалар болып бөлінеді.

Пайдаланушы жұмысының көлеміне байланысты стансалар сыныптарға бөлінеді (сыныптан тыс жəне I, II, III, IV, V сыныптар). Сынып жыл ішіндегі жұмысын сипаттайтын көрсеткіштерді бағалаумен шартты бірліктерде (балдармен) белгіленеді. Көрсеткіштердің қатарына жататындар: — жүк жұмыстары (көпшілік пайдаланатын жəне көпшілік пайдаланбайтын жолдарда тиеу жəне түсіру); — вагондарды шағын жөнелтулермен жəне контейнерлермен сұрыптау; — транзиттік жəне жергілікті вагондарды өңдеу; — пойыздарды локомотивтер мен бригадаларды ауысымымен жəне ауысымсыз жеке жөнелту жəне өткізу; — вагондарды жолаушыларды жəне жүктерді тасымалдауға дайындау; — санитарлық өңдеу жəне мұзбен жабдықтау.

Сыныптан тыс стансаларға сұрыптау стансаларының көп бөлігі жəне неғұрлым ірі жүк жəне жолаушы стансалары жатады. Телімдік (учаскелік) стансалар, əдетте, II – III сыныптарға, жүк жəне жолаушылар стансалар, ең ірілері мен кейбір сұрыптау стансаларынан басқасы, I сыныпқа, аралық стансалар — III – V сыныптарға жатады. Жұмыстардың əрбір түрінің көлемінің бірліктері үшін балдардың саны белгіленген. Балдарының жиынтығы 85-тен асатын стансалар сыныптан тыс; 32-тен асатын 85-ке дейінгілер – I сыныпқа, 14-тен асатын 32-ге дейінгілер – II, 4-тен асып 14-ке дейінгілер – III, 0,7-тен асып 4-ке дейінгілер – IV, 0,7-ге дейінгілер – V сыныпқа жатады.

Жолаушылар стансасының жұмысының көрсеткіштері: тəулік ішінде тікелей, жергілікті жəне қала маңының бағыттарында жөнелтілген пойыздар мен жолаушылардың саны; вокзал жайларының жалпы алаңы. Сыныптан тыс жолаушылар станса сының жұмысының көлемі – 80 балдан артық, сəйкесінше I сынып – 30- дан артық 80-ге дейін, II – 20-дан артық 30-ға дейін, III – 20 балға дейін.

Коммерциялық жұмысы бойынша қандай да бір сыныпқа жатқызылған стансалардың сəйкесінше ғимараты, құрылғылары болуы керек. Теміржол желілерінде жол бекеттері жəне қосалқы бекеттер болып бөлінеді. Екеуінде де жол тармақтары болмайды. Жол бекеттері желілердің бойындағы жеке бекеттер, екі түрде болады: АБ жанындағы блокпосттар, мұнда, ОСБ құрылғысы нан басқа құрылғылар жəне жолдардың қосылған, бірлескен жəне қосарланған жерлерде бекеттер де жоқ. Мұндай бекеттерді бас жолдар санының өзгеретін жерлерінде орналастырады. Мысалы, екіжолды қоспаларды орнатқан кезде, қозғалыс немесе бағыты бойынша бөлу үшін бас жолдарда тораптарды тарамдау немесе біріктірген кезінде, біржолды желілер үшін салынған жасанды ірі құрылыстар болған кезде.

Авторлық сілтеме:
М. С. Ізтілеуова, В. М. Николашин, С. М. Блинцов, Э. С. Кульшикова, Г. Ж. Кенжебаева, А. Б. Тоқтамысова, Д. Алиақбарқызы, Н. В. Баратова, А. К. Еримова.
КӨЛІК ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ЛОГИСТИКАЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *