Адамды жануарлар дүниесінен ерекшелендіретін, физиологиялық, психикалық және әлеуметтік даму заңдылықтарын бейнелейтін айрықша пси­хикалық үрдістердің бірі сөйлеу болып табылады. Сөйлеу –адам­дар­дың тіл арқылы қатынасу үрдісі. Психологияда «тіл» және «сөйлеу» ұғым­да­ры келесідей ажыратылады. Тіл – бұл шартты символдар жүйесі, осы арқы­лы адамдар үшін белгілі бір маңызы мен мағынасы бар дыбыстар бай­ланысы беріледі. Тіл қоғамда қалыптасып, адамдардың қоғамдық сана­сын­да олардың қоғамдық болмысын бейнелейді. Тіл адамдар қарым-қаты­на­сында қалыптаса отырып, қоғамдық-тарихи дамудың жемісі болып та­бы­лады. Адамның қоғамда қалыптасқан дайын тілді өзінің дамуы бары­сын­да меңгеруі тіл феномендерінің бірі болып саналады. Сондықтан да, тілді адамның дамуының потенциалды қайнар көзі деп ұйғаруға болады.

Сөйлеу деп хабарлау, нұсқау, сұрақ қою, бұйыру түрінде жүзеге аса­тын сөздік қарым-қатынас үрдісін айтады. Психологиялық тұрғыдан тіл арқылы қарым-қатынасқа түсу – тілге қарағанда күрделі болып келеді. Сөй­леу арқылы қандай да бір ақпаратты жеткізу үшін белгілі бір мән-ма­ғы­насы бар үйлесімді сөздерді тауып, оларды нақтылау қажет.

Сөйлеу қарым-қатынас құралы ретінде адамның филогенетикалық да­муы­ның ұзақ үрдісінен өтті. Сөйлеу – тек адамзатқа тән іс-әрекет. Сөй­леу­дің пайда болуы адамның еңбек ету қабілетімен байланысты болды, себебі ұжым­дық еңбек процесінде бірігіп күш жұмсау қажеттігі туындады.

Қазіргі ғылым қарым-қатынастың алғашқы құралы кешенді кинети­ка­лық сөйлеу деп пайымдайды. Бұл алғашқы қауымдағы ойлау сынды сөйлеу тү­рі шамамен жарты миллион жыл бұрын болған деп жорамалданады. Ке-шен­ді кинетикалық сөйлеу деп дененің қимыл-қозғалыстары арқылы ақпа­рат берудің қарапайым жүйесін айтады. Аталып отырған қарым-қатынас тү­рі жануарлар қатынасының тіліне жақын болып келеді. Алғашқы қауым адам­дары аталмыш тіл көмегімен болуы мүмкін қауіп-қатерді, өз реніші мен наразылығын, сондай-ақ бірқатар қарапайым жай-күйлерін білдірген. Әрине, қарым-қатынас бірлескен еңбекте де қолданылғанмен еңбекпен бай­ланысты қарым-қатынас қозғалыстары мен қимылдарының нақты жік­теулері болмаған.

Сөйлеудің дамуының келесі кезеңі сөйлеу қозғалыстарының еңбек әре­кетінен біртіндеп бөлініп, олардың қарым-қатынас құралы ретінде ым-иша­раға айналуымен байланысты. Қозғалыстардың сөйлеу және еңбек іс-әре­кетіне бөлінуі адамдардың еңбек іс-әрекетінің күрделенуінен туында­ды. Осының нәтижесінде қол тілі және кинетикалық сөйлеу пайда болып, адам қолы еңбек пен қарым-қатынастың басты құралына айналды. Сөйтіп, адам қолы қарым-қатынас жасау үшін дыбысты қолданғанша жүз мың­да­ған жылдар бойы үстемдік етіп келді.

Ғалымдардың жорамалдауынша, дыбыстық сөйлеу шамамен жүз мың­нан астам жыл бұрын төртінші мұз дәуірінде дамыған, яғни бұл өндірістің да­муымен және еңбектің алғаш бөлінуімен байланысты. Осы кезеңде сөй­леу­ге мұқтаждық туындап, заттар мен құбылыстар анағұрлым нақтырақ бөл­шектенген ұғымдар жүйесі көмегімен білдірілді. Сондықтан ым-иша­рамен байланысты сөйлеу дыбыстарының рөлі арта түсті.

Дыбыстық сөйлеу бірден жетіле қоймады. Аталмыш сөйлеу түрі ұзақ уақыт бойына мазмұны жағынан кинетикалық сөйлеуге ұқсас болып келді. Алғашында сөз қол қимылдары, яғни ым-ишара тәрізді жалпылама, көмес­кі сипатта болды. Бір ғана сөздің өзі мазмұны жағынан түрлі заттарды біл­ді­ру үшін қолданылды. Бұл құбылыс алғашқы қауымдық полисемантизм не­месе сөздердің көп мағыналылығы деп аталды. Дыбыстық сөйлеудің алғаш пайда болып, дамуы кезінде не етістік, не зат есім, не сөйлеудің бас­қа да бөлімдерінің болмағандығы пайымдалады. Сондықтан да алғаш­қы сөйлеу түрлері өте анайы болған. Сөйлеуде мағына, контекст бол­ма­ған­дықтан, олар тек қандай да бір ақпаратты жеткізу үшін қолданылған жә­не де айтушының эмоциялық күйін жеткізумен байланыспаған. Кейін ең­бектің ықпалымен сөздердің мәні дами бастаған. Сөздер тек нақты ма­ғы­налық маңызға ие болып қоймай, грамматикалық формаларға жіктел­ген. Осының барлығы күрделі морфологиялық және күрделі синтаксистік тіл­дің қалыптасуына әкелді.

Сөйлеудің тағы бір кезеңі жазудың пайда болуымен байланысты. Жаз­ба­ша сөйлеу ауызша сөйлеу тәрізді бірнеше даму кезеңдерінен өтті. Алға­шын­да жазу белгілері пайда болып, кинетикалық сөйлеу әсерінен дамыды. Кейін дыбыстық сөйлеу пайда болған соң жазу белгілері дыбыс мағы­на­ла­рын бейнелей бастады, яғни бұл қазіргі әріптік-фонетикалық түрдегі жазу­дың пайда болуына себепші болды.

Сонымен, адамзат сөйлеуі адамзат ойлауы тәрізді қоғамдық-тарихи да­мудың жемісі. Сөйлеу өзінің даму барысында бірқатар қызмет атқарып, адам өмірінің психикалық және әлеуметтік дамуында аса маңызды орын ала­ды.

Сөйлеудің негізгі түрлері

Психологияда сыртқы және ішкі сөйлеу түрлері бар. Сыртқы сөйлеу ауызша (диалогиялық және монологиялық) және жазбаша сөйлеу түр­ле­рінен тұрады. Диалог – бұл екі немесе бірнеше адамдардың тікелей қарым-қа­тынасы. Диалог сөздің кейбір психологиялық ерекшеліктері болады: 1) диалог сөз бөгелмей еркін айтылады, ол ойды кеңге жайып айтуын тілей­ді; 2) үнемі кезектесіп айтылатындықтан ықшам келеді, тек әңгімелесуші адам­дардың өздеріне ғана түсінікті болады; 3) диалог сөз ым-ишарамен, бет пен көздегі қимыл-қозғалыстармен толықтырылады;

Монологтық сөз дегеніміз бір адамның өз ойын, білімін ұзақ уақыт жүйелей баяндауы. Ол баяндама, әңгіме, дәріс, сөз сөйлеу түрінде дамиды. Монолог сөз үнемі белгілі жоспарға сәйкес құрылады, ол алдын-ала даяр­лық­ты қажет етеді. Монолог сөзге логикалық жағынан қатаң талап қойылады.

Ауызша сөйлеуде (диалог және монолог) актив және пассив сөздер болады. Актив сөздер күнбе-күнгі жиі қолданылатын сөздер. Пассив сөз­дер тілімізде сирек қолданылатын, мағыналарына түсінгенмен күн сайын айтыл­майтын сөздер.

Жазбаша сөйлеу – біріншіден, ауызша сөйлеуден жазу белгілері кө­ме­гі­мен графикалық түрде белгіленетіндігімен ерекшеленеді, екіншіден, жаз­баша сөйлеуді еркін құруға болады. Осы себептен аталмыш сөйлеу тү­рі түсінуге жеңіл болып келеді. Сонымен қатар, жазбаша сөйлеу күрделі сөйлеу түрі. Бұл сөйлеу түрінде эмоциялық күйді бейнелей алмайтын­дық­тан және сөйлеуді қажетті ым-ишаралармен толықтыра алмағандықтан сөй­лемді парасаттылықпен ойластырып, жеткізілетін ойдың мазмұнын нақ­ты құру талап етіледі. Сондай-ақ ойды құрып, оны жеткізу үрдісі ауыз­ша және жазбаша сөйлеуде бірдей болмайды. Себебі, кейбір адамдарға өз ойын жазбаша білдірген қолайлы, ал енді біреулерге ойын ауызша білдіру ыңғайлы.

Кинетикалық сөйлеу – адамда ежелден сақталып келе жатқан сөйлеу түрі. Алғашында бұл сөйлеу түрі басты, жалғыз болып, сөйлеудің бел­гі­леу, білдіру т.б. сияқты барлық қызметтерін атқарды. Уақыт өте келе сөй­леу­дің бұл түрі өз қызметтерін жоғалтты, қазіргі кезеңде көбіне сөйлеудің эмоциялық-белгілеуші элементтері – ым-ишара негізінде қолданылады. Ым-ишара сөйлеуді толықтырады. Дегенмен кинетикалық сөйлеуді әлі де қол­данатын адамдар тобы бар. Олар туғаннан естімейтін немесе белгілі бір бақытсыздыққа ұшырау немесе ауру әсерінен есту не сөйлеу мүм­кін­ді­гі­нен айрылған адамдар. Алайда, айтылып отырған жағдайдағы кине­ти­ка­лық сөйлеу ежелгі адамдардың кинетикалық сөйлеуінен айрықша ерек­ше­ле­неді. Ол анағұрлым жетілген және оның біртұтас белгілік сигналдар жүйесі бар.

Егер сыртқы сөйлеу қарым-қатынас, ақпарат алмасу үрдісімен байла­нысты болса, ішкі сөйлеу ең алдымен ойлау үрдісімен байланысты. Ішкі сөй­леуде ой ағымы болады, әлдебір шешім туып, әрекет жоспарланады. Ішкі сөйлеу деп тілдік материалдар негізінде дауыстамай-ақ сөйлеуді ай-та­ды.

Кез келген сөйлеу түрі белгілі бір қызметтерді атқарады. Олар білдіру, әсер ету, хабарлау және белгілеу.

Білдіру қызметі адамның сөйлеу көмегімен өзінің белгілі бір зат, құ­бы­лысқа және өз-өзіне қатынасын білдіруімен нәтижеленеді. Әсер ету қыз­меті сөйлеу көмегімен өзге адамды немесе адамдар тобын белгілі бір әре­кетке итермелеуге тырысып, тыңдаушыларда әлдебір нәрсеге белгілі бір көзқарас қалыптастырғанда көрінеді. Сөйлеудің бұл қызметінің жүзеге асуының физиологиялық негізі адам организмі мен мінез-құлқын психи­ка­лық басқару құрылымындағы екінші сигналды жүйенің айрықша орны бо­лып табылады.

Хабарлау қызметі адамдар арасында сөздер көмегімен ақпараттардың алмасуымен нәтижеленеді. Бұл қызмет адамдар арасында байланыстың ор­науын қамтамасыз етеді. Осы байланыс барысында біз тек ақпаратпен ал­масып қоймай, бір-бірімізге өзара ықпал етеміз.

Белгілеу қызметі заттар мен құбылыстарға атаулар беру қабілетімен ерекшеленеді. Бұл қызмет арқылы абстрактылы ұғымдар көмегімен дерек­сіз ойлай аламыз және өзге адамдармен хабар алмаса аламыз. Аталмыш сөй­леу қызметі сөйлеудің жоғары қызметі болып табылады, ол сөйлеудің да­муы жоғары сатыға жеткенде ғана іске асады деуге болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *