Шешендік сөздердің қызметі мен қоғамдық мәні

Шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиетінің бір түрі — шешендік өнер. Шешендік өнер – ақындық айтыс секілді қазақ әдебиетінің өзіндік ерекшелігін көрсететін негізгі жанрларының бірі. Шешендік сөздердің бір ерекшелігі — олар көбінесе дауласу үстінде билік шешім айтылған кезде немесе екі кісі тілдесіп, сөз қағысқан кезде туған. Шешендік сөздерге нәр беріп, оның өзегі болатын – тауып айтылған , ұтымды өткір жауап , қағытпа сөз.

Шешендік сөздер жанрлық белгілеріне қарай : шешендік дау ; шешендік толғау; шешендік арнау деп жіктеледі. Дегенмен қазақ әдебиетінде шешендік сөздің аясы өте кең . Тек дауласу , сөзбен қағысу, пікір таласу, түріндегі шешендік сөздерді бөлек алғанның өзінде де, шешендік сөздердің қазақ өмірінде неше алуан жағдайларда туып кең, қанат жайған . Сондықтан шешендік сөздер құрлысы , ырғақ — әуені жағынан үлкен 2 топқа бөлеміз: Ырғақты қара сөзге құрылған пернелі сөз түрі; белгілі өлшемі бар , жыр түріне жақын термелі сөз түрі. Қазақ шешендік сөздері жалпы шешендік өнерден өзіндік ерекшеліктері бар. Ең алдымен қазақ шешендерінің сөздері ауызша айтылып, ауызша сақталған.

Сондықтан олар көп жөндеуден өтіп, халық шығармасы ретінде жеткен. Термелі сөз бен пернелі сөзге ортақ бірнеше көркемдік ерекшелік бар: Шешендік сөздердің көлемі шағын, сөйлемі ықшам келеді. Шешендік сөздер ойдың тапқырлығында. Қиялдан жол, қиыннан сөз табу шешенің бағалы қасиеті. Мысалы: «Көшерімді жел біледі, қонарымды сай біледі, соны сұрата жіберген хан ақымақ па , сұрай келген сен ақымақ па ?» деп қаңбақ атынан ханға айтатын Жиреншенің сөзі – тапқырлықтың тамаша түрі. Шешендік сөздер тапқырлығы сөз дәлелдігінде , сөз қисындылығында. Шешендік сөздер сөздері, үйлес, дыбыстары ұйқас келеді, олар шешендік сөзге көркемдік нәр, әр береді.. Мысалы: «Сен темір де , мен көмір- еріткелі келгенмін». Шешендік сөздер салыстыру , шешендестіру құрылады. Мысалы: «Бір оқты құлан көтереді, екі оқты бұлан көтереді» — қазалы – қаралы жан сипаты. Шешендер алқалы топты аузына қаратып, қарсы жақты бастырмалатып, құтын қашыру үшін мақал- мәтелдерді жиі қолданады.

Шешендік өнер — көрген – білгенді көкейге тоқып көп үйренуді тілейтін, талай тартысқа түсіп жалықпай жаттығуды тілейтін өнер. Нағыз шешен үшін сөзге шебер болу жеткіліксіз, ол табанда тауып сөйлейтін тапқыр, топта тайсалмай сөз бастайтын батыл, сөз сайысында сабырлы болуы шарт. Асылы, шешен кісі өз заманының озат ойшылы,с көкейге тоқығаны көп, ақылды азамат болуы керек. Бізге есімдері аңыз болып жеткен Жиренше , Аяз би, Төле, Қазыбек, Әйтеке бергісі Исатай мен Сырым, Бөлтірік, Сапақ шешендер сондай от ауызды ортақ тілді адамдар болған. Шешендік аранау- адамдар арасындағы қарым – қатынасты білдіреді.

Шешендік толғау – халықтың философиялық көзқарасын көрсетеді. Шешендік дау қазақ қауымының заттық және рухани даулы мәселелерін реттеген. Шешендік дау мазмұнына қарй :жер дауы, жесір дауы, құн дауы, мал дауы, және ар (намыс) дауы деп 5 — ке бөлінеді. Қазақтардың қалыптасқан мемлекеті, қабылданған заңы жоқ кезінде барлық дау – дамай мәселесі қалыс ағайынның қызылығымен, жөн — жоба білетін тәжірибелі адамдарға жүгінумен шешілген. Халықтың осындай қарапайым тәжірибесінен , бітік – төрелік айту дәстүрінен әдет – заңы қалыптасқан. Жайлы қоныс, жақсы жайылым, шабындық үшін ру мен рудың арасында жиі болатын дау – жанжалды танытатын шешендік даудың бір түрі төмендегідей: Жесір дауы – күшті ру басыларының әлсіз руларды талап – тонауына , кейде қонысынан қуып, қаңғыртуға болмаса қорғансыз ауылдардың бүліншілікке ұшыратуына сылтау болған. Сондай – ақ қыз туса бата жасап, бірер мал өткізіп, қыздың басын байлап қою байлардың ежелгі салты болған бір баласына екі үш жерден қыз айттыру салтанат пен байлықтың белгісі саналған. Немесе үлкен баласы өлсе, кіші баласының ержетуін күттіріп қою салты болған. Осындай жағдайда жесір дауы көтерілген.

Шешендік дау – ұзын сүре айтыс немесе төрелік сөз болуы шарт емес. әдетте шешен, дауда ұзақ айтыс сөзбен ұтпайды, бір ауыз ұрымтал оймен ұтады. Шешендік дау дегеніміз – айтыс үстінде тауып айтылған бір ауыз ұрымтал сөз . Ол кейде дау, кейде билік, тіпті кіріспе сөз болуы да мүмкін. Мал дауы – шешендік сөздердің біразын құрайды. Ар дауы – жеке адамдар арасындағы намыс жыртумен шектелмейді. Егер жер, жесір дауы, құн барымта дауларының бәріне де бір жағынан дүние — мүлік таласы болса, ар дауында атақ – абырой, намыс үшін тартыс жатады, әсіресе елдің арасында жүргізілетін елшілік — келісім сөздерде емші ең алдымен елінің намысын қорғайды.

Басқа да ұқсас мәліметтер

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *