Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы – бірыңғай қаржы жүйесінің құрамды бөлігі жəне айрықша сферасы болып табылады, оның орталықтандырылмаған бөлігін құрайды. «Шаруашылық жүргізуші субъектілер» жиынтық ұғымы соңғы кезде шаруашылықтық қызметке заңи тұлғаларды ғана емес, сонымен бірге шағын бизнесті, отбасылық кəсіпкерлікті дамытумен айналысатын жеке тұлғаларды да (заңи тұлға құрмай) тарумен байланысты қолданылады. «Шаруашылық жүргізуші субъектілер» термині* «Шаруашылық жүргізуші субьектілер» термині бұдан басқа келтірілген түсініктемесінде меншіктің бар лық ұйымдық-құқықтық нысандары мен қызмет түрлеріне таралады.

Соңғы уақытта, іс жүзінде көптеген жаңа тұлғаларға, соның ішінде мемлекеттік меншіктегі немесе оның үлесіндегі (заңмен, қағидамен немесе жарғымен ескертілген белгілі жағдайларға) коммерциялық қызметті рұқсат етумен байланысты коммерциялық жəне жарғылық қызметтің шекаралары бұзылып кетті, бұл субьектілерді шаруашылық жүргізушіге, яғни өзінің қызметін жарғылық бағытта таңдап алған бағытта ғана емес, сонымен бірге коммерциялық бағытта да – шектес, қосымша немесе жанама қызметтен табыс алуға бағытталған субьектіге айналдырады.

Қаржылық қатынастар мен қаржы жүйесінің жұмыс істеуі тұрғысынан қарағанда ұғым ішінара ресурстардың едəуір бөлігін иеленушілер ретіндегі жəне өндірістің негізгі факторларының – жұмыс күшінің бірі ретіндегі «үй шаруашылықтарының» (халықтың) қаржысын кіріктіреді. Қорыта айтқанда шаруашылық жүргізуші субъектілер бұл – экономикалық агенттер, экономикалық бірлестіктер (ұлттық шоттар жүйесінде – институционалдық бір ліктер), олар өзінің атынан активт ерге қожалық ете алады, міндеттемелер қабылдай алады, талаптар қояды, басқа бірліктермен экономикалық қызмет пен операцияларды жүзеге асырады.

Алайда ұйымдық-құқықтық көзқарас тұрғысынан алғанда басты орынды жүйелі ұйымдастырылған субъектілер – кəсіпорындар мен ұйымдар: фирмалар, компаниялар, фермер шаруашылықтары, шаруашылық серіктестіктері, ассоциациялар (бірлестіктер), ұлттық компаниялар жəне басқалары алады. Бұрын таралған «зауыт», «фəбрик», «кəсіпорын» (салалар бойынша) атаулары сиректеу қолданылады.

Кəсіпорын – кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін заңды тұлға жасаған мүліктік кешен.

Фирма – коммерциялық ұйым болып табылатын заңи тұлғаның жəне басқа қатысушылардың арасында бұл тұлғаны бөліп көрсетуге мүмкіндік беретін атау. Компанияның – бірлескен қызмет үшін кəсіпкерлердің бірлестігі, бұл акционерлік нысан негізінде, дағдыдағыдай, бизнесті ұйымдастырудың компанияның міндеттемелері бойынша қатысушылар жауап бермейтін жəне оларға тиісті акциялардың құны шектерінде қауіп-қатер тартатын негізгі нысандарының бірі. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің едəуір бөлігі – қоғам тіршілігін қамтамасыз ету көзі – материалдық қоғамдық өнім жасалатын материалдық өндіріс сферасында айналысатындықтан бұл буынның қаржысы қаржылардың негізгі, бастапқы бөлігі болып табылады.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы қаржы жүйесінің аса маңызды буыны ретінде қоғам экономикасының іргетасын қалыптастырады, өйткені мұнда материалдық жəне материалдық емес игіліктер жасалады.

Шаруашылық жүргі зуші субъектілер қаржысының сферасы шеңберінде материалдық, еңбек жəне қаржылық ресурстардың көпшілік бөлігі шоғырландырылады, бұл қоғам да ұлғаймалы ұдайы өндіріс үдерісін қамтамасыз етеді. Өзінің материалдық тұлғалануыңда – бұл əрбір нақтылы шаруашылық жүргізуші субъектілерде жасалатын жəне өндірісті дамыту мен оның жұмыскерлерінің əлеуметтік мұқтаждарына пайдаланылатын əр түрлі арналымның оқшауланған ақшалай қорлары.

Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржысы өндірістің барлық стадияларымен жəне өндірілген өнімді өткізумен етене байланысты, бұл олардың өндіріс тиімділігін қамтамасыз ете отырып, осы үдерістерге шынайы əсер етуіне жағдайлар жасайды. Экономиканың дағдарысты жағдайлары мұндай мүмкіндіктерді қатаң шектейді немесе оларды пайдалануды қиындатады.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының болуы, тұтас алғанда мемлекеттің қаржысы сияқты, тауар-ақшалай қатынастардың өмір сүруімен жəне экономикалық заңдардың іс-əрекетімен байланысты. Тауар-ақшалай қатынастар еңбектің қоғамдық бөлінісімен, меншіктің түрлі нысандарымен алдын ала анықталған. Жекелеген тауар өндірушілер мен қызмет өндірушілер өз еңбегінің нəтижелерін, өнімдерін, қызметтерін тауардың құнын бейнелеп көрсететін бағалар бойынша ақшаға сатып алу-сату жолымен айырбастайды. Жиынтығында бұл қатынастар тауар-ақшалай қатынастар болып табылады.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы ақшалай нысанда ұлғаймалы ұдайы өндіріс үдерісінің негізгі жақтарын білдіреді жəне экономикалық заңдардың талаптарына сəйкес оны жүзеге асыруға септігін тигізеді. Ол ұлттық шаруашылықты одан əрі дамытуға қажетті ақшалай табыстар мен қорланымдарды жасау, бөлу жəне пайдалану үшін қолданылады. Бұл даму ұлттық шаруашылықты басқару жүйесінің маңызды экономикалық тетігі, экономиканы қайта құрудың қуатты құралы болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің берік əрі жақсы қалыптасқан қаржыларысыз мүмкін емес.

Өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде олар басқа өндірістік қатынастардың жиынтығында ұлттық шаруашылықты басқарудың төменгі буындарының шаруашылық қызметінің тиімділігіне тікелей əсер етеді. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы өзіне қоғамдық пайдалы қызметтің сан алуан сфераларында өнеркəсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, жабдықтау-өткізу (делдалдық), сау да, дайындау, геологиялық барлау, жоба лау қызметін, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету, байланыс, тұрғын үй-коммун алдық қыз меттерін, түрлі қаржылық-кредиттік, сақтық, ғылыми, білім, медиц иналық, ақпараттық, маркетингтік жəне басқа қызметтерді жүзеге асыратын кəсіп ор ындардың, фирмалардың, қоғамдардың, концерндердің, ассо циациялардың, сала лық министрліктер мен басқа шаруашылық органдарының, шаруашылықа ралық, салааралық, кооперативтік ұйымдардың, мекемелердің қаржыларын кіріктіреді.

Меншік нысандарының дамуы кəсіпорындардың жаңа тұрпаттарының пайда болуына əкелді: жекеше, кооперативтік (тауарлар, өнім өндіру, қызметтер көрсету жөніндегі), акционерлік, аралас, шет елдердің кəсіпорындарымен жəне фирмаларымен бірлескен кəсіпорындар. Мемлекеттік кəсіпорындарды шетелдік жəне отандық инвесторлардың басқаруына беру жолымен мемлекеттік меншікті пайдалану тəртібі өзгерді. Келесі саты мемлекеттік кəсіпорынды өтеуін төлеп алу, оны толық иеленуге көшіру жəне жекеше немесе бірлескен кəсіпорынға айналдыру болып табылады.

Экономикалық реформалар барысында пайда болған мемлекеттік меншікті республикалық, коммуналдық меншікке бөлу сонымен бірге мемлекеттік кəсіпорындардың, олардың бірлестіктерінің жəне коммерциялық негіздердегі бірлескен басқару органдарының – қоғамдардың, ассоциациялардың, консорциумдардың, концерндердің жəне т.б. көптеген нысандарыда да мүмкіндік туғызады.

Коммерциялық есептің дамуы, өңірлердің өзін-өзі басқаруға, өзінөзі қаржыландыруға көшуі бұл үдеріске мүмкіндік жасайды. Ұлттық шаруашылықтың əрбір саласы қаржысының бұл саланың техникалық-экономикалық ерекшеліктерінен туындайтын елеулі айырмашылықтары бар. Бірақ сонымен бірге барлық салалардың қаржысының мəні мен оны ұйымдастырудың негізгі қағидаттары бірдей, бұл шаруашылық жүргізудің ортақ қағидаттарына жəне бірыңғай экономикалық заңдарға байланысты.

Мұның бəрі олардың барлығын бастапқы буынға – шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысына біріктірудің мүмкіндігі мен қажеттігін алдын ала анықтайды. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының мəні жəне көрінісінің сыртқы нысандары болады. Мəні деп қаржыны ерекше құндық категория – қаржылық категория ретінде анықтайтын қаржының ішкі мазмұны ұғынылады. Қаржының мəні мен көріну нысандары өзара байланысты. Бірақ олардың орнықтылық дəреж есі бірдей емес.

Қаржының көріну нысандары оның мəніне қарағанда анағұрлым жиі, жылдам өзгерімге ұшырайды. Мысалы, кəсіпорындардың мемлекеттік бюджетпен өзара қатынастарының нысандары бірнеше рет өзгерді жəне жетілдірілді: пайдадан төленетін көпарналы төлемдерден олар пайдаға салық салуға, одан кейін табыс салығына ауыстырылды; шаруашылықтық мұқтаждарды қаржыландыруға бюджеттен берілетін қаражаттардың кері қозғалысы негізінен өзін-өзі қаржыландыру əдісімен ауыстырылды; кəсіпорындар ішінде, оның бөлімшелері, əкімшілігі жəне жұмыскерлері арасында ақшалай қаражаттар қозғалысының нысандары өзгерді – бұл қатынастар баламалы сипатқа ие болады жəне коммерциялық негізге көшіріледі. Қаржылық ресурстардың құрылымында, қалыптасу əдістерінде жəне оларды пайдалану бағыттарында өзгерістер болуда. Сонымен бірге қаржының мəні де өзгеруде. Ол өндірістік қатынастармен ғана емес, сонымен бірге олардың даму деңгейімен, шаруашылық, əлеуметтік жəне мəдени құрылыста мемлекеттің ауқымдарымен жəне рөлімен алдын ала айқындалады. Қаржылық қатынастар – бұл ең алдымен, ұдайыөндірістік қатынастар.

Өндіру, бөлу, айырбастау жəне тұтыну жүйесі өзгерістерге ұшырайды, бұл жүйені қайта құруда, өндіріс тиімділігін көтермелеуде бөлгіштік қатынастар мен қаржының рөлін күшейтуде тұрақты қажеттік болады. Қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың ұдайы өндірісінің, рыноктық қатынастардың дамуы үдерісінде кəсіпорындардың мемлекеттік бюджетпен жəне кредит жүйесімен қаржылық қатынастарының, шаруашылық механизмін жетілдірудің нысандары мен əдістері өзгеруінің ғылыми-техникалық прогресті тездетуде, дамудың белгіленген бағдарлама ларын, экономикалық өсудің қарқындарын жүзеге асыруда жəне қоғамдық еңбек өнімділігін өсіру де ұдайыөндірістік қатынастар мен қаржылардың ынталандырушы рөлін арттыру мақсаты болады.

Тұтас алғанда қаржының функциялары сияқты шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының функциялары туралы мəселе бойынша экономикалық əдебиеттерде бірыңғай пікір жоқ. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржыларын айқындайтын экономикалық қатынастар жүйесіне не кіреді? Біраз ғалымдар тауарларды сатып алу-сату, сонымен бірге шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қатынастарына əсер ететін, бірақ өзі қатынастардың элементі болып қызмет етпейтін еңбекке ақшалай ақы төлеу кезінд е пайда болатын ақшалай қатынастарды қаржыға жатқызуға болмайды деп санайды. Алайда ғалымдар қаржының ұдайыөндірістік тұжырымдамасының жақтаушылары аталған қаты настарды қаржылық қатынастарға жатқызады, өйткені өндіру мен айырбастауда қаржылық қатынастардың барын мойындайды.

Мəселен, айырбастау кезінде өнімді өткізуден алынатын табыс қалыптасады, одан шаруашылық жүргізуші субъект – жеткізуші тұтыну жəне қорлану ресурстарын жасайды. Өткізу барысы жеткізілім келісімшарттарының талаптары сақталынбаған кезде қаржылық санкцияларды қолданумен, жеткізуші мен сатып алушының екі жаққа бірдей берешектің жасалуымен қабаттаса жүруі мүмкін. Еңбекке ақы төлеу, сыйлықақылар төлеу кезінде пайда болатын ақшалай қатынастар арнаулы қорларды: еңбекке ақы төлеу, тұтыну, айналым қаражаттары (аяқталмаған өндіріске жұмсалатын шығындар, кредиторлық берешек бөлігінде) қорларын жасаумен жəне жұмсаумен қоса жүреді. Ұдайыөндірістік тұжырымдаманың жақтаушылары қаржылық қатынастар шаруашылық жүргізуші субъектілердің өндірістік қорларының толық айналымының барлық стадияларына қатысады деп санайды.

Осыған байланысты шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы ұда йы өндірістік функция орындайды деп қорытынды жасауға болады. Оның мазмұны жай жəне ұлғаймалы ұдайы өндіріс кезінде материалдық жəне ақшалай қаражаттар арасындағы олардың толық айналымы үдерісіне сəйкестікті қамтамасыз етуде болады. Ол үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер өнім өндірудің жəне өткізудің жоспарлары, болжамдары жəне ниеттері, белгіленген экономикалық нормативтер негізінде уақыттың белгілі бір кезеңіне арналған кірістер мен шығыстардың көлемдерін əзірлейді; шығыстар қандай дəрежеде меншікті қаржылық ресурстар, бағалы қағаздар шығару, басқа ұйымдар мен өз жұмыскерлерінің уақытша тартылған қаражаттары, банк кредиттері есебінен, ерекше жағдайларда бюджеттен бөлінетін қаржы есебінен жабылу мүмкіндігі анықталады. Сөйтіп, шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің өнімдері, олардың капиталы – негізгі жəне айналым капиталы ұдайы өндіріледі.

Қызметтер сферасында адамның тіршілік қызметінің аса маңызды əлеуметтік параметрлері – денсаулық, білім, мəдени жəне рухани құндылықтар ұдайы өндіріледі. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының бақылау функ циясы кəсіпорын экономикасында маңызды рөл атқарады: есепсіз жəне бақылаусыз шаруашылық жүргізуге болмайды. Ақшамен бақылау тек шаруашылық жүргізуші субъектілердің ішінде ғана емес, сонымен бірге оның басқа субъектілермен, жоғарғы ұйымдармен жəне қаржы-кредит мекемелерімен өзара қарым-қатынастарында да жүзеге асырылады.

Субъектілер арасындағы өзара қатынастарда бақылау жеткізілім тауарларға, көрсетілген қызметтерге жəне орындалған жұмыстарға ақы төлеу кезінде болады. Қаржы-кредит органдарымен өзара іс-əрекет кезінде бақылау бюджет алдындағы міндеттемелердің орындалуы кезінде, банк кредиттерін алған жəне қайтарған кезде жүзеге асырылады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық қызметі сферасындағы өндірістік қатынастардың айрықшалықты өзіндік ерекшеліктері, таза қаржылық қатынастардың басқа ақшалай қатынастармен матасуы, өндірістік қорлардың толық айналымымен олардың аса тығыз байланысы, бірқатар ғалымдардың пікірлері бойынша, кəсіпорындар мен салалар қаржысы жалпы белгілерге қарағанда, жалпымемлекеттік қаржыдан елеулі айырмашылығы бар қаржы жүйесінің буыны болып табылады дегенге жеткізеді.

Олардың пікірлері бойынша, егер бұл буынға кəсіпорынның ақшалай қатынастарының бүкіл жиынтығын кіріктірсе, онда дербес экономикалық категорияның – кəсіпорындар мен ұйымдардың ақшалай шаруашылығы* бар екені туралы мəселені қоюға болады.

Қаржылық қатынастардың құрамында шаруашылық жүргізуші субъектілерд ің ақшалай қатынастарының мынадай ірілендірілген топтарын бөліп көрсетуге болады: басқа əр түрлі кəсіпорындармен жəне ұйымдармен (олар: өнім өткізуден түсім-ақша алу, өткізуден тыс табыстар түсіру, материалдық шығындарды төлеу, шарт міндеттерін бұзған кезде айыппұл төлеу жəне алу, бағалы қағаздарды өткізу, басқа кəсіпорындардың акциялары мен облигацияларына қаражаттарды инвестициялау, олар бойынша дивидендтер мен пайыздар төлеу жəне алу үдерісінде, коммерциялық несиелендіру кезінде қалыптасады); өзінің еңбек ұжымымен (бұл қатынастар еңбекке ақы төлеуді, сыйлық қорын жасауды, табысты (пайданы) бөлу жəне тұтыну қо рынан жұмыскерлерге жəрдемақылар төлеуді, сонымен бірге жұмыскерлердің қаражаттарын тартуды (бағалы қағаздар сату, кəсіпорынның қаржылық ресурстарын қалыптастыру үшін үлестік жарналарды) ортақтастырады; мемлекетпен – бюджетке салықтар төлеу, бюджеттен қар жыландыру кезінде, мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алған кезде, сондай-ақ олар бойынша төлемдер алғанда, валюталық қорлар мен ресурстарды қалыптастырғанда; банктермен (қаржылық қатынастардың бұл тобы банк кредиттерін алу, оларды қайтару, кредиттер бойынша пайыздар төлеу, банктерге уақытша пайдалануға белгілі бір төлем мен бос ақшаны беру, банк өткізетін бағалы қағаздармен жасалатын операциялар нысаны түрінде іске асады); сақтық органдарымен – мүлікті, қызметкерлерді, коммерциялық жəне коммерциялық емес тəуекелді сақтандыру жөнінде; жоғары ұйымдармен – ішкісалалық қайта бөлу шегінде (пайданы, табыстарды, капиталды қайта бөлу кезінде, жалгерлік төлемдер бойынша жəне басқалары); құрылтайшылармен (бұл қатынастар құрылтайшылардың жарғылық капиталды қалыптастыру үшін қаржылық жарналарды (салымдарды) төлеу кезінде, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектінің пайдасын бөлгенде жəне оның бір бөлігін шартқа сəйкес құрылтайшыға аударған кезде қалыптасады) жəне т.с.с.

Шаруашылык жүргізуші субъектілердің қаржысына, бір жағынан, жалпы каржылардың экономикалық табиғатын сипаттайтын белгілер, басқа жағынан, қоғамдық өндірістің түрлі сферасындағы қаржылардың қызмет етуіне байланысты ерекшеліктер тəн. Сонымен бірге бұл қаржыға тəн мынадай негізгі белгілерді атауға болады: 1) қаржылық қатынастардың көп қырлылығы, олардың нысандары мен мақсатты арналымының сан алуандығы; 2) өндірістік құралдардың (капиталдардың) міндетті болуы жəне оларды қалыптастырумен, көбейтумен жəне қайта бөлумен байланысты катынастардың пайда болуы. Өндірістік капиталдар – бұл өндірістің серпінді элементі, олар өндірістің өзі сияқты үздіксіз қозғалыста болады; сонымен қатар құндық нысандардың тұрақты ауысымы болып отырады.

Шаруашылық жүргізуші субъекті қызметінің кез келген мезетінде өндірістік құралдар материалдықзаттай жəне ақшалай нысанда болуы мүмкін; 3) жоғары белсенділік, кəсіпорынның шаруашылық қызметінің барлық жағына əсер ету мүмкіндігі; 4) шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы бүкіл қаржы жүйесінің бастапқы негізі болып табылады. Сөйтіп, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы деп өнім (жұмыс, қызметтер) өндіріп, өткізу кезінде қаржылық ресурс тарды жасаумен, бөлумен жəне пайдаланумен байланысты экономикалық қатынастарды айтады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *