Шағын және орта кәсіпкерлікті үкімет тарапынан қолдауына талдау жасау. Қазақстанның нарықтық экономикасы жағдайында экономикалық дамудың кәсiпкерлiк моделi тұтас экономиканы сауықтандырудың маңызды факторы және дағдарыстан шығу жолындағы алғашқы қадамы болып табылады. Кезек күттiрмейтiн iс-шаралар қатарында кәсiпкерлiк қызметтi қолдау, шағын және орта бизнестi дамыту маңызды орын алады. Қазақстан Республикасы Президентi Н.Ә.Назарбаевтың “Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдауды нығайту және белсендендiру жөнiндегi iс-шаралар туралы” Жарлығында шағын бизнес субъектiлерiне жан-жақты қолдау көрсету, орта класты қалыптастыру қажеттiлiгiне көп көңiл бөлгендiгi кездейсоқтық емес.

Кез-келген елде шағын бизнес мемлекеттiк қолдауды қажет етедi, оның ерекшелiгi де, сонымен қатар, әлсiздiгi де осында. Кiшi құрылымдағы шағын көлем мен шектеулi қаржылық мүмкiндiктер iрi кәсiпкерлермен салыстырғанда шағын фирмалардың бәсекеге қабiлеттiлiгiне өз ықпалын тигiзедi. Сондықтан, шағын бизнеске қолайлы экономикалық-құқықтық орта қалыптастыру Қазақстанда кәсiпкерлiктi белсендендiруде маңызды рөл атқарады, өйткенi тек мемлекеттiк деңгейде ғана емес, сонымен бiрге тұтас қоғам деңгейiнде шағын бизнестi кешендi қолдау кәсiпкерде “әрекет ету иммунитетiн” қалыптастыруға, нарықтың қатаң жағдайларында өсуге және өзiн-өзi жетiлдiруiне көмек бередi. Мемлекет үшiн бұл экономикадағы дағдарыстың бетiн қайтару, өндiрiстi көтеру, әлеуметтiк және саяси қатынастардағы тұрақтылықты бiлдiредi.

Сонымен бiрге шағын бизнестi дамытуды ынталандыратын түрлi бағдарламалардың және оны қажеттi ресурстармен (материалды-техникалық, кадрлық, қаржылық, ақпараттық және т.б.) қамтамасыз етудiң маңызы өте жоғары. Қазіргі таңда шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік саясат кәсіпкерлікті дамыту үшін оңтайлы жағдайлар жасау принципіне негізделетін мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағыттарының бірі болып келеді.

Сондай-ақ, мемлекет тарапынан бірқатар шаралар жүзеге асырылуда. Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудың 2012-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы барлық мақсаттары мен міндеттері жүзеге асырылу арқылы өз әрекеттерін аяқтады.

Жекелеп алсақ, айтарлықтай заңдылық актілер әзірленіп қабылданған, салық салу, лицензияландыру, әкімшілдік құқық бұзу сұрақтары бойынша кейбір заңдылық актілерге өзгерістер енгізіліп толықтырылған. Былтырғы жылы «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңға бірқатар өзгеріс енгізілгені белгілі. Бұл өзгерістер шағын және орта бизнеске жоспарлы тексеруді қысқартып, жоспарсыз тексерулерді ретке келтіруі тиіс еді. Осы өзгерістерге сәйкес, биыл ақпаннан бастап кәсіпкерлерді жоспарлы тексерудің тәртібі өзгерді. Енді шағын және орта бизнес тәуекелді басқару жүйесі бойынша тексерілмек. Тәуекелді басқару жүйесі деген не сонда? Бұл әрбір мемлекеттік орган объективті және субъективті белгілерді негізге ала отырып кәсіпкерлерді тәуекелділіктің үш дәрежесіне бөліп қарастырады деген сөз. Ал объективті және субъективті белгілер қалай анықталмақ? Қазақстандағы бизнес ортаны жақсарту жөніндегі USAID (Халықаралық даму бойынша Американдық агентігі) жобасының халықаралық сарапшысы Игорь Гутцанның айтуына қарағанда, объективті белгілер дегеніміз, заң бұзушылық кезінде анықталатын статистикалық мәліметтер.

«Мәселен, өрт сөндіру қауіпсіздігі адам саны, құрылыс материалдарының өртену мүмкіндігі тәрізді себептерді негізге алады. Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органы болса, ең алдымен тағам өнімдерін өндіретін кәсіпорындарға баса мән беру қажет», — дейді сарапшы. Ал заң талаптары, оларды бұзу немесе қатаң сақтау жағы субъективті белгілерге тиесілі. Айталық, заң бұзушылықтар неғұрлым көп анықталса, кәсіпкер де тәуекелділіктің жоғары дәрежесі бойынша тексерілмек. Заң бұзбайтын, барлық тәртіпті қатаң қадағалайтын кәсіпкер бойынша, керісінше, тәуекелділіктің төменгі тобына өтеді. Есесіне, мұндай кәсіпкерді қадағалау органдары да қайтақайта тексеріп, мезі етпейді [63].

Сөйтіп, тәуекелділіктің жоғарғы дәрежесіне жататын кәсіпкерлер бес жылда бір, ал төменгі топтағылар бес жылда бір-ақ рет тексеріледі. «Экономика және бюджетті жоспарлау министірлігі тексерудің жаңа жүйесі кәсіпкер үшін де, мемлекеттік органдар үшін де тиімді деп есептейді. Енді бақылау органдары қауіп төндіретін қатаң тексеруге алып, заң бұзбайтын кәсіпкерелге тексеруді азайтады», депті Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі департаментінің жетекшісі Р.Ақбердин.

Алайда, Мемлекеттік органдардың өздері тексерістің жаңа тәртібіне дайын емес тәрізді. «Қазір қадағалау органдарының барлығы дерлік тәуекелді басқару жүйесін енгізіп, тексеруден өтетін кәсіпорындар тізімін жариялап, тексеру парақтарын әзірлеп сақадай сай дайын болуы тиіс. Алайда, мемлекеттік органдардың көпшілігі кәсіпкерлерді жаңа тәртіппен таныстырмайды», — дейді тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының президенті Тимур Назханов. «Алматы қаласы бойынша тек салық органы мен сан-эпидемстанциялық қадағалау органы тексеру жүйесімен таныстырып, тұсаукесер жасады. Қалғандары түсіндіру жұмыстарын жүргізген жоқ, — дейді ол.

Заң бойынша былтырғы жылдың аяғына дейін тексеру тәртібін таныстырмаған мемлекеттік органдардың биылғы жылы тексеру жүргізуге құқы жоқ. Сонымен қатар, кейбір тексеру органдары жаңа жүйе кәсіпкерлерге кері әсер ететінін мойындады. Айталық, сан-эпидемстанциялық қадағалау органының қызметкері Лян түптің түбінде кәсіпкерлердің барлығы тәуекелділігі жоғары топқа өтетінін түсіндіріп, сұхбат берген». Сондай-ақ, Тимур Назхановтың айтуынша, мемлекеттік органдар қайткен күнде де кәсіпкерлерді ырқына жібермейді.

«Өйткені, кәсіпкерлер – мемлекеттік органдардың күнкөріс көзі. Оның үстіне, жаңа тәртіп жоспарлы тексеруге қатысты. Бірақ жоспарсыз тексеру бар екенін естен шығармаған жөн. Біреу шағым жазса не сенімен байланысы бар өзге кәсіпорын тексерілсе, қадағалау органдары міндетті түрде сені де келіп тексереді. Түптеп келгенде, кез келген тексерістің мақсаты біреу-ақ. Ол – кәсіпкерлерге қысым жасау, айыппұл салу немесе пара алу», — дейді ол. Сонымен тексерудің жаңа жүйесі бизнес ахуалын жақсартады дегенге кәсіпкерлер түгіл, мемлекеттік органдардың өздері де күмән келтіріп отыр. Кәсіпкерлерге көмектеседі деген жүйе керісінше қағазбастылықты көбейтіп, бизнестің дамуына тұсау салғалы тұр. [63]. Шағын және орта кәсіпкелік субъектілері өнімдерін нарыққа жылжытуға және басқа да көмек көрсетуге арналған жеті әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар қызмет етеді. Олар үшін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар жобаларына қатысуға ортақ кәсіпорындар құру арқылы қызметті кеңейту мүмкіншілітеріне, қаржы, жер, технологиялық қорларға, сыртқы нарықтарға қол жеткізу мүмкіншілігі ынталандыруға тиісті.

Шағын кәсіпкелікті дамытудың маңызды бағыты болып микронесиелендіру табылады. 2013 жылдың басында еліміздің Президенті атаулы секторға мемлекеттік емес қорларды тарту, микронесиелердің халыққа берілу мүмкіндіктерін арттыру, тиісті қаржыландыру бойынша ұсыныстар жасау тапсырылған болатын. Осыған орай, Қазақстанның микронесие ұйымдарын дамыту бойынша жұмыс жүргізілуде. Қаржылық институттарының үлестік қатысумен 70 микронесие ұйымдары құрылды. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы 199 қолданыстағы ұйымдар несиеленген. Үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламасында ел экономикасына тіреуіш болатын негізгі бес салаға айрықша көңіл бөлгенді.

Соның бірі шағын және орта кәсіпкерлік. Нақтырақ айтсақ, ел Үкіметі шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында 1 млрд. доллар бөліп отыр. Экономиканың осы саласына көрсетіліп жатқан қолдау турасында тоқталсақ.

Үкімет 2012 жылдың қараша айынан бастап еліміздің әлеуметтікэкономикалық жағдайының қалыпты жағдайын сақтап қалу үшін арнайы бағдарлама әзірлеп, көп жағдайдың алдын алды. Сол кездің өзінде-ақ Үкімет шағын және орта кәсіпкерлікке қаржылай көмек көрсете бастаған. 2012 жылдың төртінші тоқсанынан бері шағын және орта бизнеске мемлекет тарапынан көрсетілген қаржылай көмектің мөлшері қазіргі таңда 200 млрд. теңгеге жетіп отыр. Мұның 126,8 млрд. теңгесі республикалық бюджеттен бөлінсе, 10 млрд. теңгесі «Даму» қоры бөлді. Ал жергілікті жердегі атқарушы билік орындары 50 млрд. теңге көлемінде көмек көрсетті. Мұның сыртында еліміздегі екінші деңгейлі банктер де шағын және орта бизнесті дамыту үшін біршама қаржы бөлгені белгілі. Шағын және орта бизнес өкілдерінің жаңа жобаларын қаржыландыру үшін «Даму» қоры мен екінші деңгейлі банктер қаржы бөлудің бірінші траншын орындады.

ҚР Үкіметінің 06.11.2012 жылғы № 1039 Қаулысына сәйкес Қор Тұрақтандыру бағдарламасының 1 траншының 48,8 млрд. теңге сомасындағы қаражатын орналастыру жөніндегі операторы болды. Бөлінген қаражат 2012 ж. ҚР Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның 26.11.2012 жылғы шешімімен анықталған 7 әріптес-банктер арасында бөлінді.

Осы мақсатқа 48,8 млрд. теңге қарастырылған болатын. Бөлінген қаржының жылдық ставкасы нарық жағдайынан әлдеқайда төмен болды. Қаржыны игеру мерзімі 3 ай, ал жеңілдіктері 2 жыл. Бұл қаржыға шағын және орта бизнестің 2 238 жобасы қаржыландырылды. Мұндай жағдайда әрбір кәсіпорынға берілетін қаржының көлемі 23 млн. теңгеден аспайды. Несиенің жылдық орташа ставкасы 17,7 пайыз болса, ең жоғарғы ставкасы 20,2 пайыздан аспайды. Экономиканы тұрақтандыру бағдарламасының екінші траншы аясында Қазақстан Республикасының Үкіметінің 28.06.2013 жылы отырысының №25 хаттамасына сәйкес, шағын және орта бизнес субъектілерін қолдауға қосымша 50 млрд. теңге бөлу туралы шешім қабылданған болатын.

Аталмыш қаражат шағын және орта бизнес субъектілерін Екінші деңгейлік банктер және қаржы ұйымдарымен бірлесіп қаржыландыру Бағдарламасы («50 де 50» бағдарламасы) аясында игерілді. Бөлінген қаражат 2008 жылдың тамыз айында ҚР Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның 27.06.2013ж. №17-5/011-10 шешімімен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 28.06.2013ж. №25 шешімімен анықталған 10 әріптес-банктер арасында бөлінді. 2013 жылдың 11 желтоқсанына дейін қаржының 59,6 млрд. теңгесі игерілген. Нәтижесінде 1830 жоба қаржыландырылды. Осы ретте кәсіпкерлердің «Атамекен» Одағы экономикалық палатасының ұсыныстарын қабылдай отырып, бөлінген қаржының жылдық пайыздық үстемесін 14 пайызға дейін төмендеттік. Қазақстан Республика Үкіметінің 25.11.2013 жылғы №1085 Қаулысына сәйкес экономиканы 2014-2015 жж. Тұрақтандыру іс-шараларын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Қорынан 120,0 млрд. теңге бөлінген, оның ішінде 117 млрд. теңге Тұрақтандыру бағдарламасының 3-траншын іске асыруға жұмсалады.

Бөлінген қаражат 2014 жылдың ақпан айында ҚР Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның 27.01.2014ж. №17-55/И-99 және 10.02.2009 жылы №17-5/И-144 шешімдерімен анықталған 12 әріптес-банктер арасында бөлінді. Екінші деңгейлі банктерге 117 млрд. теңге берілді, сонымен қатар «АТФ Банк» АҚ-ы 10 млрд. теңге көлемінде өз қаражатымен қатысады.

«Сбербанк» АҚ-ы шағын жіне орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруға 6 000 млн.тенге көлемінде банкке қаражат бөлу туралы басты келісім шартқа қол койып, «Даму» қорының дағдарысқа қарсы ІІІ-ші траншына қосылды. 2009 сәуір айынын жағдайы бойынша «Сбербанк» АҚ-ы «Даму» қорынын бағдарламасы бойынша жалпы соммасы 2 940 млн. теңгені құрайтын әр түрлі сала бойынша 32 жобаны несиелеуге бағыттау шешімін қабыл алып, қазіргі кезге дейін 2 784 млн. теңге игерілген.

«Ұлттық Әл-ауқат Қоры (әрі қарай ҰӘҚ) «Самрұқ-Қазына» АҚ-ның берген ақпараттарына сәйкес «ҰӘҚ «Самрұқ-Қазына» АҚ-ның есеп-шотына жоспар аясында Ұлттық Қордан 1 087,5 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде қаржы секторын тұрақтандыру, тұрғын үй нарығындағы мәселелерді шешуге, шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуге және экономиканың нақты секторын несиелендіруге бағытталды. Екінші дәрежелі банктерден және «Бірінші несие бюросы» ЖШС-нің 2014 жылдың ақпараттарына сүйенсек нақты банктер игерілгенін төмендегі диаграммадан көруге болады.

Жоғарыда жобаларға бөлінген қаржыларды салаларға бөлінді. Сауда мен қызмет көрсетудің басқа да салаларына игерілген қаржы үлесі жоғары болды. Яғни, саудаға 44 пайыз, қызметтің басқа да түрлеріне 30 пайыз болса ең төменгі үлес көлік және байланысқа тиесілі болды. Үкімет шағын және орта бизнестің дамуына айрықша қолдау көрсетуде. Аталған саланы дамытуға бағытталған үшінші транш сәтті игерілді. Осы мақсатта Ұлттық қордан 120 млрд. теңге бөлінсе, банктер өз қоржынындағы ақшасының 14 млрд.теңге кәсіпкерлерді қаржыландыруға жұмсады. Жыл басынан бері игерілген 134 млрд. теңгенің 51 пайызы кәсіпорынды қайта қаржыландыруға, 49 пайызы жаңа нысандар ашуға бағытталды. Нәтижесінде 5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Ал екі жылда 250 млрд теңге игерілді.

«Даму» қоры шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне және ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу және тамақ өнімдерін өндіру ұйымдарына 2009-2012 жылдарға «Даму – Қолдау» тікелей кредит беру Бағдарламасы әзірленді. Бағдарламаны әзірлеуге Қазақстан Республикасының «Қазақстан2030» атты даму Стратегиясы; Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму Стратегиясы; Қазақстанның әлемдегі бәсекеге мейлінше қабілетті елу елдің қатарына қосылу Стратегиясы; «Қазақстанның 2030 жылға арналған даму Страгегиясын іске асыру жөніндегі алдағы шаралары туралы» ҚР Президентінің 2007 жылдың сәуір айындағы Жарлығы; ҚР Президентінің «Қазақстан жеделдетілген экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңару жолында» атты 2005 жылдың ақпан айындағы Жолдауы; ҚР Президентінің «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты 2006 жылдың наурыз айындағы Жолдауы; ҚР Президентінің «Жаңа әлемдегі-жаңа Қазақстан» атты 2007 жылдың ақпан айындағы Жолдауы; ҚР Президентінің «Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын арттыру-мемлекет саясатының басты мақсаты» атты Жолдауы; ҚР Президентінің «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты 2009 жылдың наурыз айындағы Жолдауы; «Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк пен Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің экономика мен қаржы жүйесін 2009-2010 жылдарға тұрақтандыру жөніндегі бірлескен іс-қимылдар Жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылдың қараша айындағы және 2009 жылдың қаңтар айындағы қаулысы; ҚР экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 2009 жылдың ақпан айындағы хаттамасы; Қорға шағын және орта бизнесті тікелей қаржыландыру үшін кредит берілуін мақұлдау жөніндегі «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Директорлар кеңесі отырысының 2009 жылдың ақпан айындағы хаттамасы; шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне және ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу және тамақ өнімдерін өндіру ұйымдарына кредит қаражатын осы Бағдарламамен анықталатын шарттармен беру үшін, «Ұлттық әл-ауқат қоры «Самрұқ-Қазына» мен «Даму» қоры арасында 2009 жылдың ақпан айында жасалған шағын және орта бизнес Кредит шарты негіздеме болды.

2014 жылдың 30 сәуіріндегі жағдай бойынша «Акционерлік қоғам және жүзеге асырылатын мемлекетті тұрақтандыру бағдарламасы аясында серіктес банктермен бөлінген қаражаттын 72,9 пайызы немесе 92 млрд 536 млн теңге игерілді. Екі жақты келісілген келісім-шарттың жалпы саны 1 936-құрады, оның ішінде 1 251 заемшы жалпы соммасы 52 млрд 167 млн теңге құрайтын несиелерін қайта қаржыландырды. 2014 жылдың 30 сәуіріне екі серіктес-банктер бөлінген қаржыны толықтай игерді. «Тұран Әлем Банкі» акционерлік қоғамы бөлінген қаржыдан 113,7 пайызға, яғни 25 млрд 022 млн теңге игерілді. «Цесна банк» акционерлік қоғамы 100 пайызға, яғни 3 млрд 300 млн теңге игерілді (10 кесте). Келісілген келісім шарт көлемі бойынша Алматы қаласында банктер өз міндеттерін 54 пайызға орындаса, Астана қаласы 49,5 пайызға орындады. Аумақаралық бөлу жағдайы өзгеріссіз қалуда. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіруде Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары ең аз қамтылған аймақ болып қалуда. Осы аймақтарда игерілу үлесі жалпы игерілуге тиісті сомадан әлі де 3 пайыздан төмен.

Үкімет пен даму институттары шағын және орта бизнес өкілдеріне барынша қолдау көрсетуде. Дегенмен де, қаржының керек жерге сіз бен біз ойлағандай тез жетпей жатқаны жасырын емес. Мәселен, біздер шағын және орта бизнеске бөлінген қаржының 156 млрд. теңгесінің 65 млрд. теңгесі игерілгенін анықтадық. Бүгінде шағын және орта бизнес өкілдеріне банктердің қойып отырған міндеттемесі жеңіл деп ешкім айтып тұрған жоқ. Қаржы институттары өз кезегінде несие алу үшін кәсіпкерден кепілдік мәселесін қатаң түрде талап етілетіні, сонымен қатар, кәсіпкерлікпен айналысып жүрген азаматтардың көпшілігі банкке өткізетін бизнес жоспарын дұрыс жаса алмайтыны, яғни кәсіпкерлер несиеге қол жеткізе алмаған соң, бұған банк қызметкерлерін кінәлайды. Бұл ретте кәсіпкерлер арасында ақпараттық насихат жұмысы кемшін түсіп жатқанын мойындаймыз. Осындай жағдайда кімді кіналайсын, кәсіпкер жағынан тұрасаң кәсіпкерлерді, банк немесе басқа да ұйымдар жаңында тұрсаң сол ұйымдарды немесе банктерді жақтайсын. Үкімет осы қалыптасқан жағдайда өгізді де өлтірмейтін, арбаны да сындырмайтын жол табатынына сенімдін. Осыған дейін атқарылған жұмыстар еліміздегі бизнес құрылымдарына белгілі бір тежеуші күші болатынына және жаңа жетістіктерге негіз болады.