Бүгінгі таңда кәсіпкерлік ел экономикасын дамытуда шешуші орынға ие, өйткені экономикалық, әлеуметтік және саяси сипаттағы көптеген мәселелердің шешілуіне жол береді. Жеткен табыстарға қарамастан, еліміздің экономикасындағы шағын және орта кәсіпкерлік рөлінің маңыздылығы төмен.

Бұл туралы елбасымен қойылған стратегиялық маңызды мәселелер: шағын және орта кәсіпкерлік ЖІӨ-нің 50%-ын құрайтын жағдайға жеткізу, оның құрылымын жетілдіру, оның әлеуметтік жауапкершілігін жетілдіру, шағын және орта кәсіпкерлік секторы құрылуының және кеңеюінің сатысына, жаңа идеологиясына көшуді талап ететін басқа да бір қатар мәселелерді шешу. Сонымен қатар, соңғы жылдардағы шағын және орта кәсіпкерліктің жағдайын талдай отырып, оның дамуына әсер ететін факторларының екі ірі тобын анықтауға болады: отандық экономиканың шикізатқа бағыттылығымен және өндіріс салаларының басымдылығы және шағын кәсіпкерлік қызметінің институционалдық-құқықтық негізі.

Бірінші фактор отандық экономиканың шикізатқа бағыттылығымен және өндіріс салаларының басымдылығымен шартталған. Қалыптасқан жағдайдың өзгеруі экономиканың салалық басымдылықтарының өнеркәсіптің өндіріс салаларынан өңдеу өндірісіне, соның ішінде жеңіл және тамақ өнеркәсібіне ығыстырылуымен шартталады, мұндағы шағын кәсіпорындар бәсеке қабілетті өнім өндіру бойынша потенциалы бар. Екінші фактор – шағын және орта кәсіпкерлік қызметінің институционалдық-құқықтық негізі. Институционалдық-құқықтық негіздің жетілмегендігі – салық салу, несиелендіру, шағын және орта кәсіпкерліктің мемлекеттік органдармен қарымқатынасы саласындағы жалпыға мәлім мәселелер пайда болуының ең басты себебі [35].

Елдегі шағын және орта кәсіпкерліктің бүгінгі күнгі күйін талдау, шағын және орта кәсіпкерлік секторындағы экономикалық белсенділіктің төмендігі туралы мәлімдейді, бұл белсенді кәсіпорындар саны өсімінің қарқыны қысқаруында көрінеді. Мысалы, шағын және орта кәсіпкерліктің заңды тұлғаларының 1/3 бөлігіне жуығы (қызмет ететіндердің ішінен 40,21%) қызмет етпейді, олардың 1,73% жойылу сатысында, осы қатардағылардың 98,26% жайлы мәлімет жоқ, бұларды «сағым (мираж)» кәсіпорындар деп атайды.

Осы жағдайда қалыптасқан тенденциялар сақталынып қалса, шағын кәсіпкерлік осы кезге шейін атқарған қызметтерін орындайтын жағдайды сақтай алмайды, сонымен қатар, кедейлік пен жұмысбастылық мәселелерінің шешімі де табылмайды. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2010 жылы 28- ақпанынан «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Қазақстан халқына Жолдауында ҚР Үкіметіне іскерлік инициатива жолында туындайтын заңшығарушылық, әкімшілік және бюрократиялық кедергілер қай жерде және неліктен туындайтынын талдауды тапсырды [58].

Бүгінгі күнгі сатысында шағын кәсіпкерлік мәселелері кешенділігімен және көріну нысандарының көптүрлілігімен ерекшеленеді, алып қарасақ, экономикалық (өнеркәсіп салаласында, оның ішінде агрошикізатты өңдейтін салада шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындарының жеткіліксіз дамуы); қаржылық (көптеген субъектілерде өздерінің инвестициялық және айналма-лы қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жеткілікті қаржы ресурстарының жоқтығы, несиелеудің жоғары пайыздық мөлшерлемесі, қайтарым мерзімінің аздығы); әкімшілік (бақылау-қадағалау органдары тарапынан тексерістің көптігі, лицензиялау, мүлікті тіркеу мәселелерінде мемлекет тарапынан шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін жоғары деңгейде реттеу); заңнамалық (тікелей емес қызметтегі актілер санының, көптеген заңасты актілердің бар болуы, кәсіпкерлікті, экспорт пен импортты жабудың қымбат әрі қиын процедурасы, заңнама актілер жүйесінің кеңдігінен кәсіпкерлікті жүргізу бойынша жоғары шығындар); инфрақұрылымдық (оқыту орталықтарының жетіспеушілігі және кәсіпкерлерді дайындау сапасының төмендігі, франчайзингті кеңінен тарату жеткіліксіз, ақпараттық қолдау, оның ішінде электронды байланыс құралының жетіспеушілігі); кадрлық (кәсіпкерлік негіздерін оқытуды қолдаудың әлсіз мемлекеттік жүйесі, кәсіпкерлікті жүргізу негіздері бойынша мамандарды даярлаудың жоғары сапасы жеткіліксіз, венчурлі кәсіпкерлік, менеджмент және инновация аумағында мамандар жетіспейді) және т.б. мәселелер қатары бар.

Кәсіпкерлік дамуы мәселелерін жіктеу нәтижесінде мәселелердің ішкі және сыртқы тобы бөлініп шығады: қазақстандық кәсіпкерлік бәсекеқабілеттілігінің өсімі мүмкіндіктерін тежейтін сыртқы мәселелер қатарына қаржы ресурстарына, жаңа технологияларға шектеулі қолжетімділік, сонымен қатар әкімшілік кедергілер, рұқсат алу процедуралары, салықтық жүктемелер жатады; отандық кәсіпкерліктің ішкі мәселелері қатарына кәсіпкерлік процестер, басқару және өндірістік персоналдың кәсіби қабілеттері өнімділігінің және тиімділігінің қажетті деңгейде болмауы.

Қазақстан дамуының басқа аспектілері сияқты кәсіпкерлік ортаға да сыртқы салыстырмалы бағалау жүргізіледі. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру» халқына жолдауында міндеттердің бірі ретінде кәсіпкерлікті кең көлемде мемлекеттік қолдауды іске асыру, шағын кәсіпкерліктің позициясын кеңейту және нығайту болып белгіленген [32].Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметі қызметтерінің басымды бағыттарының бірі елімізде шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау болып табылады. Жетекші халықаралық рейтингтерге қатысу ағымдағы жағдайды бағалауға, отандық экономиканы басқа елдердің экономикасымен салыстыруға мүмкіндік береді.

Демек, рейтингтің жеке позициялары бойынша Қазақстан көрсеткіштерінің нашарлауы көптеген сұрақтарды тудырады, қанша дегенмен соңғы жылдары барлық реформалар инвестициялық ахуалды жандандыруға және кәсіпкерлікке әкімшілік қысымды азайтуға бағытталған. Әрине, бұндай едәуір кемшіліктердің болуы елдің рейтингісін есептейтін әдістеменің болуынан деуге болады.

Қалай болса да, рейтингтердің жеке позияциялары бойынша Қазақстан көрсеткіштерінің төмендеуі ескертпе болып табылады. Сауалнама көмегімен алынған мәлметтер мұқият зерттелуі керек, қалай дегенмен олар көп пайдалы ақпаратты беруі мүмкін, әсіресе төмен рейтингтер бақыланып жатқан позициялар бойынша. Қазақстан билігі үшін әлем елдерінің халықаралық рейтингтерінде республиканың алғашқы елуліктің қатарынан жыл өткен сайын алшақтай беруі «бәсекелестікке қабілетті елу елдің санатына ену» стратегиялық жоспарына ауыр соққы саналады. Қазақстандық сарапшылар да үздік елулікті көздейтін стратегияның бұрыстығын айтуда. Дүниежүзілік Экономикалық Форум (әрі қарай ДЭФ) рейтингісі бойынша 2013 жылы кәсіпкерлікті жүргізу шарты бойынша Қазақстан 66-орында тұр. ДЖЭ-ның бағалауы бойынша кәсіпкерліктің тиімді дамуын ұстап тұрған себептерінің негізгілері: сыбайлас жемқорлық — 17%, жұмысшылардың біліктілікке сай келмеуі — 13%, салықты реттеу — 12% [38]. Жыл сайын жарияланып тұратын бұл рейтингті дайындау барысында Дүниежүзілік экономикалық форумының сарапшылары мемлекеттерді бағалағанда техникалық инновацияларды игеруіне, мемлекеттік сектор және бизнеске жоғарғы технологиялардың тартылу деңгейіне, жүйелі инфрақұрылымның деңгейіне, соның ішінде жеке және коммерциялық тұтынушылар ұсынатын IT сервистердің сапасы мен санына назар аударады. Дүниежүзілік Экономикалық Форум мамандарының пікірінше, бұған дейінгі көрсеткіштерін жақсарта алған мемлекеттердің басым бөлігі жүйелі инфрақұрылымның, сондай-ақ болашағы бар байланыс құралдарының есебінен жоғарғы нәтижеге жеткен.

Сондай-ақ, ұйымның баяндамасында көптеген мемлекеттер, соңғы екі жылдың көлемінде, ақпараттық технологияларды енгізу арқылы білім сапасы мен деңгейін елеулі түрде көтергендігі атап көрсетілген. «Forbes» журналында кәсіпкерлікті жүргізу оңайлылығы бойынша елдердің рейтингісінде Қазақстан 2014 жылғы 71-орында тұр. Forbes бизнесті жүргізу үшін анағұрлым жағымды мемлекеттердің осындай ретингтерін осымен 4-рет жариялап отыр. Басылымның айтуынша, тізімдегі орналасу тәртібі ЖІӨнің көлемі немесе жұмыссыздық деңгейіне ешқандай қатысы жоқ. Бастысы – инвесторларға толық ақпарат беру болып табылады. Журналдың нұсқасы бойынша бизнес үшін ең тартымды мемлекет – Дания. Екінші орында – АҚШ. Одан әрі Канада, Сингапур, Жаңа Зеландия, Ұлыбритания, Швеция, Австралия, Гонконг и Норвегия. Forbes бизнес үшін ең нашар мемлекет Зимбабве деп атады [40]. Посткеңестік мемлекеттердің рейтингі мүлдем өзгеше. Ресей осы рейтингте бір жылда 103-ші орыннан 86-ға төмендеді. Грузия — 64 орында, Азербайджан — 87, Қырғызстан — 90, Армения — 94, Украина — 97 орында, Таджикистан — 123 орынға орнықты. Нарықтық экономика жағдайында экономиканың тұрақты дамуы кәсіпкерліктің белсенділік деңгейіне тура тәуелді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауында айтылғандай дамыған кәсіпкерлік сектор – кез-келген елдің экономикасының негізі болып табылады.

GEM (Кәсіпкерліктің ғаламдық мониторингі) жобасының шеңберінде көп жылдардан бері жүргізілген әлемнің 170-тен аса ғалымдарының зерттеулері шағын және орта кәсіпкерліктің экономикалық өсуге үлкен ықпал ететіндігін дәлелдеді. Сонымен қатар, кәсіпкерліктің белсенділік деңгейіне әсер ететін кейбір ортақ факторлар қатарына әрбір жеке мемлекеттегі нақты жағдайларға байланысты шағын және орта кәсіпкерліктің даму әдістері айтарлықтай өзгеше болатындығын анықтады [41].

GEM (Кәсіпкерліктің ғаламдық мониторингі) зерттеулерін талдау нәтижелері бойынша елде шағын және орта кәсіпкерлік белсенділігін ұстап тұратын негізгі себептерді бөлуге болады: мемлекеттік саясат бастап келе жатқан инновациялық кәсіпкерліктің «нүктелі» қолдауын қамсыздандырмайды, ал салық саясаты жылдам өсудегі кәсіпкерліктің басты тежеуіші болып табылады, әйткенмен іске асырудың көлемін 26 млн. теңгеге дейін көтергенде, ҚҚС бойынша есепке қою қажеттілігі туындайды: инновациялық инфрақұрылымды құру бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдап жатқан барлық шараларға қарамастан, оның қатысуымен құрылған технопарктер, кәсіпкерлік-инкубаторлар, маркетинг орталықтары, технология трансферті және т.б. ойлап шығарушыларға өз идеяларын іске асыруға, ал кәсіпкерлерге өнімдері іске асырылған соң сұранысқа ие болатын инновациялық жобаларды табуға және таңдауға тәжірибелік көмек көрсетпейді [22]; әсіресе, өздері кәсіпкерлікпен айналысатын сарапшылардың қамы жылдам өсудегі кәсіпкерлікті рейдерлік топтармен заңсыз күшпен алу фактілері тудырады, олардың қызметі құқық қорғау органдарымен байланысты емес; орта мектепте оқытылған жалпы білім беру пәндерінің көпшілік бөлігін оқу жоспарынан алып тастап, колледждер мен жоғарғы оқу орындарының оқу бағдарламаларын қайта қарау қажет. Бұл арнайы пәндердің санын арттыруға және тәжірибелік сабақтарға басты назар аударуға мүмкіндік береді.

Барлық ірі университеттердің жанынан кәсіпкерлік-инкубаторларды құру туралы мәселені қарастыру қажет, онда білімгерлер жұмыс істей отырып, кәсіпкерлік дағдыларын үйренер еді, ал қалағандары оқу барысында өзінің инновациялық кәсіпкерлікін құруларына болады; Қазақстандық кәсіпкерлік-білім жүйесі көбінесе кәсіпкерлік жүргізу мен басқару қызметінде практикалық тәжірибесі бар адамдарға бағытталған, ал бұл уақытта батыс мектептері мектеп түлектерімен жұмыс істеп жатады. Бұл жылдам өсудегі инновациялық кәсіпкерлікті құру үдерісін ұстап тұрады, тәжірибе көрсеткендей негізінде жоғары білімді жас адамдар құрады; біздің еліміздегі кәсіпкерліктің дамуын рынокта арзан және контрфактілі тауарлардың басым болуы, негізінде Қытай мен Кореядан әкелінетін тауарлардың сапасы отандықтан асып түспейді. Осы себептен импорт алмастыру бағдарламсын іске асыру әрекеті болмай қалды. Осылай ірі кәсіпорындар жергілікті кәсіпкерлерде емес, керісінше шетелде дайындалатын шикізатты сатып алуды жөн көреді.

Сондықтан да, төмен сапалы өнімге баж салығын енгізуді және контрфактілі тауарларды әкелуге бөгет жасауды ұсынады [41]. Дүниежүзлік банктің «Doing Business» бизнесті жүргізу жеңілдігі туралы 2009 жылдың қыркүйек айында 2012-2014 жылға арналған «Бизнес жүргізудін оңайлылығы» бойынша есеп беруі жарияланды. ҚР бірнешe жыл қатарынан бизнесті жүргізудін жалпы рейтингісінде айтарлықтай жоғарғы позицияны алып келе жатыр. ҚР-сы14жылыдын рейтингісінде былтырғы жылмен салыстырғанда 10 позицияға жоғарлап 180 елдін арасында 70 орынға орнықты. ҚР-сы Шығыс Европамен Орталық Азия елдерінін арасында (25 елдін ішінде 12 орында) ортанғы орында орналасқан. «Меншікті тіркеу» рейтингі бойынша еліміз 52 позицияға (25 орын) жақсарып, айтарлықтай жағымды нәтижеге жетті. Сонымен қатар «Несие алу» 43 орында (18 позицияға жақсарған) бұл рейтинг бойыншада өсу динамикасы байқалады. «Келсім шарттын орындалуын қамтамасыз ету» (28-ші орын) және «Жұмыс күшін жалдау» (29-шы орын) бойынша нәтижесінің тұрақтылығы байқалады. «Инвесторларды қорғау» мен «Салық салу» бойынша 50 елдін қатарына еніп, қатысты түрде жаман емес. Осы рейтинг бойынша Қазақстанның ахуалын көрсететін осы алты индикатор бойынша орташа рейтинг 38 құрады [38].

Кейбір индикаторлар бойынша өзгеріс болған жоқ немесе рейтингі төмендеді. Мысалы, 2013 жыл үкіметтің жүргізген «Құрылысқа рұқсат алу» реформалары Дүниежүзлік Банктін респонденттері оларды анкетада көрсетпегендігіне және соның негізінде рейтингі 175 орынға есептелгенніне қарағанда 2014 жылдын рейтингісінде өз көрінісін таппады. Қазақстан «Бизнесті жабу» индикаторы бойынша 100 орында, ал «Бизнесті ашу» 17 позицияға төмендеп 78 орынға орнықты. Осы үш индикатор бойынша орташа есеппен 130 орында (Кесте 12). Осы рейтинг бизнес жүргізу жеңілдігі дәрежесін сипаттайтын негізгі 10 индикатордан тұрады. «Doing Business» рейтингін есептеу бизнес өкілдеріне сұрау салу нәтижелері негізінде жүргізіледі.

Қазіргі уақытта Үкіметтің кәсіпкерлікті және бизнес ортаны жақсарту бойынша жұмысы жандандырылуда. 2013 жылғы наурыздан бастап шағын және орта бизнес субъектілерінің тиімді дамуына әсер ететін мәселелердің барлық аясын қамтитын Шағын және орта бизнес үшін әкімшілік кедергілерді жою және бизнес ахуалды жақсарту жөніндегі комиссия қызмет етеді. 2013 жылы Комиссия елдегі бизнес ортаны жақсарту және әкімшілік кедергілерді жоюға бағытталған Үкіметтің 14 қаулысын және бірқатар ведомство актілері қабылданды. Қазақстан кәсіпкерлікті қолдаудың жеті бағыты бойынша реформаларды белсенді түрде жүргізуде. Бизнес үшін «Doing Business» шеңберіндегі реформалардын пайдасы — әкімшілік процедуралардын бағасы мен мерзімін қысқарту, заңнамаларды жақсарту.

Дүниежүзілік Банк кәсіпкерлікті қолдау мақсатында, әсіресе, шағын және орта бизнесті, сонымен қатар жаһандық экономикалық дағдарыс салдарын жұмсарту үшін Қазақстанда бизнес жүргізуге жағдайды жақсарту керек. Бизнесті жүргізу саласындағы реформаларға техникалық көмек Департаменттінде қызмет жасайтын Дүниежүзілік Банктің сарапшы тобы ҚР-сы Үкіметтінің кәсіпкерлікті жүргізу үшін жағдайларды жетілдіру бойынша жасалған күш салуына дұрыс баға беріп отыр. Олардың талдаулары «Doing Business» Баяндамасында ұсынылды. Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы Өкілеттілігі, бизнесті жүргізу саласындағы реформалар бойынша сарапшы топ, сонымен қатар сауда және логистика бойынша Халықаралық қаржы корпорациясының бөлімшесі қабылданған реформаға баға беруде және Үкіметпен Қазақстандағы кәсіпкерлік жағдайын жетілдіру бойынша алдағы уақытта жасалатын қадамдарды талқылауда [38].

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т. Орынбаевтың басшылығымен Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингіндегі Қазақстанның ұстанымын жақсарту жөнінде арнайы құрылған жұмыс тобы жұмысын бастады. Аталған Жұмыс тобының жұмысы шеңберінде мүдделі мемлекеттік органдардың, бизнес құрылымдардың және USAID жобаларының өкілдері құрамынан 5 сарапшы топ құрылды. Жұмыс кәсіпорынды ашу, құрылыс салуға рұқсат алу, меншікті тіркеу, несие алу, инвесторларды қорғау, халықаралық сауда, кәсіпорындарды жою сияқты рейтингтің 7 көрсеткішін жақсарту бойынша жүргізілуде. Бизнес ортаны жақсарту бойынша USAID жобасынын рөлі – бизнеске және үкіметтік серіктестерге ақпараттық, ұйымдастырушылық, сараптамалық және әдістемелік қолдау көрсетту. Бұхаралық ақпарат құралдары мен жергілікті сараптамалық қоғамдастықтарды белседі түрде іске қосу [85].

Реформалар жүйелі түрде жаңа кәсіпорындарды тіркеу саласында да жүргізілуде. Жаңа бизнесті тіркеу үрдісін айтарлықтай жеңілдететін «бір терезеден» қағидасы бойынша әрекет ететін Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) бар күштерін салып жұмыс жасай бастады. Жылжымайтын мүліктің берілуне келсек жалпы ел үшін бірыңғай схема бойынша нотариалды баж салығын бір жүйеге келтіру және төмендету күтілуде. Банкротқа ұшыраған кәсіпорындарды жабу тәртібі бойынша қосымша шаралар қабылдануда. Несие ресурстарының жетіспеушілігі, әсіресе, шағын және орта бизнеске әсер ететін жағымсыз салдарларын жұмсартатын несие алушылардын құқықтарын нығайту және несие ақпараттарының сапасын көтеру мақсаты бойынша жұмыстарға күш салынуда. Қазіргі уақытта бизнесті жүргізу жағдайын жақсарту үшін қабылданған жаңа заңдар немесе әрекет етуші заңдарға енгізілген өзгерістер тез арада қолданысқа енуін қамтамасыз ету өте маңызды. Ол үшін Үкімет тарапынан да, іскерлік қоғамдардың тарапынан да қосымша күш-жігерлерін салуды талап етеді.

Дүниежүзлік Банктің «Doing Business-2015» рейтингінде Қазақстан кәсіпкерлікті жүргізу бойынша бір сатыға жоғарлап 63-шы орынға орнықты. Сарапшылардын пікірінше, Қазақстандағы маңызды реформаның бірі бизнесті жүргізуді оңайлатуға жағдай жасаған кәсіпорындарға салық ауыртпалығын азайту болып табылды. Жалпы алғанда, пайдаға салынатын салық қойылымының жиынтығы 41,7 пайыздан 35,9 пайызға төмендеді. Сонымен қатар, сарапшылардын айтуынша Қазақстанда құрлыс салуға рұқсат алу рәсімі оңайлатылды. Электржелісіне жаңадан қосылуға төлем туралы талап алынып тасталды, топографиялық өлшем құны төмендетілді. Құжаттарға қойылатын талаптарды оңайлату жолы арқылы кәсіпорынды қалыптастыру жеңілдетілді және жергілікті салық органдарда тіркелу тұралы талаптар жойылды. Яғни, үкімет іскерлік жағдайды жақсартуға үлкен мән беріп отыр. Дүниежүзілік банкінің рейтингінде посткеңестік мемлекеттердін арасынан ең жоғарғы орынды Грузия (11 орын), Азербайджан 38-ші орын, Қырғызстан 41- ші орынды, Армения — 43, Белоруссия — 58, Молдова – 94. Ресей 120-шы орынды, Украина — 142, Өзбекстан — 150, Тәджікстан – 152 — орында тұр [38].

Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингіндегі Қазақстанның 2008- 2015 жылдарға арналған ұсатанымын арттыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Бизнес ортаны жақсарту (BEI) мен Сауданы ырықтандыру және кедендік реформа (RTLC) USAID жобаларының бірлескен іс-қимыл жоспары іске асырылуда. Жұмыс ауқымын бағалай отыра, Жоспар үш жылға есептелген және Қазақстанның айтылмыш рейтингтегі орнын жақсартуға бағытталған қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді және жалпы жүйелік шаралардан құралады. Алғашқыда шарттардың жақсаруы бойынша жұмыс қысқа мерзімді шаралар шегінде (2014 жылдың сәуіріне дейін) мынадай индикаторлар рейтингі бойынша бағаланып жоспарланады: кәсіпорын ашу; құрылыс жүргізуге рұқсат алу; меншікті тіркеу; несие алу; инвесторларды қорғау; халықаралық сауда; кәсіпорынды жою.

Бұдан әрі жұмыс келісімнің орындалуын қамтамасыз ету және жұмыс күшін жалдау индикаторлары бойынша жүргізіледі. Жоғарыда көрсетілген индикаторлардың рейтингісі бойынша ие болып отырған деңгейді жоғарылату үшін әкімшілік кедергілерді төмендету мәселелері және Қазақстандағы бизнес ортаның дамуының жағдайын жақсарту жұмысы қолданыстағы заңнаманы түзетуді көздейді. Сол үшін, 2013 жылдың 13 желтоқсанында әкімшілік кедергілерді жою мен шағын және орта бизнес үшін бизнес-ортаның дамуын жақсарту комиссиясының шешімімен нормативтік құқықтық актілерге түзетіу бойынша Бүкіләлемдік Банктің «Doing Business» рейтингісіндегі Қазақстанның ұстанымын арттыру шеңберіндегі Жоспар-Кесте мақұлданды. Жоспар-Кесте өзіне Бүкіләлемдік Банктің «Doing Business» рейтингісіндегі 5 индикатор бойынша 21 нормативтік-құқықтық актілерді және 2 жаңа зерттемені енгізетін 10 шарадан тұрады [39].

Көрсетілген әдістер дәл осындай Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы №6 қаулысымен қабылданған Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық Банктің, Экономика мен қаржы жүйесін тұрақтандыру бойынша Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің 2014-2015 жж. арналған бірлескен іс-шаралар жоспарында көрініс тапты. Жалпы жүйелік шаралар шеңберінде берілген бағытта қабылданатын шараларды айқындау бойынша ақпараттық-насихаттау жұмыстары жүргізіледі; бейне-конференциялар, Вашингтон қаласындағы Бүкіләлемдік Банктің бас кеңсесімен телефон арқылы сөйлесу түрінде кеңес берулер жүзеге асырылады.

Бизнесті жүргізу рәсімдерін өтудің құны мен уақытын қысқартуға бағытталған 2013-2015 жылдарға арналған «Doing business» рейтингінде Қазақстанның ұстанымын арттыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Бизнес ортаны жақсарту (BEI) және сауданы ырықтандыру мен кедендік реформа (RTLC) бойынша USAID жобаларымен бірлескен іс-қимыл жоспарының (бұда әрі – Бірлескен іс-қимыл жоспары) бірінші кезеңі аяқталып келеді [44].