Шағатай мемлекеті (1241-1556)

Шағатай мемлекеті Шыңғыс ханның екінші ұлы Шағатайдың тегінен шықкан билеушілердің құрған мемлекеті болып табылады. I Жетісу өңірі, Жонғар, Мауераүннехир, Моңғол, Қашғар, Әмудария өңірі мен Хорасан жерлерінде үстемдік құрған мемлекет. I Ұйғырлардың қоныстанған жерлері, карақытай мен хорезмшах мемлекеттерінің үлкен бөлігі Шағатай мемлекетінің қол астына караған.

Шаманизм, буддизм, христиан, несториан және мұсылман діндерін ұстанған шағатай халқы ауылдар мен қалаларда өмір сүрген. Көшпенді халық мал шаруашылығымен айналасатын болса, отырықшы халық сауда-саттықпен және қолөнермен айналысқан болатын. Самарканд, Бұхара, Қашғар, Жаркент, Ақсу сияқты үлкен қалалар тұрғызған. Шағатай мемлекетінің бірінші билеушісі Шағатайдың Ислам дініне қарсы болуы мұсылмандардың жек көрінішін тудырды. 1241 жылы Шағатайдың қайтыс болуына байланысты оның немересі Қара Хулагу билік басына келді.

Алайда қысқа уақыттан кейін оның орнына Шағатайдың бесінші ұлы Ясун-Мөңке отырды. 1260 жылы Алгун өзін Шағатай мемлекетінің билеуші деп жариялап, ЯсунМөңкенің орнын басты. Алгунның 1264 жылы Шығыс Жоңғарияда қайтыс болуына байланысты Шағатай тағына Мубарек шах шықты. Шағатайлардың алғашқы мұсылман билеушісі, Мубарек шахтың билігіне қарсы шыққан Құбылай хан оның орнына Буракты отырғызды.

Бурактың билік басына келуі Шағатай мемлекетінің әлсіреуі мен кішіреуіне әкеліп соқты. 1270 жылы өлтірілген Бурактың орнына оның ұлы Тува отырды. Қарсыластарын қысқа уақыт ішінде қуғын-сүргінге ұшыратып, көптеген жорықтарда жеңіске қол жеткізген Тува ханның 1306 жылғы өлімінен кейін билік басына оның ұлы Кунсе келді. Алайда Кунсе хан да екі жыл өткеннен кейін 1308 жылы қайтыс болды. Оның орнына таққа Шағатай тегінен шыққан Талику отырған. Тува ханның басқа бір ұлы Кебектің Таликуды 1309 жылы өлтіруінен кейін Шағатай бекзадалары арасыңда тақ таласы басталды. Бұл оқиғалар мемлекетті әлсіретіп, қиын жағдайға ұшыратты. 1315 жылы билік басына келген Есен Бұға қарсыластарының шапқыншылықтарына қарсы қажетті шаралар қолдана алмады.

1318 жылы Есен Бүғаның өлімінен кейін Шағатай тағына отырған Кебек 1326 жылға дейін билік басында отырды. Билік басына Шағатай мемлекетінің дамуында маңызды рөл атқарған Туваның немересі Туғлук-Темір келді. Туғлук-Темірдің өлімінен кейін мемлекет ішінде жаңа тартыстар басталып, 1389 жылы Темірдің әскерлері Шағатай мемлекетінің астанасы Қашғар мен оның өңіріндегі жерлерді жаулап алып, Туғлук-Темірдің ұлы Хызыр-Қожа Моңғолияның билеушісі болып жарияланды. Темірмен жақсы қарым-қатынаста болған ХызырҚожа белгілі уақыт ішінде мемлекетті бейбіт өмірмен қамтамасыз етті.

Алайда 1399 жылы Хызыр-Қожаның өлімінен кейінен мемлекет ішінде тартыстардың туындауы нәтижесінде немересі Вейз хан таққа отырды. Он жылдан кейін (1418-1428) Вейз ханның өлімінен кейін мемлекет ішінде жаңа көтерілістер туындады. Ұзақ уақытқа созылған Юнус ханның билігі 1487 жылғы өлімімен байланысты хандықтың ыдырау кезеңі басталды. Сайд хан мен оның ұлы Абдурашидтің билік құру кезеңінде Шағатай мемлекеті қазақ, өзбек пен қырғыздардың шапқыншылыктарына қарсылық көрсете алмай, кұлдырауға ұшырады. 1556 жылы Абдурашидтің өлімінен кейін Шағатай мемлекеті қожалар, өзбектер, қырғыздар мен қазақтар арасында бөліске салынды.

Басқа да ұқсас мәліметтер

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *