Сарысулық ауру (дұрысы — синдром) организмге бөгде белоктың (жануар сарысуы) парентеральді енуі салдарынан жүйелі иммундық дертті бұзылысымен сипатталады. Бөгде сарысу енгізген науқастардың 5-10%-да кездеседі.

Этиологиясы

Сарысу ауруы алғаш не қайта енгізгенде (сіреспе, күл, құтыру, жылан шаққанда, ботулизм немесе газды гангренаға қарсы) дамуы мүмкін. Сарысу ауруы синдромы кейде β-лактамды антибиотиктер, иммуноглобулиндер, антилимфоцитарлық және антимоноцитарлық сарысу, гидантоиндер, сульфаниламидтер және басқа дәрілер қабылдағанда да болуы ықтимал.

Патогенезі

Сарысу ауруы дамуы патогенезінде ең негізгісі — қанда бөгде белоктың ұзақ мерзімді айналысы, екіншілік антигендер түзіліуі және соңынан иммундық кешендер (міндетті түрде комплементтер қатысуымен), қанайналасындағы иммундық кешендердің кіші қан тамыр қабаты мен тіндерге «отырып», соңғылардың жарақаттануы (жоғары сезімталдықтың ІІІ типті реакциясы, Артюс феномені типі бойынша дамитын аллергиялық реакция). Аурудың интубациялық кезеңі 1-2 апта. Басқа жағдайларда осындай клиникалық көрініс тез дамиды (сарысу құйғаннан соң 1-5 күнде), патогенезінде негізгі рольді реагиндер – IgE алады, және аллергиялық реакция анафилактикалық типте дамиды.

Клиникалық көрінісі

Әдетте, сарысу ауруы синдромын шақыратын дәрі енгізгеннен кейін келесідей белгілер 7-12 күн өткеннен кейін бірден немесе біртіндеп дамиды: дене қызуының көтерілуі (90% науқастарда); лимфа түйіндерінің (бірінші аймақтық), талақтың (10-20% науқастарда) ұлғаюы; қатты қышынумен (90%-да) тері бөртпелері (эритрематозды, папуловезикулезді) пайда болуы; буындардың зақымдалуы – артралгия, ісік, гиперемия ( 10-50%); миалгия, беттің ісінуі мен қуқылдануы; мөлшерлі олигурия; тахикардия және артериальды қан қысымының төмендеуі, салыстырмалы жүрек шегінің кеңеюуі; өкпенің желденуі; іш ауырсынуы, диарея, құсу, аурудың ауыр ағымында кілегей қабаттардың зақымдалуы, зәрлік синдром (альбуминурия, цилиндрурия), неврологиялық асқынулар (астения, бұлшықет әлсіздігі, невритттер, Гийен-Барре перифериялық нейропатиясы) дамуы мүмкін.

Жеңіл түрлерінде клиникалық белгілері 1-3 күнде, ауыр ағымында 2-3 аптада жойылады. Болжамы қолайсыз: жүректің, бүйректің, жүйке жүйесінің айқын зақымдалуы, геморрагиялық синдром дамуы, көмей ісігі болуы мүмкін.

Емі

Терапия түріне және ауырлығына байланысты. Ауру басында АШ байқалса, жоғарыда келтірілген шаралар жүйелі жүргізіледі. Сарысу ауруының ауыр ағымында қысқа курспен глюкокортикоидтар беріледі, инфузиондық ем (5% глюкоза, изотоникалық NaCl ерітіндісінде) жүргізіледі. Жеңіл ағымында – антигистаминдер, стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер (ацетилсалицил қышқылы тәулігіне 30-50 мг/кг есебінен 4 рет, метиндол және т.б), зәр айдағыштар, жергілікті қышынуға қарсы майлар қоллданылады.

Болжамы әдетте қолайлы, бүйрек бұзылысы және Гийен-Барре перифериялық нейропатиясы болса, ауыр болады.

Алдын-алу

Жылқы және басқа жануардың сарысуын балаларға басқа ем болмағанда ғана енгізу қажет. Қазіргі кезде қолданылатын жануар сарысулары: ботулиндік антитоксин, күлдік антитоксин, сіреспелік антитоксин, антирабикалық сарысу. Америкалық педиатрия академиясының бала инфекциясы комитеті (2006) жануар сарысуын енгізу қажет болғанда анафилактикалық реакциялардың алдын-алу үшін төмендегі әрекеттерді кезекпен жүргізуді ұсынады: қардың ішкі жағына скарификатор немесе инемен тесік жасап, үстіне енгізілуге тиісті сарысудың изотоникалық NaCl ерітіндісімен ара қатынасы 1:100 сұйықтың 1 тамшысын тамызу; реакция эритемасы 3 мм-ден асса, оң деп саналады (нәтижесін 10- 20 минут өткен соң оқу керек) егер әсер теріс болса (балада бұрын атопиялық диатез және аллергиялық реакция болмаса), тері астына езілуі – сұйықтығы 1:100 – 0,02мл сарысу енгізіледі (атопиялық диа- тезі бар балаға алдында сұйылу 1:1000, сосын 20 мин соң 1:100 ретінде қайталайды, егер оң болмаса), 30 минут күтеді – реакция теріс болса, сарысудың барлық мөлшерін енгізеді.

Егер қанға енгізу қажет болса (мысалы, күлдің токсикалық формасы), алдымен 0,5мл сарысуды 10 мл изотоникалық NaCl ерітіндісімен араластырып енгізеді, тек сосын 30 минут өткен соң ғана, қалғанын 1:20 араласу қалпында енгізеді (енгізу жылдамдығы 1мл/мин). Теріастылық және көктамырлық енгізуді есептемеген де тіпті теріішілік екпенің өзінде АШ дамуы мүмкін. Дегенмен, көктамырға енгізу қауіпсіз болып есептеледі, себебі бақылауға көнімді. Теріс тесттер барлық дозаны енгізгенде АШ туындамайтынына кепілдік бермейді. Сондықтан, сарысу енгізу кезінде шокқа қарсы препараттар дайын болу керек.

Пайдаланылған әдебиеттер:
Түсіпқалиев Б. Балалар аурулары. Оқулық. Ақтөбе 2011ж 927 бет.