Саяси модернизация теориясы саяси ғылымда XX ғасырдың 50-60 жылдарда қалыптаса бастады. Саяси модернизация тұғырнамасы жалпы әлеуметтік «социологиялық даму» теориясы аясында даму алған болатын. Бұған Г. Спенсер, О. Конт, К. Маркс, М. Вебер, Э. Дюркгейм, Ф. Теннис, Г. Парсонс сынды батыстық зерттеушілердің еңбектері әдістемелік негіз болды.

Саяси модернизация теориясының әрі дамуы мен орнығуына У. Ростоу «Экономикалық даму кезеңдері» (1960), Д. Эптер «Модернизация саясаты» (1965), Г. Алмонд пен Д. Пауэлл «Салыстырмалы саясаттану» (1966), Л. Пай «Саяси дамудың аспектілері. Аналитикалық зерттеулер» (1966), С. Эйзенштадт «Модернизация: қарсылық және өзгеріс» (1966), С. Хангтингтон «Өзгермелі қоғамдардағы саяси тәртіп» (1968) сынды білді батыс ғалымдардың зерттеулері ерекше үлес қосты.

Саяси модернизация теориясы қалыптасудың бірнеше кезеңін өткерді. Модернизация теориясының даму барысын шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады: 50-60 жж., 60-70 жж., 80-90 жж.

50-60 жж. модернизация теориясы универсализм ретіндегі методологиялық мүмкіндікпен негізделді. Бұл теория бойынша барлық елдер мен халықтардың дамуы бір бағытта жүреді, бәрі бірдей сатылардан өтеді және әмбебап заңдылыктарға бағынады. Мұндай дамуда ұлттық ерекшеліктердің болатыны мойындалғанымен, оларга тиісті мән берілмейді.

Модернизация дегеніміз — дәстүрлі қоғамнан қазіргі замандық қоғамға карай даму үдерісін бейнелейтін ұғым. XX ғ. 50-60 жылдарда модернизация туралы жазатын авторлардың көбісі технологиялық детерминизм идеясына сүйенді. Олар қоғамның дамуын, адамдардың өмір сүру деңгейін көтеру мен әлеуметтік мәселелерді шешудің амалын экономикалық және технологиялық прогрестен көрді. Дәл сол кезде бұл теорияға ұксас индустриалды коғам теориясы да жасалды. Мұндай теориялар У. Растоу, Р. Арон, Д. Белл сияқты батыс зерттеушілердің еңбектерінде дамытылды. Бұлардың еңбектерінде ғылыми-техникалық прогрестің ыкпалымен дәстүрлі құндылыктар мен құрылымдар өзгеріп әрі карай дамиды деген пікір басым көрсетілген.

Модернизация теориясының өкілдері АҚШ одан кейін Еуропа елдерін едәуір дамыған қазіргі замандық елдер деп санайды, ал дамыған елдер туралы олардың озық державалар қатарына косылу мүмкіндігі бар екендігін мәлімдейді. «Артта калған» қоғамдар қаншалықты модернизация «мұратына» сәйкес келеді деген мақсатта олардың кейбір ұлттық ерекшеліктері мен казіргілендіру проблемаларының шешу жолдары карастырылды.

Сонымен, бірінші кезеңдегі модернизация теориясының бірден — бір негізгі ерекшелігі — еуроцентризм, немесе американоцентризм. Мұның дәлелі — сол кезде пайда болған модернизация туралы кейбір анықтамалар.

Белгілі АҚШ зерттеуші Ш. Эйзенштадт модернизация туралы мына пікірін білдіреді: «Тарихи модернизация — XVII ғасырдан XIX ғасырға дейінгі Батыс Еуропа мен Солтүстік Америкадағы әлеуметтік, экономикалык, саяси жүйелердің жаңа түрлерге бағытталып өзгеру үдерісі. Ал содан соң, ол баска Еуропа елдеріне жетті, ХІХ-ХХ ғ.г. Оңтүстік Америка, Азиялык және Африкалык контингенттерге таралды». Осыған ұқсас анықтаманы американдық әлеуметтанушы У. Мур да берген: «Модернизация дәстүрлі когамдардың дамыған, экономикалық жағынан гүлденген батыс ұлттардың саяси тұрақталығымен сипатталатын әлемдік ұйымдастырылуына бағытталған жалпы трансформация». Осы ерекшеліктеріне байланысты бұл теорияның колданбалы маңызы өсті. Мысалы, оның теориялык принциптері АҚШ-ның сыртқы саясатында тиімді кызмет етті. Сол кездегі теорияның ерекшеліктері зерттеушілердің саяси модернизация мазмұнын «казіргі заманга сәйкестендіру» деп түсінуіне ыкпал етті. Сондыктан, саяси модернизация теориясының бірінші кезеңіндегі мәні келесі жағдайларды аныктады:

— дамушы елдерді батыстық үлгіде демократизациялау (ұлттық мемлекеттердің құрылуы мен үдейе түсуі, өкілетті билік орындарын құру, билікті бөлу, сайлау институттарын енгізу);

— құндылықтар жүйесінің өзгеруі (жеке құндылыктардың дамуы) және билікті заңдастыру амалдары (дәстүрлі амалдарды жаңа замандыққа қарай ауыстыру).

Саяси модернизация теориясының өкілдері дамушы елдердегі бұл процестің игілікті және игіліксіз факторларында көрсетеді. Оның игілікті жағы ретінде «үшінші елдердегі» тиімді әлеуметтік-экономикалық дамуында АҚШ мен Батыс Еуропаның дамыған елдерімен белсенді қатынасы деп тапты. Ал игіліксіз жағы — оларда дәстүрлі қоғам элементтерінің сақталып отыруы, баскарушы элитаның елді жаңарту үшін өз мүдделерінен бас тартпауы, сауатсыздық, көпшілік халыктың рационалды санасының болмауы, дэстүрлі әлеуметтік топтасуы мен дэстүрлі өндіріс секторының сакталып отыруы. XX ғ. 60-жылдардағы саяси окиғалар модернизация туралы бұл теорияның кемшіліктерін көрсетіп, оны эрі карай жетілдіре түсіруді талап етіп койды. Сол кездегі модернизация теориясына айтылған сын пікірлер мен көзкарастарды жалпы екі топка бөлуге болады:

— дамушы елдердің өкілдері және Батыс Еуропадағы XX г. 60-жылдардағы “солшылдар” козғалысының өкілдері жағынан айтылған радикалды сын. Олардың пікірінше, модернизация теориясы отаршылдықты актады. Сондыктан олар батыстык экспансияға қарсы болып антимодернизацияға жактасты. Баскаша айтқанда, модернизацияның батыстық үлгісіне қарсы болды;

— «артта калып калу теориясы» шеңберіндегі сын пікірлер. Бұл пікірді батыстын «солшыл» радикалдары мен кейбір дамушы елдердін өкілдері колдады. Олар модернизация теориясында даму мәселелері тым қарапайым көрсетілгендігіне және қарастырылып отырған елдердін ерекшеліктері мен мәдениетін ескермейтіндігіне карсы болды. Сондай-ақ, бұл теория басқа елдерге міндеттеп ұсынылған жана катынастар мен институттардың кіріс механизмін, оның себептерін көрсете алмады. Мұндай пікірдегі зерттеушілер, батыс үлгісіндегі модернизация дамушы елдерді артта калуға, тәуелділілікке, экономикалык кұрылымның істен шығуына әкеліп тірейді және экологияны бұзып әлеуметтік кайшылыктарды тудырады дейді.