М.И.Туган-Барановский (1865-1919). Орыс экономисі, тарихшы, қоғам қайраткері. Өзінің «Қазіргі замандағы Англияның Өнеркәсіптік дағдарысы, олардың себептері және халықтың тіршілігіне әсері» (1894) атты еңбегінде дағдарыстардың пайда болуын қарыз капиталының қозғалысының ерекшелігімен және банктік ресурстардың шектеулігімен байланыстырды. Оның теориялық м Ұрасында, нарықтық қатынастарды зерттеу дағдарыс теориясымен тығыз байланысты. … Бір нәрсені сатып алу үшін, оның алдында бір нәрсені сату керек. Ақшаның арқасында бұл процесс күрделенгеніне қарамастан, ол өзінің мәні жағынан натуралды айырбастағыдай болып қалады: өнім барлық уақытта өнімге айырбасталады. Әлбетте, өндірістің мақсаты тұтыну болып келеді.

Дегенмен адамзаттың қажеттілігі соншама ауқымды және сондай шамаға дейін кеңеюі мүмкін болғандықтан адамзат өндірілген өнімдерді тұтына алмайды деген қауіп негізсіз емес69. … Тауарларды артық өндіру нарықтың сондай жағдайын көрсетеді, ондай жағдайда тауарлар өздерінің бұрынғы бағасымен сатыла алмайды. … Сауданың құлдырауы сауда айналысының қысқаруы емес, ол тауар бағасының төмендеуі… деп аталады. Тауарларға сұраныс, оларды өндіруге жұмсалған шығынды жабуға жеткіліксіз болатын нарықтың жағдайы тауарларды жалпы артық өндіру деп аталады.

Егер тауардың бағасы оны өндіру бағасынан төмен түссе, онда өндіріс, тауардың бағасы жеткілікті деңгейге дейін қайтадан көтерілуі үшін тоқтатылуы немесе соншалықты шамаға қысқаруы керек. Қайтадан шығарылған тауарларға нарықтың пайда болуы үшін салынуды іздейтін капитал белгілі бір пропорцияда бірсыпыра өнеркәсіп салаларының арасында бөлінуге тиісті. Егер бұл сәтті орындалса, онда сұраныстың өсуі ұсынысқа сәйкес болады және өндіріс өндірушілер үшін залалсыз ұлғаяды.

В.А.Базаров (Руднев) (1874 — 1939) – философ, экономист, публицист, социал-демократ … Қоғамға қатысты қозғалмалы немесе статикалық тепе-теңдік туралы айтуға болады. Мысалы, қандай да бір болмасын А тауарына қатысты сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі, бір уақыт бірлігінде нарыққа соншама А тауарының данасы келеді, соншама нарықтан тұтыну саласына кетеді; физика тілінде нарықтық тепе-теңдік нарықтық «тегістіктің» «қайнар көзі» мен «ағын арнасының» тепе-теңдігімен сипатталады, соның салдарынан тауарлардың тасқыны, еш жерде тауар массасының кептелісін болдырмай нарық арқылы іркіліссіз өтеді дегенді білдіреді. Алайда, сірә нарықтық тепе-теңдікті, тауарлардың кейбір өзгермейтін топтарының нарықтың әртүрлі пункттарында тұрақты орналастырылған деп түсіндіруге болмайды72. …

Егер нарық әбден толтырылса және қажетті жағдайда тауар интервенциясын жасауға мүмкіндік беретін мемлекеттік резервтер болса – бөлшек сауданы реттеп отыру біршама жеңіл жүзеге асырылады (тіпті саудада жеке кәсіпкердің рөлі елеулі болады). Керісінше тауар аштығы жағдайында мемлекеттің және кооперацияның қолында сауда операцияларының 72 Капиталистические циклы и восстановительный процесс хозяйства СССР. М – Л. 1927. Стр. 64-65. Л.Н.Юровский. басым массасының шоғырлануы әртүрлі үстемелермен күресуде табысқа жетуге мүлде кепілдік бермейді73. … Шамасы, барлық жағдайда ақша жүйесінің күйреуі, құндылық өлшемінің сабақтастығын сақтай отырып ақшаның бір түрін басқа ақшамен ығыстыруда тұр. Белгілі бір шақта құнсызданған ақша белгілерін белгілі бір курс бойынша сатып алуға болады. Егер жаңа ақша есебі құрылса және меңгерілсе, егер тұрғындар жаңа ақшамен қамтамасыз етілсе, оны жоюға да болады. Қағаз ақша айналысы теориясы тұрғысынан алғанда бірінші немесе екінші жол таңдалама деген сұрақтың, енді ешқандай да маңызы болмайды74. …

Ақша айналысының терең бұзылуы халық шаруашылығын жаңа құндылық өлшеуішіне және құндылық есеп шотына көшуге мәжбүр етті; бұл жүйе болып табылады: баға индексі бойынша «тауарлы рубльде» «есептеу», ресми курсы бойынша «алтын рубльде», ал кейде алтын монетаның нақты құны бойынша – алтында. Бірақ мұнымен шаруашылық қанағаттана алмады: оған – берік ақша төлем құралы және қорлану жарағы қажет болды. Мұндай ақша 73 К пятилетию НЭПа. – Журн. Экономическое обозрение. 1926. №3.С.14. 74 Современные проблемы денежной политики. М., 1926. Стр. 25. мемлекеттік банктің банкноттары болып шықты және елге, онсыз іс тынбайтын валюта – червонецті берді75. … Біз тұрақты валюта туралы айтқан кезде, біз тұрақтылықтың екі әртүрлі көрінісіне назар аударамыз. Шетелдік валюталарға қатысты курстың тұрақтылығын және тауарларға қатысты ақшаның сатып алу күшінің тұрақтылығын. Әрине, бұл әртүрлі құбылыстар. Шетелдік валютаның курсы сыртқы төлем балансының жағдайынан тәуелді болады.

Тауарларға қатысты ақшаның сатып алу қабілеті, әрбір берілген сәтте (моментте) тауар айналымы және соңғысына берілген ақша санынан тәуелді болады. Ақшаның сатып алу күшінен және оның курсының арасында сөзсіз байланыс бар. Бірақ бұл байланыс, курстың тұрақтылығы жағдайында сатып алу күшінің, уақытша төмендеуіне және керісінше, курстың тұрақсыздығы жағдайында уақытша көтерілуіне бөгет жасамайды76. Н.Д.Кондратьев (1892-1938) – орыс экономисі. Шаруа отбасында дүниеге келген, Петербург университетінің заң факультетін бітірген. 1917 жылдың қазан айында Уақытша үкіметтің азық- түлік министрінің орынбасары болған. Қазан айынан соң ол Ауылшаруашылық академиясында ж Ұмыс жасайды, сосын Коньюктурлық институтты 75 На путях к денежной реформе . М., 1924 стр. 99. 76 Современные проблемы денежной политики. М., 1926 стр. 42. басқарған. 1938 жылы жабылған жалған жала бойынша атылған. Нарық, өзінің баға жүйесімен дербес шаруашылық бірліктерін өзара байланыстыратын орталық торап сипатында көрінеді. Нарық бұл бірліктердің шаруашылық қызметтерінің жетістігін және сәтсіздігін анықтайды. Одан әрі, экономикалық өмірдің кәсіпкерлік және жалпы шаруашылық іс- әрекеттің дамуы үшін қолайлы кезеңі болатынын көреміз.

Нарыққа түсірілетін тауарлар көтеріліп жатқан баға негізінде өткізіледі. Мұндай кезеңдерде шаруашылық іс-әрекет ерекше қуатқа ие болады. Бұл қуат өндірістің кеңеюінде және сауда айналымының күшеюінде, дербес кәсіпорындардың жағдайының нығаюында көрінеді. Керісінше, шаруашылық өмір өзінің дамуы үшін объективті кедергілерге кездесетін кезеңдер де болады. Тауарларды өткізу қиындайды, табыстар төмендейді, шаруашылық-кәсіпкерлік іс-әрекет баяулайды. Қысқаша айтқанда «түрлі жағдайлардың тоғысуы» шаруашылық қызметтің дамуы үшін қолайлы және керісінше, қолайсыз болатын кезеңдер орын алады. Бұл – азды-көпті «түрлі жағдайлардың тоғысуының» ауысуы, бізді коньюктураны түсінуге әкеліп соқтырады. Біз, конъюктура түсінігінің экономикалық мазмұны басқадан емес, нарықтың арқасында ашылатын жағдайлардың жиынтығынан көруге бейім боламыз.