Иран солтүстікте Батыс Түркістан және Каспий теңізімен, оңтүстікте Парсы және Омман шығанақтарымен, оңтүстік шығыста Үнді мұхитының орта және төменгі бөлігімен, оңтүстік-батыста Месапотамиямен шектеседі. Жоғарыда аталған территорияда Иран халқы б.з.д. 2 мыңжылдықтан бері мекендейді. Деректерге сүйенсек біздің заманымыздан 3 мың жыл бұрын бөліне бастаған үнді-европа тайпаларының бір бөлігі Орта Азияға келіп қоныстанған. Осы тайпадан бөлінген үлкен бір топ шамамен біздің заманымыздан 2 мың жыл бұрын Сырдария өзенімен Кавказ таулары арқылы Иранға келген. Сақтар және арийлер болып екіге бөлінген бұл көшпенділерден сақтар батырлығы және қаһармандығымен танылған халық ретінде ежелгі парсы және грек деректерінде осы территорияда алғаш мемлекет құрған тайпалар болғандығы айтылады.

Сақтарға қатысты әр түрлі болжамдар бар. Мысалға, Илхами Дурмуш еңбегінде сақтардың скифтермен бірге екендігін және түріктерге жататындығын айтады. Ариаверта деп аталған топ Үндістанға көшкен, ал Иран жерінде қалғандары «Арийана» деп аталды. Көне пехлеви тілінде Иран сөзіне айналған арийана соңғы кездерге дейін Иран, Ираншехр секілді әр түрлі атаулармен аталып келді. Арийлер Иран территориясында қоныстанбастан бұрын бұл жерлерді өздері туралы өте аз мәлімет қалдырған түрлі халықтар мекендеген. Біздің заманымыздан екі мың жыл бұрын қоныс аударған байырғы халықтар өз жерлерінен қуылып, олардың мекендеріне көшпенділер орналасқан. Арийлік көшпенділер мидиялықтар және парсылар болып екіге бөлінді. Мидиялықтар шығыста, ал парсылар Орталық Иран мен Каспий теңізінің төңірегіне орналасты. Көшпенді болған бұл екі тайпаны б.з.д. 836 жылы Ассириялықтар басып алды.

Арий тайпаларының ең күшті болған мидиялықтар, өздерінен басқа тайпаларды қол астына біріктіріп, ассириялықтардан өздерінің тәуелсіздігін алды. Б.з.д. 708 жылы Дайа Уккудың басшылығымен астанасы Экбатан (Хамадан) қаласы болған күшті бір мемлекет құрды. Бір жарым ғасыр батыс тарихының сахнасынан түспеген мидиялықтар Оңтүстік Иранмен Анатолиялының бір бөлігін қамтыған үлкен бір территорияға ие болды. Иран тарихы тұрғысынан алғанда мидиялықтардың ең маңызды ерекшелігі арий тайпаларының ішінен алғашқы болып Иран территориясынан тыс жерлерді иеленуі еді. Мидиялықтардан жеткен ешбір дерек болмағандықтан, олар жайлы көп нәрсе бізге құпия күйінде қалуда. Мидиялықтардың соңғы билеушісі Астиагтың б.з.д. 550 жылы ахеменидтік Куруштан (Кир ІІ) жеңілуіне байланысты бұл мемлекет тарих сахнасынан жойылды. Парсы деректеріне қарағанда 158 жыл өмір сүрген Мидия мемлекетінің күйреуігің ең басты себептері: мемлекеттің әкімшілік құрлысының әлсіреуі, билеушілердің ысырапшылықтары, тұрақсыздықтары мен әділетсіздіктері және басшылар арасындағы алауыздықтар болған.

Үнді мұхитынан батыс Памирге дейін, Грециядан Карфагенге дейін кең территорияны билеген ахменидтер, б.з.д. VI ғасырдың ортасынан IV ғасырдың соңына дейін, яғни 220 жылға жуық тарих сахнасынан орын алды. Ахеменидтер Ніл өзенінен Түркістанға дейін кең территорияны өз билігінің астына қаратты. Мидиялықтардың Элам обдысында болған көтерілістен кейін Куруш (Кир ІІ) Мидияны құлатып, қысқа уақыт ішінде Анатолияны толық басып алды. Б.з.д. 539 жылы Куруш (Кир ІІ) өлтіріліп, оның орнына ұлы Камбуджия (Камбис) отырды. Камбис Мысырды, Кипрді, Жерорта теңізіндегі көптеген аралдарды басып алып, әкесінің мұраға қалдырған мемлекеттерінің шекараларын кеңейтті. Камбистің орнына келген І Дарийдің таққа отыруымен мемлекетте ішкі қайшылықтар бой көрсете бастады. Бірқатар облыстар өз тәуілсіздігін жариялады. І Дарий бұларды бірінен кейін бірін өз қол астына қаратып, аталарынан қалған территорияларын кеңейтті. Сөйтіп, мемлекеттің құрушысы атағына ие болады. Бұл мемлекеттің ең атақты патшалары: Ұлы Дарийуш (Дарий), Ксеркс, Артаксеркс І и Вахук (Дарий ІІ) болып табылады.

Ахеменидтер кезеңіндегі парсы мәдениеті және өркениеті

Ахеменидтер мемлекеті облыстарға бөлініп басқарылды. Облыстарда өмір сүрген түрлі ұлттарға шектеулі дербестік беріліп, оларды «сатрап» деп аталатын жергілікті әкімдер басқаратын. Сатраптар халықты әділдікпен басқару, салық жинау, үкіметті қажетті мөлшерде жаяу және атты әскермен қамтамасыз ету сияқты жұмыстарды атқарған. Сатрап қайтыс болған жағдайда орнына көбінесе ұлы отыратын. Бұл жағдай жеке дара басқаруға жол ашып, мемлекеттің ыдырап кетуіне себеп болды. Сатраптар басқарған облыстар тәуелсіз болса да, орталық үкіметтің тағайындаған «чешм и шах» (хабарлаушы) деп аталатын қызметкерлерінің бақылауында еді. Бұл қызметкерлер сатраптардың берген үкімдерінің заңға сай және сай емес екендігін орталыққа хабарлап тұруға міндеттелген еді. Ахеменидтер облыс әкімдері туралы дер кезінде хабар алып тұру мақсатымен мықты барлау ұйымын құрды. Тарихта алғашқы рет ахеменидтер құрған мұндай ұйым кейін Мысыр мен Грецияда құрылған. Мемлекетте байланыс жодарының бойында хабарлаушылардың дем алып, аялдауы үшін қонақ үйлер тұрғызылған. Хабарлаушылар осы үйлерге соғып, ат ауыстырып, дем алып, қажетті жерлерге уақытында жете алған. Ел ішінде дау дамайды шешу үшін дін басшыларынан билер сайланып, орталықтан басқарылған.

Иранда алғашқы ретахменидтер дәуірінде тұрақты әкімшілік жүйесі құрылып, барлық әкімдердің ұстанатын заңдар жинағы түзілді. Сөйтіп сибатханалардың құлатылуына, адамдардың кінәсіз өлтірілуіне, қарақшылыққа, адамдардың құрбандыққа шалынуына тыйым салынды. Үкімет түрлі діни сенімдегі адамдарға бірдей қарап, ешбір дін иесін басқасынан артық көрмеуге тырысқан, дінінде болғанын жасырғанына және бұл дінге сенгеніне қарамастан мазадакиттер қолдау тауып, басқа дін өкілдерін қуғынға ұшыратпаған. Ахеменидтердің құрған мемлекеттік жүйесін кейін осы территорияда Венвенистің айтуы бойынша, мемлекеттің ең маңызды ерекшелігі оның құрған үкімет жүйесі болып табылады.

Ұлы тәңірі Ахурамыздаға сиынған ахеменидтердің өз әкімдеріне Авестадағы кейбір қағидалары бұйрық ретінде жібергені және олардың орындалғандары белгілі. Мысалы, «Әлсізге де, күштіге де жалған айтпа, тура жолдан тайма» сияқты үкімдер Авестаның насихаттарының кейбірі ғана. Тіпті Ахеменид патшалары ғимарат тұрғызғанда оның сыртқы есіктеріне немесе жеңіске жеткен күндері ұлы тәңір Ахурмаздаға алғыстарын білдіріп үлкен жазбалар жаздыртатын. Көлемдері әр түрлі саздан жасалған тақтайшаларға, темір кесінділерге жазылған бұл жазбаларды ХІХ ғасырда француз зерттеушілері Барноуф, Раск және Гротефенд оқыды. Деректерге қарағанда Ахеменидтер мемлекетінде үш тіл қолданылған. Бұл тілдердің алғашқысы – ахеменидтердің қолданған тілі, яғни көне парсы тілі болған. Бұл тілде жазылған жазулар сына жазуымен жазылды. Ал екінші жазба түрі – вавилон жазуы мен арамей тілі болып табылады. Ахеменидтер Вавилонды билеген тұста осы жазуды қолданған деп есептелінеді. Үшіншісі – злам жазуы мен злам тілі. Қазіргі кезеңге дейін жетпеген злам тілі ахеменидтердің тұсында қазіргі Иранның оңтүстік батысында қолданылған. Астанасы Шуш (Сузы) қаласы болған Злам мемлекетін тарих саханасынан ахеменидтер жойған. Ахеменидтер Сузыды басып алғаннан кейін біраз уақытқа дейін оны астанасы ретінде қолданды. Ахеменидтер өздері билеп-төстеген мемлекеттерде осы үш тілді қолданған деп есептелінуде.

Ахеменидтер жоғарыда айтып өткендей, үш тілді қолданғанына қарамастан, үкіметтің ресми жазу істері тек қана Вавилон жазуы мен арамей тілінде жүргізген. Сондықтан үкімет мекемелерінде және облыс орталықтарында вавилондық қызметкерлер осы ресми жазуды қолданды. Үкіметтің кіріс-шығыстарында тіркеу құжаттары жа арамей тілінде жүргізілді. Ахеменидтер Ахура Маздаға қатты берілген. Бұған Ахеменидтердің астанасы Джамшитте табылған Дарийуш патшаның жазбасы көрнекті дәлел бола алады. Ахеменидтер мен гректер арасында өзара жақын қарымқатынастар болған.

Ахеменидтер туралы деректердің көбісін Герадот пен басқа грек тарихшыларынан алғанбыз. Ахеменидтер мидиялықтармен соғысқанда гректерден көп көмек алған. Алайда, кейінгі кездерде бұл қарым-қатынастар достықтан шығып соғысушы мемлекеттердің қатынасына айналды. Бұл соғыстардың тиімді жақтары да болды. Мәдени байланыстарға жол ашылды. Мысалы, Герадот гректер мен ахеменидтердің арасында болған соғыстардан кейін Иранға барып мәлімет жинаған. Әлемнің ауа, топырақ, су, оттан жаратылғандығы туралы пікірді ұстанған грек философтары Зороастризм дінінен бұрын осы төрт элементті қасиетті деп санаған және оларға табынған ирандықтардан алуы мүмкін. Грек философы Ксенафонт ахеменидтердің нанымcенім еркіндігінен, шыншылдыққа деген сүйіспеншілігінен, әділеттілігі мен жақсылық туралы принциптерінен көп әсер алған. Ол жүйесін құрар кезде де осы пікірлерді көп пайдаланған. Заратуштраның атағы Грецияға жеткенде атақты грек философы Демокрит Вавилонға барып Заратуштрадан сабақ аламақшы болғаны мәлім. Гераклиттің Зороастризм дініне және отқа табынушыларға қатысты берген мәліметтері бұл философтың Ирандағы діни көзқарастардан хабардар болғанын көрсетеді. Бұған қоса Сократтан бұрын өмір сүрген ұлы философ Эмпедоклдың Маздакизм дініндегі адамдардың біреуінен дәріс алғандығы айтылады.

Тіпті Платонның Мысырға, одан Иранға бармақшы болғандығы сол кездегі грек-парсы соғыстарының салдарынан бара алмағандығы туралы айтылады. Сонымен бірге өзі құрған Академияда көптеген ирандықтар қызмет атқарғаны анық. Заратуштраның пікірлері арасындағы кейбір ұқсастықтар Платонның пікірлерінің дұрыс болғандығын көрсетеді. Бұған қоса Аристотельдің де бұл пікірлерден хабардар болғандығы жазылған. Бір жағынан ирандықтар да гректерден көп нәрсе үйренді. Мемлекеттің астанасы Шуш (Сузы) қаласы болғанда біраз қалаларында грек дәрігерлері мен өнер адамдардың еңбегін пайдаланды. Дарийуштың жеке дәрігері болған. Географ әрі дәрігер Сусилокс пен Ходжати есімді дәрігер солардың бірнешеуі ғана. Тахты Джамшитте жазылған шығармалардың грек стилінде жазылуы бұл байланысты күшейтті. Сонымен қатар гректер мен ахеменидтердің арасында туыстық қарым-қатынастар да орнады. Бұған дәлел Ахеменид билеушісі ІІ Кирдің анасы грек ұлтынан еді. Бұл қатынастардың ирандықтар мен гректердің ежелгі дәуірде бір-біріне әсер еткенін грек философиясының Иранға еніп тарауын элинизм дәуірімен шектеу мүмкін емес екенін көрсетеді.

Ежелгі дәуірде Иранда бірнеше дін болған. Бұл діндер ақырында бір-бірінен аумайтын діндерге айналды. Атап айтқанда, Көк тәңірі және бүкіл тәңірлердің ең ұлысы Аруана, найзағай және соғыс тәңірі Индра, от тәңірі Аганий, кейінгі кезеңде Ахурамаздадан да жоғары дәрежеге көтерілген жайылым мен өріс тәңірі Митра Заратуштрадан бұрын парсы халқының тәңірлері болып табылған. Алғашқы дәуірлерде ирандықтар тек қана дуализмге ғана сенетін. Бұл жақсы мен жаман, қайырым мен жамандық, тартымсыздық пен әдемілік түріндегі дуализм еді. Тіршілік қауымының егіншілікпен айналысатын қауым түріне өткен парсылар күн сәулесі мен жаңбырды ең үлкен жақсылықтың түрі деп біліп, құрғақшылық, аштық пен қараңғылықты, қыс пен түнді, ауру мен өлімді ең үлкен жамандықтар деп түсінген. Өріс тәңірі Митраның кейін ең маңызды тәңірге айналуы парсылардың егіншілікке өткенінің белгісі болып табылады. Жарық, күн сәулесі әлемінде көк тәңірі Аруна мен басқа жақсылық тәңірлері мекен еткен, ал жамандық пен қараңғылық әлемінде шайтандар мекен еткен. Жын-пері мен шайтандардан сақ болу үшін онымен күресу жолдарын іздеген ирандықтар сиқырлық пен алдын ала болжау сияқты күштерге сене бастады. Осының нәтижесінде халықты өзіне бағындыратын дін адамдары пайда болды. Заратуштра халықты оларлың құтқару жолында маңызды реформалар жасады.

Бірақ Иран және оның төңірегінде үстем болған көк тәңірлік діндер, оның ішінде Маздакизм (Зороастризм) бұрынғы жағдайына келтірілді. Сонымен бірге ескі діндермен болған ұқсастығын да жоғалтпады. Жалғыз Иранда емес, Еуропадағы діндердің барлығында осындай өзгерістер болды. Бұл діндерден ерекше тұрған Маздакизм туралы осы күнге дейін жеткен Авеста кітабынан мәліметтеріміз көп. Маздакизмнің діни негіздері мен Заратуштраның көзқарастарын көрсететін бұл шығарманың (Авестаның) Ригведамен ұқсас болу себебі Үнді Еуропа діндерінің ортақ негізі болғандығы туралы пікірімізді дәлелдей түсті. Атап айтқанда, діни құрбандық шалу кезінде қолданылған Авестадағы хома, ведалардағы сома сияқты ішімдіктердің ұқсастығы діни рәсімдердің ұқсастықтарын дәлелдейді.

Б.з.д. 570-1000 жылдар арасында пайда болған маздакизм (зороастризм) тек қана көк тәңірі Ахурамаздағы сенген еді. Күллі Иран императорлары оның тәңірлердің тәңірі болғанына, дүниені жаратушы және жалғыз басқарушы екеніне, аспан нұры екеніне сенетін. Сонымен бірге аз танымал болған кішігірім тәңірлерге де сиынған. Бірақ бұл тәңірлер Ахурамаздаға қарсы қойылмаған. Бұл жүйеге қарасақ, кішігірім құдайларды бір топ періште немесе тәңірі атынан басқарған даналар ретінде қарастыруға болады. Бұл тәңірлердің барлығы Издан деп аталған. Издандар табиғаттағы кейбір істерді атқаруға жауапты. Бұлардың ең үлкені Мехр (Митра) болып, өрістердің және шындықтың тәңірі деп қабылданды. Митра барлық нәрсені естіп, хабардар болатын. Оның мың құлағы мен он мың көзі бар еді. Жаңбыр жаудыру, өріс пен жайылымдарды көгерту Мехрдің жауапкершілігінде еді. 137Соғыстың тәңірі Бахрам (Веретханға) кұшті аңдар бейнесінде болып соғыстың тағдырын шешетін еді. Байлық пен құдіреттің құдайы Хорн (Ксварнах), шарап тәңірі Хомо (Хаомо), молшылық пен баршылық құдайы Тиштерия, өкініш тәңірі Эхримен тәңірлердің ең кең таралғандары болып табылатын. Бұл діни мәселенің негізі жақсылық пен жамандық арасындағы күрес еді.

Ахеменидтер тарихы Ұлы Ескендірдің б.з.д. 330 жылы олардың астанасы болған Тахты Джемшидті басып алғаннан бастап қарастырылады. Ұлы Ескендірдің осы шабуылынан кейін Батыс және Оңтүстік Иран мойын ұсынса да, Шығыс Иран македонилықтардың бұл шабуылына қарсы тұрып, ұзақ уақыт төтеп берді. Бұл қарсылық 256 жылға созылып Ескендірдің өлімінен кейін жемісін көрсетті. Парсылар өз егемендігіне І Эшк дәуірінде Персия территориясында (Хорсан маңында) қол жеткізді.

Ұлы Ескендір парсылардың Инд өзенінен Ақ теңізге (Жерорта теңізі) дейінгі иелігін басып алды. Өзіне қаратқан жерлерде грек тілі мен философиясын, яғни эллин мәдениетін таратып, дамытты. Басып алған жерлердегі халық өзінің тілін сақтап қалуға тырысқанымен олардың арасынан грек тілі мен философиясына қызығушылық білдірген адамдар болды. Сонымен бірге Иран өркениеті мен мәдениетінің грек мәдениетіне қарай бет алуымен қатар шапқыншылық кезінде сәулет және өнер туындылары жойылып, З. Сафаның айтуынша Авестаның 100000 христиандар мен еврейлер медицина, философия, математика, астраномия мен музыка сияқты салаларда жинаған тәжірибелері Батыс Әлеміне көшуіне қол жеткізген.

Парфия тарихы және өркениеті

Құрушысының атымен аталған аршакидтер немесе парфиялықтар бұл мемлекет Иран тарихындағы ең маңызды мемлекеттердің бірі болып табылады. Парфиялықтардың аты мемлекетке берілді. Алайда, парты, парти, парсу сияқты сөздер төңірегінде талас-тартыс әлі де үзілмеуде. Бұл сөздің мағынасы бірінші болжам бойынша, көне заманда Гургенч өлкесіне көрші орналасқан бір аймақтың аты болған деп есептеледі. Екінші болжам бойнша «сакаджад» деген парсы сөзінің «көшпелі» деген мағынасына сай келетіндігін ескерсек, Ұлы Ескендірдің шабуылының салдарынан Орта Азияның батысы мен оңтүстігіне қашып тығылған көшпенділерге берілген атау деген пікір ба.

Осы екі болжамның екіншісі шындыққа жанастын сияқты. Ұлы Ескендірдің ізбасарларының бірі болып табылатын селефкидтер тарапынан басқарылған Гүрган аймағының грек әкімінің өз тәуелсіздігін жариялап, өз атынан ақша басып шығаруын деркезінде пайдаланған парфиялықтар, 245 жылы гректерге қарсы бас көтеріп,облысты өздерінің қол астына қаратты. Бас уәли (әкім) Селевк парфиялықтарды қайтадан қол астына қарату үшін әскер жіберді. Гректер жеңіліп, бұл жерді тастап кетуге мәжбүр болды. Селевктің әскерлерін жеңген парфиялықтардың басшысы Тиридат осы кезден бастап (б.з.д.246-247) Аршак атағын алып, парфиялықтардың алғашқы императоры болып тарихта орын алды. І Аршактан кейін келген императорлар қысқа мерзім ішінде бүкіл Иранның билеушілері болып үлгерді. Ескендірдің ізбасары Селевк Никаторды Иран жерінен қуып шығарып, Сирия мен Палестинаға қарай ығыстырды. Вавилонды қол астына қаратып, басқару орталығын сол жерге көшірді. Парфиялықтар астанасы бүгінгі Бағдатқа жақын орналасқан Тисфун қаласын жариялап, Евфрат өзінен батыс шекарасы ретінде белілеп, мемлекет құрды.

Б.з.д.246 жылы құрылып б.з. 224 жылға дейін өмір сүрген, эллин мәдениетін басынан кешірген парфиялықтар гректермен жақсы қарым-қатынаста болды.141 480 жыл бойы Иран жерінде билік құрған парфиялықтардың ең атақты императорлары: І Митридат (Аршак VІ)(б.з.д.173-136), ІІ Фраат(б.з.д.136-128), ІІ Митридат (б.з.д.124-87), І Ород (б.з.д.55-37) ІV Фраат(б.з.д.37-1). Иранның солтүстік шығысында орналасқан парфиялықтардың шыққан тегі туралы көптеген болжамдар бар. Бірақ Парфия императорларының есімдері пехлевише аталуына, парсы салт-дәстүрлерінің ықпалында болғанына Иран діндерінің бірі Маздакизмге сиынуына қарайты болсақ, олардың түбі-парсы тектес болғандығын аңғаруға болады. Парфиялықтар (Аршакидтер) дәуірінде оңтүстік пехлеви тілі, яғни Эшкани пехлеви тілі ресми тіл болды.

Арамей алфавитін қолдана отырып, көптеген жазулар жазылады. Ол жазулармен кейбір ескерткіштер жазылып, бүгінгі күнге дейін жетті. Парфиялықтар батыста Византиямен, солтүстікте Тұранмен (түріктер) үздіксіз талас-тартыста болды. Парфиялықтар Ирандағы билікті қолына алғаннан кейін грек полистерін шаппай, бұзбастан гректермен жақсы қарым-қатынаста болды. Парфия императоры І Митридит пен одан кейінгі патшалардың барлығы бұл достықты үзбеуге тырысты. Бұл достық үлкен дәрежеге жетіп,парфиялықтар римдіктермен соғысқан кезде гректер үлкен жәрдем берді.

Бұның дәлелін парфиялықтар дәуірінде басылған темір ақшалардағы грек жазуларының болуынан байқай аламыз. Грек әскері мен әскербасшылары оның үстіне Парфия әскерінде қызметтер де алды. Парфиялықтар тұсынан қалған сиккелердің бетіндегі пехлеви, грек жазулары да бұны дәлелдеуде. Сол дәуірден қалған сәулет өнерінің туындылары да бұған дәлел болып табылады. Мысалы, Тегеран мұражайында бұл туралы көптеген мәліметтер бар. Жібек жолы бойындағы парфиялықтар Дора қаласын грек халқының сан жағынан көп болуына байланысты парсылардың жеріндегі грек қаласы деп атаған. 1950 жылдары Дора қаласында жүргізілген қазба жұмыстарының барысында Франция мен Америка археологтары сами, грек, митраист тәңірлеріне тән көптеген бейнелер мен жазулар тапты.

Бұл ескерткіштер бізге Парфия өркениетінің грек, арий және Сами өркениеттерінің қосындысынан тұратынын көрсетеді.142 Парфиялықтардан бұрын Иран мемлекеті, орталықтанған басқару жүйесіне ие болса, ал парфиялықтардың мемлекеті жартылай тәуелсіз көптеген иеліктерден тұратын еді. Бұл кішігірім патшалықтардың барлығын шахиншах басқаратын еді. Уақыт өте шахиншахтың билігі әлсіреп,жеке патшалар күшейе түсті.

Бұл патшалықтардың бірі сасанидтер Зороастризмге арқа сүйеп,күшейіп алады. Уақыт өте парсыларды жеңіп,олардың мемлекетінің қол астындағы барлық жерлерді өз қолдарына алды. Иран өркениетіне селевкидтер мен парфиялықтардың дәуірінде грек өркениетінің ықпалы күшті болды. Оның әсері тек өнер туындыларына ғана емес дінге де болғанын көреміз. Бұл дәуірде гректердің көп құдайлық сенімдерінен басқа осы аймақта келданилер мен вавилондықтардың ескі тәңірлері мен Зороастризмдік сенімдердің топтасқан жері болды.

Зороастризмнің көлеңкесінде қалып қойған Хома және Митра сиякты тәңірлер қайтадан пайда болды. Олар құдіреті күшті, мәңгі жасайтын және шыншыл болған Ахура Мазданың дәрежесіне көтерілді. Көне Үнді-Иран діні–митраизм қайта жанданды. Арыстан басты адам бейнесіндегі Митра Заратуштрдан бұрын пайда болған Үнді-Иран діндерінің ішінде жарық пен тыныштықтың қорғаушысы, шындық пен бақыт құдайы.

Адамзат баласының досыМитра Эхрименнің жіберген жаман күштерімен соғысатын еді. Екеуінің арасындағы күрестің шегі жоқ. Заратуштра Митраны құдай емес, ұлы құдай Ахурамазданың жаратқан періштесі дейді. Заратуштраны қабылдаған Ахеменидтер мемлекті құлағаннан кейін және А.Македонскийдің ізбасарлары құрған Селевкидтер мемлекетінің кезінде Заратуштраға үлкен қауіп төнді. Грек – вавилон және келдани өркениеттерінің синтезі нәтижесінде Митра қайтадан күшейіп, Заратуштраның орнына келді. Парфиялықтардың кезеңінде митраизмнің әсері болы керек, Парфия императорларының көбісінің есімдері Митридат болды. Қайта туған Митра Вавилонның күн құдайы Баб және Грек құдайы Зевстің ерекше қасиеттеріне ие болып, адам баласының ұрпағын сақтай алатын жалғыз күшке айналды. Митраизм адам баласын жамандықтан сақтай отырып, Митра өзіне о дүниеде және осы дүниеде сенетіндерді жалғызсыратпайды.

Сонымен бірге Митра құдайы Изис, Осирис немесе Вавилон құдайы Баб пен Грек құдайы Зевс арасында ұқсастықтар байқалады. Митраизм алғаш рет Месапотамияда,кейін Ирактың солтүстігінде және Кіші Азия түбегінде жұлдыздарға шоқынатындардың арасында тез тарады. Митраизм одан әрі Батысқа жайылады. Ол бір жағынан грек құдайларымен бәсекелес, бір жағынан жаңа пайда болған христиан дінімен бәсекелес болды. Византия императоры Константин христиандықты қабылдағаннан кейін митраизмге тыйым салынды,сондықтан ол жойыла бастады. Шығыста Сасанидтер мемлекетінің құрылуымен Иранда Зурванизм тарап, митраизм жойылды. Ескі дәуірлерден бері келе жатқан бүкіл Иран діндеріне ортақ болған дуализм митраизмде де болды.

Маздакизм мен Митраизмде Ахурамазада маңызды рөл ойнаса да бар билігін Митраға берген. Митроистер маздакистерге қарағанда, керісінше, Эхрименге құрбандық шалып, табынатын. Бұның себебі бәлкім бұл тәңірді дұшпан санағанымен, оның жамандықтарынан сақтану үшін болар. Митраизм тек қана жақсылық пен жамандық құдайларының күресі ғана болып қоймай, сонымен бірге табиғатқа табыну діні еді. Олардың пікірінше табиғат элементтері, әсіресе от, күн, ай, жұлдыздар, шөптер, жел, аспан денелерінің барлығы, жыл мезгілдері, жеті қабат аспанға тең деп саналған аптаның жеті күні қасиетті деп есептелген. Жақсылық әлемінің тәңірі Митраға алғыс ретінде өгіз құрбандыққа шалынып отырған. Себебі өгіздің рухын қасиетті деп санаған.

Тіпті жаны бар барлық мақұлықтар Митраның сойған бұқасының қанынан жаратылған деп сенген. Жер бетін отпен сел секілді бәлекеттерден аман алып қалатын Митра екеніне сеніп қана қоймай, Нұхқа ұқсап Митраның бүкіл адамзат сиятындай кеме соғып, адамдарды сол кемеге тиеп, топан судан сақтап қалады деген сенімі болған. Митроизмнің ең маңызды әдет – ғұрыптарының бірі қасиетті «кешкі тамақ» мерекесі: қасиетті нен мен «хомо» деп аталынатын қасиетті шараппен табиғи немесе жасанды үңгірде өткізілетін бұл мерекеге сол обылыстың сатрапы мен қарапайым халық қатысатын.

Мерекеге қатысушылар бір — біріне қарама – қарсы екі қатарға тізіліп, араларынан адам өтетіндей жол жасайды. Қатардың ең басында сатрап отырады. Митраның кейпіне енген сатрапқа айналасындағы халық табынады. Оның рұқсатымен Митраға бағышталып бір өгізді құрбандыққа шалады. Құрбан шалу уақыты тек қана көктемде болатын еді. Наурыз мерекесінің қарсаңында атрқарылатын бұл мейрамда міндетті түрде өгіз сойылады. Екінші бір үлкен мейрамдары күннің туған күні болып саналатын қазан айының 25 жұлдызы.

Аптаның жеті күні көктің (аспанның) жеті қабатына теңестіріліп дүйсенбі ғибадат күні болған. Парфиялықтар дәуірінде үстемдік құрған Митраизм Парфия мемлекетінің күйреуінен кейін құрылған Сасанидтер мемлекетінің қабылдаған Маздакизмнің тағы бір көрінісі – зурбанизм болды. 144 Парфия императоры V Урдуван б.з. 224 жылы Сасанидтер мемлекетінің негізін қалаған Ардаширден жеңілгеннен кейін Парфия империясы жойылды. Парфия империясы жойылып, орнына Сасанидтер келгеннен кейін билік митраистік шығыс Иран тобынан Маздакистік Батыс Иран тобына ауысты.

Сасанидтердің тарихы және өркениеті

Мемлекеттің негізін қалаған Ардаширдің атасы Сасаның атымен аталған бұл мемлекет діни негізде құрылған мемлекеттердің бірі болды. Сасан сол аймақтың атақты дін адамдарының бірі еді.

Ардаширдің әкесі – Бабек те парсы жеріндегі кішкене бір өлкенің шахы болған. Әкесінің көмегімен Ардаширде сол аймақтағы кіші бір қаланың шахы болып тағайындалды.146 Сонымен қатар дін адамдарының бірі болып жүрген Ардаширдің өзі де Парфия мемлекетінің соңғы жылдарында Зороастризмнің негізгі ресми кітабы болып саналатын Авестаны жинақтап, толықтыру ісіне көп үлесін қосты. Бұл істерді атқару кезінде Ардашир діннің қаншалықты күш беретінін түсінді. Жойылуға аз-ақ қалған мемлекеттің қайта жандануына діннің қаншалықты пайдасының тиетінін ол дұрыс пайымдады. Ардашир халықты маздакизмге шақырып, Сасанидтер мемлекетін құрғаннан кейін мемлекеттің алғашқы патшасы болды.

Сасанидтер Зороастризмді ресми дін етіп қабылдағаннан кейін Авеста діннің ресми кітабы болып саналды. Зороастризмнің абызы «Мабад» — жоғарғы және ресми атаққа ие болды. Бұл дәуірде мемлекеттің ішінде Византия мазхабтарына қарсы пікірдегі Иудаистік және Несториандық діндер орын алғаны еді. Өте үлкен көлемдегі территорияны өз иелігінде ұстаған сасанидтер мемлекеті бір жағынан лахамилер мен Оңтүстік Арабстанда өмір сүріп жатқан Сасанидтер, екінші жағынан мемлекет ішінде өмір сүріп жатқан еврейлер мен христиандар және халықтың негізгі бөлігі болып табылатынарийлерден (парсылар) құралған түрлі көзқарастардың бір жерге топтасқан үлкен бір алаңы секілді еді. Түрлі діни сенімнанымдардың араласуының нәтижесінде «Манихеизм» атты жаңа дін пайда болды.147 Парфияның саясатын онша ұнатпаған Сасанидтер, мемлекеттің күшін ахеменидтер дәуіріндегі күшіне жеткізуді мақсат тұтып, олардың байырғы ие болған жерлеріне қоныстана бастады. Бұл қуатты мемлекеттің атақты патшаларының арасында: Ардашир (б.з. 224-241), І Шапур (241-271), ІІ Шапур (310-379), V Бахрам (420-438), І Кубад (487-581), І Хосров Ануширван (531-579), ІІ Хосров (590-627) есімдері аталады. Сасанидтер мемлекеті Шығыс Рим империясымен (Византиямен), эфталиттермен және көктүріктер заманындағы түріктермен (ақ ғұндар) 148ұзаққа созылған шайқастардан әлсіреп, ақыры мұсылмандардың шапқыншылығының салдарынан құлады.

Сасанидтер дәуірінде мемлекеттің ресми тілі парсы тілінің оңтүстік пехлеви диалектісі болды. Сондықтан діни және әдеби шығармалар осы тілде жазылды. Нәтижесінде, дари тілінен бастап көптеген парсы диалектілері жойылып кетті. Сасанидтер дәуірінде ахеменидтердің ресми дінінің маздакизмге бет аууының салдарынан парфиялықтар дәуіріндегі Митаризм ұмытыла бастады. Маздакизмнің қайта жандануына қарамастан әсіресе І Шапурдың зурбанизмді қабылдауына байланысты бұл территорияда зурбанизм кең етек жая бастады.

І Шапур ибн Ардашир (241-271) Казерун облысындағы Шуш (Сузы) және Хамадан қалаларын қосып жатқан жолдың бойында Джандишапур қаласын тұрғызды. 150Римдіктерді жеңгеннен кейін қолға түсірген тұтқындармен бірге Сирия аймағындағы өнерпаздар мен жұмысшыларды, ғалымдарды осы жерге әкеліп, орналастырып қана қоймай, олардың діни көзқарастарына еркіндік берді. Осылайша, христиандардың шіркеу құру және олардың философиясымен қатар шіркеу қағидаларын да үйрету құқықтарына ие болуы Джандишапурды бір христиан қаласына айналдырады. Ақырында Папа Антакияның жіберген бас епископы Деметриянос Джандишапурдың бас епископы болып тағайындалды. 152Бұл оқиға сол дәуірдегі діни ақыл ойдың деңгейін көрсетеді. Джандишапурға ІІ Шапурдың заманында атақты грек философы Теодорос келгеннен кейін медицина мен философияда аты шыға бастады. Сөйтіп, Джандишапур грек философиясы мен христиандықтың Ирандағы орталығына айналды. Сонымен қатар бұл жерде үнді дәрігерлері де өмір сүрді. Олардың үнді тілінен пехлеви тіліне аударған көптеген еңбектері кейіннен араб тіліне аударылды.

ІІІ Шапур (383-388) билік құрған тұста манихеизм дінінің негізін қалаған Мани дүниеге келді. Батыс грек философиясы мен Заратуштраның насихаттарын топтастырып, бір мазхаб жаратқан Маниді І Бахрам Джандишапурда өлтіріп, қақпасына асып қойса да, көптеген жақтастарын өлтірсе де бұл мазхабты жоя алмады.