Папоротниктер кеңінен таралған қауырсын тілімделген жапырақтары бар, ірілеу келген ылғалды тропикалық ормандарда өсетін өсімдіктер. Атап айтқан — да, папоротниктердің жапырағы вайялар деп аталады, шығу тегі сабақтан , оған дəлел, олар жапырақ сияқты өспейді (өзінің негізімен), сабақ сияқты жоғары өседі. Папоротниктердің спорангийлері жапырағының төменгі жағында орналасады. Спорангийлері жүйкелерінің айналасында бойлай сорустар түзеді. Сорустары (спорангийлердің жиынтығы) папоротниктердің көпшілігінде өзіндік жамылғымен – индузиймен жабылған. Спорангийлері кіндікке (жатын – плацентаға) ұзын аяқшасы арқылы бекінеді жəне спораларының шашылуын қамтамасыз ететін механикалық сақинасы бар. Механикалық сақинаның клеткаларының қалыңдығы бірдей емес. Механикалық сақинаның бір бөлігі жұқа қабырғалы болып келеді. Дəл осында, сақина жасушаларының тургорды жоғалтуынан, спорангийлер кеуіп жарылады. Жер үсті өркені болмайды. Тамырсабағы – өте күшті дамыған. Сперматозоидтары – көпталшықты болып келеді.

Папоротниктəрізділердің дамуының тіршілік циклі

Папоротниктердің дамуының тіршілік цикліне орманды зонада кең таралған Еркек у сасырды – Dryopteris Filix – mas. мысалға алып қарастырамыз. Еркек у сасыр – бұл бойының биіктігі бір метрге жететін көпжылдық өсімдік. Сабағының төменгі жағы жақсы жетілген, қысқа тамырсабақты болып келеді, одан қосалқы тамырлар тарайды. Жапырақтары қос қауырсын тілкемді. Жапырақтарын жайғанға дейін, спиральды (пружинаға) серіппеге оралып тұрады. Сорустары жүйкелерін бойлай орналасады. Жапырақтарының сағақтарын қоңыр түсті қабыршақты түктер жауып тұрады. Еркек у сасыр ылғалы мол топырақта өседі. Споралары топыраққа түсіп, одан (2 — 3 мм) ұсақ жасыл түсті архегонийлері мен антеридийлері бар, пішіні жүрек тəрізді пластинка — өскінше (гаметофит) өсіп шығады. Өскінше астыңғы бетінде ризоидтары арқылы жерге бекінеді, онда антеридийлері мен архегонийлері орналасады. Папоротниктің өскіншесінің əдетте шет жағы бір қабаттан, ал ортасы көп қабаттан тұрады, оның ойық жеріне (жүрекшенің негізіне) таман архегонийлері жетіледі. Антеридийлері өскіншенің бір қабат бөлігінде орналасқан, яғни үстінен көтеріліп оның ұлпасына еніп тұрмайды. Ұрықтануы, əдетте , басқа өскіншеде жүреді, бұл «айқас» ұрықтанудың түрі болып саналады. Тыныштық кезеңін басынан өткізбей зиготадан папоротник — тің жаңа өсімдігі өсіп шығады жəне тіршілік циклі аяқталады.

Папоротниктəрізділердің шығу тегі, олардың эволюциясы мен табиғаттағы ролі

Папоротник тəрізділер девон кезеңінде пайда болған, əсіресе, тас көмір кезеңінде кең өріс алды. Папоротниктəрізділердің арғы тегі псилофиттер деген болжам бар, өйткені олардың сыртқы көрінісі балдырлар мен мүктерді еске түсіреді. Ылғалды тропикалық, сонымен қатар жалпақ жапырақты ормандарда, қазіргі папоротниктəрізділердің ішіндегі папоротниктердің шөптесін жамылғыларын қалыптастыруда маңызы зор. Көптеген папоротниктер, мүктер сияқты, топырақтың жəне орманның түрлерінде жақсы индикатор болып табылады. Мысалы, Кəдімгі еркек папоротник – Pteridium aguilinum жарық сүйгіш ормандарда құмды топырақта таралған, топырақтың құнарлылығын орташа талап етіп өсетін Линней усасыры – Dryopteris Zinneanea, ал ылғалды жəне қоректік заттарға бай топырақта өсетіндері Еркек у сасыр папоротнигі – Dryopteris filix – mas жəне Аналық таға папоротнигі – Dryopteris filix – femina. Көптеген папаротниктер сəндік өсімдіктер ретінде өсіріледі. Папоротниктəрізділердің эволюция барысында өсімдіктер əлемінде алатын орны зор екендігіне дəлел, олар сұрыпталып бейімдеушілігі нəтижесінде тұқымды папоротниктердің (бұрын жойылып кеткен) дамуына əкеліп жеткізді. Тұқымды папоротниктер жалаңаш тұқымды жəне жабық тұқымды өсімдіктердің арғы тегі деген болжам бар.

Авторлық сілтеме:
Оқу — əдістемелік құралды дайындағандар: аға оқытушылар Имангазиева Б.С., Асылова Р.Н. Ботаника пəнінен «Жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер» бөлімі бойынша дайындаған «Агрономия», «Топырақтану жəне агрохимия», «Жеміс — көкөніс шаруашылығы», «Орман шаруашылық ісі», «Ветеринарлық медицина», «Ветеринарлық санитария», «Биотехнология», «Зоотехния», «Аңшылықтану жəне аң шаруашылығы», «Балық шаруашылығы» мамандықтарында оқитын студенттерге арналған оқу — əдістемелік құралы. — Алматы: ҚазҰАУ, 2009. — 33 бет.