Пайдалы қазбалардың таралу заңдылықтары

Энергия, шикізат және шаруашылықтың минералды-шикізаттың базасы болып табылатын тау жыныстары мен минералдарды пайдалы қазбалар деп атайды. Олар үшін: орналасудың біркелкі болмауы, нақты кен орындарының қайта қалпына келмеуі, барлау арқылы орнын толтыру мүмкіндігі және жаңа кен орындарын игеру тәрізді ерекшеліктер тән болады. Қазіргі кезде минералды ресурстардың 200-ден астам түрі пайдаланылады. Кейбір түрлердің қоры бірдей емес. Өндіру көлемі үнемі ұлғайып отырады және жаңа кен орындары игеріледі.

Пайдалы қазбалардың мөлшері, сапасы және жату жағдайына қарай өнеркәсіптік пайдалану үшін жарамды болып Жер үстінде немесе ңойнауында шоғырлануы пайдалы қазбалардың кен орны (мысалы, Қазақстандағы Қарашығанақ мұнай кен орны) деп аталады. Бұл -аталған жерде пайдалы қазбаның көп, сапасы жоғары болуы тиіс, ал жату тереңдігі жер қойнауынан қиындықсыз өндіретіндей болуы керек деген сөз, әйтпесе оларды өндіруге жұмсалған барлық шығын (адамдардың еңбекақысы, техника сатып алу және т.б.) ақталмайды. Табиғи ресурстарды үздіксіз тарататын тұйық аудан бассейн (мысалы, Қарағанды көмір бассейні) деп аталады.

Физикалық жағдайына қарай олар қатты (түрлі рудалар, көмір, мәрмәр, гранит, түздар); сұйық (мұнай, минералды сулар); газ тәріздес (жанғыш газдар, гелий, метан) болып бөлінеді.

Пайдалы қазбаларды қолданылуы немесе мақсаты бойынша жанғыш (көмір, шымтезек, мұнай, табиғи газ, жанғыш тақтатас); рудалы (металл және металл емес (графит, асбест) пайдалы компоненттерді қамтитын тау жыныстарының рудалары; рудасыз (металл емес және жанбайтын пайдалы қазбалар: құм, қиыршық тас, балшық, бор, әктас, түрлі тұздар. Асыл тастар және өңдеу тастары — жеке топ) деп бөлінеді.

Пайдалы қазбалар мен тектоникалық құрылымдар. Пайдалы қазбалар — өндірісте материал ретінде қолданылатын тау жыныстары мен минералдар. Демек, пайда болуы бойынша олар магмалық, шөгінді және метаморфтық болып бөлінеді. Олардың Жер аумағы бойынша орналасуында белгілі заңдылықтар байқалады.

Қатпарлы облыстардың пайдалы қазбалары. Магмалық пайдалы қазбалар әдетте қатпарлы облыстарда көлбеу жатады. Бұл рудалардың негізінен магмадан және олардан шығатын ыстық су ерітінділерінен пайда болуымен байланысты. Магма жер қойнауынан жарықтар арқылы көтеріледі және әртүрлі тереңдікте тау жыныстарының қалың қабатында қатады. Магмалық пайдалы қазбалар төгілген магмадан — тез суып кететін лавадан да пайда болуы мүмкін. Әдетте магманың енгізілуі белсенді тектоникалық қозғалыстар кезеңінде жүреді, сол себепті рудалы пайдалы қазбалар қатпарлы облыстармен байланысты болады.

Платформалардағы пайдалы қазбалар. Платформалы жазықтарда рудалық пайдалы қазбалар оның төменгі қабатындагы іргетасқа ұштастырылған. Платформаларда рудалы кен орындары қалқандарва немесе шөгінді тыстың күші айтарлықтай болмайтын платформаның бөліктерінде және іргетас жердің беткі қабатына жақын келген жерлеріне ұштастырылуы мүмкін. Ресейдегі Курск магнит аномалиясының (КМА) темір рудалары осылайша орналасқан. Кривой Рог (Украина) және т.б. бассейндердің рудалары қалқандарда өндіріледі.

Қалқандар Жердегі тіршіліктің өткен кезеңдерінде теңіз деңгейінен төмен түскен емес, оларда теңіз шөгінділерінің болмауының басты себебі осыған байланысты. Ежелгі қалқандарда көмір де, мұнай да, тұздар да жоқ. Қалқандарда пайдалы қазбалардан негізінен темір, никель, мыс рудалары, түрлі сирек кездесетін металдар мен алтын, ал металл емес пайдалы қазбалардан — слюда және дала шпаты таралған.

Шөгінді пайдалы қазбалар тақталарға тән, себебі платформалың тыс тақталарда орналасқан. Темір және марганец рудаларының, фосфориттің, минералды бояулардың, гипстің, әктастардың, түрлі сазбалшықтардың және т.б. шөгінді кен орындары кең таралған. Газ, мұнай, көмір, жанғыш тақтатастар бұл қатардың басты рөлін атқарады. Органогендік пайдалы қазбалар таяз теңіздердің жағалаулық бөліктерінде және құрлықтың көлді-батпақты жағдайында жинақталған өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарынан пайда болған. Бұндай ағыл-тегіл органикалық қалдықтар өсімдіктердің кеңінен дамуына қолайлы жылы және ылғалды жағдайда жинақталады. Таяз теңіздерде және жағалаулың мүйістерде ыстық құрғақшылық жағдайында химия өнеркәсібінде шикізат ретінде қолданылатын тұздардың жинақталу үдерісі жүреді.

Тақталардың шөгінді тысында магмалық массалардың суықтан қатуына байланысты пайда болатын түсті және сирек металдар кездеспейді. Оларды тақтаның іргетасында кездестіруге болады. Алайда өте тереңде орналасуына байланысты оларды өндіру мүмкін емес. Шөгінді тыстың қалыңдығы 10 км-ге жетуі мүмкін. Алмаз өндіретін жекелеген өте терең шахталардың тереңдігі 4-5 км-ге жетеді.

Метаморфтың жыныстарды қазіргі кездегі және ежелгі жанартаулық аймақтарда, қатпарлы облыстарда, жер қыртысының белсенді аймақтарында кездестіруге болады. Олар магма қозғалысының периметрі бойында орналасады. Бұндай тау жыныстары магмамен тікелей қарым-қатынасқа бармайды, тек оның жоғары температурасының әсеріне ұшырайды.

Геодерек. Нөлдік километр — жол арақашықтығын есептеудің бастапқы нүктесі. Дүниежүзінің көптеген елдерінде нөлдік километр ел астанасының орталығында және астанадан бөлек басқа қалаларда да -астана арқылы өтпейтін жолдар үшін, ерекше белгімен таңбаланған. Нөлдік километр тақтайшамен немесе жерде бейнеленген белгімен, ал кейде мүсін немесе ескерткіш тақтамен, тіпті тарихи маңызы бар: сарай, мұнара, көпір, тұрғын үймен де белгіленеді. Тарихи себептерге байланысты нөлдік километр көбінесе қаланың басты пошта үйіне түседі. Кейбір елдерде «нөлдік километрді» «нөлдік нүкте» деп те атайды.

Басқа да ұқсас мәліметтер

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *