ОСМАН МЕМЛЕКЕТІ (1299-1923)

1071 жылы болған Малазгирт тайпасы түріктерге Анадолының қақпасын ашты. Куталмыштың Сулейман 1074 жылы Орталық Анадолынын билеушісі болып, Конияны саяси орталыққа айналдырды. Оның тұсында Изник басып алынып, саяси орталык сол қалаға ауыстырылды. Анадолы салжұктарының билеушісі II Гыясеадин Кейхусреудің 1243 жылы Сивас маңындағы Көседағ шайқасында моңғалдардан жеңілуіне байланысты Анадолынын саяси және әкімшілік жүйесі моңғолдардың ықпалының астына кірді.

Шекаралар мен батыс үш (серхад) аймақтар түрік руларының және түрікмен отбасыларының қоныстанған жерлері болатын. Өйткені бұл жерлер моңғол шапқыншылықтарынан ұзақ жерлерде орналаскан еді. Ұштардағы түрікмен бейлері XIII ғасырдағы моңғолдардың кұлдырауын пайдаланып, үстемдік құрған жерлерде өз тәуелсіздіктерін жариялап, мемлекеттерін құрды. Міне осы бейліктердің бірі де Осман билігі еді.

Осман билігінің XIII ғасырдың соңынан бастап бір билеуші тарапынан баскарылатын мемлекетке айналуының нәтижесінде Осман мемлекеті құрылды. XX ғасырға дейін Осман мемлекетін дүниежүзінің ең үлкен және ұзақ өмір сүрген мемлекеттерінің бірі болып есептелінеді. Тарих бойынша Осман мемлекетінің шекаралары өзгере отырып, Анадолыны, Балқан түбегін, Солтүстік Африканы, алдыңғы Азияны, Араб түбегін, Палестина мен Мысырды қамтыды. Әулеттің атауы мемлекеттің құрушысы болып табылатын Осман бейдің есімінен бастау алады. Тарихшылар Осман мемлекетінің тарихын бірнеше кезеңдерге бөліп зерттеуді әдетке айналдырған.

Осман мемлекетінің тарихындағы алғашқы екі ғасыр кұрылу және ұлғаю кезеңі деп аталады. Бұл кезенде Солтүстік-Шығыс Анадолының үш бейлігі дәрежесіндегі Осман мемлекеті бүкіл Анадолының, Оңтүстік-Шығыс Еуропа мен Араб мемлекеттерін қамтитын бір мемлекетке айналды. Осман мемлекетінің дамып, ұлғаюы дегеніміз Византия империясының кұлдырап, кішіреюі деген сөз. 1071 Малазгирт шайқасынан кейін Анадолыға келген түріктердің кайы руы Анадолынын батыс үш аймақтарына қоныстанды. Осы кайы руының, келешекте османдықтарға қатысы болатын бір бөлігі Түркия салжұқтарының сұлтаны Аллахдин Кейкубаттың тұсында (1220-1237) Анкараның батысындағы Караджадағқа қарай бет алып, сол жерлерге қоныстанды. Кейінірек батыс үш аймақтағы Сөгүт пен Доманич жерлерінде өмір сүре бастады. Туғрул бей руларды бастап, осы жерлерге келді. Анадолы салжұқтарының мемлекетіне тәуелді мәртебеде өмір сүруін жалғастырды.

Византиямен шекаралас жерлерде газават ұйымдастырып отырған Ертуғрул бей 1280 жылы 90 жасында қайтыс болды. Мазары Сөгүтте орналасқан. Бүгіндері кайы руынан шыққан түріктердің Сөгүт пен оның айналасындағы жерлерде үстемдік құрғандығы дәлелденген. Туғрул Газидің өлімінен кейін ең кіші ұлы Осман бей 23 жасында Осман билігінің басына келді. Осман бей мен оның жақтастары осы үш аймақтар мен шекара бойында газават жолына шықты. Ұштардағы түрікмендерге рухани бағыт-бағдар беріп отырған Шейх Эдебали мен Осман Газидің достығы оның Ұштардағы билікті өзіне қарату ниетін зандастырды. Осылайша Османның газават жалына қадам басуы Осман мемлекетінің кұрылу динамикасының негізгі элементі болып табылды. Ұштардағы шайқастардың басшылығын өз қолына алған Осман Бейдің беделі арта түсті.

Осман бей 1288 жылы Инегөлде Рим билеушісін жеңіп, Караджахисарды жаулап алып, жоғарғы дәрежелі саяси беделге қол жеткізді. Анадолы салжұқтарының сұлтаны оған билік (бейлік) символдарын жолдады. Символдарға ие болған Осман бей «санджак бейі» мәртебесіне көтерілді. Осман бей жаңа жерлерді жаулап алған сайын және Византия шекараларында жеңіске қол жеткізген сайын Рим билеушілері мазалана бастады. Рим билеушілері Осман Бейдің қастандыкпен өлтірілуінің жолдарын қарастыра бастады. Алайда Осман бей бұдан хабардар болып, шаралар қолданды.

Артынша (1298) Йархисар мен Биледжикті жаулап алды. 1300 жылы Көпрүхисар мен Йенишехирді өзіне қаратты. Түрікмендердің маңызды бір бөлігін осы жерлерге қоныстандырды. Осы жеңістердің нәтижесінде Осман мемлекеті қалыптаса бастады. Осман бейлігі әскерін Византияға қарсы жіберіп, Осман бей шайқастарда үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Анадолынын әр түрлі аймақтарындағы бейлер мен газилер оның қасына топтаса бастады. Изникті 1301 жылы Византиядан тартып алуы, Коюнхисар түбіндегі шайқаста жеңіске жетуі, Измит жолының қақпасын түріктерге ашуы Осман бейдің билеуші мәртебесіне көтерілуіне өз ықпалын тигізді. Сакария жазығы мен Мармара теңізінің айналасындағы кейбір жерлерді өзіне қаратқанымен, оның негізгі мақсаты Бурса, Изник және Измит қалаларын жаулап алу болатын. Алайда Бурса қаласын жаулап алу әрекеті 1314 жылы басталып, 10 жылға созылды.

Қаланы жаулап алуға қатысқан Осман бей науқастанып, билікті өзіне баласы Орханға тапсырды. 1321 жылы Мудания жауланып, Бурсаның сыртқы саяси қарым-қатынасының жолдары бақылауға алынуының нәтижесінде османдықтарға бағынады. Бурсаны қоршауға алу әрекеттерінің барысында науқастанып қалған Осман Гази 1324 жылы қайтыс болды.

Өз атынан алғашқы мәрте ақша бастырып шығарған османдықтардың билеушісі болып табылатын Осман бей 25 жыл бойы мемлекет билеген. Осман бей өлгеннен кейін оның орнына ұлы Орхан бей отырды (1324). Орхан Бектің билігі ахиліктердің тарапынан да қабылдаңды. Әкесінің Византияға қарсы жүргізген жаулау саясатын жалғастырған Орхан бей көптен бері қоршауда болған Бурсаға қарай жолға шықты. Византиялықтар 1326 жылы Бурсаны османдықтарға тапсыруға мәжбүр болды. Бурсаның жаулап алынуы ғалымдардың Осман мемлекетіне сенімін тұғызды. Күшті бір армияның құрылуы мен көптеген әкімшілік, қаржылық және әлеуметтік реформалардың жүзеге асырылу қажеттілігі туындады. Бейлік дәрежесінен мемлекеттік дәрежеге өту мақсатындағы жігер-қайратын танытқан, Орхан бей 1330-1338 жылдар аралығында Измит пен Үскүдар қалаларын жаулап алды.

Көршілері болып табылатын түрікмендердің ішкі қақтығыстарын пайдаланып, 1345 жылы Кайсери жерлерін өзіне қаратты. Эдремит шығанағы мен Капыдағ түбегінің арасында орналасқан аймақты бақылауына адды. 1340 жылы Изник пен Гемлик қалалары да Осман мемлекетіне қарады. Бұл жерлердің жаулануымен қоса османдықтар бұғаздың оңтүстік жағалауларын өздеріне қаратып, Румелияға өту мүмкіншілігіне қол жеткізді. Ерекше айта кететін жағдай, Хаджы Иль бей, Эдже Халиль мен Гази Фазыл бей сынды алдыңғы қатарлы әкімшілік және әскери тұлғалар османдықтарға қызмет атқарды.

Орхан Бектің 1346 жылдан бастап, Византия империясымен жақсы қарым-қатынастар құруының нәтижесінде османдықтардың армиясы үшін Еуропаға өту мүмкіншілігі туды. Умур Бектің 1344 жылғы өлімінен кейін айдыноғулдары ыдырап, османдықтар газилерді тек өздері ғана басқаратындай жағдайға қол жеткізді. Кантакузеностың Византия тағын басып алуына көмек көрсету арқылы Орхан бей императордың қызы Теодорамен үйленіп, Тракияда шексіз әрекет жасау кұқығына ие болды. Сүлейман Пашаның басшылығындағы әскери күштер Чимбиді әскери база ретінде қолданып, Мармара теңізінің оңтүстік жағалауындағы Кемер портынан кемелермен қарсы жағаға өтті. Болайырды жаулап алды.

Орхан бей Гелиболу түбегінің ең тар өткелін әскери күштердің арқасында бақылауға алып бір қолын Гелиболуға, екінші қолын Тракияға бағыттап, екі бағытта жаулау әрекеттерін ұйымдастырудың Сулейман Пашаның жаулау әрекеттерінің арқасында османдыктарға қарасты Румелия қалыптаса бастады. Алайда Сулейман Пашаның 1357 жылы кенеттен қайтыс болуының нәтижесінде жаулау әрекеттері токырап қалса да, кейінірек Анадолыдан жолға шыққан көмекші күштер түрік өкілдерімен қосылып, Румелиядағы әскери жаулау әрекеттерін жалғастырды.

Сонымен қатар Анадолыдан түрік өкілдерін әкеліп, Румелияға өткізу, Гелиболу мен Хайраболу аймақтарына қоныстандыру, кейініректерде де көптеп отбасылар мен руларды Румелияға қоныстандыру сияқты шаралар қолданылды. Орхан Бектің үлкен ұлы Сүлейман Паша қайтыс болғаннак кейін оның үлкен ағасы Мұрат өзінің ұстазы Шахинмен бірге Румелиядағы үш бейліктің билеушісі ретінде тағайындалды. Мұрат бей Лада Шахин тәжірибелі қолбасшылар ретінде танылған Қажы Иль бей мен Эвреностың куатты әскери күштерін пайдаланып, жаңа жаулау әрекеттеріне кірісті. Ол 1359 жылы сәтті жорықтарды жүзеге асырып, Румелияны толығымен жаулап алуды мақсат тұтты. Эдирне қаласын жаулап алу үшін 1359 жылы Чорлу қорғанын қол астына қаратты.

Эдирне-Ыстанбұл жолының бойында орналасқан басқа да қорғандарды жаулап алып, Эдирне жолын бөгеттерден тазартгы. Нәтижесінде 1361 жылы Эдирне мен Шығыс Тракияны жаулау саясаты жүзеге асып, османдықтар Еуропада нақты түрде орын тепті. Бұл оқиға Анадолы түріктерінің, Балқан түбегі мен Еуропа тарихында елеулі орынға ие болуына себеп болды. Осман бейлігін күшті мемлекеттердің қатарына шығарған Орхан бей 1362 жылы қайтыс болды. Таққа оның ұлы Мұрат отырды. Оның алғашқы қадамы Анкараны қайтадан жаулап алу болды. Орхан Гази 1354 жылы ұлы Сүлейман Пашаның басшылығындағы әскердің көмегімен Анкараны жаулап алды. Алайда Худавеңдигярдың тақка отыру кезіңінің тұсында бұл жерлер аз уақыт тәуелсіздікке қол жеткізген болатын. Анкара қаласы Ератна бейлігінің карамағында болатын. Орхан Бектің өлімін пайдаланған Эратна бейі караманоғулдарының көмегінің арқасында Анкараны қол астына қаратты. Мұрат Худавендигяр болса, аты аталған жерге жорық ұйымдастырып, Анкараны қан төкпестен өзіне кайтарды.

Алайда византиялықтар Мұраттың Анкараны жаулап алу әрекеттерімен шұғылданып жатқандығын пайдаланып, Эдирненің жаулануынан бұрын османдықтардың қол астына кірген Чорлу, Малкара мен Бургаз сияқты жерлерді тартып алды. Мурат Анкараға бағытталған жорығынан қайтып, византиялықтардың тартып алған бұл жерлерін олардан қайтарып алды. Ол әкесінің жүргізген Румелияға түрік халқын қоныстандыру мен османдандыру саясатын жалғастырды. Дала Шахин Паша болса, 1363 жылы Филибе қаласын жаулап алды.

Филибе қаласының қолға алынуы болғарлар мен византиялықтардың және Македонияда қоныстанған сербтердің арасында қалыптасқан қарым-қатынас тәртібінің бұзылуына себеп болды. Тракияны түріктендіру мен мұсылмандандыру сыртқы саясаттың негізгі мақсаттарының бірі болды. Эдирне мен Филибе қалаларының османдықтардың қол астына өтуі көрші мемлекеттерге қауіп-қатер төндірді. Сырбистан (Сербия), Босна-Херсек (Босния) пен Мажаристан (Венгрия) османдықтарға қарсы одақтасып, екі крест жорығын ұйымдастырды. Мақсаттары түріктерді түбегейлі Балқан түбегінен қуып шығу болуына байланысты венгр королі Лайоштың басшылығындағы одақтас әскерлер Мерич алқабы мен Эдирне қаласына бағытталған жорыққа шықты.

Осындай жағдайда Дала Шахий паша Мұратқа хабар жіберіп, жәрдем сұрады. Қол астындағы қолбасшылардың бірі Қаж Иль бей 10 000 әскермен алдыңғы шепке жіберді. Қажы Иль бейдің Мерич өзенінің сол жақ жағасына өткен одақтас әскери күштерді 1364 жылы Сырп Сындығы деп аталған шайқаста жеңіліске ұшыратты. Әскери күштерінің негізгі бір бөлігі Мерич өзенінен өту барысында суға батып өлді. Венгр королі Лайошта зорға дегенде жанын сақтап қалды. Сырп Сындығы шайқасы мен Эдирне және Батыс Тракияның қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Мерич өзені османдықтардың бақылауының астына кірді.

Венгр халқының үстемдігі жойылып, христиан одағы да бір сабақ алған болды. Дегенмен османдықтардың Балқан түбегінде қол жеткізген табыстары Паланың жаңа одақ құруына түрткі болды. Византия императорымен, Венгрия королімен және Италия принцтерімен одақ құруға әрекет жасаған Папа түріктерге қарсы крест жорығының басталғанын жариялады. Алайда оның бұл әрекеті қолдау таппады. Онсыз да Сырп Сындығындағы жеңістен кейін Балкан түбегіндегі үш аймақтарын оң, орта және сол қанатқа бөлген сұлтан Мұрат соғыс әрекеттерін үш бағытта жүргізді. Оң қанат, яғни шығыс аймақ сұлтан Мұраттың тікелей басқаруының астында болды. Сол қанат, яғни батыс аймақтың қолбасшысы Эвренос бей, орта аймақтың қолбасшысы болып Кара Тимурташ Паша тағайындалды.

Сұлтан Мұрат Тракияның Қара теңіз жағалауларын бақылау астына алып, Византияның Еуропамен құрлық арқылы өтетін байланысын үзді. Эвренос бей болса, Серб принцтерінің басқаруындағы Македонияны жаулап алды. 1371 жылғы Чирмен шайқасында Македонияға османдыктардың кіріп бару мүмкіншілігін жасаған Македонияның серб принцтері Болғар королі мен Византия императорының Осман мемлекетінің үстемдігін мойындауына себепші болды.

Сұлтан Мұрат (1371-1387) Македонияны қол астына қаратқаннан кейін Монастыр (1382), София (1385) мен Ниш (1386) сияқты Орталық Болгариянын қалаларын, ең соңында Сербияны жаулап алды. Кавала, Драма мен Селаник сияқты астаналар болса, Эвренос Пашаның әскери күштерінің тарапынан жауланып алынды. Алайда Сербияға кіріп, Ништі жаулап алған Тимурташ Пашаның қарамағындағы әскери күштер крест жорықшыларының тарапынан 1388 жылы Морова жағасындағы Плочникте үлкен жеңіліске ұшырады. Плочник жеңілісі христиан крест жорықшыларының түріктермен жүргізген соғыстарының барысындағы алғашқы жеңісі еді.

Бұл жеңілістің негізгі себептерінің бірі османдықтардың Анадолына караманоғулдарымен қарама-қайшылықта болуы еді. Османдықтар бір жақтан Румелияда үстемдіктерін нығайту, екінші жақтан Анадолы бейліктерін өз жеріне қосу мен Анадолыны өркендету саясатын жүргізді. Алайда бұл жағдайды бейбіт жолмен, яғни соғыспай және қан төкпей шешкілері келді. Осы мақсатпен Мұрат гермияноғлу Сүлейман Шахтың қызы Девле Хатун мен баласы Баязитті үйлендірді. Олардың бас қосып, үйленулерінің нәтижесінде Сүлейман Шах қызына қалың мал ретінде Күтахия, Симав, Еғригөз бен Тавшанлыны османдықтарға берді (1381). Осылайша Анадолыдағы Осман жерлері кеңейді. Сонымен қатар османдыктар хамидоғулдарымен көрші болатын.

Хамидоғулдары болса шығыста караманоғулдарымен көрші еді. Хамидоғулдары Мұраттың айтуы бойынша Акшехир, Бейшехир, Сейдишехир, Йалвач,К араағач пен Ыспарта сияқты қалаларын османдықтарға сатты. 1381 жылы пайда болған бұл оқиға Анадолыдағы Осман жерлерінің үлкеюіне себеп болды. Алайда джаңдароғулдары бұл окиғалардан қауіптенді. Джандарогулдарының бейі Көтүрүм Баязидтің тұсында пайда болған және оның ұлы Сүлейманның Осман әулетіне күйеу бала болуымен аяқталған окиғалар екі түріктектес халықты жақындастырды.

Осман мемлекетінің Анадолыдағы негізгі карсыласы караманоғулдарының бейлігі болды. Өздерін салжұқтардың мирасқорымыз деп есептеген караманоғулдары басқа бейліктерге өз үстемдігін көрсетіп, Осман мемлекетінің дамуына кедергі болды. Османдықтардың Эратна бейлігінен Анкараны гермияноғулдарынан кейбір қалаларды тартып алуы караманоғулдарының әрекет жасауларына итермеледі.

Мұратта караманогулдарының шабуылдарына қарсы шара қолданды. 1387 жылы караман жеріне кіріп, Кония қаласын қоршауға алған Мұраттан караманоғулдарының бейі Аллахдин бей бейбіт бітім туралы келісіміге келуін сұрады. Сөйтіп олар да османдықтардың үстемдігін қабылдады. Сұлтан Мұраттың Анадолыдағы бейліктермен болған қақтығыстарын пайдаланып, Плочник жеңісінен серпіліс тапқан Босния, Сербия мен Болгария корөлдары османдықтарды Балқан түбегінен шығарып тастау үшін жаңа одақ құрды. Сұлтан Мұратпен Серб королі Лазардың әскери күштері 1389 жылы Косовада кездесті. Османдықтар соғысты жеңсе де, сұлтан Мұрат соғыс барысында серб әскерлерінің тарапынан өлтірілді. Осы соғыстың нәтижесінде Дунай өзенінің оңтүстігіндегі Балкан түбегінің жерлері осмаңдықтардың қол астына өтті.

Солтүстік Сербияға кіретін жол да Осман әскеріне қақпаларын айқара ашты. Сұлтан Мұрат қайтыс болғаннан кейін оның үлкен баласы Баязид 1389 жылы Осман тағына отырды. Косова жеңісіне қол жеткізуде үлкен рөл ойнаған Баязидке оның әскерінің шайкасы барысындағы жылдамдығы үшін «Йылдырым» (найзағай) атағы берілді. Шайқас шебінде мемлекет адамдарының келісімімен «Сұлтан» болып тағайындалған Йылдырым Баязид Косова шайқасынан кейін Балқан түбегіндегі оқиғалар төңірегінде шара қолданудың кажеттілігін түсінді. Серб королі Лазардың ұлы Стефам Лазаровичпен келісімге келіп, әскери күштерді қайтадан жандандырды.

Үскүп сияқты қалаларға түрік халқын қоныстандырды. Эдирне қаласында бірнеше әлеуметтік және діни ғимараттардың құрылуы туралы бұйрық беріп, Эдирне қаласы мәдени орталыққа айнала бастады. Венециандықтармен сауда-саттық қарым-қатынастар туралы келісім шарттар жасалды. Йылдырым Баязидтің Осман тағына отыруы Анадолы бейлерінің кейбірінің ашу-ызасын туындатқызып, оған карсы одақ құруларының себебі болды. Сербия королі мен Византия императорының ұлы Мануэльдщ армиясына қарасты әскерлерді өзіне қосып алып, Анадолыға кірген Йылдырым Баязид өзіне қарсы одақ құрған бейліктерге қарсы бағыт алды. Сарухан, Айдын, Ментеше мен Гермиян бейліктерін қысқа бір мерзім ішінде езіне қаратты. 1389-1390 жылдары жүзеге асқан бұл жаулап алу әрекетінен кейін бұл жерлерде Осман мемлекетінің басқару жүйесін құрды.

Жүйенің орын тепкен Анадолыдағы жерлерінің «бейлербейі» қызметіне Кара Тимурташ Пашаны тағайындады. Хамидоғулдарының бейлігіне қарасты Анталия қаласын османдықтардың басқару жүйесіне бейімдеген Йылдырым осылайша Анадолыны бір Осман мемлекетінің құрамына алу ниетінде екендігін білдірді. Батыс Анадолы бейліктерінің Осман мемлекетінің кұрамына кіруі османдықтардың Эгей теңізі мен Жерорта теңізінің жағалауларына ие болуын қамтамасыз етті. Айдын мен Ментеше бейліктерінің әскери теңіз күштері де османдықтардың қолына өтті. Осылайша османдықтың теңізшілік пен әскери флотқа аса үлкен назар аудара бастады.

Сарыджа Пашаның басшылығындағы Осман мемлекетінің 60 кемелік эскадрасы 1390 жылы венециандықтарға қарасты жағалауларға теңіз жорықтарын жүзеге асырды. Батыс Анадолы бейліктерін жойған Иылдырым Баязид кейінірек өзіне қарсы дұшпанша өрекет жасаған караманоғулдарының бейлігіне қарсы жорыққа шықты. Караманоғулдарына қарасты кейбір жерлерді жаулап алып, Кония қаласын қоршауға алды. Карамандықтардың бейі Алаадин Әли бей қарсыласуын тоқтатуға мәжбүр болды. Сөйтіп Кония жазығындағы Чаршамба Суы екі мемлекеттің арасындағы шекара ретінде бекітіліп, бейбіт келісім шарт жасалды. Осы тұста Йылдырым Баязидтің Анадолыдағы жорығымен шұғылдануын пайдаланып, Византия императоры V. Иоан алдын алу шараларын жүзеге асыра бастады.

Ыстанбұл қаласының қорғандары мен мұнараларының кейбір жерлерін қайта жөндеу құрылыстарын жүргізді. Йылдырым бұл кұрылыстарға қарсылығын білдіріп, жөнделген жерлерді бұрынғы қалпына келтірді. Ыстанбұл қаласында жүздеген үйлер мен мешіттер тұрғызып, сот мекемесі бар түрік ауданын құрды. 1392 жылы Йылдырым Баязид Анадолы мен Румелияда табысты нәтижелерге қол жеткізгендігіне байланысты салжұқ сұлтандарының мирасқоры ретінде танылып, Мысырдағы мамлюк халифі тарапынан берілген «Сұлтанур-Рим» (Анадолы сұлтаны) деген атакқа ие болды. Йылдырым Баязид Анадолының бірлігін қамтамасыз ету және Осман мемлекетінің үстемдігін ұлғайту мақсатымен жорықтарын жалғастырды. Анадолыдағы бейліктерді өзіне бағындырып, олардың жерлерін Осман мемлекетіне қосты.

Алайда Анадолы мен Румелияның арасында жүргізген жорықтарының нәтижесінде өзін де, әскерін де әлсіретіп, мемлекетінің карқынды дамуын бәсендетті. Бұл қиыншылықтарға қарамастан Иылдырым Баязид Анадолыда караманоғулдарының көтерілісін тыншытты. 1390 жылы Батыс Анадолыдағы бейлікгерді өз мемлекетінің құрамына қосты.

1391 жылы карамандықтарды женді. Анадолы бейліктерінің барлығын өзіне қарату саясатын жүзеге асыру барысында Римеляға жорық жасауға мәжбүр болып, Анадолыны толығымен жаулап алу мақсатын тамамдай алмады. Үлкен әскермен Румелияға жеткен Иылдырым Баязид бірнеше арандатушылық әрекетгердің нәтижесінде қарсы шыкхан үюлі топ өкілдерін жазалады. Болғарияны жаулап алып, алғашқы мәрте Осман мемлекетіне бағындырып, Ыстанбұл қаласын қоршауға алды.

Еуропанын, түрлі мемлекеттерінің жаңа крест жорықшыларынан тұратын әскери күшті басқарған Венгрия королі 1396 жылы Ниғболу шайқасының нәтижесінде жеңіліске ұшырады. Осылайша Дуная өзенінің оңтүстік өңірі османдықтырдың қол астына кірген болатын, Ниғболу жеңісінен кейін Эдирне қаласына оралған Йылдырым Баязид бірнеше алдын алу шараларын жүзеге асырды. Византияның Қара теңізге шығатын жолын бөгеу мақсатымен Анадолы қорғанын тұрғызып (1397), Ыстанбұлдың қоршауға алу әрекетін үдете түсті. Осман мемлекеті әскерінің Румелия жерінде Византия мен Венгрия әскерлерімен соғысып жатқан тұста Кады Бурханаадин мен одақтасып, османдықтардың жеріне жорық ұйымдастырған және Анкара қаласын жаулап алған караманоғулдарымен шайқасқан болатын.

Акчай жазығында болған 1397 жылғы шайқастың нәтижесінде Йылдырым Баязид жеңіске жетіп, олардың астанасы Кония қаласын өзіне қаратты. Шайқас шебінен қашқан караманоғулдарының бейі Аллахдин Әли қолға түсіп, өлтірілді. Осылайша Анадолыдағы Осман мемлекетінің беделі қамтамасыз етілді. Осман мемлекеті XIV ғасырда даму шыңына жету кезеңін бастан кешірді. Алайда Осман мемлекетінің Шығыс Анадолыға дейін созылған жерлерде қоныстанған халықтарды бағындыруы Орта Азия мен Иран, Ауғанстан мен Месапотамия жерлерін қамтитын үлкен бір мемлекет құрған Әмір Темірді мазалады.

Осы тұста кейбір түрікмен бейлері мен олардың отбасы мүшелері Анадолыдан қашып, Әмір Ақсақ Темірдің құдіретіне тағзым етті. 1398 жылы Анадолыны жаулап алу жорықтарын ұйымдастыра бастаған Әмір Темір 1399 жылы дулкадироғулдарының бейлігін басып алып, кейбір түрікмен бейліктерінің қолдауымен Анадолыға кіріп барды.

1490 жылы Әзірбайжан мен Шығыс Иракты қайта жаулап алғаннан кейіи Грузияны басып алып, Пасинлерге баратын жолдың қауіп-қатерін жойған Әмір Темір Анадолы жерлеріне қарай жылжыды. Сивас қаласын өртеп, халқын қырып жіберді. Әмір Темір бұдан кейін оңтүстікке бет алып, Малатия мен Сирия жерлерін жаулап алды. Әмір Темірдің оңтүстікке қарай әрекет етуін есепке алған Йылдырым Сивас пен Эрзинджан қалаларын қайта жаулап алып, стратегиялық тендікке қол жеткізді. Йылдырым мен Әмір Темірдің арасында Анкара шайқасы орын алды. Грузияда мықты бір әскер жинап, османдықтардың жаулап алған жерлерін түрікмен бейлеріне қайтарған және Орталығы Анадолыға тереңдей кірген Әмір Темір кейбір түрікмен бейлерін шайқастан бұрын да өзінің жерлеріне қосқан болатын. Анкара қаласының маңындағы Чубук жазығында болған 1402 жылғын шайқастың басында Йылдырым беделді еді. Алайда әскерінің кұрамындағы қара татарлардың саткындығының нәтижесінде жеңіліске ұшырап, Әмір Темірдің тарапынан тұтқындалды.

Сегіз ай бойы Әмір Темірдің қол астында тұтқында болған Йылдырым Баязид құсадан 1403 жылы қайтыс болды. Анкара шайқасындағы жеңілісі Осман мемлекетінің тарихының және Түрік тарихының дамуына үлкен зардап әкелді. Әмір Темір Анадолының бір басынан екінші басына дейін шауып өткенде мындаған адамды тұтқынға алып, Анадолыдағы барлық бейліктерді өзіне қаратуының салдарынан Анадолының бірлігі бұзылды. Осман мемлекетінің шекаралары Мұраттың тұсында белгіленген шекаралардың кейіпін киді. Баязидтің балалары болса такқа таласты. 1402-1413 жылдар аралығында мемлекетті басқару жүйесі ішкі қарама-қайшылық істерімен әлек болып, бұл кезеңнің аты да «Өтпелі кезең» деп аталды.

Осман мемлекетінің құрылуынан бір ғасыр өткеннен кейін қайтадан бейліктерге ыдырады. Өтпелі кезең шахзада Мехмед Челебидің таққа отыруымен аяқталды. Бурса қаласындағы Мұса Челебиді, Балыкесир қаласындағы Иса Челеби мен Сүлеймен Челебиді өлтірткен Челеби Мехмед Осман мемлекетінің үстемдігін қайта қалпына келтірді. I Мехмедтің (1413-1421) және II Мұрадтың (1421-1444 және 1446-1451) билік жүргізулерінің тұсында Осман мемлекеті жаңадан ұлғаю кезеңін бастан кешірді. Бұл падишахтардың тұрақты саясатының нәтижесінде мемлекетке жаңа жерлер қосылды. Балқан түбегіңдегі көтерілістер тынышталып, Ақсақ Темірдің жаңа гүлденіп келе жатқан Анадолы бейліктерінің көбісі тәуелсіздіктерінен айырылып қалды.

Караманоғулдары мен джандароғулдары салық төлеп отыруға мәжбүр болды. II Мұраттың билік құрған тұсында болған маңызды оқиғалардың бірі Осман мемлекеті мен Венецияның бір-бірімен қақтығысуы болып табылады. Сұлтан II Мұрат 1403 жылы Салоники қаласын қоршауға алып, Адриатика және Эгей теңіздерінде үстемдік орнату мақсатымен теңіз флотын құрды. Венеция порттарына жасалынған шабуылдарымен Венецияны мазалап, 1432 жылы бейбіт бітім шарт жасасуға мәжбүр қылды. Түрік бейлерінің ыкпалын жою мақсатымен бөтен халыктардан, әсіресе христиандықтан мұсылмандыққа өткен жетім жасөспірімдерден («девширмелер»-ден) тұратын «Янычарлар Ошағы» деп аталатын жаяу әскерлерге арқа сүйеу назардан тыс қалған жоқ. Жаңадан басып алынған жерлерді «тымар», «зеамет», «хас» (Османдықтардың жер пайдалану жүйесіне байланысты атаулар) ретінде таратылған жерге ие болып, байыған және көбейген девширмелер ұлғаю мен соғысу саясатын қолдады. II Мұрат таққа отырысымен Эфлак пен Сербия мемлекеттеріне өз үстемдігін көрсетіп отырған венгрлерді 1426 жылғы шайқаста жеңді.

Одан кейін Софияға келіп, Аладжахисар қаласын жаулап алды. 1439 жылы Сербияны Осман мемлекетіне қосты. 1423 жылы Мораға жіберілген Турхан Бектің басшылығындағы әскер Салоники қаласын қоршауға алды. 1430 жылы бұл қоршауға алу қайталанып, табыспен аяқталды. Мамлюк сұлтаны хат арқылы құттықтауларын білдірді. 1437 жылы Венгрия жорығына шықкан II Мұрат Эрдем мен Эфлакты жаулап алғаннан кейін 1440 жылы Белград қаласын қоршауға алды. Алайда алты айға созылған бұл қоршау табыссыз аяқталып, әскер кері кайтты. Венгрлер де қарсы шабуылға шығып, бірқатар маңызды жергілікті орталықтарды жаулап алды. Османдықтарды жеңді. Бұл жеңістер христиан әлемінде қуанышпен қарсы алынып, Византияның да үміті артты. Нәтижесінде 1444 жылы Осман мемлекеті венгрлермен келісім шарт жасасуға мәжбүр болды.

Дунай өзені шекара болып белгілеңді. Осындай бір қиын жағдайға душар болған Сұлтан Мұрад османдықтарға сатқындық жасап, мұсылмандарға қарсы венгрлермен келісім жасасқан қараманогулдарының бейлігіне қарсы жорық ұйымдастырды. Сол кезеңнің алдыңғы қатарлы ғалымдарынан рұқсат ала отырып, өш алу жорығын табыспен аяқтап, караманоғлу Ибрахим бейді келісім шартқа қол қоюға мәжбүрледі. II Мұрад караманогулдарымен жасасқан келіс сөзден кейін Йенишехир қаласы маңындағы Михалич жазықтығына жеке оққағарларынан тұратын әскерлер мен бейлерді жиып, 12 жасар баласы шахзада Мехметке, тақты тапсырғандығы туралы хабарды жариялады. II Мұрад өмірінің қалған бөлігін тек ғибадатпен ғана өткізді.

Басқа да ұқсас мәліметтер

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *