Технологиялық үрдістерді автоматтандыру деп технологиялық үрдістердегі немесе оның құраушы бөліктеріндегі еңбек шығындарын қысқарту, өндіріс жағдайын жақсарту, өндіріс көлемін жəне өнім сапасын арттыру мақсатында адам қатысуынсыз іс-əрекеттердің орындалуы жəне бақылануының жүзеге асырылуында өлі табиғат энергиясын қолдануды айтады. Бұл жердегі адамның қызметі – машина жұмысын бақылау, берілген (салынған) үрдістерден ауытқудың алдын-алу, автоматты машинаны басқа бұйым жасауға ауыстыру. Оған қоса, адам əрбір бұйым жасалу барысына қатысуы міндетті емес, ал бос уақытында бірқатар автоматтарға қызмет көрсету жүктеледі.

Жұмысшы жоғары біліктілікке қол жеткізіп жəне үйлестіруші атанады, жұмысшы мен инженерлік-техникалық қызметкер арасындағы алшақтық жойылады. Автоматты түрде жұмыс істейтін машинада жүрістерді жұмыс жүрісі жəне бос жүрістер деп қарастырады. Соңғысы көмекші өткізілім жəне көмекші жүрістерден құралады.

Жұмыс жүрісі барысында машина бөліктерінің қозғалысы тікелей өңдеуге əкеледі, мысалы, жаңқаны шешіп алу, үстін жабу жəне т.б. Қосалқы ауысулар барысында көлік бөлшектерінің қозғалысы дайын бөлшектерді беру, орнату жəне бекіту, дайын бөлшектерді ағыту жəне шешу, жылдамдық пен қарқынды ауыстырып отыруға, станокты қосу жəне өшіруге жəне тағы басқалары үшін қызмет етеді. Қосалқы ауысулар барысында көлік бөлшектерінің қозғалысы өңделуші құралды жақындатып жəне ағытып алуға қызмет етеді. Көлік жасауда автоматтар жəне жартылай автоматтар кеңінен қолданылады.

Жартылай автоматтарда көліктің жұмысы атқару айналымы автоматты түрде жүргізіледі, яғни, станокта қарқынды түрде құрылғыларды беру, жеделдетілген беру түрінен жұмыс атқару түріне ауысу, құрылғының шығуына дейінгі жұмысшы беруінің жұмысы (қайта жүгіртіп өту), жұмысшы берілісінен кері қарқынды түрге қайта ауыстырылу, кері айналым барысында құралкүймешегінің (үстелдің) тоқтауы автоматтандырылған. Айналым тек жұмысшының араласуы барысында қайта жүзеге асырылуы мүмкін (дайын бұйымды ағытып алу, жаңа дайын бөлшектерді тиеу жəне бекіту, станоктың берілісін тоқтату).

Автоматтарда барлық қозғалыстар мен ауысулар жұмысшының қатысуынсыз жүзеге асырылады. Оларда бақылау, автоматтарды қосу жəне қайта қосу бойынша қосымша ауысулар автоматтандырылмаған. Кəсіпорынның инженерліктехникалық қызметкерлеріне бақылау, автоматтарды қосу жəне қайта қосу бойынша қосымша ауысуларды автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізу қажеттілігі туындайды. Өндірісті технологиялық дайындаудың бірегей жүйесінің мемлекеттік стандарттарында технологиялық үрдістердің автоматтандырылу жағдайының сапалық жəне сандық бағалануы қарастырылады.

Сапалық бағалауды үш көрсеткіш арқылы жүзеге асырады: түріне, деңгейіне, санатына байланысты. Түріне қарай жартылай жəне толық, жекелеген жəне кешенді, алғашқы жəне екінші ретті автоматтандырылу деп бөледі. Жекелеген автоматтандыру деп , басқаруды қоса алғандағы адам энергиясы шығындарының қандай да бір бөлігін өлі табиғат энергиясының шығындарымен ауыстырылуын айтады. Толық автаматтандыру деп, технологиялық үрдістер жəне олардың жүйелерінің барлық адами энергия шығындарының механикалық түрде басқару жəне автоматтандырылған түрдегі қосудан басқа кезеңінің өлі табиғат энергиясымен ауыстырыла отырып автоматтандырылуын айтады.

Бірегей автоматтандырылу деп, технологиялық үрдістердің немесе технологиялық үрдістер жүйесінің алғашқы құрамдас бөліктерінің бірінің автоматтандырылу барысында басқаруды қоса алғандағы, жартылай немесе толығымен автоматтандырылуын айтады. Мысалы, токарлық операцияларда бұйымдарды бұрау немесе ағыту автоматтандырылған: бұйымдарды өңдеу операциялардың бесеуінің бірі автоматтандырылған жəне тағы басқа. Кешенді автоматтандыру деп, технологиялық үрдістердің немесе технологиялық үрдістер жүйесінің екі немесе одан да көп құрамдас бөліктерінің бірінің автоматтандырылу барысында басқаруды қоса алғандағы, жартылай немесе толығымен автоматтандырылуын айтады.

Құрамдас бөліктерінің толығымен автоматтандырылған жағдайында толық кешенді автоматтандырылуға қол жеткізуге болады. Мысалы, технологиялық үрдістің барлық бес операциясы автоматтандырылған. жүйелерінің автоматтандырылуына дейін оны автоматтандыруда адам энергиясы пайдаланылған автоматтандырылуды айтады. Екінші ретті автоматтандырылу деп, технологиялық үрдістер мен олардың жүйелерінің автоматтандырылуына дейін оны автоматтандыруда адам энергиясы, сонымен қатар, өлі табиғат энергиясы қатар қолданылған автоматтандырылуды айтады. Мысалы, станоктарда орнатылған автоматты бақылау құрылғыларының орнына, құрылғыны ұзақ мерзім пайдалану барысында, одан əрі жақсартылған, жоғары дəлдік пен өнімділікті қамтамасыз ететін құрылғылардың орнатылуы.

Техникалық үрдіс тек алғашқы автоматтандыруға негізделіп қана қоймай, сонымен қатар, автоматты жүйелерді пайдалану тəжірибелерін біріктіру нəтижесіндегі ғалымдар мен тəжірибе жасаушылар ойларының іс жүзінде екінші ретті жүзеге асырылуына негізделген.

Автоматтандырудың бір операциядан мемлекеттік стандарт бойынша барлық өнеркəсіпте қолданылуына дейінгі енгізу деңгейі 1 ден 10 ға дейінгі сандармен белгіленеді: 1 — бірегей технологиялық операция; 2 — аяқталған технологиялық үрдіс; 3 — өндірістік аумақта (бөлімде) орындалатын технологиялық үрдістер жүйесі; 4 цех аумағында (телімдер жүйесінде) орындалатын технологиялық үрдістер жүйесі; 5 — технологиялық жағынан біртекті цехтар шегінде орындалатын технологиялық үрдістер жүйесі; 6 — кəсіпорын (цехтар тобын жүйесінде) аумағында орындалатын технологиялық үрдістер жүйесі; 7 — өндірістік фирма немесе ғылыми-өндірістік бірлестіктер (жеке кəсіпорындар жүйесінде) шегінде орындалатын технологиялық үрдістер жүйесі; 8 — аймақтық экономикалық аумақ (бөлек фирмалар бірлестіктер жүйесінде) шегінде орындалатын технологиялық үрдістер жүйесі; 9 өнеркəсіп саласы (аумақтар жүйесі) шегінде орындалатын технологиялық үрдістер жүйесі; 10 — елдің барлық өнеркəсіптік деңгейі (салалар жүйесі) шегінде орындалатын технологиялық үрдістер жүйесі. Үрдістерді автоматтандыру барысында, үрдісті орындауға жұмсалатын уақыттың бір бөлшегі Т шт , Т м жұмысшының қатысуынсыз машина көмегімен жүзеге асырылса, жəне уақыттың бір бөлшегі Т р жұмысшының қатысуымен жұмсалады . Машина уақытының Т м жалпы үрдіс операциясының орындалу Т м уақытына қатынасын автоматтандыру коэффициенті деп атайды : К= Tм/(T м + Т р ) – Tм / Т шт . оған жұмысшы уақыты, кейде қолмен жұмыс істеу уақытын жаппайтын бос жүрістер уақыты да кіреді, мысалы, автоматтағы бұйымға құралды жылдам беру (қосалқы жүріс) немесе бұранданы жұмыс аумағына беру жəне бұрау автоматында оны бекіту (қосалқы ауысулар). Қосалқы ауысуларға қаншалықты аз уақыт жұмсалса, станоктың өнімділігі соншалықты жоғары болады.

Автоматтандыру коэффициентін арттыру үшін егеу, ауыстыру, құралдарды орнату жəне реттеуге, көлік механизмін жөндеу жəне реттеу, материал толтыру немесе дайындау, қалдықтарды жинау, дайын бұйымдарды тапсыру, станоктың баптаулары бұзылу нəтижесіндегі алынған ақаулы бұйымдарды жою, ауысым аяқталуы кезіне станокты дайындау жəне тапсыру жəне тағы сол сияқты жұмыстарға кететін уақытты азайту қажет. Автоматтандыру коэффициенті неғұрлым жоғары болған сайын, операцияға адамның қатысуы соғұрлым азаяды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *