Ауа құрамы қоршаған орта сапасына үлкен септігін тигізеді, ол адамның, жануарлардың, өсімдіктердің, микроорганизмдердің тіршілік ортасының ажырамас бөлігі болып табылатыны белгілі. Таза ауа кез-келген организм жақсы өмір сүруіне өте қажет. Адам денсаулығының сапасы бірен-бір негізгі критерии болып табылады. Әр аймақтың атмосфералық ауасының сапасына, құрамына байланысты ауру құрылымы орын алады. Ауа негізінен химиялық және техногенді заттармен ластанады. Ондай тенденция соңғы кездері ірі қалаларда байқалады. Атмосфералық ластану адамдарға кері әсерін тигізеді.Мысалы: адам ағзасына асқынған, созылмалы, арнайы және арнайы емес әсер етеді.

Қазіргі таңда атмосфералық ауа ластануы ірі қалаларда, соның ішіне Алматы қаласы автокөлік, жылу энергетика, өндірістен екендігі мәлім. Алматы қаласының ойыста орналасып, самал жел айналуының нашар екендігін ескеретін болсақ, барлық шығарылымды алатын болсақ 39,8 мың т/ж, батыстан пен шығысқа 15648 т/ж ластанған ауа жылжиды екен [1]. Ал ол қала аумағының барлық жылу энергетикасы мен өндіріс стационарлық бекеттерінің эмиссияларынан едәір асады.ал ол қышқыл газ бен парниктік эффекттің көбеюіне әсерін тигізеді. Оларға қоса, автокөлік те атмосфералық ауаға техногенді көміртекпен қамтамасыз етуіне үлесін қосады. Мысалы, қатты немесе сұйық отынның жану үрдісінен ауа құрамына толық жанудан көміртек диоксиді мен су буы бар түтінді, ал толық жанбакынан көміртек оксиді, күкірт, азот, көмірсутектерді бөледі. Барлық газдарға тән қасиет- кең көлемде таралып, көбіне жауын-шашын арқылы жер бетіне шөгіп, су ресурстарын ластайды. Сонымен бірге, сол теріс әсері бар аймаққа жақын жердегі адамдардың денсаулығына кері әсерін тигізеді. Атмосфералық ауа ластануына көбіне теріс әсер жағымсыз метеожағдай мен ауанң күрт ластануынан улы тұман пайда болуынан болады. Жоғарыда аталған ластану заттарынан созылмалы аурулар пайда болады. Ол ауруларға атеросклероз, бен жүрек-тамыр жүйелерінің, созылмалы бронхит, эмфизема, бронх астмасы жне т.б. жатады [2].

Атмосфералық ауаның әр түрлі кәсіпорындар ластануынан, әсіресе бала денсаулығына, иммунитет әлсіреуіне, басқа да ауруларауруларға шалдығуына әкеп соғады. Сондықтан, ауа ластануы өзекті мәселе болып отыр. Кәсіпорын шығарындыларының қоршаған орта мен адам денсаулығына әсері мен қала экологиялық жағдайын жақсарту жолдарын қарастыру болып табылады. Атмосфераның ластану деңгейі қалалар мен өнеркәсіптік орталықтардың өндірістің қысқаруына қарамастан жоғары болып қалуда.

Ауа ластануының ең жоғарғы деңгейі Лениногорскіде, Өскеменде, Ақтөбеде, Алматыда, Зырянда, Ақтау, Шымкентте, Таразда, Петропавлда және Темиртауда екені белгілі. Балхашта негізгі мәселенің бірі болып атмосфераның күкірт ангидридімен ластануы болып отыр. Ұзақ уақыт тұрып қалуынан кейін бастады Балхаш мыс зауыты жұмыс істей бастады. Бірақ мыс қолма- күкіртті ангидридін тазалау және кәдеге жаратусыз өндірілінеді. Негізгі ластаушы заттар болып: шаң, күкіртнің диоксиді және азоттың, жылу энергетикасының кәсіпорындан және металлургиядан түсетін көмірсутектер.

Соңғы жылдары ауаның ластануы қорғасын, бенз(а)пирен және формальдегидпен қоса автокөлік рөлі артты. Қаланың селитебті зонасында алуан түрлі қауіптілігі 3-4 кластығы түгіл (азот оксиді, күкірт, көміртегі және т. б.), 1-2 класты химиялық қосылыстар орын алады. Ауаның салыстырмалы түрде аздаған концентрациясының тұрғындардың денсаулығына созылмалы жағымсыз әсері зақымдануына жекелеген органдар мен жүйелердің жалпы резистенттілігін төмендетуіне әкеледі. Аатмосфералық ластаушылардың әсер ету жағдайларында жоғары өлім-жітім жүрек-қан тамырлары аурулары байқалады.

Зиянды заттардың атмосфералық ауа концентрациясы келесі қалаларда байқалды: Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Жамбыл, Пауладар, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Астана, Алматы [3].

2016 жылғы атмосфералық ауа санитарлы-химиялық көрсеткіштері 21189 сынамасы, соның ішінде гигиеналық нормаларға 2016 ж. сынама немесе 0,9% (2015 ж.- 3,1%) ғана сай келді. Қала әуесінде 40 затқа дейін негізгі және арнайы ластаушы заттар концентрациясы көрсетілген. Санитарлық қызмет зеттеуді зертханалық-аспаптық зерттеулер жиілігіне сәйкес және қала өнеркәсіптік кәсіпорындарда жүргізілді.

Атмосфералық ауа сапасының төмендеуі қала тұрғындар денсаулығына қауіп төндіреді. Адам тәуілігіне шамамен 25 кг ауа қажет етеді. Ауа ластаушылары аз болғанның өзінде жалпы саны адам онымен тыныс алғанда улы болып келеді. Ең көп таралған зиянды ауа қоспасы көміртек оксіді (ыс) болып табылады. Ауадағы оның үлкен мөлшері адамның тез шаршағыштығына, бас ауруына, бас айналуына, жадының нашарлауына, ослаблению памяти, іс қимылы мен жүрек-қан тамырлары және басқа ағза жүйелерінің бұзылуына әкеледі [4].

Республикалық кәсіпорын ақпараттарына сенер болсақ, Оралда атмосфералық ауа ластаушы индексі нөлге тең, ал Алматыда 11,5 тең. Жарияланған басылым инфографигіне жүгінсек, келесі қала ауа тасталымдары келесі қалаларда: Екібастұз (1,8), Қостанай (2,0), Павлодар (2,4), Астана мен Балхашта (2,9) тең. Ең көп атмосфералық ауа ластану индексінің көрсеткіштері Алматыдан басқа Шымкенте (8,6), Өскеменде (7,6), Таразда (7,4), Қарағандыда (7,0), сонымен бірге Темиртауда (6,9) және Жезқазғанда (6,5) тиесілі. Қазіргі таңда республикамыздың өндіріс қалаларында атмосфералық жағдайы ауа өзекті мәселе болып отыр, олардың ішінде алдыңғы орында Алматы қаласы тұр. Ол табиғи, климаттық, техногендік жағдайлармен: Іле алатауынаң баурайында, таза ауа қамтамасыз ету үшін өте қолайсыз жерде орналасуы, өйткені ауа массаларының айналымы таулы жерлерге тән ауадағы зиянды қоспалардың жинақталуына ықпал етеді. Алматыдағы негізгі ластаушы көздері болып автокөлік табылады, өндіріс кәсіпорындары, қаланың маңында жеке тұрғын үй секторы жылыту энергия ретінде қатты отын, жылу электр энергиясын пайдаланады. Қала атмосфералық ауасы көміртек оксиді, азот диоксиді мен формальдегид осы химиялық элементтердің концентрациясы бірнеше рет санитарлы нормалармен бекітілген шекті рауалды концентрациядан асады [5].

Айта кететін жайт, атмосфералық ауа қоршаған орта ластауыштарын едәуңр жерге дейін тарата алады. Адм-табиғат жүйесіндегі тепе-теңдікті бұзатын негізгі элемент болып атмосфералық ауаның өндірістік ластануы болып табылады. Әр адам денсаулығы атмосфералық ауа сапасымен тығыз байланысты. Алматы қаласы бойынша атмосфера шығарындыларының азайғаны байқалды, ал ол денсаулықпен тығыз байланысты екеніне көзіміз жетті. Осыны ескере отырып, металөңдеу кәсіпорын ауа шығарындыларының ауаның қолайсыз кезінде теріс әсерін азайту мақсатында келесі ұсыныстарды келтіріп отырмыз: Сонымен, ластанған ауа қоршаған орта мен адам денсаулығына әсері тікелей байланысты екеніне көзіміз жетіп, зиянды ауа шығарындыларын жою қажет екенін түсінеміз. Алматы қаласы бойынша көптеген экологиялық бағдарламалар жүзеге асырылып, атмосфералық ауа жақсарғанын байқадық, дегенмен тоқталу әлі ерте.

Төребек Қымбат — «Экология» мамандығы, 2 курс магистранты
Ғылыми жетекші– х.ғ.к, доцент Молдағазыева Ж.Ы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *