Мемлекет экономикасының қалыптасуы оның материалдық бағыттарының негізінде іске асырылады, олардың бірі материалдық өндірісітің ерекше саласы — көлік. Онсыз өндіріс үдерісі аяқталмаған деп саналады. Көлік дегеніміз (лат. тілінен trans — «арқылы» жəне portare — «апару») — бір орнынан екінші орнына адамдарды, жүктерді тасымалдауға арналған құралдардың қосындысы. Заманауи қоғамда сирек жағдайларда ғана адамның қажеттіліктері көліксіз қанағаттандырыла алады. Жүктерді олардың жұмсалу орнына тасымалдау немесе тауарлар мен қызметтерді тұтыну орындарына адамдарды тасымалдау үшін көлікті қолданады. Көлік өндіріс пен тұтынуды байланыстыруға бағытталған. Ол шикізатты жеңіл өңдеу орындарына немесе дайын өнімді тұтынушылар оны оңтайлы пайдалана алатын жерлерге жеткізуге көмектеседі.

Əлемдегі көптеген аумақтарға адамдар аз қоныстанған, немесе сирек қолданылады – бұлар негізінен адамдар айналадағы, тауларда, ормандарда немесе тундрада жатқан байлықтарды елемей, қарапайым өмір сүріп жатқан жетуі қиын жерлер болады. Көлік осы қорларды олардың географиялық шектелу жерінен босатуы мүмкін. Көлік қорларды аз пайда əкелетін жерлерден пайдалы жақтары толығымен іске асырылатын орындарға тасымалдау арқылы олардың тікелей қол жетімділігін қамсыздандыра ды. Сондықтан көлікті жүктер мен жолаушыларды тасымалдау арқылы адамзат қажеттіліктерін қамтамасыздандыру дəрежесін көтеру құралы ретінде көрсетуге болады.

Материалдық өндіріс саласы ретіндегі көліктің ерекшелігі қоғамдық өнімнің санын арттыратындығында жатыр. Тауар қозғалысындағы үдерістер тауарлық айналымның экономикалық негізін сипаттайтын қызметін көрсетеді, өйткені көлік «айналым үдерісі жəне айналым үдерісіне арналған аяда өндірістегі үдерістің жалғасы» ретінде қызмет етеді.

Тауар айналымының құрылымы мен көлемі көп жағдайда өнімді тасымалдау шарттартымен анықталады. Көліктің дамуы өнеркəсіптік жəне ауылшаруашылық өндірістің қарқынды дамуына серпін берумен қатар тауарлық массалардың үлкен көлемінің шаруашылық айналымына енуіне септігін тигізді. Көліктік өндірісте жұмсалған еңбек жаңа тұтынушылық бағаларды тудырмағанымен, алайда, ол тасымалданатын заттардың бағасының жоғарылауына септігін тигізеді. Осындай орын алмастырулар көліктің «өнімі» болып табылады. Осындай ерекшелік көліктің өндірісі мен ауыл шаруышылығынан өз өндірісі үдерісінде соңғы өнімнен заттай айырмашылығы пайдаланатын шикізат пен материалдарды тұтынбайтындығында жатыр.

Тасымалдау – жеткізулер тізбегіндегі нақты бір технология бойынша көлік құралымен өнімді орын алмастырумен байланысты жəне экспедициялау, жүкті қайта өңдеу, орау, жүкке құқықтары мен меншігін беру, тəуекелдерді сақтандыру, кедендік амалдар мен т.б. қоса алғанда логистикалық амалдар мен функциялардан құралған, басты логистикалық қызметтердің бірі.

Қазақстанның Еуразиялық құрлығының ортасындағы географиялық орналасуы транзиттік тасымалдаулар аясында оның жоғары əлеуетін анықтайды. Республиканың жерүсті көлік магистралдарының ұзындығы 106 мың шақырымды құрайды. Оның 14,2 мың шақырымы – магистральді темір жолдар, 87,4 мың шақырымы – қатты төсемді жалпы қолданыстағы автокөлік магистралдары, 4 мың шақырымы – өзендік жолдары құрайды. Қазақстан мен Қытай арасындағы Достық-Алашанькоу шекаралық теміржолдарының құрылысы жəне Түркіменстан мен Иран арасында Серахс-Мешхед теміржол өтпесін ашу Ұлы Жібек жолының бағыты бойынша жаңа транзиттік жолдарын: Ляньюньган, Циньдао, Тяньцзин Қытайдың тынықмұхиттық порттарынан – Қазақстанға, Қырғызстанға, Өзбекстанға, Түркіменстанға, Иранға, Түркияға, Жерорта теңіз бен Парсы шығанағындағы порттарға жол ашты.

Қазіргі кезде бар автожолдар желісі Ресейге жəне басқа да одақтас республикаларға, сонымен қатар Қытайға, Түркияға жəне Иранға шығуға, ал ол өз алдына Қара жəне Жерорта теңізі мен Үнді мұхитындағы порттарға жолдарды ашады. Республикадағы теңізбен кеме жүзу Каспий теңізінде (Ақтау порты) Ресей өзендік жолдары арқылы Қара жəне Балтық теңіздеріне шығуымен іске асырылады. «Эйр Қазақстан» авиакомпаниясымен Қазақстан, ТМД елдері мен алыс шетел бойынша əуе жолының 40 бағыттан астамы игерілген. Республикада сонымен қатар алдыңғы қатарлы шетелдік компаниялар жұмыс істейді: British Airways, Lufthansa, KLM, Transaero, PIA, Turkish Airlines, Iran Air жəне т.б.

Жүктер мен жолаушыларды негізгі тасымалдау теміржол көлігімен іске асырылады. Алматыны Оралмен, Астана мен Семеймен маңызды магистралдары байланыстырып отыр. Сол түстігінде теміржол желісі ресейлік теміржолдарының, əсіресе Петропавл арқылы Көкшетау-Қостанай мен ПавлодарАстана-Тобыл бағыттарында құрамды бөлігі болып отыр. 1991 жылы Қазақстанды Қытаймен байланыстырған, ал 1993 жылы Түркіменстан арқылы Иран мен Түркиямен байланыстырған теміржолдар іске қосылды. Алайда, еліміздің шығыс жəне батыс аудандары арасында жүктерді тасымалдаудың ыңғайлы жолдары жоқ болып отыр. Автожолдар теміржолдарына қосарласа жасалып, республиканың жетуі қиын аудандарына жолаушылар мен жүктердің тасымалдануын қамсыздандырады. Су көлігі Ертіс өзенінде жəне Каспий теңізінде пайдаланады. Əуе көлігі кеңінен дамып келе жатыр (Германия, Түркия, Иран, Қытай жəне бірқатар басқа да елдерге тікелей авиажелілер ашылды).

Жалпы көлік жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға өсіп жатқан сұранысты өтеп отыр. 1995-2010 жылдар арасындағы мерзімде жолаушы тасымалдаулары 2,4 есе, ал жүк тасымалдануы 1,5 есе; жүк айналымы 2 есе, жолаушылар айналымы – 2,5 есе өсті [10].

Нəтижесінде, көліктің арқасында тауарқозғалысының логистикалық үдерісі (шикізат пен материалдарды жеткізу шілерден бастап, əртүрлі делдалдарды қоса ала отырып, дайын өнімді тұтынушылармен аяқтап) бірегей технологиялық тізбекке айналып, ал көлік бірегей көліктік-өндірістік үдерістің ажырамас бөлігі болды. Бұл тізбектегі көліктің негізгі қызметі жүктерді орын алмастыру мен оларды сақтауда жатыр.

Жүктерді тасымалдау – бұл үнем қағидатын (бағалық жəне уақыттағы шығындарын төмендету) сақтаумен олардың орналасу мекенін өзгерту болып табылады. Бұл үдеріс экономикалық жағынан дəлелді болуы қажет, өйткені жүктер мен жолаушыларды тасымалдау кезінде ақша, уақыт мен экологиялық қорлар шығындалады. Материалдық жəне тауарлық ресурстардың пайдаланылуын елеулі шектейтін, яғни капиталды біріктіретін, қорлардың қысқартылуын талап ететін (жолдағы қорларды қоса алғанда) логистикалық тұжырымдамалардың туындауымен уақыт факторының мəні өседі.

Сонымен, тасымалдаудың осы қызметі оның басты мақсатын анықтайды – ол жеткізу орнына тауарларды тездетіп, арзандау жəне қоршаған ортаға келтірілген зиянын азайта отырып жеткізу болып табылады. Сондай-ақ тапсырыс берушілердің жеткізудің уақыттылығы мен жолдағы жүктер туралы ақпаратты беру бойынша бір мезгілде талаптарын орындау кезінде тасымалданатын жүктердің жоғалуы мен бүліну санын кеміту қажет.

Жүктерді сақтауға қосымша қайта тиеуге, түсіруге қаржыларды дұрыс үнемдеу қоймалық қуаттарының жеткіліксіздігі мен жүк тердің жол жүру бақыттарын өзгерту қажеттілігі мақсатында жүргізіледі. Бұл жағдайда жүктердің жолда болу уақыты ұзартылады.

Көліктің қолданылу жеке аясына бөлінуіне келесі негізгі факторлар əсер етеді: – көліктің логистиканың негізгі ойы: сенімді, тұрақты жəне тиімді қызмет ететін «жабдықтау-өндіру-тарату-тұтыну» жұмысын қалыптастыруды іске асыра алу қабілеттілігі; – шикізат, жартылай дайын өнім мен дайын өнімді логистикалық жүйе аясында тарату арналарын таңдау кезінде бір қатар күрделі көліктік мəселелерді шешу шарасыздығы; – тауарды шикізаттың алғашқы көзінен дайын өнімді тұтынудың соңғы көзіне дейін алып барудың жалпы логистикалық шығындарының ішінде олардың ең жоғары шамасы 50 %-ға жететін, көліктік шығындардың жоғары үлесі; – тауарлардың сыртқы саудалық бағасындағы көліктік шығын дардың жоғары үлесі (əсіресе, тасымалдаулардың ұзақ қашықтықтарына ие елдер үшін); – ішкі тасымалдаулар мен халықаралық қатынастарда да тауарларды оңтайлы жеткізуді ұйымдастыруда үлкен рөлді атқаратын көліктік-экспедициялық кəсіпорындардың жоғары санында жатыр.

Көлік – халықаралық ынтымақтастықтың ең кең аяларының бірі. Бұл, біріншіден, нығайып жатқан, сыртқы экономикалық бай ланыстарды қамтамасыздандыру қажеттілігімен, екіншіден, көліктік үдерісі технологиясының ерекшелігімен түсіндіріледі.

Барлық көліктік қызметтердің түрлері бірқатар тұжырымдармен реттелетін көптеген амалдарды қарастырады. Тасымалдау үдерісіне қатысатын тараптармен орындалуға міндетті талаптардың кешені жеткізулер шарттарының түсінігін құрайды. Бұл кешен өзіне құқықтық, мүліктік, өндірістік қатынастардың жүйесін қосады. Ол мүдделерін сақталуы, жүктердің сақтылығы мен уақытылы жеткізілуі бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттері бөлігінде барлық көлік түрімен жүктерді тасымалдауға таралады. Тасымалдаушы мен жүк иесі арасында келісімшарт жасалады, ол біріншісінің өзіне тапсырылған жүкті өз құралдарымен жіберілу орнынан жеткізу орнына дейін белгіленген мерзімдерде тасымалдау міндеттемесін өзіне алатын, ал жіберуші тасымалданғаны үшін белгіленген төлемді жасауға міндеттенетін келісім түрінде жасалады.

Əртүрлі көліктердің жұмысы негізгі екі көрсеткішпен сипатталады: тасымалдаулар көлемі мен жүкайналымы (теңіз көлігінде жүкайналымы миль-тоннамен өлшенеді). Тасымалдаулар көлемі жəне жүк айналымы өндірістік жəне ауылшаруашылық өнімнің өндірілу көлеміне, аймақ бойынша өндіріс пен тұты нушылар дың орналасуына, көліктің түрлері арасында тасымалдаулардың үлестірілуіне, өндірістің мамандырылуына, нарықтық қаты нас тарының шарттары мен ұйымдастырылуына жəне т.б. байланысты.

Тасымалдар мен жүкайналымының жалпы көлемі көліктің түрлері арасында, сонымен қатар қабылданған номенклатураға сəйкес жүктер топтары бойынша үлестіріледі. Осы топтардың тасымалдаулар мен жүкайналымындағы арақатынасы оның құрылымын түзеді. Əлемнің бірқатар елдеріндегі көліктер түрлерінің жүкайналымы құрылымының түрлері.

Тасымалдардың көлемі мен бағыты осындай жүк ағыны тəрізді, көліктік көрсеткішті анықтайды. Жүк ағыны деп бір бағытта нақты уақыт ішінде тасымалданатын, тоннамен алынған жүктер саны болып табылады. Жүк ағыны əртүрлі жүктерден құралып, өзіндік құрылымымен сипатталады. Ол үш түрлі бола алады: салалық, топтық жəне тектік. Жүк ағынының салалық құрылымы жүктің қандайда бір шар уашылық саласына жатқызылуымен, мысалы, машина құрастыру, тоқыма, тау-кен немесе басқа да өнеркəсіп саласына жатқызылуымен анықталады.

Топтық құрылымы жүктің жалпы мақсатына қарай бір топқа жатқызылуымен сипатталады (құрылыс материалдары, жанармай жəне т.с.с.), ал тектік – тек оларға тəн қасиеттерге, мысалы, дақылдар, көкөністер, мұнай өнімдері тəрізді қасиеттері бойынша үлестіріледі. Құрылымның тектік типті тасымалдарды болжалдау мəселелерін дұрыс шешуге көмектеседі, сондай-ақ көліктік жұмысты орындау үшін қозғалмалы құрамды таңдауға жағдай жасайды.

Жолаушылар тасымалдауын жасай отырып, көлік адамдардың орын алмасудағы аса маңызды қажеттілігін қанағаттандыра ды. Бұл қажеттілік табиғаты бойынша материалды болып келеді. Жолаушыларды тасымалдау – бұл ерекше текті: тауар-қызмет, халықтың кеңінен тұтыну тауары болып табылады. Жүктер мен жолаушыларды тасымалдауды жылдамдату – елдің əлеуметтікэкономикалық дамуының маңызды факторы. Өндірістегі көліктің маңызды рөлі өнімге кетірілетін шығындар құрылымындағы елеулі үлесімен анықталады. Осымен байланысты көліктік үдеріске жұмсалатын қоғамдық еңбектің шығындары көрсеткіштерін бағалау үлкен мəнге ие. Бірқатар жағдайларда көліктік шығындар дəрежесі бірнеше шикізат пен материалдар түрлерін өндіруді ұйымдастыру кезінде басты фактор болып табылады. Мысалы, қиыршық тас пен ірі құм бағасында көліктік шығындар 50% астамын құрайды, құм бойынша бұндай шығындар 80-90% құрайды.

Авторлық сілтеме:
Көлік жүйелерінің логистикалық инфрақұрылымы: Оқулық. — Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2012. — 440 бет.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *