Өндіріс концентрациясы – кәсіпорындағы өнім өндіру немесе қызмет көрсетуді ұлғайтуға бағытталған процесс. Концентрация жекелеген мамандандырылған кәсіпорындардағы әрбір салаларда ірі өнім шығаруға бағытталған ірі өндіріс және кәсіпорынды құру мен дамытуда көрінеді. Өндірістің концентрациясы жоғары өнім өндірістік құралдарды едәуір тиімді қолдануға және қоғамдық еңбек өнімділігінің өсуіне мүмкіндік береді. Кез келген кәсіпорындағы концентрация қандай да болмасын процесте өнім өндіру шығынын минималды ету мақсатында бақылануы қажет,яғни кәсіпорында өнімнің оптималды көлемін шығаруға ұмтылуы қарастырылады.

Кәсіпорындағы концентрация келесі түрде дамиды: — бір типті өнімнің көлемін ұлғайту (мамандандырылған кәсіпорындар) — әртүрлі типті өнім көлемін ұлғайту (әмбебап кәсіпорындар) — өндірісті комбинаттау негізінде дамыту — өндірісті диверсификациялау негізінде дамыту. Өндіріс концентрациясына келесі жолмен қол жеткізуге болады: — қалыпты техникалық деңгейде машиналар, құралдар, технологиялық сызықтардың санына ұлғайту — машиналар мен құралдарды жоғары жекелеген қуаттармен пайдалану — қалыпты және қазіргі техникалық деңгейде машиналар мен құралдардың санын бірдей ұлғайту — өзара байланысқан өндірістің комбинациясын дамыту.

Кәсіпорындағы жұмыстардың экономикалық көрсеткіштері (өзіндік құн, пайда, рентабельділік, еңбек өнімділігі, материал сыйымдылығы және т.б.) көп жағдайда өндірістегі концентрацияның дамуына, яғни өндірілетін өнім көлеміне байланысты болады. Өндірілетін өнім көлемі өндірістегі ресурстардың көлеміне, яғни ауыспалы және тұрақты капиталдар көлеміне байланысты болады. Бірақ өндіріс процесінде қолданылатын ресурстардың санының өзгеруіне әртүрлі уақыт жұмсалатындықтан оны қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді деп ажырату қажет.

Кәсіпорында өндірілетін өнім көлемі қуаттарды едәуір толық пайдалану арқылы ұлғаюы мүмкін. Мұндай жағдайда алға қойған мақсат ауыспалы капиталдың қосымша санымен,ал экономикалық тиімділік өнім бірлігіне кеткен шартты – тұраты шығындарды төмендету арқылы жүзеге асырылады. Егер кәсіпорында өндірістік қуаттың резерві болмаса,онда өнім көлемін ұлғайту ұзақ уақытты және қосымша ауыспалы капиталмен қатар тұрақты капиталды талап етеді. Өндіріс концентрациясының экономикалық артықшылығы: — өндіріс концентрациясы – бұл ғылыми техникалық дамуының қажетті алғы шарты — өндіріс концентрациясы жағдайында еңбек өнімділігі ұлғаяды — жоғары өндіретін құралдар едәуір тиімді қолданылады — ірі өндірісте едәуір дамыған технологияны енгізу, шикізатты үнемді пайдалану мүмкіндігі — өндіріс көлемін ұлғайтқан кезде шығындардың өсуі пропорционалды емес жағдайда болады. Өндіріс концентрациясы кәсіпорынды дамытудың бір ғана жолы емес. Әрбір салада ірі, орта және шағын кәсіпорындардың әртүрлі экономикалық мақсатты үйлесімділік болады.

Жоғары концентрацияланған кәсіпорындардың кемшіліктері: — кәсіпорынға жеткізілетін шикізаттар, материалдар мен бөлшек заттарды көлік тасымалдау шығындарының ұлғаюы — ірі кәсіпорындарды соғуға қажетті үлкен инвестиция қажеттілігі және оларды тұрғызуға уақыттың ұзақтығы — кәсіпорынның көлемінің ұлғаюына байланысты басқару процесінің қиындауы — табиғи орта жүктеменің жоғарлауы — өнеркәсіптік өндірістің бірдей орналасу принципінің және елдің жекелеген аймақтарының кешенді дамуының бұзылуы — өндірісті монопольдау мүмкіндігі және т.б. Өндіріс концентрациясы деңгейінің көрсеткіштері: — өндірілетін және өткізілетін өнім көлемі — жұмысшылар саны — негізгі қорлардың көлемі — еңбектің энергиямен қарулануы.

Едәуір маңызды көрсеткіш – ол өндірілген өнім көлемі. Кәсіпорындағы техникамен қамтамасыз ету жоғарылағанда жұмысшылар саны азаяды. Сондықтан ол көрсеткіш уақыт өте өзінің маңыздылығын жояды. Өнеркәсіп өндірісінің концентрациясы негізгі үш түрде жүргізіледі: — мамандандырылған өндірістің концентрациясы — комбинацияланған өндірістің концентрациясы — әмбебап кәсіпорынның көлемінің ұлғаюы. Өндіріс концентрациясы мен оның жекелеген түрлері екі негізгі факторлардың әсерімен дамиды: белгілі бір өнім түрлеріне тұтынудың өсуі және өндірістегі техникалық даму. Сондықтан өндіріс концентрациясының даму деңгейі кезеңдерінде өндіріс көлемі мен құралдардың өнімділігі сәйкес болуы керек. Концентрация мен монополизация өзара тығыз байланыста болады. Өндіріс концентрациясының маңызды сипаттамасы болып азық – түлік шамасындағы концентрация коэффициенті табылады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *