Мұхамеджан ТынышбаевМұхамеджан Тынышбаев (1879-1937 жылдар) — қоғам қайраткері, қазақтың ең алғашқы теміржол инженері, тарих саласында еңбегі зор, ІІ мемлекеттік Думаның беделді депутаты, Қоқан автономиясының басшысы, Алашорда үкіметінің мүшесі. 1905 жылы қаңтарда басталған бірінші орыс революциясына қатысқан Петербургтегі теміржол транспорты институтының соңғы курс студенті Мұхамеджанның азаттық жолындағы күресіне түскен алғашқы қадамы болатын. Автономистердің сол жылы өткен съезінде «Қазақтар және қоғамдық қозғалыс» деген баяндама жасаған М.Тынышбаев, қазақ халқының мұң мұқтажын білдіретін өтінішін Министрлер кабинетіне жолдайды. Онда қазақтарда басқарудың басты принциптерінің ұлт мүддесіне сай келмейтіндігін дәлелдеп, басқарудың әскери жүйсінен азаматтық жүйеге көшуді талап етеді. Атақты «Қарқаралы петициясы» талабымен үндес келетін бұл талабы М.Тынышбаевтың елдегі халқым деген азаматтардың көздеген мақсаттарына сәйкес келетін. М.Тынышбаев бірінші орыс буржуазиялық демократиялық революциясы жылдарында қоғамдық саяси өмірге белсене араласа бастайды.

Бірінші Мемлекеттік Думаның Жетісу облысынан депутаты болып сайланады. Қазақ депутаттарының Дума трибунасынан Столыпинның аграрлық саясатын сынаған Бақытжан Қаратаевтың жасаған баяндамасы үлкен дау тудырды. Мұның аяғы 1907 жылы 3 маусымдағы заң бойынша «еркіншіл» Дума таратылып қазақтардың Думаға депутат сайлау құқығынан айырумен аяқталды. Ақпан, қазан төңкерістері кезінде М.Тынышпаевтың қоғамдық саяси қайраткерлік қызметі жандана түседі. 1917 жылдың көктемінде Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінің мүшесі, сонымен қазақтар осы үкіметтің Жетісу облысындағы комиссары болып тағайындалды. Ұлттық- демократиялық интеллигенциясының жуан ортасында жүрген Мұхамеджан Тынышпаев «Алаш» партиясын құруға белсене қатысады. 1917 жылдың желтоқсанында жарияланған Алашорда автономиясы үкіметінің 15 мүшесінің бірі болды, «Алаш автономиясы аумағындағы уақытша жер пайдалану туралы Ереженің» жобасын қабылдауға қатысты. М. Тынышпаев осының алдында бүкілқазақстандық ІV мұсылмандар съезіне қатысып, онда жарияланған Түркістан (Қоқан) автономиясының премьер-министрі болып сайланды.

Түркістан автономиясының Кеңес Үкіметі күшпен таратқаннан кейін М.Тынышпаев азамат соғысы жылдарында Алашорда қайраткерлерімен бірге қызылдарға қарсы күреседі. Ол күрес еш нәтиже бермеген соң 1920 жылдан Кеңес Үкіметі жағына шығып, «буржуазиялық маман» ретінде Ташкентте, Қызылордада, Алматыда әр деңгейдегі қызметтер атқарады. Азаттық жолындағы күрестен еш нәтиже шықпаған соң Кеңес өкіметіне қызмет етуге мәжбүр болады. Ендігі жағдайда бар күш –жігерін халықтың тарихи санасын қалыптастыруға жұмсап, ғылыми-зерттеу жұмысымен шұғылданады. Қазақ халқының көне тарихынан бастап қазіргі күнге дейінгі дәуірдің шежіресін ғылыми жолмен зерделеп жазып шығарды. Ол еңбектерінің тарихи маңызы күні бүгінге дейін жоғары бағаланады. Алайда қазақ халқының асыл азаматы, Алаштың көрнекті көсемдерінің бірі Мұхамеждан Тынышпаев сталиндік зобалаңның кәрінен құтылып кете алмады.

kk.wikipedia.org

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *