Морфема туралы түсінік

Морфемалардың сөз ішінде әр түрлі дыбысталып, бір морфеманың түрлі морфтарға (алломорф, морфема варианты) бөлінуінде ерекше қызмет ететін дыбыстар (фонема) бар. Ондай дыбыстардың бірін-бірі алмастырып, мағынаға нұқсан келтірмей морф жасауын кейде дыбыс сәйкестігі дейді. Мысалы: түгел сөзіне етістік тудыратын –де жұрнағын жалғағанда түгелде түрінде айтылумен бірге түгенде болып –л-н сәйкестігі пайда болады. Бұлардың мағына ажыратқыштық мәні жоқ. Демек, мұндай дыбыстарды арнайы қарастырып, белгілі бір терминмен атау қажет. Кезінде мұндай дыбыстарды Р.И.Авеносов фонемалық қатар деп атаған. В.Г.Чурганова бұл ұғымды морфонема терминімен берді. Ол «Морфемалардың белгілі жағдайда тұруына байланысты олардың құрамында орын алып тұратын монема бірлігін морфонема дейді». Морфонеманы морфонологияның негізгі ұғымы ретінде танушылар да бар. Е.Курилович: «Фонема фонологияның, морфема морфонологияның, морфонема морфонологияның негізгі ұғымы» дейді. Морфонеманың морфтар сияқты фонетикалық дыбыс алмасулары да кездесетінін есепке алмасақ, В.Г.Чурганова, Е.Куриловичтердің дәлелдерін мақұлдап, оны единица ретінде тануға да болатын сияқты. Морфонологияның негізгі ұғымы туралы сөз болғанда, морфемалардың арасын қиюластырып, жалғастырушылық қызмет атқаратын қыстырма дыбыс назардан тыс қалмауы тиіс. Өйткені қыстырынды дыбыстар тек морфонологиялық құбылыстарда кездеседі. Морфемалардың сөз ішінде әр түрлі дыбысталып бір морфеманы түрлі морфтарға бөлімінде ерекше қызмет ететін дыбыстар бар. Ондай дыбыстардың бірін-бірі алсатырып, мағынаға нұқсан келтірмей морф жасауын кейде дыбыс сәйкестігі дейді.

Қазақ морфонологиясының үш негізі

Қазақ тіліндегі морфонологиялық құбылыстардың ардың пайда болуына қандай себептер бар. Біздің ойымызша тіл бар да лебіз бар. Бұл екі нәрсе соншалықты бір-біріне жақын , бір басқа дыбыстық өзгерістерге қарағанда түсіндірілуі қиын немесе түсіндіруге болмайтын белгілері тіл заңдарының шеңберінен өзгеше, аса ерекшелікті көрсетіетіні белгілі, Дегенмен тіл – қашанда жүйелі. Сонда морфонологиялық құбылыстар тұтас көрінгенмен алшақтығы да жетеді. Мәселен тіл қатынас құралы болса, лебіз осы құралдың қатынасқа қызмет етуі. Демек, тілдің коммуникативтік қызметі лебіз арқылы ғана жүзеге асады. Лебіз де тіл заңдарына бағынып, оның нормасын сақтайды. Ал бізге тілге, оның заңдылықтарына көңіл бөлдік те, лебіздің рөліне назар аудармай кеттік. Шындығында тіл де, лебіз де жаңарып, өзінің жаңа мүмкіндіктеріне ие болады. Әрине сөйлеу кезінде пайда болған дегендерді себеп етсек, оның да жеткіліксіз болары сөзсіз. Сондықтан сөйлеуге тікелей қатысты болып келетін тілдегі дыбыстардың тіркесу, тіркесе алмау жағдайы, буын және бунақ, синтагма сияқты категорияларға зер салу қажет.

Өйткені лебізде әркім қаншалықты әр түрлі сөйлейді десек те тіркеспейтін дыбысты тіркестіріп, буын-бунақ жүйесін бұза алмайды. Керек десе, бұл жүйе – ұғымдар тек сөйлеу актісінде пайда болып, сөйлеу актісінде танылған. Демек, морфонологияның сыр-сипаты, себеп-салдары лебізде жатыр деуге болады. Ал морфонологиялық қазақ тіліндегі жай-жапсарын әңгіме ету үшін әуелі осы дыбыс тіркесімі, буын жүйесі, ритмикалық топқа қатысты мәселелердің басы ашық болуы қажет деп есептейді. Қазақ тілінде сөз жасау, сөз түрлендіру барысында дыбыстардың, буынның қандай қызмет атқаратынын анықтау морфонологияның міндеті болып есептеледі. Себебі сөйлем ішіндегі сөздер қалай болса солай тізбектелмей, мағына және тұлғаларына, орын тәртібіне байланысты қағидаларға бағынатын сияқты. «Морфонология – морфологиялық элементтерді құрайтын түрлі фонемалардың қолданылу принциптері. Морфонология – сөз құрылымы мен оны құрайтын компоненттер жайлы ілім. Ал, түркітанудағы пікірлерге келсек, морфонология – фонология мен морфологияның, тіпті грамматиканы, орнына қарай стилистиканы да байланыстыратын аралық деңгей». Морфонологияның объектілеріне көңіл аударып, кейінгілерге Бодуен де Куртененің ой тастағаны болмаса, арнайы шұғылданып, осы ілімнің негізін салған Н.С. Трубецкой болып есептеледі. Ол морфонологияның толық теориясы ретінде үш міндетті негізге алады: 1) морфеманың құрылымдық теориясы; 2) морфемалардың тіркесу барысында пайда болатын дыбыстардың комбинатарлық өзгерістерінің теориясы; 3) морфологияға қызмет атқару барысында пайда болатын дыбыс алмасулар.

Бірақ кейінгі зерттеушілер осы үш бағытты түгел қабылдаған жоқ. Бодуэн де Куртенэ дыбыс алмасуды екіге бөлді: 1) шартты комбинаторлы дыбыс алмасуы; 2) дәстүрлі дыбыс алмасу деп көрсетеді де, біріншісін фонетикаға жатқызады, ал екіншісін морфологиялық алмасу деп есептейді. Қазақ тіліндегі морфонологиялық құбылыстардың сыр-сыйпатын ашуға әрекет жасаған А. Қалыбаева бүкіл ілгерінді және кейінді ықпал заңдарына қатысты өзгерістің бәрін морфонологияның еншісіне берді.

Басқа да ұқсас мәліметтер

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *